Neuralink компаниясы гаджеттерді Bluetooth арқылы басқаруға мүмкіндік беретін нейрочипті алғаш рет адам миына орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Neuralink

Жоба 2016 жылы іске қосылғанымен бұрын зерттеу тек жануарларға жүргізілетін. Енді адамға да жасалып отыр. Компанияның негізін қалаушы Илон Маск Х әлеуметтік желісінде науқас өзін жақсы сезінетінін, ал алғашқы нәтиже өте керемет екенін жазды. 

"Чип ой арқылы телефон немесе компьютерді, ал олар арқылы кез келген құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Оларды алғашқы болып аяқ-қолынан айырылған адамдар пайдаланады. Ойлап көріңізші, Стивен Хокинг машинист немесе аукционшымен тез тілдесе алса қалай болар еді? Мақсат – осы", – деп жазды Маск.

  • Tesla зауытында робот адамға шабуыл жасады
  • Қазақстанның 2 мың ауылы енді Илон Масктың интернетімен қамтылады

Жаңа өнім "Телепатия" деп аталады. Ол – есту аппараты сияқты құлақ артына қыстырылатын қабылдағыш-капсула. Құрылғы арқылы миға жіңішке электродтар барады. Жалпы миға 1,5 мың электрод орнатылады. Олардың әрқайсысы адам шашынан төрт есе жіңішке. 

Айта кетейік, бұған дейін белгілі америкалық миллиардер Илон Маск адамзатты болашақта демографиялық дағдарыс күтіп тұрғанын айтқан еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.