Нөсер жаңбырдан кейін жер үйлер мен төрт көшенің жол бөліктерін су басып жатыр. Бл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

“Алматыда ауа-райының күрт нашарлауына және екпінді желдің 18-24 м/с дейінгі жылдамдығына байланысты нөсер жаңбырмен бірге қаланың барлық ТЖ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды”, делінген ТЖМ хабарламасында.

Жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. 

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жойып жатыр.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ.

Кеше Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қаланы шаңды дауыл басқанын жазған едік. 

Салдарынан электр жарығы үзілді. Қаланың Медеу, Жетісу, Алатау және Наурызбай аудандарында жарық апаттық жағдайда сөндірілді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.