Мўсылмандардыѕ хиджабќа ќатысты


«Құдай бір, ал оған баратын жолдар көп» деген қате көзқарастар



жүктеу 377.95 Kb.
бет2/3
Дата04.03.2018
өлшемі377.95 Kb.
1   2   3

«Құдай бір, ал оған баратын жолдар көп» деген қате көзқарастар

Осы жерде «Сен мұсылман дінін ұстанасың ба, әлде христиандықты ма, немесе иудаизмді ме, немесе басқа да адамдар ойлап тапқан діндерді ұстанасың ба, оның оқасы жоқ, бастысы Өзіңнің Раббыңа сенсең болды. Ал сен Оған қалай құлшылық ететініңді өзің шеш, өйткені Құдай бір, ал оған баратын жолдар көп» деп айтатын мұсылмандардың басқа бір дертін түсіндіру қажет болуда. Дінде сауаты жоқ мұсылмандар «Құдай бір, бірақ Оған баратын жолдар көп!» деп айтатын яхудилер мен христиандардың ізімен кетіп, міне осындай сөздер айтуда. Аллаһ барлық кемшіліктерден Пәк!

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, Ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады (Әли Имран, 85). Аллаһ Тағала бұл аятта Исламнан өзге дінді қабылдамайтынын айқын түрде айтады. Ол христиандықты да, иудаизмді де, басқа ойдан шығарылған діндерді де қабылдамайды, алайда тек Ислам дінін ғана қабылдайды.

«Ислам – тек Мухаммадтың, арабтардың, түркі немесе кавказ халықтарының діні» деген пікір үлкен қателік болып табылады. Алайда Ислам (яғни жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етудегі Оған мойынсыну және бағыну) – бұл Нух, Ибраһим, Яқуб, Юсуф, Исхақ, Муса, Иса сияқты барлық пайғамбарлардың (олардың барлығына Аллаһтың сәлемі болсын) діні және сенімі. Олардың барлығы Раббыларының мойынсұнушы құлдары болған және тек Оған ғана құлшылық еткен. Бұл туралы бізге Аллаһ Тағаланың Өзі былай деп айтып, хабарлаған: «Немесе сендер: «Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб және ұрпақтары яһуди не христиан еді», - дейсіңдер ме? (Мухаммад) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Аллаһ жақсы біледі ме?» - де» ( әл-Бақара, 140).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Бір кезде Раббы Ибраһимге: «Бой ұсын!» - деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббысына бой ұсындым», - деді. Ибраһим мұны ұлдарына өсиет етті және Яқуб та: «Әй, ұлдарым! Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан мұсылман болған күйде ғана өліңдер», - деді. Яқубқа өлім келген сәтте, ол балаларына: «Кімге құлшылық қыласыңдар?» - дегенде, жандарында болдыңдар ма? Сонда олар: «Сенің Құдайыңа, аталарың Ысмайыл мен Ысхақтың құдайына, Жалғыз Құдайға құлшылық қыламыз. Сондай-ақ бір Соған ғана бойсұнамыз», - деген еді» (әл-Бақара, 131-133).

Ескерту: «мұсылман» деген сөз араб тіліндегі түпнұсқасында «муслим» деп айтылады. Бұл сөз онымен түбірлес «мойынсұну, бағыну» дегенді білдіретін «Ислам» сөзінен пайда болған. Сөйтіп, «мұсылман» деген сөз «Жалғыз Құдайға құлшылық етуде Оған мойынсұнған» дегенді білдіреді.

Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Және оларға: «Біз Аллаһқа, бізге түсірілген Құранға әрі Ибраһимге, Исмаилға, Исхаққа, Яқұбқа және ұрпақтарына, тағы Мұсаға, Исаға берілген нәрселерге, сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтірдік. Әрі олардың араларын айырмаймыз (бәріне де сенеміз) және біздер Аллаһқа ғана бой ұсынушымыз», - деңдер» (әл-Бақара, 136).

