Қалада 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы ПД

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жағдайы тұрақталып, бақылауға алынды.

  • Бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті;
  • Ата-аналардың балаларын бір мезгілде үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешіліп жатыр;
  • Алматыдан барлық бағыт бойынша шығатын жол ашық. Көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр;
  • Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.