Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтен мәһрге не сұрағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Биыл – продюсердің екінші мәрте тұрмыс құрғанына – 7 жыл. 

“Тұрсын мырза мәһрге кеңсе сыйлады. Басқа қыздар сақина, алтын сұрап жатады ғой. Мен одан үлкен кеңсе сұрадым. Ол орындап, өзім қалағандай кеңсені тарту етті”, – дейді актриса. 

  • "Ұрпағыма мұра болып қалуы керек": Құралай Анарбекова мәһрге не сұрайтынын айтты

  • "Мәһр – адам саудасы": Танымал вайнер Мөлдір Анарбаева күйеуінен сыйлық сұрайтын қыздарды сөгіп тастады

Сонымен қатар, жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған. 

“Тұрсын туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – машина. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оны әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ", – деп ағынан жарылды. 

Еске салайық, продюсердің туған күніне әріптестері қандай сыйлық әкелгенін жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.