Әлеуметтік желіде итбалықтардың өлген өлекселерінің видеосы тарап жатыр. Кадрларда көздері зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатыр. Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий соңғы үш күнде ауа райының күрт құбылуына байланысты арнайы комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

29 наурызда Түпқараған ауданындағы Урдюк мүйісі мен Баутинская шұңқырының аралығындағы жағалаудан 40 итбалық өлексесі табылды.

Мамандардың тексерісі кезінде олардан дене жарақаттары, жаралар немесе зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.

"Дауылдан кейін мамандар өлекселерді іздеу үшін үнемі теңіз жағалауын аңдып отырды. Олар басқа жерде өлген, себептерін медициналық сараптама анықтайды. Өлгеннен кейін көздері зақымдалған болуы мүмкін. Оларды құстар жұлып алады", – деді Андрей Руцкий.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Каспийдегі итбалық популяциясының апатты жағдайда екенін айтып, дабыл қаққан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.