Музей в открытом информационном пространстве



жүктеу 3.69 Mb.
бет10/16
Дата19.09.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Дамытушылық

Білімдік







Теориялық материалдар


Фактілер



Қосымша материалдар,көрнекі құрал, көркем әдебиет

әдебиет



Білу


Оқиғалар

Түсіну





Сезіну

Зерттеулер


Есте сақтау



Көзқарас

Пікір

Байланыстыру




Ой, қорытынды, нәтиже


Ғалым А.А.Вагин тарих сабағында көркем әдебиетті пайдаланудың методикалық (әдістемелік) ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны пайдалану тарихи түсініктерді нақтылауды дәлелдейтіндігін, беріліп отырған білімнің мәнісін тануға қызмет ететіндігін анықтайды. Сонымен қатар оқыту методикасының (әдістемесінің) бірнеше әдіс-тәсілдеріне де жеке-жеке тоқтап, талдау жасайды. Автордың бұл еңбегі тарих сабағының берілуі жөнінде бағалы нұсқаулар мен кеңестерді жан-жақты қамтыған.

М.А.Зиновьев 40 жылдан астам өмірін ғылыми-педагогикалық жұмысқа арнаған. Оның қаламынан тарих пәнін оқытудың негізгі методикалық (әдістемелік) мәселелелері жөнінде 20–дан аса ғылыми еңбектері шыққан. 1948 жылы РСФСР Педагогикалық ғылым академиясының баспасы шығарған «Тарих пәнін оқыту методикасының негізгі мәселелері» деген еңбегі жеке өзінің көп жылдық тәжірибесін қорытудың нәтижесі болып табылады. Бұл кітапта тарих пәнінің кеңестік методикасында (әдістемесінде) тұңғыш рет орта мектепте тарих пәнін оқытудың аса маңызды мәселелері: бұл пән бойынша мектепте тарихты оқытудың мақсаты, оқу бағдарламалары мен білім мазмұны, сабақ беру методикасы (әдістемесі) және басқа бірқатар мәселелер жүйелілікпен талданған.

М.А.Зиновьев педагогика ғылымының міндеттерін мектеп пен мұғалімнің талаптарымен үнемі байланыстыра отырып, ол жаңашыл мұғалімдердің сарқылмас әдістемелік творчествосынан шыққан бүкіл жаңалық атаулының аз ғана бағалы табыстарын да шұғыл зерттеп, жинақтаған. Осы озық тәжірибені қорытып, оны өзінің жеке әдістемелік тәжірибесімен және творчестолық ізденулерімен байыта отырып, ол тарих пәнінің ғылыми әдістемесін дамытқан, әрі тереңдете түсуге үлкен үлес қосқан. Автордың еңбегі кіріспе бөлім мен 13 тараудан құралған. Ол тараулар оқушыны біртіндеп тарих пәні әдістемесінің неғұрлым күрделі, жалпы мәселелерінен неғұрлым жекерек және нақтырақ мәселелеріне жетектейді. Автордың бұл еңбегі шын мәнінде тұтас әдістемелік құрал емес, сөздің өз мәніндегі мазмұнын дәл білдіретін очерктер болып табылады.

Н.Көшекбаев ғылыми жұмыстарын тарих пәні әдістемесі мәселелерін зерттеуден бастаған. Ғалымның тарих пәні әдістемесі бойынша жазған мақалалары 1940 жылдардың ортасынан бастап «Халық мұғалімі» журналының арнайы беттерінде жариялана бастаған. Автор жазған еңбектерінде тарих сабақтарында оқулықпен, басқа да оқу және қосымша құралдармен жұмыс істеу, көрнекі құралдарды пайдалану, оқушыларды үй тапсырмасын орындауға дайындау, сабақ барысында пысықтауды ұйымдастыру сияқты маңызды мәселелерге тоқталады. Н. Көшекбаев «Батыс Еуропадағы 1848-1849 жылдардағы революциялар тарихын оқыту әдістемесі» атты тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғайды.

Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерінің маңызы сонда, тарихтан алатын орны ерекше қиын-қыстау Ұлы Отан соғысы 1940-1946 жылдар кезінде және 1946-1954 жылдардағы және онан кейінгі 1954-1959 жылдардағы тарих пәнінің оқытылу жайымен, әдістемесімен таныстырады. Аталған еңбектер біріншіден, тарих пәнінің оқытылу жайы, әдістемесі бойынша болашақта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен бағыттарын анықтауға көмектеседі. Екіншіден, тарихты оқыту әдістемелерінің жетіле түсуіне өзіндік үлес қосады. Үшіншіден, тарих пәнінің оқытылу жайы, әдістемелік мәселелерін зерттеуде пайдасы зор.


ӘДЕБИЕТТЕР

1.А.П. Чижов Некоторые вопросы методики преподавание истории в старших классах средней школы –А-Ата: -1959.

2.В.Г. Карцов 8-10 кластарда ССРО тарихын оқыту методикасының очеркі –Алматы: -195 6.

3.С.Қ. Бақшилов Тарих сабағын оқытудағы кейбір мәселелер –Алматы: Қазақ ССР Оқу Халық Комиссариатының баспасы, -1941. -17 б.

4.А.А. Вагин Мұғалімнің 8-10 кластардағы тарих сабағына дайындалуы –Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, -1955. -91 б.

5.М.А. Зиновьев Тарих пәнін оқыту методикасының очерктері. –Алматы: -1959. -180 б.


ТҮЙІНДЕМЕ

Кеңес дәуіріндегі тарих пәнін оқытуда басшылыққа алынған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жайлы қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается методическая и педагогическая литература по поеподаванию истории в советский период.




ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Кусайнова Р.Т.-аға оқытушы (Алматы қ., Қазмеқызпу)
Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Шәкірттің рухани жан дүниесін бүкіләлемдік біліммен сусындатып, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған қазынамен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық өнегелерін санасына құйып, білім мен тәрбие беретін жауапты міндеттердің ең бастысы болып саналады. Сондықтанда бүгінгі білім мен тәрбие беру жүйесі жаңаша құрылу қажеттілігін көрсетіп, Қазақстан мектептерінде болашағынан үміт күттіретін алғашқы қадамдар жасала бастады.

Жалпы білім беретін қазақ мектебінің басты мақсаты бұрынғысынша дара тұлғаны дамыту болып саналғанымен, оны жүзеге асыру жолында жасалатын істерге деген көзқарас өзгерді. Бұрын да оқушыны белгілі көлемдегі білім, білік, дағдылармен қаруландыру жеткілікті деп ұғып келсек, ендігі жерде олар баланың ой-өрісін өсіріп, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс жасайтындай мүмкіндік беруі керек. Әрбір оқушының өзін-өзі дамуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруына, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуіне толық мүмкіндік туғызу міндеті тұр. Бұл міндеттер Кеңестер одағы кезінде педагогикалық-психология саласындағы ең озық – Давыдов, Занков т.б. ұсынған дамыта оқыту идеясымен ұласып жатыр.

Ғылым білім, іскерлік, дағдылар жүйесінен құрылатын білім мазмұнын әр оқушыны өзгермелі заманның күнделікті тіршілігіне бейімделе отырып, өзінің ой-өрісін, талғамын, дүниетанымын кеңейтіп, дамыта отыратын құрал ретінде пайдалануы қажет. Сөйтіп оқушының мектептен алып шыққан білімі өз мүддесі мен қоғам талаптарын ұштастыруға бағытталған іс-әрекетінің және ой-өрісінің мүмкіндігінше шығармашылық сипатта болуына ықпал етуі керек. Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды, төл оқулықтар, бағдарламаларды, оқу әдістемелік кешеннің басқа да бөліктерін дайындауды қажет етіп отыр.

Даралап оқытуды басқа да ұстанымдарымен ұштастыру негізінде әр оқушының қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамытуға жол ашып, мүмкіндік туғызатын білім мазмұнының жылжымалы бөлігі болып саналады. Бұл бөліктің мектептің әрбір сатысындағы сыбағалы салмағы оқушының жас ерекшелігіне және әр сатының міндетіне байланысты болады. Сондықтанда тарихтан оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарыда бірте-бірте күрделенеді. Қазіргі білім жүйесінде 70-ке тарта өздігінше оқушылардың атқаратын жұмыстары бар. Олар оқулықтағы мәтінді сауатты, дәл ырғағымен оқудан бастап, ғылыми-зерттеулерге қатыса алатын дәрежеге жетеді. Мұғалім оқушылардың өздігінше жұмыстарын бірте-бірте күрделендіру арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.

Мектептің екінші сатысынан бастап оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігі, әр түрлі бағыттағы тереңдетілген білімнен тұрады. Сондай пәндердің бірі – «Қазақстан тарихы». Тереңдетілген пәндер негізінен оқушылардың атқаратын өздігінше жұмыстарына арналған. Мұндағы мақсат жекеленген тақырыптарды оқушылар ғылыми-ізденіс жасауға, тереңірек зерттеуге, әсіресе тарихи-мәдени ескерткіштер мен ірі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтерін кеңірек білуге арналады.

Оқушының барлық іс-әрекетін рейтингі бойынша өзара бағамдас 4 топқа біріктіріп қарау орынды: олар 1) білім сапасын арнайы бақылау, 2) сабақ барысындағы көрсететін білімі, білігі, дағдысын қамтитын ауызша жауаптары және ынтасы, 3) үйде өздігінше орындалатын тапсырмалардың нәтижесі, 4) білімді игерудің жоғарғы деңгейлеріне сай келетін оқушының ерекше қабілетінің көрсеткіші. Оқушының өзінің білімі мен білігінің тереңдігін, әсіресе, бақылау мен ауызша (даталар, есімдер жер аттарын картадан) жауап беру кезіндегі тапқырлығы мен алғырлығын, шығармашылық қабілетін көрсететін жағдайлар мен нәтижелері болуы керек.