Сөйтіп, Аллаһтың барлық пайғамбарлары мен елшілерінің дінінің негізі Ислам, яғни Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етудегі Оған мойынсұну етін, алайда құлшылықтың рәсімдерімен байланысты елшілердің діни заңдары (шариғаттары) олардың елшілік міндеттерінің заманына және өмір сүру жағдайларына сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін. Аллаһ Тағала былай деген: «Сендердің (яғни Аллаһтың елшілерінің) әрбіреуің үшін біз шариғат және манһаж (жол) орнаттық» (әл-Маида, 48).

Аллаһ Тағала әрбір халыққа заңдар мен әдет-ғұрыптардың орнатылғандығын айтты. Бұл заңдар адамдардың өмір сүрген уақыттарына және жағдайларына байланысты ерекшеленетін, бірақ олардың барлығы түсірілген кездерінде әділетті болатын. Ал барлық замандарда адамдардың игілігі үшін қызмет атқаратын және даналыққа сәйкес келетін діннің ең маңызды бұйрықтары туралы айтар болсақ, олар еш уақытта өзгермеген және барлық діни заңнамаларда сақталып келген.

Аллаһ Тағала Құранды түсіріп, алдыңғы Кітаптардың заңдарының барлығының күшін жойды. Ол Өзіне Құранды бұзақылардың қол сұғушылықтарынан және бұрмалаулардан қорғау міндеттемесін алды. Аллаһ былай деді: «(Мухаммед) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы Кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік» (әл-Маида, 48).

Аллаһ Тағала Мухаммад Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қасиетті Кітаптардың ең жақсысы және ең шарапаттысы болған Ұлы Құранды түсірді. Ол ақиқатпен түсірілді және оның хикаялары, әмірлері мен тыйымдары да ақиқат болып табылады. Ол бұрын түсірілген Кітаптардың шын екендігін растайды, өйткені ол өзінің алдында түсірілген уахилар туралы куәлік етеді және оларға қайшы келмейді. Құранның хикаялары мен негізгі заңдары одан бұрынғы Кітаптардың хикаялары мен заңдарына қайшы келмейді. Бұдан тыс, бұрынғы Кітаптар Құранның түсуі туралы алдын ала хабарлаған еді, әрі оның бар болуы олардағы мәліметтердің шынайылығын растайды.

Құран бұрынғы Кітаптарды қорғайды, өйткені ол өзіне оларлың қамтыған нәрселерінің барлығын, әрі жаңа заңдар мен жоғары адамгершілік нормаларды қамтиды. Онда бұрынғы Кітаптарда аталған кез келген міндеттерге назар бөлінеді. Құран осы міндеттерді орындауды әмір етеді, адамдарды осыған ынталандырады және оларға осы мақсатқа жетудегі жаңа жолдарды нұсқайды.

Бұл Кітапта адамдардың алғашқы және олардан кейін келген ұрпақтары туралы деректер бар. Онда заң, даналық және діни заң-ережелер бар. Оған қарап, бізге дейін жеткен алдыңғы Кітаптардың сенімділігін растауға болады, әрі егер ол бізге дейін жеткен бұрынғы Кітаптардың шындығын растаса, онда оларды қабылдауға болады, бірақ егер ол бұл мәліметтерді теріске шығарса, онда оларды жоққа шығару керек, өйткені бұрынғы Кітаптар бұрмалауларға және өзгертулерге ұшыраған. Әйтпесе, олар мен Құранның арасында қарама-қайшылық болмас еді.

Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күніне дейін Аллаһтың соңғы елшісі болып табылады. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Мухаммад – Аллаһтың елшісі» (әл-Фатх, 29).

Сондай-ақ Аллаһ былай деді: «Мухаммад сендердің араларыңдағы ерлердің ешқайсысының әкесі емес, (ол) Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың мөрі (соңғысы) болып табылады» (әл-Ахзаб, 40).

Аллаһ Тағала Мухаммад - Аллаһтың елшісі және соңғы пайғамбар болғандығын мәлімдеді. Әрбір мұсылман оған мойынсұнуға, оның жолына ілесуге, оған сенуге және оның насихаттарын басшылыққа алуға, әрі оны кімнен болса да артық жақсы көруге міндетті. Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ықыласты және ізгі насихатшы болғаны соншалықты – әке өз баларына қалай қараса, мүміндерге солай қарайтын еді.

Аллаһ Тағала Исламды орнатып, иудаизм және христиандық сияқты барлық бұрынғы діни заң-ережелердің күшін жойды. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік түрғысынан Аллаһ жетіп асады» (әл-Фатх, 28). Иудаизмде, христиандықта және басқа да діндердегі бұрынғы діни рәсімдердің барлығының күші жойылды. Тек Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) діни рәсімдері және жолы жарамды және қабыл болатын болып табылады. Ал кім Исламнан басқа дінді қаласа, оның құлшылық-ғибадаттарын Аллаһ кері қайтарады, әрі Ақыретте ол міндетті түрде зиян шегушілерден болады. Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, Ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» (Әли Имран, 85).

Аллаһ Тағала Өзінің соңғы елшісі Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберіп және оған Ұлы Құранды түсіріп, барлық алдыңғы Кітаптардың жолдаулары мен заңдарының күшін жойды. Енді кім оған ілессе, мұсылман болады, ал кім оған қарсы келсе, ол мұсылман емес. Яхудилер Муса пайғамбардың кезінде, ал христиандар Иса пайғамбардың кезінде мұсылман болып саналады. Ал Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келгеннен кейінгі уақыт туралы айтар болсақ, оған күпірлік келтіруші (иман келтірмеуші) адам мұсылман болып табылмайды. Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ тарапынан елші болып келгеннен кейін оның дінінен өзге хақ дін жоқ. Ал басқа діндерге келер болсақ, олар - шын мәнінде, шайтан ойынан шығарған адамды пұтқа табынушы (мушрикке) айналдыратын жалған сенімдер. Яхуди немесе христиандар, Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келгеннен кейін, оған ілеспей, өздерін мұсылмандар (яғни жалғыз Құдайға құлшылық қылуда Оған ғана мойынсұнғандар) деп айтуы мүмкін емес. Өйткені Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келгеннен кейінгі Ислам – бұл оған ғана ілесу.

Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «(Мухаммад) оларға: «Егер Аллаһты сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», - де» (Әли Имран, 31).

Көптеген адамдар өздерінің Аллаһты сүйетіндіктері туралы мәлімдейді, алайда Оған деген шынайы және ықыласты махаббаттың белгісі Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілесу болып табылады, өйткені оның әмірлерін орындау және оның насихаттарын басшылыққа алу – бұл Аллаһтың жақсы көруіне және жарылқауына қол жеткізудің жалғыз жолы. Адам Құранның ақиқат екендігін және Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) насихаттаған басшылықты мойындамаса, Аллаһтың жақсы көруіне лайықты болмайды және Оның жарылқауына қол жеткізе алмайды. Аллаһ Тағала былай деген: «(Мухаммад) оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», - де» (Әли Имран, 31). Аллаһ Тағаланың бұл сөздері Аллаһты шын мәнінде сүйетін адамдарды Оны тек сөз жүзінде ғана жақсы көретін күнәхарлардан ажыратуға мүмкіндік беретін нышан болып табылады. Егер адам Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілессе, Аллаһ міндетті түрде оны сүйеді және Оның сүйікті құлдары лайықты болған сый-сауаппен марапаттайды, оның күнәларын кешіреді және оның кемшіліктерін жасырады.

Аллаһ Тағала Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол адамдарға және жындарға Аллаһтың таусылмас және сан жетпес сыйы туралы қуанышты және игі хабарды жеткізу үшін және оларды Оның қатаң жазалауынан ескерту үшін жіберді. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға, халықтар мен қауымдарға жіберілді. Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммад!) Сені біртұтас адам баласына қуандырушы және қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді» (Саба, 28).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ» (Фатыр, 24).

Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі) Жолдауы ең ұлы, ең толық және ең сыйымды (қамтушы) болып табылады. Ол адамдарды құлшылық етуге тек Жалғыз Аллаһ лайықты екендігіне иман келтіруге шақырды және оларға Ұлы Раббының разылы мен сүюіне қол жеткізу үшін Оған қалай құлшылық ету керек екендігін көрсетті. Ол адамдарға игілік алып келетін нәрселердің тұтас барлығы туралы айтты және оларды жамандық алып келетін нәрселердің барлығынан тұтас ескертіп сақтандырды. Ол адамдарға, олар оған ілессе – ақиқатты жалғаннан ажырата алатын, араларында орын алатын барлық мәселелердің шешімін таба алатын, өз жандарын тазарта алатын, ұлы адамгершілік қасиеттерге ие бола алатын және Аллаһтың таусылмас жомарт сыйына қол жеткізе алатын тура жолды нұсқады. Ол адамдарды өзіне құлшылық етуге шақырмады, керісінше, ол Аллаһтың құлы еді, жалғыз Оған ғана құлшылық етті және көпқұдайшылардан (мушриктерден) емес еді. Аллаһ Тағала былай деді: «Мухаммад тек елші ғана. Оған дейін де елшілер болды» (Әли Имран, 144).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «(Мухаммад:) “Менің жолым осы. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде Аллаһқа шақырамыз. Аллаһ (кемшіліктерден) Пәк. Сондай-ақ мен серік қосушылардан (мүшриктерден) емеспін”, - де» (Йусуф, 108).

Оның өзі адамгершіліктің, салиқалылықтың, шыншылдықтың, адалдықтың және тақуалықтың ең ұлы үлгісі еді. Аллаһ Тағала Өзінің елшісінің ұлы мінезін ерекше атап, былай деді: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (әл-Қалям, 4).

Сондықтан да Аллаһ мүміндерге Мухаммад пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздеріне сенімдеріндегі, сөздеріндегі және амалдарындағы өнеге етіп алуды бұйырды. Аллаһ былай деді: «Расында, сендер үшін, Аллаһты және Ақырет күнін үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (әл-Ахзаб, 21).

Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ислам Жолдауын толығымен жеткізуді былай деп жүктеді: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр (хабарла). Егер оны істемесең, Оның Жолдауын жеткізбеген боласың» (әл-Маида, 67).

Ардақты Пайғамбар Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бұл оған әмір етілгендей, оны толығымен жеткізді және ешнәрсені қалдырған жоқ. Сондықтан да Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) елшілік қызметі басталғанына жиырма үш жыл болғанда, Құранның соңғы аяттары түскен күні Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (әл-Маида, 3). Аллаһ Тағаланың бұл Сөздері Мухаммад пайғамбардың (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың дінін адамзатқа толығымен жеткізгенін нұсқайды.

Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен кейін Аллаһ Тағаланың Кітабын (Құранды), сондай-ақ он мыңдаған хабарларды (арабшада «хадис») қалдырды. Оларда оның өмір сүру салты, сөздері, істері және сенімдері туралы жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ бұл деректерде оның Аллаһқа қалайша құлшылық еткендігі, нені бұйырғандығы және неге тыйым салғандығы туралы баяндалады. Оларда болашақтың және өткеннің оқиғалары, Қиямет күні, Жәннат пен Тозақ суреттелген. Оның білімін Аллаһ Тағаланың Жолдауын сақтап, оны жер бетіне таратуды жалғастырған оның он мыңдаған ізбасарлары – сахабалары (оларға Аллаһ разы болсын) игеріп алды. Сөйтіп, Аллаһтың арқасында, содан соң мұсылман үмметі ғалымдарының ұлы ыждағат танытуының себебімен біздің кезімізге дейін Құран және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары және олардың ізбасарлырының өмірі туралы сенімді деректер жетті.

Ақиқатында, Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламы Қияметке дейін Аллаһ Тағаланың бүкіл адамзатқа жіберген толығымен аяқталған және соңғы діні болып табылады. Аллаһтың тамамдалған заңы орнатылған соң, Аллаһ адамдардан Исламнан өзге ешнәрсені қабылдамайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (әл-Маида, 3).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам» (Әли Имран, 19).

Аллаһ Тағала тағыда былай деді: «Әрине Аллаһ сендер үшін осы дінді қош көрді, сондықтан сендер тек мұсылман болып өліңдер» ( әл-Бақара, 132).

Сөйтіп барлық яхудилер мен христиандар, әрі басқа да қауымдар Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесуі қажет. Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бойсұныңдар», - де» (Әли Имран, 32).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Елшіге бойсұнса, сол Аллаһқа бойсұнады» (ән-Ниса, 80).

Аллаһтың елшісінің әмірлерін орындап, тыйымдарын бұзбай, оған бағынғанның кез келгені, іс жүзінде Аллаһ Тағалаға бағынған болады, өйткені Құдайдың елшісі тек Аллаһтың әмірлері мен заңдарының негізінде ғана және Оның уахиі мен Кітабын басшылыққа ала отырып, әмір етеді және тыйым салады. Аллаһ Тағала барлық істе Мухаммад Пайғамбарға бойсұнуды бұйырды, ал бұл оның өз Раббысының Жолдауын адамдарға жеткізуде қателесуден пәк болғанын білдіреді. Керісінше болған жағдайда, Аллаһ Тағала өзінің құлдарына оған сөзсіз бағынуды бұйырмас еді және осылай істейтіндерді мақтамас еді.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім, мейлі ол яхуди немесе христиан болсын, мен туралы естіген соң маған иман келтірмесе, Отқа түседі», - деген. Муслим, 153.

Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Өздері) бас тартқандардан басқа менің ізбасарларымның барлығы Жәннатқа кіреді», - деді. Адамдар (одан): «Уа, Аллаһтың елшісі, (мұндайдан) кімнің бас тартуы мүмкін?» - деп сұрады. Ол: «Кім маған бойсұнса, сол Жәннатқа кіреді, ал кім маған бойсұнбаса, сол бас тартады», - деді. Бухари, 7280.

Аллаһ Тағаладан біздің ешбір сылтаулар ойлап таппай, Оның Кітабына (Құранға) және соңғы елшісіне толығымен ілесуімізге көмектесуін сұраймын!

Төртінші күмән: «Рас, Құран ешбір ұлт пен ұлысты ажыратпай, бүкіл адамзатқа түсірілген, алайда біздің ата-бабаларымыздың әйел-қыздары хиджаб кимеген».

Теріске шығару:

Аллаһ Тағала кез келген кемшіліктерден Пәк! Егер сендердің ата-бабаларыңның әйел-қыздары ақиқатында да хиджаб кимеген болса, онда олар бұл мәселеде Аллаһ Тағалаға мойынсұнбаған және Раббыларының алдында күнәхар болған. Сендер де Жаратушыларыңа бойсұнбай, ата-бабаларыңның қателіктеріне соқыр түрде ілесіп, күнәхар болғыларың келеді ме? Әлде сендер де, Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшыларды Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге және олар Аллаһқа құлшылық етуде Оған серік ететін өзге жалған құдайларды тастауға шақырған кезінде олардың оған айтқан сөздерін айтқыларың келеді ме? Бұл туралы Аллаһ Тағала өздерінің ата-бабаларының адасушылықтарына соқыр түрде ілесіп кеткен сол көпқұдайшылардың сөздерін жеткізіп, былай деп айтқанындай: «Құдайларды бір-ақ құдай қыла ма? Әрине, бұл тым таңғажайып нәрсе». Олардың бастықтары келіп: "Жүріңдер, өз құдайларың үшін сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе. Тіпті бұны біз соңғы дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол» (Сад, 5-7).

Көпқұдайшыл мүшриктер ақиқатқа мүлде қарсы келе алмайтын дәйектерге сүйеніп, ақиқатты теріске шығарды. Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері олардың адасқан ата-бабаларының айтқандарына сәйкес келмеді, бірақ бұл Елшінің өтірікші немесе бұзық екенін білдіреді ме? (Аллаһ бізді адамды кәпірге айналдыратын мұндай жаман ойдан сақтасын. – аудармашыдан.)

Сонда сендер де ата-бабаларыңның Аллаһ Тағала хиджабқа қатысты айтқандарын естімегендіктеріңді айтпақсыңдар ма және ақиқатты, оған қайшы келе алмайтын дәйектерге сүйеніп, теріске шығармақсыңдар ма? Егер Аллаһ Тағаланың сөздері сендердің адасқан ата-бабаларыңның айтқандарына, не істегендеріне сәйкес келмесе, бұл Құранның жалғандығын білдіреді ме?!

Бірақ мен біздің ата-бабаларымыздың әйел-қыздары хиджаб кимегеніне терең күмәнданамын, өйткені олар Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне қарсы шыққан деп ойламаймын. Менің білуімше, біздің ата-бабаларымыздың әйел-қыздары бастарын, мойындарын және көкіректерін жауып хиджаб киген, әрі дене пішімдері айқын көрінбейтіндей олардың киімдері кең болған.

«Біздің ата-бабаларымыздың әйел-қыздары хиджаб кимеген», - деп айтатындар біздің ата-бабаларымыз бүгінгі әйел-қыздар, денелерін жалаңаштап, ал киімдерін денелеріне тырыстырып киінетін деп айтпақ па? Біздің мұсылман әйелдеріміз бүгінгі күні Батысқа және еркектерге ұқсап және тырситып шалбар киіп, еуропалық үлгіге сай киініп жүрген жоқ па?! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдерге ұқсап еліктейтін еркектерді және еркектерге ұқсап еліктейтін әйелдерді Аллаһ лағынеттеген», - деп айтқанындай. Бухари, 5885. Сондай-ақ ол: «Аллаһ еркектерге ұқсап еліктейтін және еркектердің киімін киетін әйелдерді лағынеттеген», - деп айтқан. Абу Дауд, ән-Насаи. Хадис сахих. Қз.: «Сахихуль-Джами» 6451.

Неліктен оларға да: «Біздің ата-бабаларымыздың әйел-қыздары сендер киініп жүргендеріңдей етіп Еуропаға еліктеп киінбеген және мұсылман адамдарға кәпірлерге ұқсап еліктеуге тыйым салынады», - деп айтпайды. Өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой: «Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бүзақылар» (әл-Хадид, 16).

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Бұл сөздер арқылы Аллаһ мүміндерге негізгі мәселелерде де, екінші кезекті мәселелерде де яхудилер мен христиандарға ұқсап еліктеуге тыйым салды». Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 4/484.

Ибн Умардан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім қандай да бір қауымға (халыққа) ұқсап еліктесе, ол солардан», - деп айтқаны жеткізіледі. Абу Дауд, әт-Табарани. Хадистің сенімділігін (сахихтығын) хафиз әл-’Ирақи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Ибн Хаджар, шейх әл-Әлбани, Абдуль-Қадир әл-Арнаут растаған. Қз.: «Сахихуль-джами’» 6149.



Бесінші күмән: «Апалар хиджаб киген болуы мүмкін, алайда жас қыздар кимеген».

Теріске шығару:

Аллаһ Тағала барлық кемшіліктерден Пәк! Менің ойымша, білмеген нәрселеріңізді Аллаһқа жалған жапсыруды доғару керек! Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген мұсылман үшін жоғарыда айтылғандардың өзі жеткілікті. Ал қасарысқан, өзінің құмарлықтарына ілесетін мұсылман үшін бұл тақырыпқа бірнеше том кітап жазылса да жеткіліксіз.

Балиғатқа жеткен мұсылман әйел, жасына қарамастан, хиджаб киюге міндетті. Ал «хиджабты тек егде әйелдер киюі керек» деп айтатындар, сөздері рас болса, дәлел келтірсін.

Аллаһ Тағала мұсылман әйел-қыздарға хиджаб киюді бұйырды. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері де, сахаба әйелдер де (Аллаһ оларға разы болсын) хиджаб киген, ал бұл өз кезегінде үлкен жастағы әйелдердің де, олардың кәмелетке толған жастары да хиджаб кигенін нұсқайды. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті Құранды түсіндіреді.

«Саған да, адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (ән-Нахль, 44).

Бұл аят Сүннетке жүгінбей, Құранды толық түсінуге болмайтындығын нұсқайды, өйткені егер жалғыз Құранның өзі жеткілікті болғанда, Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны түсіндіруді бұйырмас еді. Сөйтіп, хиджаб туралы аят түсірілгенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман әйел-қыздарға оны қалай кию керек екендігін және ол қай кезден бастап мұсылман әйеліне парыз болатынын түсіндіріп берді.

Абу Дауд ‘Айшадан (оған Аллаһ разы болсын) бірде Асма бинт Абу Бакрдың (әкесі екеуіне Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құзырына жұқа киіммен кіріп келгені туралы хадисті жеткізген. Сол кезде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан теріс қарап, кейін оған: «Уа, Асма! Ақиқатында, әйел кісі кәмелет жасына толғанда, оған мынадан және мынадан басқа жерлерінің ешқайсысын көрсетуіне болмайды», - деп, білектеріне дейін екі қолын және бетін көрсетті.

Сондай-ақ Бухари мен Муслим Умму ‘Атыййаның (оған Аллаһ разы болсын) былай дегенін баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Ораза айтында және Құрбан айтында бір-бірімізді: жас қыздарды да, етеккірі келген әйелдерді де, сондай-ақ (тұрмысқа беруге ниет етіп) сырт көзге шығармай жүрген қыздарды да – үйлерімізден шығаруымызды бұйырған еді. Алайда етеккірі (хайызы) келген әйелдер намаз оқитын жерден алыстау жерде тұратын, бірақ игі іс-шараларға және мұсылмандардың Аллаһқа дұға етіп жалбарынуына қатысатын. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біздің біреуімізде джильбаб жоқ», - дедім. Ол: «Оның діндегі әпке-сіңілісі өзінің бір джильбабын бере тұрсын», - деді». Ал джильбаб (жамылғы) - бұл әйел кісінің сыртқы киімінің үстінен оранатын жамылғысы.

Сондай-ақ Айшадан (оған Аллаһ разы болсын): «Мүміндердің әйелдері сыртқы киімдерін жамылған күйлерінде Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы намазда бірге тұратын, ал таң намазы аяқталғаннан кейін, олар үйлеріне оралатын және таңғы қараңғылықта оларды тану мүмкін емес еді», - дегені жеткізілген. Бухари және Муслим.

Сондай-ақ Фатима бинту Қайстан (оған Аллаһ разы болсын) Абу ‘Умар ибн Хафс онымен толық ажырасумен ажырасқаны (басқа бір риуаятта соңғы үшінші талақ бергені) әрі ол кезде оның өзі болмағаны баяндалады... Ол Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, осыны ескертеді... Ол оған ажырасудан кейінгі күту мерзімін (ғидда) Умму Шарийктің үйінде күтуін бұйырады да, кейін былай деді: «Бұл әйелді менің сахабаларым жиі зиярат етеді. Мерзіміңді Ибн Умми Мактумнің үйінде күт, өйткені ол зағип еркек, ал сен (оның үйінде) киіміңді шешуіңе тура келеді”. (Басқа бір риуаятта: «Ол: «Умму Шарийктің үйіне бар», - деді, ал ол ансарлардың бай әйелі болатын, Аллаһтың жолында көп (мал-мүлік) сарп ететін, әрі оның үйінде көп қонақтар тоқтайтын. Мен (Фатима бинту Қайс): «Жақын арада солай істеймін», - дедім. Ол: «Олай істеме, өйткені Умму Шарийкті зиярат етушілер көп, әрі мен сенің жаулығың түсіп кетеді ме, немесе сенің киімің балтырларыңды көрсетіп қояды ма және адамдар сенің бір жерлеріңді көріп қойып, бұл саған ұнамайды ма деп қорқамын. Алайда көкеңнің зағип ұлы Абдуллаһ ибн Умми Мактумның үйіне бар… Ақиқатында, егер сен орамалыңды шешсең, ол сені көрмейді», - деді. Ол маған қандас туысқан болатын»). Муслим.

Бұл хадистердің барлығы хиджабты тек егде жастағы әйелдер ғана емес, кәмелетке толған әйелдер де киетінін түсіндіреді. Сөйтіп біздің ата-бабаларымыздың жас қыз-келіншектері хиджаб кимеген болса, онда олар бұл мәселеде Аллаһ Тағалаға мойынсұнбағаны және Оның әмірлерін орындамағаны. Әлде сендер: «Құранды пайғамбарымыздың Сүннеті емес, ата-бабамыздың әдет-ғұрыптары түсіндіреді», - деп айтқыларың келеді ме? Аллаһ Тағала барлық кемшіліктерден Пәк!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет