Ресей президенті Владимир Путин Украина Мәскеудегі Крокус Сити Холлда атыс ұйымдастырған лаңкестердің өтуге көмектескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол бұл оқиғаны "жабайы" және "қанды" лаңкестік әрекет деп атады.

“Лаңкестік әрекеттің төрт тікелей орындаушысы, адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттеніп, Украинаға қарай жылжыды, онда, алдын ала мәліметтер бойынша, олар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтге Украина жағынан терезе дайындалған, – деді ол.

Путин лаңкестік әрекетке қатысқандардың барлығы жазаланады деп уәде берді.

Қатысатындардың барлығы жазаланады. Олар кім болса да. Оларды кім басқарса да. Біз Ресейге шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалаймыз.

Біз халықаралық терроризмге қарсы күресте басқа елдермен күш біріктіруге дайынбыз. Біздің міндетіміз – бір қатарда болу. Бірлігіміз бен ерік-жігерімізді ешкім де, ештеңе де шайқалта алмайды, — деп қосты Путин.

Сонымен қатар бұған дейін Зеленскийдің кеңсесі ресейлік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымнан кейін Украинаның терактіге еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Айта кетсек, Ресей Федерациясының тергеу комитеті "Крокус Сити Холл" концерт залында лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандар туралы деректерді жаңартты.

"Крокус Сити Холл" концерт залындағы үйінділерді зерттеу барысында лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 133 адамға дейін өсті. Іздеу жұмыстары жалғасуда", — делінген хабарламада.

Бұған дейін Владимир Путин 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. 

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің 11 адамды, оның ішінде "Крокус Сити холлда" болған 4 террористің ұстағаны белгілі болды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.