Қазіргі мектептегі «мықты» деген оқушылардың білімінің сапасы рейтингілік жүйеде 75 балға сай келеді. Ал, одан жоғары эврикалық және шығармашылық деңгейлерге жету үшін жоғарғы сыныптарда кітаптағы дайын білім аздық етеді. Сондықтанда әрбір оқушы өздігінше әр түрлі тарихи-ғылыми деректер мен әдебиеттермен қосымша білім алса ғана қолы жетуі мүмкін. Мәселен, көптеген сұрақтарға (даталарды берік меңгеру, оқиғалар мен фактілерді нақты білуі, ұғымдармен терминдерді сипаттай алуы, оқиғаларды салыстырып, ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын табуы) тереңдете, жан-жақты жауап бере отырып, өз ойын қорғап пікірталасқа еркін түсе алатын, берген тапсырмаларды шығармашылықпен орындайтын, тыңнан жол табатын оқушылар ғана ең жоғары деңгейге көтерілетін болады. Тарих сабағындағы оқушылардың атқаратын өздігінше жұмыстары неғұрлым көп, әралуан болса ғана шәкірт белгілі бір нәтижеге жетпей қоймайды. Оларды жоғары қабілетті, талантты, тіпті болашақта дарынды адамдар қатарына енетін вундеркиндтер деп те қарауға болады.

Жеке тоқтала кететін оқушы әрекеті оның үйдегі орындайтын тапсырмаларының ерекшелігінде. Демек, мұғалім дәстүрлі оқыған тақырыптарға сай берілетін үйреншікті тапсырмалармен бірге үйге келесі сабақта оқылатын мүлдем жаңа материалдарды қосу – яғни ендігі жерде оқушыны өздігінше жаңалықты игреуге үйретіп қана қоймай, жаңа тақырыпты түсіндіруге мұғаліммен бірдей ат салысуына мүмкіндік береді. Сабақтың барысында өздігінше оқушылардың тарихи – ғылыми деректер мен әдебиеттерден оқыған материалдарын тіпті жаңа тақырыпты түсіндіріп айту, өзара пікір алысу, біріне-бірі сұрақ қою т.б. түгелдей оқушылардың мойнына жүктелсе артық болмас еді. Ұстаз қазіргі педагогиканың озық талаптарына сай оқушы қиналғанды ақыл-кеңес беретін, сабақ барысында туған таластың түйінін шешетін төрешісі, бүкіл сабақтарды ұтымды ұйымдастырушы дирижер ретінде көрінсе өте орынды болар еді. Сабақты мұндай ұстаныммен өткізгенде оқушының үлесіне қазіргімен салыстырғанда 3-4 еседей көбірек уақыт тиіп, олардың ойындағысын ашық айтып беруге, дұрыс сөйлеуге, пікір таластыруға, орынды сұрақ не жауап беруге, өзін-өзі еркін ұстауға дағдыланатына еш күмән жоқ.

Бүгінгі күні мектепте де және жоғарғы оқу орындарында да оқушымен студенттің іс-әрекетін жаңаша бағалаудың толып жатқан ұтымды жақтары бар. Соның бірі бағалау барысында рейтингтің орта мектепте енуі. Рейтингтің басты мақсаты – сабақта және сыныптан тыс атқаратын өздігінше жұмыстардың нәтижесі мен білім көзі. Мектептегі рейтинг жүйесі қарапайым, бірақ атқаратын қызметі тереңдеу, өйткені ол дамыта оқыту идеясына сәйкес дара тұлғаның білімін жан-жақты сипаттай алады. 2000-2001 оқу жылынан бастап, мектептерде жаңа буын оқулықтарымен оқу-әдістемелік кешендер қызмет жасап жатыр: олар: оқулық, оқу хрестоматиясы, оқушы дәптері, дидактикалық материалдар және әдістемелік құралдар. Бұл кешендер оқушыларды өздігінен білім алуға, ізденуге өз үлесін қосады. Онда өздігінше деректермен жұмыс, түрлі кестелерді толтыру, сөзжұмбақты шешу, оқулық мәтінімен жұмыстар ұйымдастыру, түрлі суреттерге қарап, шағын әңгімелер құрастыру, контурлық карталарды толтыру, даталармен жұмыс жасау (хронологиялық, синхронды) таблицалар толтыру, рефераттар дайындау, түрлі жоспарлар, тезистер және карталармен жұмыс жасатуға болады. Осылар арқылы оқушының іс-әрекетін, білімін жаңаша бағалауға болады.

Жалпы педагогикалық үрдіс кезінде оқытушы оқушылардан өздігінше білім алуға ынталандыру қажеттігі туып тұр. Оқушыларға өздігінен жұмысты дұрыс орындата білу үшін күнделікті сабақ жоспарын жасап, сабаққа дайындалғанда, әрбір сабаққа өздігінен орындайтын жұмысты белгілеп алуы керек. Мұғалім міндетті түрде оқушылардың өздігінен жасайтын жұмыстарын алдын-ала іріктеп, дұрыс жүргізе білуі шарт. Сөйтіп 5 сыныптан бастап тарихи материалды оқи бастайтындықтан оқушыларды да бірте-бірте өздігінен жұмыс жасауға үйрете білгені жөн. Айталық, 5 сыныпта тарихтан өздігінше оқушылардың атқаратын жұмыстары мына бағытта жүргізіліп, бірте-бірте жоғарғы сыныптарда күрделене түседі:

1. Оқулық мәтінін дауыстап, мәнерлеп, қатесіз оқу;

2. Оқулық мәтінін әңгімелеп беру;

3. Оқулықтағы суреттерге қарап әңгіме құрастыру;

4. Түрлі кестелер толтыру;

5. Даталармен жұмысты ұймдастыру;

6. Оқушы дәптеріндегі түрлі тапсырмаларды ұйымдастыру.

Жалпы білім беру жүйесін қайта құрудағы басты мақсат әр оқушының дәріс алуының сапалық деңгейін жетуіне мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастыру. Ал оқу процесін жаңаша ұйымдастырудың бір тетігі оқу нәтижелерін бірнеше деңгейде жоспарлауға байланысты. Сондықтан бұл мәселе бойынша ғылымда жинақталған ұстанымдарға жүгіне отырып, оқу нәтижелерін жоспарлауға жаңаша көзқарас керек. Оқу нәтижелерін жоспарлау мәселесі бойынша зерттеу барысындағы қортындылар білімді игеру деңгейлерін айқындау сипаттамасына қарасақ, олар мазмұны бойынша оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарына үлкен мән береді. Бұл туралы (И.Я.Лернер, Я.И.Батурина, В.П.Беспалько) айтқан. Білімді игеру тұтас процесс ретінде үш сатыдан тұрады:

1) жаңа білімді игеру, өздігінше білім көзін табу, іздену және оны өмірге пайдалану.

2) игерген білімді зерттеу, жинақтау, қортындылау.

3) жаңа білімді өздігінше игеру, есте сақтау, ой-өрісін кеңейту, дамыту.

Аталған 3 сатының әрқайсысында пәндік (тарихтан) білімді өздігінше игеру төрт деңгейден тұрады:

1) білу, 2) түсіну, 3) қолдану, 4) біліктену.

Тарих пәнінен игерілетін білім игерудің әр сатысында оқушылардың танымдық іс әрекетінің сапалық өзгерісі дами түседі. Сондықтанда жаңа буын оқулықтарында оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттыру үшін, өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар саны көбейген, оның ішінде мазмұны мен формасы жағынан әр түрлі суреттер, кестелер, деректер, сөздіктер, терминдер және даталар мен жұмыс жасау молынан берілген. Оқушылардың оқу қызметін тек қана күрделенген тапсырмалар (тарихи деректер, логикалық тапсырмалар) ғана белсендіреді. Бұлар өз кезегінде оқушылардың дүниетанымына әсер ететін оқу қызметін интеллектуалдық, сезімдік, практикалық жақтарын дамытады.

Халықағарту саласын қайта құру ұстанымдары – оқытуды демократияландыру, ізгілендіру және дамытушылық. Тарих сабағында оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстары дамытушылыққа жатады. Онда жеке тұлға, жас шәкірт бойындағы табиғи қасиеттерді; талант, қабілет және тарихқа қызығу, зерделілігін, қабылдағыштың, ойлану, салыстыру, есінде жақсы сақтау сияқтыларды барынша дамыта отырды.

Белгілі дидактика-ғалым И.Я.Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын былай деген: «Тарихи материалды оқып, танып білу және оны меңгеру үші көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады, бірақта оқушы (тарихи білімді) өздігінше ізденіп тапса, ол көбірек есте қалады».

Оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарына қажетті біліктерді қалыптастыруда жатады. Білімді өздігінше бірнеше рет және әр түрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, түрлі кестелер толтырады.


ӘДЕБИЕТТЕР
1. Лернер И.Я. «Задания для самостоятельной работы по истории» (Пособия для учителя) Москва, 1988.

2. Беркімбаева Ш.К. Қазақ мекетебі: Бүгінгі проблемалары, даму бағыттары //Республикалық – практикалық конференция 1996 ж.

3. Зиновьев М.А. Тарих пәнін оқыту методикасының очерктері Алматы, 1959.

4. Годер Г.И. История древнего мира и средных веков. Справочные материалы. Москва, 1997.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада тарихты оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары баяндалған.


РЕЗЮМЕ

Статья посвящена проблемам организации самостоятельных работ учеников в преподавании истории.



ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН ДИПЛОМ Ж АЗУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Тұрлығұл Т.Т. – п.ғ.д., профессор. (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Елімізде жылдан-жылға білім мен ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, бұл салаға берілетін қаржы да, басқа да қамқорлықтар да еселеп артуда. Бұған Елбасының жыл сайын халыққа арналған Жолдауларындағы, басқа да ауқымды беделді басқосуларда айтатын нұсқаулары мен келтіретін мәліметтері дәлел. «Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын еселеп арта беретін бір байлық бар, – деді ол, Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебін ашарда сөйлеген сөзінде, – ол білім. Ал білім негізі – мектепте» /1/. Мектеп тұтқасы мұғалім екені баршаға аян. Бұл айтылғандарға мысалды алыстан іздемей-ақ өткен жылы ғана Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының университетке айналуына байланысты оның бүкіл оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптар бұрынғыдан да арта түсетінін айтсақ та жеткілікті. Мұның өзі осы ұжымда қызмет атқаратын әрбір оқытушыға да, студентке де ой салады. Демек – мен университет оқытушысы, студенті деген жоғары, әрі жауапты атаққа лайықты еңбек етіп жүрмін бе – деген сауал туындайды.

