Н. Э. Пфейфер (қолы) (аты-жөні.) 20 ж



жүктеу 240.81 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі240.81 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнінен

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар





Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э. Пфейфер

(қолы) (аты-жөні.)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: __________ ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов




Қазақ филологиясы кафедрасы




«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты _________________________және типтік бағдарламасының негізінде дайындалды. ______________________________________________________


20_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ Хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Қ.Жүсіпов 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған __ 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Темиров Қ.Ө 20_ж. «_____»___________


(қолы) (аты-жөні)

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ГПФ ________ Ж.Т.Сарбалаев 20_ж. «_____»________ (факультет атауы) (қолы) (аты-жөні)

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы ____________ Е.Н._Жаманқұлова 20__ж. «_____»_______

(қолы) (аты-жөні)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойында жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең таныстыру мақсат етілді.


Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер шығарып және оны ауызша айту арқылы таратқан. Фольклорлық мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.


Пәннің міндеттері:

  • Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың ғылымдарға қатысы.

  • Фольклорлық мұралардың көп қырлы табиғаты, туу, таралу-сақталу ерекшеліктері. Халықтық сипаты, қоғамдық маңызы.

  • Ауызша айтудың дәстүрлілігі, формулалығы, стильдік кестесі.

  • Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер және оның жанрлары.

  • Жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары.


Студенттер білуі тиіс:

Фолклористика мәселелерінің теориялық аспектілерін, мәтінді кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


2 Пререквезиттер:

- халық ауыз әдебиеті

- қазақ әдебиетінің тарихы

3 Постреквизиттер

- әдебиет теориясы

- орыс әдебиетінің тарихы

- әлем әдебиетінің тарихы




4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері.

1

1

4

2

Қазақ халық әдебиеті туралы фольклористика ғылымы.

1

1

4

3

Тұрмыс-салт өлеңдері

1

1

4

4

Аңшылық жырлары.

1

1

4

5

Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.

1

1

4

6

Үйлену салт өлеңдері.

1

1

4

7

Лирикалық өлеңдер.

1

1

4

8

Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.

1

1

4

9

Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер.

1

1

4

10

Батырлар жыры.

1

1

4

11

Тарихи жырлар.

1

1

4

12

Лиро-эпостық жырлар.

1

1

4

13

Айтыс.

1

1

4

14

Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.

1

1

4

15

Қазіргі заман халық поэзиясы.

1

1

4

Барлығы: сағат

15

15

60

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1-тақырып. Ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері.

Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің басқа түрлерімен байланыста болуы. Қазақ фольклорының халықтық сипатта болуы.

Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.

Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.

Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты. Оған тән ерекшеліктер мен белгілер. Ауызша туындылардағы сөздің жетекші қызметі мен өрісі.

Фольклордың көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Ауыз әдебиетінде шындықты бейнелеудің өзгешелігі, көпқабаттылығы (Полистадиялығы).

Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты, шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлігі мен формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері.

Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі. Оның шығу, айтылу, даму процесіндегі коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке шығарманың коллективтілік аясындағы сипаты. Дәстүрлілік пен коллективтілік.

Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы. Халықтық және жалпы адамзаттық заңдылықтары. Идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклордың халық өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейтіндігі.
2-тақырып. Қазақ халық әдебиеті туралы фольклористика ғылымы.

Қазақ халық поэзиясының ерте замандағы хатқа түскен үлгілері. Қазақ фольклорын зерттеу кезеңдері: ХҮ-ХҮІІ, ХҮІІІ-ХІХ ғғ.

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау, жариялау, зерттеудегі В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.В.Василиев, Н.И.Пантусов, И.Березин, А.И.Левшин, П.И.Рычков, П.С.Паллас, Н.Ильминский, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваевтардың ғылыми еңбектері.

Қазіргі заман халық фольклористикасының дамуы мен қалыптасуы. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ғылымының көрнекті өкілдері: М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Ә.Қоңыратбаев, О.Нұрмағанбетова, Б.Уахатов, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов, С.Қасқабасов, Ш.Ибраев, Р.Бердібаев, Б.Адамбаев, Т.Сыдықов, К.Сейдаханов, Е.Тұрсынов т.б.

Аталған ғалымдардың басты-басты ғылыми еңбектері. Орыс ғалымдары: В.М.Сидельников, С.Смирнова, А.С.Орлов, М.И.Фетисов, т.б. қазақ фольклорын зерттеулері.
3-тақырып. Тұрмыс-салт өлеңдері.

Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.

Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі.

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбану, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Өлген кісіге байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.


4-тақырып. Аңшылық жырлары.

Аңшылық жырлары. Маусымдық салт жырлары. Наурыз туралы өлеңдер. Егіншілік кәсіппен байланысты өлең-жырлардың ерекшеліктері.


5-тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.

Сөздің мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Бәдік, бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Халықтың алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең жырлары.


6-тақырып. Үйлену салт өлеңдері.

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбаиу, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Қайтыс болған адамға байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.


7-тақырып. Лирикалық өлеңдер.

Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Классификациялану мәселелері. Тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпта болуы. Қара өлең мен, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.


8-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.

Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы жалпы және жалқы мағыналары. Қүрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. Қанатты сөздердің, афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен арақатынасы.

Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары Жұмбақтардың шығуына табудың әсері. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері.
9-тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер.

Қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері. Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты., ырғақты қара сөз бен өлең формасының аралас келуі. Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздердің авторын анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы.

Аңыз-әңгімелер. Жанрлық сипаты. Анықтамасы. Тарихи, мекендік және күй аңыздары. Әпсана/ легенда/. Жанрдың анықтамасы. Әпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы. Ертегісімек /Былички/. Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі. Тақырыбы мен баяндау тәсілдері.

Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты., ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.

Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары. Ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі. Астарлау (иносказание) мен кейіптеудің атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық сипаттары.

Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу мен классификациялау. Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының бірсызықты дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар. Батырлық ертегілер. Новеллалық ертегілер. Сатиралық ертегілер.


10-тақырып. Батырлар жыры.

Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи жырлар. Жиналу мен зерттелу тарихы. Эпос және тарих.

Батырлар эпос. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Ноғайлы заманымен Жоңғар хандығы шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Историзм (тарихилық) мәселесі.

«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Ерсайын батыр», «Едіге батыр», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Шора батыр», «Қарабек батыр», «Төрехан» жырларының сюжеттері.

Образдар жүйесі: әйелдер образы. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау мәселесі.

Мұрын жыраудың «Қырымның 40 батыры» жырының тарихи негіздері мен циклизация мәселесі. Жырдың зерттелуі.

Батырлар жырының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері.
11-тақырып. Тарихи жырлар.

Тарихи жырлардың негізгі ерекшеліктеі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы тарихи жырлар: «Олжабай батыр», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Өтеген батыр», «Абылай», «Арқалық батыр», «Бекет батыр», «Жанқожа батыр», «Сұраншы батыр», «Досан батыр».

Тарихи жырлардың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Тарихи жырлардың тарихқа қарым-қатынасы. Қазақ халқының ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресін бейнелейтін өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелер.
12-тақырып. Лиро-эпостық жырлар.

Бір алуандас жырлардың шығуы халықтың тұрмыс-салтына және әдет-ғұрпына байланысты екендігі.

1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Жырдың көп нұсқалық сипаты. Жырдың жиналуы, зерттелу. Қарабай образының жағымсыз бейнеде берілуі, Қозы мен Баянның трагедиясы. Қодардың қатігездігі мен жауыздығы. Жырдың стилі мен композициясы, зерттелуі.

2. «Қыз Жібек». Жырдың халықтық сипаты. Жырдағы семьялық салттар, көшпелі тұрмыстың көрінісі, махаббат, сүйіспеншілік мәселесі, трагедиялық тартыстар. 1887-1900 жылғы варианттарды салыстыру. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.

3. «Айман-Шолпан». Жырдыңэтнографиялық сипаты. Үстем тап өкілдерінің өзара тартыстары. Жастардың бейнесі. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.

4. «Еңлік-Кебек». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясының сирек қолжазбалар кітапханасында сақталған М.Құнанбаевтың қолжазбасы. Сол сияқты, 1932 жылы Семей облысы, Шыңғыстаудан жазып алынған Оразалы нұсқаларының бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылықтары.

5. «Қалқаман-Мамыр». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінің» 34-40 сандарында жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясында сақталға қолжазбаларды салыстыру. Жырдың көркемдік кестесі.
13-тақырып. Айтыс.

«Айтыс» деген атаудың мағынасы. Зерттелу тарихы. Жанрдың сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түрінеқарай жіктеу. Әдеп-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар. Бәдік, жұмбақ айтыстары. Айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс – айтыс формаларының түрлері.

Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің көтерілуі, теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу себептері.

Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.


14-тақырып. Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.

Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет, портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог.

Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: синоним, омоним, архаизм, диалектизм, эпитет, теңеу, троп, метафора, метонимия, символ, аллегория, ирония, сарказм, әірелеу, литота, арнау, анафора, шендестіру, дамыту, эллипсис, параллелизм.

Өлең сөз және оның құрылысы: ырғақ, шумақ (екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтар).

Өлеңнің бунағы мен буыны дегеніміз не?

Қазақ халық әдебиетінің өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.

Фольклорлық стиль.

15-тақырып. Қазіргі заман халық поэзиясы.

Ж.Жабаев (1846-1945), И.Байзақов (1900-1946), Н.Байғанин (1860-1945), К.Әзірбаев (1884-1976), О.Шипин (1879-1963), Ү.Кәрібаев (1889-), Н.Бекежанов (1890-1954), Т.Көбдіков (1874-1954), Қ.Айнабеков (1885-1955), І.Манкин (1880-1954), Қ.Жапсарбаев (1886-).



Бүгінгі айтыс және оның өзіне тән ерекшеліктері.
4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Фольклортану ғылымы, оның тарихы мен теориясы.

Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдебиет пен жазба әдебиетінің ара-қатынасы. Фольклорлық жанрлар мен түрлері.

2.

Қазақ фольклорының даму, қалыптасу кезеңдері.

Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.


3.

Үйлену салты және наным-сенімдерге байланысты өлеңдер

«Тойбастар», «Тойтарқар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» өлеңдерінің ерекшеліктері. Наным-сенімге байланысты туған өлеңдер: бәдік, арбау-байлау, бақсы сарыны, жарапазан.

4.

Халық лирикасы. Бата беру салтына байланысты өлеңдер

Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдердің тақырыптары.

5.

Мақал-мәтелдердің танымдық-тәрбиелік сипаты

Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары.

6.

Жұмбақтардың жиналуы мен зерттелуі

Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары Жұмбақтардың шығуына табудың әсері. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері.

7.

Шешендік өнер. Қызметі мен қоғамдық мәні. Көркемдік сипаты.

Шешендік сөздердің зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері. Қоғамдық қызметі. Шешендік сөздердің түрлері. Шешендік өнердің дәстүрлі мектебі.

8.

Қазақ мифтерінің архаикалық сипаты.

Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасатындығы. Аңыздардың көп варианттылығы. Тақырыбы мен баяндау тәсілдері.

9.

Батырлар жыры. Жанрлық белгілері, идеялық нысанасы, тақырыбы.

Батырлық эпостардың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Шығу мезгілдері мен идеялық нысанасы. Жырлану тәсілдері.

10.

Тарихи жырлар.

Тарихи жырлардың өмірде болған оқиға негізінде туатындығы. Тарихи жырлардың тақырыбы елді-жерді қорғау болыпкелетіндігі.

11.

Лиро-эпостық жырлар

Лиро-эпостың жиналуы мен зерттелуі. Жанрлық сипаты. Тақырыбының жастар арасындағы сүйіспеншілікті арқау ететіндігі.

12.

Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос

Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және жиналуы мен зерттелу жайы

13.

Айтыс өнері.

Айтыс атауының мағынасы. Айтыстың түрлері және ерекшеліктері. Айтыс мектептері. Әйгілі айтыс ақындары.

14.

Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.

Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері. Суырып салу өнері. Ж.Жабаев, Н.Байғанин, К:Әзірбаев, О.Шипин, Н.Бекжанов және т.б.

15.

Халық ақындары шығармаларындағы фольклорлық ортақ дәстүр

Халық ақындарының үлкен эпикалық жырлардың туып, қалыптасуына үлес қосқандығы. Өз заманының шындығын жырлап, үнемі халықтық мүдде тұрғысынан сөйлейтіндігі.


4.4 СӨЖ мазмұны

4.4.1 CӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

26

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ1, МБ2

4




Барлығы







60



4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. Батырлар жыры. Жанрлық белгілері, идеялық нысанасы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.

2. Романдық эпостар. («Бозжігіт», «Тахир-Зухра», «Мұңлық-Зарлық»)

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.

3. Хикая жанрының ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.

4. Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-200 бет.

5. Тарихи аңыздар.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 45-75 беттер.

6. Батырлық жырлардағы әйелдер образы.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 85-96 беттер.

7. Тарихи жырлар және өмір шындығы.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 5-36 бет, [4], 50-105 беттер, [6] 36-79 беттер,

8. Айтыс өнері және қазіргі айтыс.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-200 бет, [4], 25-39 беттер, [6] 49-100 беттер.

9. Эпикалық жырларды айтушы жыршы-жыраулар.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 9-17 бет, [4], 1-53 беттер, [6] 15-58 беттер.

10. Фольклор мен әдебиет.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 25-89 бет, [4], 25-69 беттер, [6] 29-78 беттер.

4.4.3 Реферат жұмыстарының тақырыптары


  1. Фольклор жанрларының даму ерекшеліктері.

  2. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері.

  3. Халық прозасының ертегілерден басқа түрлері.

  4. Қиял-ғажайып ертегілердегі халық арманы.

  5. Хайуанаттар туралы ертегілер.

  6. Батырлық ертегі.

  7. Новеллалық ертегі.

  8. Сатиралық ертегілер.

  9. Көне эпостың негізгі белгілері.

  10. Саяхатшылар мен шығыстанушылардың қазақ фольклорын зерттеудегі еңбектері.

  11. В.В.Радлов - қазақ фольклорын зертеуші.

  12. Г.Потанин – қазақ фольклорын зерттеуші.

  13. Ш.Уәлиханов – фольклоршы.

  14. М.Әуезов – фольклортанушы.


5 Әдебиеттер тізімі
Фольклорлық шығармалар:

  1. Айтыс, 1том. Алматы, 1965.

  2. Айтыс, 2 том. Алматы, 1965.

  3. Айтыс, 3 том. Алматы, 1966.

  4. Әдеби мұра. Алматы, 1973.

  5. Батырлар жыры, 1 том. Алматы, 1961.

  6. Батырлар жыры, 2 том. Алматы, 1963.

  7. Батырлар жыры, 3 том. Алматы, 1964.

  8. Ғашық-наме. Алматы, 1976.

  9. Қазақ ертегілері, 1 том. Алматы, 1960.

  10. Қазақ ертегілері, 2 том. Алматы, 1962.

  11. Қазақ ертегілері, 3 том. Алматы, 1964.

  12. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. Алматы, 1959.

  13. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959.

  14. Қазақ әндері. Алматы, 1968.

  15. Шешендік сөздер. Алматы, 1967.


Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А: 1991

  2. Байтұрсынов.А. Ақ жол. –А: 1991

  3. Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М., 1940

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А: 1974.

  5. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –А 1977.

  6. Садырбаев С. Фольклор және эстетика. –А. 1976.

  7. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // Шығармалар. 6-том. А. 1964.

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. –А. 1960, 1964.

  9. Қазақ фольклористикасының тарихы. –А. 1988.

  10. Қазақ фольклорының тарихилығы. –А. 1993.

Қосымша:

11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.

13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. –А., 1987.

14. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979.

15. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. –А., 1983.

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Қазақ халық ауыз әдебиеті пән атауы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізін

де


1
















90

30

60

1-семестр

2- семестр

15

15

30

60












Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Қ.Жүсіпов 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет