М.Өтемісов атындағы БҚму түлектері қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат



жүктеу 72.19 Kb.
Дата29.04.2018
өлшемі72.19 Kb.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектері қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат
М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектері қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық ұйымы БҚМУ түлектерінің өзін-өзі басқара алатын ерікті қоғамдық ұйым болып табылады. Қауымдастық жалпы мүдделерді жүзеге асыру және мәдени, білім беру, ғылыми, басқару және де басқа мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында құрылған Қауымдастық университет пен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, БҚМУ түлектеріне көмек көрсетеді және білім беру қызметі нарығындағы жоо-ның орнын нығайтуға жәрдемдеседі.

Қауымдастық – қоғамдық ұйым. Қауымдастық қызметінің мерзімі шексіз. Қауымдастық өзінің қызметін Қазақстан Республикасының түрлі аймақта-рында және шет елде тұратын түлектерді өз мүшелігіне тарта отырып Батыс Қазақстан облысы аумағында жүзеге асырады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітірген және бітіргендігі туралы диплом алғандар, магистратураны, аспирантураны, докторантураны бітірген тұлғалар, БҚМУ оқытушылары мен қызметкерлері қауымдастыққа мүше болып табылады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің қауымдастығы туралы ереже 27.01.2012 жылы университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген.

Қауымдастықтың жұмыс бағыттары:

- түлектердің мәдени және кәсіби қарым-қатынасына жағдай жасау;

- түлектердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу, олардың толықтай қалыпта-суына жағдай жасау;

- оқу, ғылыми, қоғамдық–экономикалық және басқа да жобаларды орындауда түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, БҚМУ даму жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

- БҚМУ қызметкерлері, студенттері және түлектерінің күшін біріктіру, имиджін нығайту, БҚМУ бірлескен байланыстарын кеңейту жолдары арқылы БҚМУ міндеттерін орындауға көмек көрсету;

- БҚМУ ғылыми, білім беру, қоғамдық мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

- БҚМУ оқытушылары мен түлектері арасында ақпарат алмасу;

- жеке тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу.

2015-2016 оқу жылындағы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда қауымдастық құрамында факультеттердің ұсынған тізімі бойынша 64 адам бар.

2015-2016 оқу жылында БҚМУ түлектері қауымдастығы аясында факультеттерде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мәдениет және өнер факультетінің хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы бойынша 2015 жылдың 16 қазанында 5В040900 «Хореография» мамандығының студенттерімен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Назерке» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстері осы мамандықтың түлегі, республикалық, халықаралық би байқауларының жүлдегері А.Ә.Тасболатовамен кездесу өтті. Сондай-ақ 2015 жылдың 5 қарашасында Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы, А. Бауыржанұлы 5В090600-«Мәдени-тынығу жұмысы» студенттерімен өткізілген «МТЖ халықтық дәстүрлері» пәнінің ашық сабағына шақырылды. 2016 жылдың 31 наурызында 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығының студенттері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың ғылым, менеджмент және маркетинг бөліміндегі қызмет жетекшісінің орынбасары, кафедра түлегі А.М. Мектеповамен кездесу өткізді.

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында 28.11.2015 ж. «АРТ ДЕКО» жарнама агенттігінің директоры Т.С.Бабиеваның студенттермен кездесуі өткізілді. 03.12.2015 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Г.Кабижанова және С.Кұспанова шеберлік-класстарын өткізді. Іс-шаралар барысында түлектер өзі туралы және өзінің жетістіктерін баяндай отырып, өз ойларымен бөлісті. Кездесуде 30-ға жуық студент-бакалаврлар және магистранттар қатысты.

Физика-математика факультетінде 23.02.2016 ж. М-11, М-13, М/п-15, М/у-15 топтарына «Жоғары оқу орнымен жалпы орта білім беретін мектеп арасындағы сабақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге факультет деканы А.Б.Медешова, факультет оқытушылары мен «Өрлеу» БАҰОӘ АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Е.Н. Сафиуллин шақырылды.

2016 жылдың ақпан айының 24 күні информатика кафедрасының аға оқытушысы С.М.Акимова 5В011100–«Информатика» мамандығының 04206, 04206 а-топ студенттерімен «Өрлеу» БАҰОӘ АҚ филиалы БҚО ПКБАИ барды. Математика және информатика пәндерінің әдістемелік кабинеттеріне, ақпараттық технологиялар бөліміне, серверлік бөлмеге, типографияға экскурсия жүргізілді. Содан кейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Е.Н.Сафуллин, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас мамандары А.Н.Накишев, Н.К.Дускалиев, С.С.Шагировтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мектепте жас мамандардың бейімделуінің жалпы мәселелері, мұғалімдер мен жас мамандарды даярлау мен білімін арттыру мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстелден кейін С.С.Шагиров «Сайт жасау. Қазіргі технологиялар» атты шеберлік-класс өткізді.

Осы күні факультетте «Өз мансап жолымды неден бастадым?» атты түлектер мен 2-3 курс студенттері арасында кездесу шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: факультет студенттерін әр түрлі салада қызмет етіп жатқан түлектермен, олардың жетістіктерімен таныстыру, сонымен қатар еңбекке сүйіспеншілігін арттыру, мамандықтары мен таңдаған салалары бойынша білімдерін толықтырып, бағыт-бағдар беру болып табылады. Кездесуге физика-математика факультетінің түлектері: факультет деканы А.Б.Медешова, «BatysIT» ЖШС қызметкері Р.А.Хамзина, КПО б.в. компаниясының техникалық қызмет көрсетудің бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика бөлімінің технигі Р.А Кушербаев., Орал гуманитарлық колледжінің оқытушысы А.У.Тлеушева, информатика кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Муратова, Батыс Қазақстан инжинерлік-технологиялық колледжінің оқытушысы Г.К.Кудабаева, №41 ЖОББМ мұғалімі Ф.Б. Сай-мова, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, циклдік комиссияның төрағасы М.Ж.Кабденова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, ақпараттық технологиялар бөлімі жетекшісінің орынбасары М.М.Му-хамбетов шақырылды. Кездесуге 5В011100–«Информатика», 5В060200–«Информатика», 5В070300–«Ақпараттық жүйелер», 5В070400–«ЕТжБҚЕ» мамандықтарының студенттері мен информатика кафедрасының оқытушы-лары қатысты.

Жаратылыстану-география факультетінде 2015-2016 оқу жылындағы қазан-наурыз айлары аралығында БҚМУ түлектері қауымдастығы шеңберінде факультетті әр жылдары аяқтаған түлектер: №3 ЖОББМ директоры Л.Ю.Юшинамен, №46 ЖОББМ директоры Н.О.Алпысбаев, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.П.Фоминмен түрлі деңгейдердегі кездесулер, дөңгелек үстелдер оздырылды. 2016 жылдың 4-11 ақпан аралығында әдістемелік апталық аясында факультетті бітіріп, қала мектептерінде жұмыс жасап жүрген мектеп мұғалімдерімен студенттердің педагогикалық сараманын ұйымдастыру, өткізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мектеп мұғалімдері өз ойларымен бөлісіп, сараман өткізу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берді.

Педагогика факультетінің дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы бойынша да түлектер қауымдастығы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Олар:


  1. 10.02.2016 күні №34 ЖОББМ АӘД пәнінің мұғалімі М.Отаровтың қатысуымен «Особенности проведения летних военных сборов учащихся старших классов» атты дөңгелек үстел;

  2. 25.02.2016 күні №2 БЖСМ директорының орынбасары Г.Баекесо-ваның қатысуымен «Современные требования подготовки документаций в спортивных школах» тақырыбындағы семинар;

  3. 16.03.2016 күні №3 БЖСМ директоры Б.Б. Капсатованың қатысуымен «Актуальные проблемы подготовки спотсменов-борцов» атты дөңгелек үстел;

  4. 05.04.2016 күні Орал қаласының №46 ЖОББМ-де өткен «Лучший учитель физической культуры области» байқауы. Комиссия құрамына п.ғ..к. Р.Н.Испулова, б.ғ.к. В.Л.Мельников, магистрлер С.Н.Рыскалиев, С.Ж.Бахтия-ровалар қатысты.

Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары А.Г.Мухан-бетчина мен Г.Е.Тілепбергенова 2015 жылдың 10 қарашасы күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бас маман-психологы А.Қ.Махимованы шақырып, «Қыры да көп, сыры да көп мамандық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Негізгі мақсаты студент-тердің мамандыққа қызығушылықтарын аттыру. Дөңгелек үстел барысында тренинг жүргізілді.

Филология факультеті бойынша шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 ақпаны күні Орал қаласы, №28 ЖОББМ жоғары санатты ағылшын тілінің мұғалімі Е.М.Қадыргалиева 5В011900-«Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттеріне «Новые подходы в обучении английскому языку» атты ашық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға тіл үйретудің жаңа әдістемелері туралы айтылып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Түлектер қауымдастығы шеңберінде аталмыш кафедрада 2016 жылдың 25 ақпаны күні «Болашақ» тіл үйрену орталығының директоры З.Ж.Аман-баева 1-курс магистранттарына «Виды педагогических задач-ситуаций: особенности конструирования и использования» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Тарих, экономика және құқық факультеті бойынша түлектер қауым-дастығы аясында «Қазпочта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының маркетинг, жарнама және PR бөлімінің бас маманы А.А. Мендыгалиевпен 2015 жылдың 13 қараша күні 5В050900-«Қаржы» және 5В050600-«Эконо-мика» мамандықтарының 4-курс студенттерімен өндірістік сараманнан өту туралы ақпарат беру мақсатында кездесу өткізілді.

2016 жылдың 24 ақпаны күні №2 қалалық соттың судьясы М.С.Қадыр-баевтың қатысуымен 5В030100-«Құқықтану» мамандығының 2,3-курс студенттеріне арналған «Сот жүйесіндегі қазіргі өзгерістер» тақырыбында семинар өткізілді.

Сондай-ақ 2016 жылдың 11 наурызы күні Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Ж.Т.Ерназаровтың қатысуымен 5В030100-«Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Жастардың мемлекеттік қызметке дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

17.04.2016 жылы Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы Н.Тажке-новтың қатысуымен 5В050600-«Экономика», 5В050700-«Менеджмент» және 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының 2,3- курс студенттерімен «Кәсіпкерлікті қалай ұйымдастыруға болады?» тақыры-бында шеберлік класс ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында студенттер маманға кәсіпкерлікті ұйымдастыру бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Қорыта келе, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлектері қауымдастығы өз міндетін атқарып келеді. Оған факультеттерде өткен кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары дәлел бола алады. Аталмыш бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Дегенмен осы кезеңге дейін университеттің түлектер қауымдастығы-ның жұмыс жоспары құрылмай, жүйесіз жұмыс жасап келгендігін атап өткен жөн. Бұл кемшілікті жою және қауымдастық жұмысын бірізділендіру, жүйелеу мақсатында бірқатар ұсыныстарымыз бар:



  1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектері қауымдастығының жұмысын жандандыру, жүйелеу мақсатында келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құрып, бекітілген кестеге сәйкес кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік кластарын өткізу;

  2. Факультеттер бойынша түлектер қауымдастығы мүшелерінің санын арттыру.

  3. Түлектер қауымдастығы мүшелерін университет қабырғасында өтетін «Жас мамандарды тарату комиссиясы», «Ашық есік күні», «Мансап күні» т.б шараларға қатыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет