Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу жүйесінен бас тартуына не себеп екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pixabay-дан

Шакқалиевтың айтуынша, бағаны бақылау жұмыстары жойылмайды. Тек оның өзектілігін жоғалтқан, көптен бері қолданылып келе жатқан бір ғана механизмі істен шығатынын атап өтті.

"Неліктен ол жойылады? Біріншіден қазірдің өзінде бұл жүйе ескірген. Мұндай жұмыс сапалы деңгейде жүргізілуі керек. Екіншіден бүгінгі күні оны қолдану тәжірибесінде шамамен 50 жағдайда мониторинг кешіктірілген. Яғни бағаға әлі де мониторинг жүргізіп, оның өсу шегін анықтап, кейін жауап береміз дегенде бұл ақпараттар лезде өзгеріп кетеді. Қазір өзгерістер лезде болып жатыр", — деді Арман Шаққалиев.

  • "55-60 мың теңге": Сауда министрі азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты

  • "Сотқа тікелей жүгінсе болады": Сауда министрі сатып алған тауар сапасыз болса тұтынушылар өз құқығын қалай қорғай алатынын айтты

Министр бас тартылған тетік бастапқыда бағаның өсуіне ешқандай әсер етпегенін атап өтті.

"Ешқандай мемлекеттік бақылаудың жойылмайтынын айтқым келеді. Тек сол бақылаудың бүгінгі күні маңызы жоғалған элементі жойылады. Бұл механизм бағаның өсуіне ешқандай әсер етпеді. Ол бағаның өсуін тіркеп, қалай және қандай жағдайларда әрекет ету керектігін көрсетті. Бірақ бұл ұзақ уақытты алды. Ал қазір біз онлайн режимінде жұмыс істеп жүрміз", — деп қосты ол.

Еске салсақ, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев халық арасында "базар мафиясы" деген түсінікке қатысты өз пікірін білдірген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.