Футболдан Катар ұлттық құрамасы Азия кубогының финалдық ойынында Иорданияны жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: championat.com
Матч сенбі күні Лусаил қаласындағы (Катар) Лусаил Иконик стадионында өтті. Турнир қожайындары 3:1 есебімен басымдылық танытты.
Ойынның 22-минутында катарлық шабуылшы Акрам Афиф пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарды. Иордания 67-минутта шабуылшы Язан Аль-Найматтың голының арқасында таразы басын теңестірген. Алайда бар-жоғы бес минуттан кейін катарлықтар тағы да айып добын орындау құқығына ие болды, бұл жолы Афиф пенальтиден мүлт кетпей командасын қайта алға шығарды. 90+4-минутта Акрам тағы да пенальтиден гол соғып, ойынның нүктесін қойды.
- Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
- Футболдан Қазақстан құрамасына Еуропаға қарағанда Азияда ойнаған тиімді ме – Футболшылар пікір білдірді
Жалпы есеп 3:1 болып аяқталды.
Еске сала кетейік, Катар құрамасы бұған дейін 2019 жылы БАӘ-де өткен турнирде бұл жүлдені жеңіп алған болатын.
Ал Азия кубогында ең көп жеңіске жеткен Жапония құрамасы. Бұл елдің футболшылары төрт рет жүлдеге қол жеткізген.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.