Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта екі адамның қайтыс болғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Болған жайтқа қатысты қызметтік тергеу басталды. 

“Жыл басынан бері Жетісу өңірінде "Облыстық перинаталдық орталық" МКК базасында екі рет ана өлімі тіркелді”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Сонымен қатар туыстарының рұқсатынсыз мәйіттерді сою туралы шағымдарға жауап беретін бөлімше қандай жағдай болмасын ана өлімін анқытау үшін зерттеу жүргізілетінін мәлім етті. 

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы “Патологоанатомиялық диагностикамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрығының 125-бабына сәйкес патологоанатомиялық ашу кез келген жағдайда ана қайтыс болғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізіледі”, – дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен қызметтік тексеру жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медицина қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығына байланысты мониторинг жүргізеді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.