Оқытушылардың қызмет сапасы, ал студенттердің білім сапасының маңызды бір көрсеткіші – студенттердің өздігінше атқаратын шығармашылық жұмысқа қаншалықты төселгендігінен байқалады. Студенттер мұндай шығармашылық жұмысқа мектеп қабырғасында-ақ дайындалып келеді, ал институт қабырғасында ондай жұмыстар одан әрі жетілдіріліп, жалғастырылады. Олардың негізгі түрлері студенттің әрбір курс сайын орындайтын бақылау, курс жұмыстары, ал олардың одан арғы жоғары, әрі күрделі түрі университетті бітіруге байланысты жазатын диплом жұмысы. Олармен қатар студенттер ЖОО қабырғасында жүрген 4-5 жылда басқа да шығармашылық жұмыстарға қатысады. Олардың қатарына студенттердің өздігінше орындап, жарыққа шығаратын газет, журнал мақалалары, түрлі конференцияларда жасайтын хабарлары мен баяндамалары т.б. жатады.

ЖОО бітіруге арналған диплом жұмыстары дәл қазір саны мен сапасы жөнінен әлде қайда жақсартуды талап етеді. Бұл туралы мерзімді баспасөз бетінде сын мақалалар жиі-жиі жарияланады және соларда жазылған сындар Республикамыздың ЖОО-ның көпшілігіне ортақ. Дегенмен диплом жұмыстарын жазуда орын алған кемшіліктердің дәлелді себептері де жеткілікті. Сондықтан ол кемшіліктер үшін жеке біреулерді кінәләу орынсыз болар еді.

Осы айтылғандарға байланысты біз мақаламызда ТОӘ-нен диплом жұмысын жазу туралы кеңес бергелі отырмыз. Біздің университетіміздің қазіргі оқу жоспары бойынша «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні Жалпы тарих кафедрасына берілген. Жыл сайын диплом жұмысын жазу мәселесі көтерілгенде осы пәннен сабақ беретін оқытушылар қиындыққа ұшырайды. Өйткені студенттер «Тарихты оқыту әдістемесінен» диплом жұмысын алудан қашқақтайды, шамасы келсе алмауға тырысады. Мұның өзі олардың болашақ мамандығының сапасына сөзсіз кері әсерін тигізеді. Мұның басты себебі тарихты оқыту әдістемесінен дипломдық жұмыс жазуға қажетті ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен басқа да дерек көздерінің тым аздығына, ал кейбір тақырыптар бойынша мүлде жоқтығына байланысты. Осыған қарамастан кейінгі бір-екі жылда аталған қиындықтан шығу жолдарын қарастырып келеміз және белгілі дәрежеде нәтижесі де байқалуда.

Алдымен ескертетін жағдай, тарихты оқыту әдістемесінен ЖОО бітіру диплом жұмысының қажеттігін және оның болашақ тарихшы мұғалім үшін аса пайдалы екенін студенттерге жеткілікті дәрежеде түсіндіру. Осы мәселені дұрыс түсінген және шығармашылық жұмысқа қабілеті бар студенттер біртіндеп диплом жұмысынан тақырып алуға келісім береді.

Келесі жұмыс, студенттердің диплом жұмыстарына басшылық ететін ғылыми жетекші оқыту әдістемесінен диплом жазудың мазмұнын, құрылымының ерекшеліктерін жете түсіндіруі тиіс.

Ендігі міндет, диплом жұмысының тақырыбын дұрыс таңдау. Жалпы тарих кафедрасында оның мәжілісінде бекітілген диплом жұмыстары тақырыптарының тізімі ілулі тұрады, оған жыл сайын азды-көпті өзгерістер енгізіліп отырады. Осы тізім кафедраның әдіскер оқтытушылары дайындап баспадан шығарған Оқу-әдәстемелік кешенінде де бар /2/.

Диплом жұмысының тақырыбын, әсіресе әдістеме бойынша алатын тақырыпты таңдауға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Мүмкін болғанынша тарихты оқыту әдістемесіндегі жаңа мәселелерді: оқытудағы инновациялық бағыттар, педагогикалық технологияларды пайдалану, интерактивті тақта мен интерактивті әдістерді қолдану тәжірибелері, оқытуда күтілетін нәтижеге жету жолдары, тарихты оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру, «Мәдени мұра» материалдарын сабақта пайдалану тәжірибелері сияқты тақырыптарды таңдауға болады. Бұл тақырыптардың мазмұнында сапалы білім беру, оқушының ойлау қызметін жетілдіру, тұлғалық-бағдарлы дамыту сияқты мәселелерге ерекше назар аударылуы керек.

Тарихты оқыту әдістемесінде осы пәннің тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыруға баса назар аударылатыны белгілі. Осыған орай пәнді оқыту барысында оқушыларды отан сүйгіштікке, халықтар достастығы мен ынтымақтастыққа тәрбиелеу де, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру де маңызды тақырыптар қатарына жатады. Тақырып таңдағанда тағы бір ескеретін жағдай – осы мәселе бойынша баспасөз арқылы жарияланған материалдардың қаншалықты барлығы. Мұны алдымен ғылыми жетекші назарда ұстайды. Тақырып әлі ешкім зерттемеген, қорғамаған, жаңа болғанмен ол туралы жарияланған материал өте аз болса, мұндай тақырып диплом жазушыға да, ғылыми жетекшіге де қиындық келтіреді. Осындай қиындық тарихты оқыту әдістемесінен тақырып алатындарға тікелей қатысты. Бірқатар тақырыптардан: тарихты оқыту барысында инновациялық, педагогикалық технологияларды пайдалану, жоспарланған күтілетін нәтижеге жету жолдары, құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі, интерактивті тақтаны пайдалану т.б. туралы қазақ тілінде жарияланған материалдар өте аз, ал орыс тілінде бірен-саран болғанмен оларды студенттердің бәрі бірдей пайдалана алмайды.

Тақырып таңдалып анықталғаннан кейін, студенттің тақырыбы да, ғылыми жетекші де кафедра мәжілісінде бекітіледі.

Осыдан кейін дипломшы-студент өз тақырыбы бойынша материал жинауға кіріседі. Тарихты оқыту әдістемесінен кездесетін алғашқы қиындық студент кемі 5 – 6 кітапхананы (Алматы жағдайында) аралап, олардағы өз тақырыбына қатысты әдебиеттерді іріктеп ала алмайды, бұл жерде ғылыми жетекшінің көмегі қажет. Ол жеке диплом жұмысына қатысты әдебиеттердің қай кітапханаларда кездесетінін және пайдалану реті туралы кеңес береді. Тарихты оқыту әдістемесінен азды-көпті қазақ тілінде әдебиеттер кездесетін кітапханалар: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы (Абай, Абылайхан даңғылдарының қиылысында); 2) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының кітапханасы (Жамбыл көшесі, 25). Қыздар университетінің кітапханасында біз әңгіме етіп отырған пәннің әдістемесінен жаңа әдебиеттер аз, 2000 жылдан бері баспадан шыққан тарих оқулықтары, әр оқулық бойынша жарық көрген үш-үштен әдістемелік кешендер де түгел емес. Егер осы әдебиеттер түгел болса, әдістеменің күнделікті сабақтарының сапалы оқытылуына, диплом жұмыстарының ойдағыдай жазылуына пайдасы тиер еді. Диплом жазатын студенттер тарихшы мұғалімдер даярлайтын басқа ЖОО-ы кітапханаларын, әсіресе Әл-Фараби, Абай атындағы университеттердің кітапханаларын өздері сүзіп шыққаны дұрыс. Қыздар университетіне жақын орналасқан А.П. Чехов атындағы қалалық кітапханада педагогика, тарихты оқыту әдістемесі тақырыбына қатысты, әсіресе қазақ тілінде әдебиеттер жоқ есебі.

Студенттерге біз ұсынылғалы отырған үшінші кітапхана – Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы (М. Мәметова-Фурманов көшелерінің қиылысына жақын). Мұнда соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде жарық көрген педагогика оқулықтары түгелге жуық бар, олардың мазмұнында оқыту теориясы мен тәрбие теориясына арналған көлемді бөлімдер кездеседі. Тәрбие теориясына арналған монография да бар. Осы кітапханадағы басқа педагогикалық әдебиеттерді айтпағанның өзінде аталған екі бөлімнің мазмұнында жеке пәндерді оқыту әдістемесіне қатысты материал жеткілікті. Оны әдістемеден диплом жұмысын жазатын студенттердің әдіснамалық тұрғыда басшылыққа алуына әбден болады.

Өз тақырыбына қатысты әдебиеттерді тауып, олармен таныса бастаған студент кітаптың атын, авторының аты жөнін, шыққан жылы мен баспасын, қай қалада екенін, көлемін (неше бет) дәл көрсетуі, қатесіз жазып алуы керек. Кітапты қарап, оның қай бөлімі, қай беттері өзінің дипломдық тақырыбына қатысты екенін анықтағаннан кейін, сол бөлімді, тақырыпты зейін қоя оқып меңгереді, қажетті деген беттердің мазмұнын қысқаша конспектілеп алады, сілтеме жасауға қажет деген абзацтарды көшіріп алады, ол беттерді де көрсетеді. Осыдай ретпен ғылыми жетекші көрсеткен негізгі әдебиеттердің мазмұнымен танысады. Олардың мазмұнын ой елегінен өткізгеннен кейін студент санасында болашақ жұмысының үлгі сұлбасы біртіндеп қалыптасады. Ғылыми жетекшінің берген кеңесін басшылыққа ала отырып, енді диплом жұмысының жоспарын жасап, осы үлгі жоспарды ғылыми жетекшімен ақылдасып алуына болады.

Диплом жұмысының жоспары аса жауапты жұмыс. Осы еңбектің сапалы болуы, оның мазмұнының құрылымдық жағынан сәтті жасалуы, негізгі мәселелердің өзара сабақтастығы, бірінен бірі туындап, қисынды байланысып жатуы диплом жоспарының қаншалықты ойластырылып жасалғандығында.

Әдетте диплом жұмысы кіріспеден, екі не үш бөлімнен, әр бөлім 2 – 3 тақырыпшадан құралады. Соңында бүкіл жұмысқа қорытынды жасалады, бөлімдер бойынша шағын қорытынды жасау-жасамау автордың еркінде. Ең соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі, ең аз дегенде 20-дан кем болмағаны дұрыс. Жұмыстың көлемі кемі 48 – 50 бет болуы керек, 3 баспа табақтай, шамамен кітап бетімен 48 бет.

Тарихты оқыту әдістемесінен кейінгі жылдары дайдалған диплом жұмыстары көбіне екі бөлімге, әр бөлім екі-үш тақырыпқа бөлініп жасалуда. Сондай бір диплом жұмысының қысқаша жоспарын қарастырайық.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында 1991-2000 жыл аралығында мектептерде Отан тарихты оқытуда болған маңызды өзгерістер (білім мазмұнында, әдіснамасында, әдістемесінде).

Кіріспе (4 – 5 бет).

Бірінші тарау. Қазақстан тарихы мектептік пәнінің білім көлемінде, білім мазмұнында болған өзгерістер.

1.1 Пәннің алғашқы бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік талдау (12 – 13 бет).

1.2 Пәннің алғашқы оқулықтарының ғылыми-әдістемелік сипаттамасы (13 – 14 б.).

Тарау бойынша қысқаша қорытынды (1 бет).

Екінші тарау.

Қазақстан тарихы бойынша жарияланған қосымша әдістемелік құралдар және пәннің оқытылу жағдайы.

2.1 Жарияланған қосымша құралдарды әдістемелік талдау (12 – 13 бет).

2.2 Мектептерде пәннің оқытылу жағдайы (13 – 14 бет).

Тарау бойынша қысқаша қорытынды (1 бет).

Жалпы қорытынды (2 – 3 бет).

Пайдаланылған әдебиеттер (1 – 2 бет), саны 35. Барлығы 60 – 62 бет.

Осы жоспарға қарап отырып тағы бір ескеретін жағдай диплом жұмысының ішкі құрылымы мен көлемі. Тараулардың көлемі бір-біріне сәйкес болғаны дұрыс. І тарау 25 бет болса, ІІ тарауда соған шамалас болуы керек, бір тарау 15 бет, екіншісі – 30 бет болса, оны дұрыс деуге болмайды. Сондай-ақ жұмыстың ішкі бөлімдерінің көлемі де шамалас болғаны тиімді.

Енді диплом жұмысының ішкі мазмұнына, онда нелер қарастырылып, қандай мәселелер ашылып көрсетілетініне тоқталайық. Алдымен кіріспе туралы. Оны жазудың қиындығы сонда, кейбір әдіскер ғалымдар кіріспені ең соңынан жазсада болады дейді. Ол автордың еркінде. Әңгіме оны қашан жазғанда емес, әңгіме диплом жұмысын шу деп жазуға кіріскенде, оның мазмұны автордың жадында қалыптасып болуы керек, олай болмаған жағдайда еңбектің құрылымында, әсіресе логикалық байланыстарында кемшілік кетуі мүмкін.

Кіріспеде алдымен автор бұл тақырыпты неліктен таңдағандығын, оның маңыздылығын негіздейді. Шамасы келсе тақырыптың әдіснамасына тоқталады, тақырыпты кімдер зертегенін, қандай мәселелер шешілгенін, нелер әлі шешілмегенін, оларды зерттеу қажеттігін дәлелдейді. Осыдан келе тақырыпты зерттеудің мақсаты тұжырымдалып, зерттеу міндеттері анықталады. Одан әрі пайдаланылған әдебиеттерге шолу-сипаттама беріледі. Кіріспенің соңғы мәселесі – диплом жұмысының мазмұны мен құрылымына шолу жасалады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, тарихты оқыту әдістемесінен диплом жұмысы көбіне екі тараудан құралатындықтан, бірінші тарауда осы мәселенің ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде, атап айтқанда тарих, педагогика, психология ғылымдарында қалай қарастырылатыны, ал тектес қоғамтану, құқық негіздері әдістемелерінде осы мәселенің қалай шешілгені, тарихшы мұғалімдердің әдістемелік журналдарда жарияланған мақалаларындағы тәжірибелерінде қаншалықты шешіліп жатқандығына талдау жасалады. Ал, екінші тарауда автордың зерттеу тақырыбын тарихты оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы шешу жолдары, өзі жүргізген зерттеу арқылы қолжеткен нәтижесі баяндалады. Диплом тақырыбының, осы екінші тараудың ерекшелігін ескере отырып автор нақты мысалдарды тарихты оқыту тәжірибелерінен, ғалым әдіскерлердің ұсыныстарынан келтіргені дұрыс. Мұндай еңбектердің қатарына тарихшы мұғалімдердің мақалалары, шағын әдістемелік еңбектері, мысалы, тарих пәнінен жеке сыныптарға арналған әдістемелік құралдар мен басқа оқу-әдістемелік кешендер, әдіскер ғалымдардың монографиялары жатады. Осы айтылғандарда нақты мысал келтірейік. Диплом тақырыбы «Тарихты оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әдістемесінең арналса, оның бірінші тарауында жалпы педагогикалық технологияларға талдау жасалып, олардың тарихты оқытуға қолайлылары таңдалып іріктеледі. Ал жұмыстың екінші тарауында сол технологияларды тарих сабақтарында пайдаланудың нақты әдістемесі баяндалады.

Дипломның қолжазбасының соңғы әрі маңызды бөлімі – «Жалпы қорытындың. Мұнда автор осы жұмыстың алдына қойылған мақсат, міндеттерің қалай орындалғанын, соның нәтижесінде қандай мәселелерді анықтағанын, шешкенін, өзі ашқан жаңалықтарын талдап көрсетеді. Осы зерттеу нәтижесінің қандай әдістемелік, тәжірибелік пайдалылығына назар аударады. Кездескен қиындықтарға да тоқталады, оның себептерін атап көрсетеді. Осы тақырыптың жеке мәселелерін одан әрі зерттеу қажет деп есептейтін болса оны да атап өтеді.

Дайындалған жұмысты қорғауға әзірлеудің және қорғаудың да қалыптасқан реті бар. Студент комьютерге басылып, техникалық талапқа сай безендірілген диплом жұмысын қорғау уақытынан 10 – 15 күн бұрын кафедраға өткізеді, осы жұмыс туралы ғылыми жетекшінің пікірі және тәуелсіз маманның сараптамасы қоса тапсырылады.

Кафедра меңгерушісі жұмысты қарап, қорғауға ұсынғаннан кейін дипломшы-студент мемлекеттік емтихан комиссиясында сөйлейтін сөзге дайындалады, ол сөздің көлемі әрі кеткенде 10 минут сөйлеуге ықшамдалады. Осы кіріспе сөзінде ол бұл тақырыпты неліктен алғанын, оның маңыздылығын, көкейтестілігін дәлелдейді. Одан әрі зерттеу кезеңдеріне тоқтайды, пайдаланылған әдебиеттер мен басқа да деректерге сипаттама беріп, қысқаша щолу жасайды. Сөзінің соңында студент диплом жұмысының құрылымын таныстырады.

Мемлекеттік комиссия мүшелері студенттің осы тақырыпты зерттеу барысында қандай жаңалық ашқандығы туралы сұрақ қоюы мүмкін, демек мұндай сұрақтың жауабына да дайын болу керек. Егер осы жұмысқа берілген сараптамада оған сын айтылса студент оған жауап береді (комиссия мүшелері қажет деп тапса). Ал комиссия мүшелері дипломантқа сұрақ қойса, оған берілетін жауап әрі қысқа, әрі нақты болғаны дұрыс.

Шағын журнал мақаласында барлық диплом жұмысына, тіпті тарихты оқыту әдістемесі бойынша дайындалатын диплом туралы да толық кеңес беру мүмкін емес. Өйткені әр тақырыптың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, таза оқыту әдістемесі мен оның тарихына қатысты тақырыптардың құрылымында да, демек ішкі мазмұнында да өзгерістер болады. Біз мақалада негізінен тарихты оқыту әдістемесінен диплом жұмысын жазудың жалпы мәселелеріне тоқталдық.


ӘДЕБИЕТТЕР
1.Нұрсұлтан Назарбаев. XXІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады.

// Егемен Қазақстан, 13 қаңтар, 2009 жыл.

2.Тарихты оқыту әдістемесі. Оқу әдістемелік кешен. Алматы, 2006, 188 бет.

РЕЗЮМЕ
В статье даются советы о написании дипломной работы по методике обучения истории.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада университет бітіруші студенттердің тарихты оқыту әдістемесінен диплом жазуының әдіс-тәсілдері қарастырылған.
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ
Каталог: attachments
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
attachments -> Музей в открытом информационном пространстве
attachments -> Аудит пәнінен курстық ЖҰмыс жазу жөнінде әдістемелік нұСҚаулар, тақырыптар
attachments -> Капиталдыњ ауыспалы айналымы мен айналысы
attachments -> Бағдарламасы «Көлік құралдары»
attachments -> Кафедра Правового регулирования экономических отношений
attachments -> Қазтұтынуодағы
attachments -> Бағдарламасы «топырақТЫҢ физикасы және химиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет