Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы


Вулкандық атқылаудың пелейлік түрі



жүктеу 2.97 Mb.
бет11/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Вулкандық атқылаудың пелейлік түрі Кариб теңізінің Мартиника аралында (Кіші, Антиль аралдық доғалары) орналасқан Мон-Пеле (Тақыртау) атты вулканның атымен байланысты. Мұндай лавалардың құрамы

андезиттік, темлературалары 700—800°С болып, өте тұтқыр бөлшектерден құралады. Олар жер бетіне атқылау кезінде тез қатайып, вулкан кратері бітеліп қалады.



132

Соған байланысты кратер аузында жиналған вулка”-дык газдар мен булар ірі қопарылыс туғызады.

Бұл процестердің нәтижесінде газды бұлттар түзіліп, вулкандық қатты заттар бомбы болып атқылайды. Ал вулкандық ыстық лавалар өте тез жылдамдықпен тасып төгіліп, мұнаралы күмбез-шыңдар құрайды.

Мон-Пеле атты вулкан атқылауы кезінде апатты оқиға (1902 жылы) болған еді. Бұл апат кезінде 30 мың-ға жуық тұрғындары бар қала (Сен-Пьер қаласы) санаулы минут ішінде ыстық лава астында қалады. Мон-Пеле жанартауының атқылауы баржоғы төрт айдың. ішінде үш рет (1902 ж., 8 май, 20 май, 30 август) қайталанған. Кейінірек 1929—1933 ж. ж. аралығында Мон-Пеле вулканы қайтадан жанданып, кішігірім атқылаулар бірнеше рет байқалды.

Вулкандық атқылаудың бұл түріне Шивелуча (ТМД„ 1944, 1964), Мерани (Ява аралы), Ламингтон (жаңа Гвинея) және т. б. жанартауларды жатқызуға болады.

Вулкандық атқылаудың кракатаулық түрі Зонд бұразында Ява және Суматра аралдарынын, аралығында орналасқан Кракатау жанартауын (Индонезия), Қатмай (Аляска), Бандай-Сан (Жапония) және басқа жанар-тауларын біріктіреді. Құрамы орта және қышқыл магмадан тұратын лавалар өте қою болғандықтан, өз бетінше тасып төгіліп жатпайды. Олар (орасан зор қысым күштерінің әсерінен туатын) газдардың қопарылысы кезінде, қатты күйдегі вулкандық заттар түрінде атқылайды. Соған байланысты вулкандық конустар жарылысқа ұшырап, опырылу нәтижесінде өте ірі қазан-шұң-қырлар (кальдера) пайда болады.

Лаваның құрамындағы газдар жоғары қабаттарға көтерілу барысында лаваны көбіктендіріп, қатая келе кеуек-түтікті жыныстар (пемза) түзіледі.

Кракатау жанартауының атқылауы кезінде, яғни 1883 жылдың август айында үш күн ішінде шамамен 18 км3 тау жыныстары қопарылып, пемза түріндегі вулкандық заттар жоғары (30 км-лік биіктікке дейін) атқылады. Ал вулкандық күл-топырақтар 80 км-ге дейінгі биіктікке көтерілген.

1927—1933 жылдар аралығында қайта байқалған вулкандық атқылаулар кезінде Апак-Кракатау (индоне-зия гілінде “апак” — сәби деген мағынада) атты жаңа конус өсіп жетілді. Жоғарыда аталған вулкандардың барлық түрлері полигендік (грек тілінде “поли” — көп деген мағынада) вулкандар қатарына жатады.

133

Қопарылыс түтіктері моногендік (грек тілінде “моно” — бір деген мағынада) вулкандарға жатады. Олар вулкандық газдардың қопарылысы кезінде (бір-ақ рет байқалып), лавалар атқыламаған жағдайда пайда болады. Мұндай түтіктер (диаметрі 80—100 м-ге дейін) газды қопарылыс кезінде атқыланған қатты күйдегі вул-кандық заттармен толады. Олар көбінесе кимберлитті түтіктер деп аталады. Өйткені мұндай түтіктер алғаш рет Кимберли тауыныд (Оңтүстік Африка) маңайынан табылды. Әдетте, кимберлитті түтіктермен байланысты алмас кен орындары жиі кездеседі. Мұндай түтіктерде құралған брекчия (женттас) түріндегі алмасты жыныс-тар кимберлиттер деп аталады. Олардың негізгі құрамы мантия қабатында кездесетін ультранегізді жыныстарға (гранатты перидотиттерге) жақын. Осындай деректер негізінде алғашқы магма жорарғы мантия қабатында пайда болып, газды қопарылыс кезінде жер бетіне қарай жылдам көтеріледі деген қорытынды жасауға болады. Біздің елімізде кимберлитті түтіктер алғаш рет Якутиядан табылған. Вулкандық түтіктер кейде диатрема (грек тілінде “трема” — тесік, “диа” — арқылы деген мағынада) деп аталады. Мұндай түтіктер ФРГ, Франция, Мексика, Жаңа Зеландия, Шотландия, Оңтүстік Америка жерлерінде де кездеседі.

Мысалы, ФРГ жерінде (Эйфель) шағын ғана ауданда 130-дан астам копарылыс түтіктері табылғандығы белгілі. Бұл түтіктердің өзегі (500 м-ге дейінгі тереңдікте) қопарылысқа ұшыраған жыныстардың сынык, бөлшектерімен толып, ал одан төменгі қабаттарда базальтты жыныстар орналасқан. Мұндай вулкандардың көпшілігі суға толып көлге айналады. Олар жергілікті тілде “маар” (көл деген мағынада) деп аталады (VI. 40-сурет).



Поствулкандык, әрекеттер (латын тілінде “пост” — кейін немесе соң деген мағынада), басқаша айтқанда, вулкандық атқылау процестері тоқталраннан кейін байқалатын жағдайлар (газдардың гейзерлердің, ыстық



VI. 40-сурет. Маардық схемалық құрылысы.

134

VI. 41-сурет. Гейзердіқ схемалық қимасы.



сулардың бөлінуі және т. б.) жердің терең қабаттарында геология-лық әрекеттердін, ешуақытта да тоқталмаи-тындығын көрсетеді.

Мысалы, вулкандық газдар (фумаролдар, сольфатарлар, мофеттер) вулкан атқылау әрекеттері тоқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы сөнген жанартаудын, кратері арқылы және вулкандық конус беткейінде байқалатын жарықшақтарды бойлай галоидтар құрамына кіретін газдар, күкірт, көміртегі, су буы және т. б. газдар түрінде ұшып шығып жатады.

Ыстық су көздері (температурасы 100°С-қа дейін) вулканды аймақтардың бәрінде кездеседі. Біздің елімізде олар Курил аралдарында (Камчатка) кең таралған.

Гейзерлер белгілі бір уақыт аралығында су буы түрінде бөлініп шығатын және дүркін-дүркін ыстық су атқылайтын бұлақтар түрінде кездеседі (VI. 41-сурет). Олар алғаш рет Исландия жерінде Гейзер атты ауданда байқалған. Сондықтан мұндай ыстық су көздері гейзер деп аталады.

VI. 2. 3. Магмалық тау жыныстары

Магмалык, тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабат-тарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады.



135

Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.

Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.

Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.

Эффузивтік тау жыныстары кеуек түтіктер мен қуыстар түріндегі (көбікті, миндалинді-тасты) және флюидалдық текстуралар құрайды.

Кеуекті немесе көбікті текстура вулкандық лаваның суынып-қатаюы кезінде, оның алғашқы құрамындағы ұшпалы жеңіл компоненттердің тез арада ұшып кетуіне байланысты қалыптасады. Осындай жолмен пайда болған кеуек түтіктер мен қуыстар, кейінірек кварц және кальцит сияқты (екінші рет пайда болған) минералдармен толып қалыптасқан жағдайда миндалинді-тасты текстура құралады. Ал, кейде эффузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдық түйіршіктердің белгілі бір бағытта созыла орналасуы алғашқы лаваның қозғалыс бағытын көрсетеді. Мұндай текстура флюидалдық деп аталады.

Кристалдану дәрежесіне қарай магмалық тау жыныстары толық кристалданған және жартылай кристалданған болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай, олар біркелкі түйіршікті (минералдық түйіршіктері бірдей болып келген жағдайда) және әркелкі түйіршікті құрылымдар болып бөлінеді. Сонымен қатар, минерал-дық түйіршіктердің ірілі-ұсақты абсолюттік мөлшері бойынша: ірі (>5 мм), орта (2—5 мм) және ұсақ түйіршікті (2 мм-ге дейін) құрылымдарға ажыратуға болады. Ал минералдық түйіршіктердің кристаллографиялық



136

пішіндерінін, өзара қарым-қатынастарына қарай, олар идиоморфтық (жан-жағы толық шектелген дұрыс пішінді кристалдар) және ксеноморфтық (жан-жағы көрші кристалдармен шектелгең бұрыс пішінді кристалдар) болып ажыратылады. Минералдық түйіршіктердің идиоморфтық дәрежесінің жоғары болуы минералдардьщ кристалдану жағдайы мен кристалдану қабілетіне тікелей бағынышты.

Химиялық құрамына қарай (кремний тотығыньщ мөлшеріне) тау жыныстары: қышқыл (>65% SЮ2), орта (65—52%), негізді (52—45%) және ультранегізді немесе өте негізді (<45%) топтарға ажыратылады.

Қышқыл тобына жататын тау жыныстарының құрамындағы кремнийдің артық мөлшері кварц минералы-түрінде түзіледі. Егер тау жынысының құрамында оливин минералы көп болса, онда ол ульдранегізді жыныс болып саналады.

Орта топтағы жыныстарда ашық түсті дала шпаттары көптеп кездеседі, ал түсті минералдардан слюдалар, алдамшы мүйізше (роговая обманка); негізді жыныстарда лабрадор, авгит секілді минералдар жиі кездеседі.

Магмалық жыныстарды түр-түсіне қарай да ажыратуға болады. Мысалы қышқыл жыныстар — ашық түсті (лейкократты); негізді және ультранегізді жыныстар қою көк немесе қара түсті (меланократты); орта қыш-қылды жыныстар ашық сұр және сұр түсті болып келеді. Тау жыныстары тығыздығына қарай да ажыратылады. Олар қышқыл жыныстарынық ультранегізді жыныс-тарына қарай 2,6—2,7-ден 3,3-ке дейінгі аралықта өзгереді.



Интрузивтік тау жыныстары

Жердің ішкі терең қабаттарында кристалданған магмалық тау жыныстары (интрузивтік) ең алдымен құрылымдық (толық криста-лданған) және орналасымдық ерекшеліктерімен (тығыз орналасқан массивты ерекшеліктерімен) ажыратылада. Одан ары қарай, олар химиялық (кремний тотығының мөлшеріне қарай) және минералдық құрамы бойынша жеке топтарға жіктеледі (VI. 3-кесте).



Желілік жыныстар (мысалы, аплит, пегматит) тамыр-секілді тарамдальш, интрузивтік массивтердін, маңайында (көпшілік жағдайда) жер қыртысынын, жарықтарм мен жарықшақтарын бойлай түзіледі.

137


Ү1.3-кесте

Интрузивтік тау жыныстарының жіктелуі.



Аплит өте ұсақ түшрішктерден тұратын, тақталанып жұқа плиталар түрінде құралған, құрамы граниттік (кварц, дала шпаттары және слюдалар) ашық түсті жыныстар. Ал пегматит дала шпаттары, кварц және слюдалардың (мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылы-мымен сипатталатын тау жынысы.



Эффузивтік тау жыныстары

Жер бетіне шығып ақтарыла төгілген вулкандық лаваның суынып-қатаюынан пайда болған эффузивтік тау жыныстары жартылай кристалданған құрылымымен және кеуек-қуысты (көбікті, миндалинді-тасты) флюидальдық орналасымымен ажыратылады.

Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік жыныстар

(интрузивтік жыныстар секілді) химиялық және минералдық құрамына қарай жеке топтарға жіктеледі. Олардың ішінде кайнотектік (құрамы мен құрылысы өзгеріске ұшырай қоймаған, жас) және палеотектік (өзгеріс-

138

терге ұшыраған, ескі) түрлері ажыратылады (6. 4-кесте).



VI. 4 - кесте

Тау жыныстарының түрлері

 

 



 

 

 



 

 


Интузивтік тау

жыныстары



Эффузивтік тау жыныстары

кайнотенктік

палеотетік

Гранат

Стенит


Диорит

Габбро


липарит

( риолит)

трахит

андезит


базальт

липаритті порфир

трахиттті порфир

андезитті порфирит

базальтты порфирит



 

Палеотектік жыныстар порфир немесе порфирит деп аталады. Оған қосымша кайнотектік жыныстардық атауы қосыла айтылады. Порфирлі құрылым құрайтын эффузивтік тау жынысының құрамында калийлі дала шпаттары (ортоклаз) болған жағдайда порфир деп, ал болмаған жағдайда порфирит деп аталады.

Жасырың кристалды (немесе микрокристалды) минералдық түйіршіктер фельзиттік құрылым құрайды. Мысалы, фельзит және базальт. Олар түсіне қарай оңай ажыратылады: фельзит құрамы қышқыл, ашық түсті жыныс; базальттың құрамы негіздік, қою қара-көк түсті болып келеді.

Құрылымы шынылық болып келетін жыныстарға мысал ретінде обсидианды және пемзаны айтуға болады.

Обсидиан (вулкандық шыны) — қүрамы көбінесе қышқыл түсі әр түрлі (сұр, сұрғылт, қара-қоңыр және қара түсті) болып келетін, сынығы ұлу қабыршағы секілді жыныстар.

Пемза — ашық түсті, құрамы қышқыл, кеуекті түтіктер түрінде кездесетін өте жеңіл жыныстар.



Пирокластикалық тау жыныстары

Вулкан атқылауы кезінде атмосфера қабатына ыстық лаваның ірілі-ұсақты кесек бөлшектері (вулкандық шыны, әр түрлі минерал-дардың кристалдары) және кездейсоқ кездескен жыныстардың кесек сынықтары (орасан-зор мөлшерде) лақтырылып тасталады. Осындай жолмен пайда болған материалдар қабатталып жинала келе пирокластикалық (отты-кесек бөлшектерден құ-



139

ралған) жыныстар түзіледі. Кесек бөлшектердін, ірілг-ұсақты мөлшеріне қарай олар бес топқа бөлінеді: 1) вулкандық күл (1 мм-ге дейін); 2) вулкандық құм (1— 2 мм); 3) вулкандық қиыршықтар (2—10 мм); 4) лапиллилер (вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаванын, 10—30 мм-лік бөлшектері); 5) вулкандық бомбалар (көлденең қимасы 5—10 см-ден бірнеше м-ге дейін жететін ірі кесектер).

Вулкандық күл-топырақтар тығыздала келе вулкандық туфтарра айналады, ал әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық материалдардың бірігіп цементтелуінен вулкандық брекчия (женттас) құрылады.

VII. ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының ең алгашқы орналасу жағдайының кейінірек өзгеріп басқаша жардайда болуы, жер қыртысының (алғашқы қалыптасуынан бастап осы күнге дейінгі уақыт аралығында) ылғи өзгеріс үстінде болатындырын көрсетеді.

Табиғи жардайда жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан (әр түрлі бағыттағы) қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жер бетінің қазіргі кездегі көрінісі оның әр түрлі тереңдігінде жүріп жатқан физикалық-химиялық әрекеттерге және жердің өз осінен айналу жылдамдығының өзгерістеріне де байланысты деп саналады.

Тектоникалық қозғалыстарды және басқа да эндогендік процестерді (жер сілкінуден басқасын) табиғи жардайда тікелей зерттеп білу немесе бақылау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі өте аз. Оларды жер қыртысының құрылысында немесё"жер бетінде байқалатын бедер өзгерістерін зерттеу арқылы рана анықтаура бола-

ды. Жер қыртысының ұзақ уақыт бойы майысып, иілуге ұшыраған аудандарында шөгінді жыныстардың қалың қабаттары жиналады, ал жорары көтерілу немесе төмен түсу әрекеттері кезек алмасатын жардайда тау жыныстарының қалың қабаттары иіліп кейде жарылып, алрашқы орындарынан ауыса орналасады. Сонымен, жер

қыртысының козралыс механичмі, басқаша айтқанда жер қойнауынын, архитектурасын жан-жақты зерттейтік

геологияның бір саласы геотектоника деп аталады.

Тектоникалық қозралыстар (уақыт өлшемімен) шарт-ты түрде қазіргі кездегі, жаңа және көне замандарда

140

немесе ерте уақыттарда орын алган қозғалыстарға ажыратылады.

Қазіргі кездегі қозғалыстар қатарына тарихи кезеңді камтитын, басқаша айтқанда адамзат тарихында ұмытылмай есте сақталған және осы уақытқа дейін созылып, қазіргі кезде біздің көз алдымызда байқалатын қозғалыстар жатады.

Жаңа замандағы (неотектоникалық) қозғалыстар қатарына соңғы 30—40 млн жылдар ішінде, атап айтқанда неоген және төрттік (антропоген) кезевдерді қамтитын мезгіл аралығында орын алған қозғалыстар жатады. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасып, экзогендік әрекеттердің негізгі бағыты анықталады. Ал бұдан бұрынырақ уақыттарда болған қозғалыстар көне замандарды түгел қамтиды.

Тектоникалық қозғалыстар геологиялық басқа оқиғалардың қатарында ерекше орын алады. Өйткені олар геологиялық басқа процестердің дамуына бірінші болып әсерін тигізеді. Мұндай әрекеттердін, болған уақыты мен орнын, бағыты мен қарқындылығын анықтап түр-сипатын айқындау өте күрделі. Сондықтан да тектоникалық қозғалыстардың классификациясын жасап, жеке топтарға жіктеу жұмыстары қиынға түседі.

Соңғы жылдары біздің ел ғалымдарының жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тектоникалық қозғалыстардың классификациясы жасалынып, оның әр түрлі варианттары қарастырылады. Мысалы, қозғалу бағытына қарай: тік бағытталған (радиалдық) және көлденең бағытталған (тангенциалдық) қозғалыстарға ажыратылады (Хаин, 1973). Олар бір қалыпты ырғақ-пен (толқынды және қатпар түзуші қозғалыстар) байқалатын және жарылмалы-үзілмелі (дөңбек тастар және блоктар түрінде) құрылымдар түзетін қозғалыстар, тербелмелі және бағытталған; баяу және жылдам; әлсіз және қарқынды түрде дамитын қозғалыстарға бөлінеді.

Алып жатқан аумағына қарай: жер қыртысының (шөгінді жыныстардан тұратын) жоғарғы жамылғы қабатында жүріп жатқан процестермен байланысты байқалатын үстіңгі (беткі), литосфераны түгел қамтитын (литосфералық) және жоғарғы мантия деңгейінде байқалатын (терең қабаттық) қозғалыстар болып ажыратылады.

Тектоникалық қозғалыстардың жоғарыда аталған



141

негізгі түрлері одан ары қарай жекеленген ұсақ топтарға бөлінеді.

В. В. Белоусов тектоникалық козғалыстарды жер қыртысының жеке блоктарын қамтитын (қатпарлы жә-не үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзуші) және жер қыртысын түгел қамтитын (тербелмелі және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзуші) терең қабаттық қозғалыстарға ажыратады.

Бұл жерде тектоникалық қозғалыстарды тік жоғары немесе көлденен, бағытталған деп ажырату тек шартты түрде рана қабылданғандығын ескеру қажет. Өйткені табиғи жағдайда тік жоғары және көлденең бағыттағы қозғалыстар бір-бірімен алмасып немесе жалғасып жатады. Әдетте, тік жоғары-төмен бағытталған қозғалыстар магмалық және гравитациялық процестермен_ қатар байқалады. Ал көлденең барыттағы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзіледі.

Тектоникалық қозғалыстардың барлық түрлері өзара өте күрделі байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әсіресе олар қозғалмалы аймақтарда қарқынды түрде дамиды.

Сонымен, тектоникалық қозғалыстардың барлық түрлерін шартты түрде екі топқа (тербелмелі және дислокациялық) біріктіруге болады.

ҮІІ.1. ТЕРБЕЛМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Тербелмелі қозғалыстар деп, жер қыртысының ғасырлар бойы (жоғары-төмен) тік бағыттағы баяу қозғалысын айтады. Кейде олар эпейрогендік (грек тілінде “эпейрогенез” — материктің жаратылуы деген мағынада) деп те аталады.

Мұндай қозғалыстар жер қыртысын түгел камтитын тереңдік қозғалыстар қатарына жатады. Олар тау жыныстарының алғашқы жатыс жағдайын бұзбайды. Сондықтан да инженерлік құрылыстар-дың беріктігіне көп әсерін тигізбейді.

Тік жоғары-төмен бағытталған тербелмелі козғалыстар континенттер мен мұхиттардың барлығында байқалады. Олар жер бетінің қазіргі бедерінен, жас щөгінді тұнбалардан, археологиялық деректер мен тарихи құжаттардан көрініс табады.

Жер қыртысының қазіргі кездегі төмен шөгу жағдайын Голландия территориясынан жиі байқауға бола-

142

ды. Бұл елдің көп аудандары қазіргі кезде Солтүстік теңіз деңгейі-нен әлдеқайда төмен жатыр, ал бұрынғы ерте (көне) замандарда олар теңіз деңгейінен жоғары орналасқан болатын. Су астында қалмас үшін мұндай аймақтарда биік бөгеттер мен дамбалар (15 м-ге дейін) салу әрекеттері X—XI ғасырлардан басталғандығы тарих-тан белгілі. Жер қыртысының төмен шөгу жылдамдығы бұл аймақтарда жылына 0,5—0,7 см шамасында екендігі анықталды. Жер қыртысының жоғары қарай көтерілуі қазіргі кезде Финляндия мен Солтүстік Швеция жерлерінде жақсы байқалады (жылына 1 см-ге дейін). Мынадай жағдайларды бір кездегі портты қалалардың қазіргі уақытта теңіз жағасынан өте алыста қалғандығынан-ақ (25—65 км) көруге болады.

Теңіз деңгейінің көтерілуі немесе төмен түсуі дүние-жүзілік мұхит суының жалпы көлемінің (эвстатикалық) өзгерістерімен де байланысты. Әсіресе, материктік мұздықтардың пайда болуы немесе жойылып кетуі (гляциоэвстатикалық) мұхит суының жалпы көлемінің ұлғаюына немесе азаюына көп әсерін тигізеді. Ең соңғы төрттік дәуір кезіндегі мұзданумен байланысты мұхит деңгейі 100 м-ге дейін төмендеген. Соңғы он жылдың ішінде Қаспий теңізінің деңгейі 2 м-ге дейін төмендесе, ал кейінгі жылдары біртіндеп қайтадан көтеріле бастады.

Мұхит және мұхитпен байланысты теңіз деқгейінің өзгеру жағдайын тұрақты түрде бақылау жұмыстары Финляндия жағалауында 1731 жылдан бастап жүргізіледі. Өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап көптеген портты қалаларда осы мақсатта алғашқы кезде гранитті жартастарға белгі салу, ал кейінірек металл рейкалар, ең соңында өздігінен жазатын құралдар (мареографтар) қолданыла бастады.

Осындай зерттеу жұмыстарының нәтижесі соңғы жүз жылдың ішінде дүниежүзілік мұхит деңгейінің жылына орта есеппен алғанда 1,3 мм көтеріліп отырғандығын көрсетеді.

Сонымен, тербелісті қозғалыстарды зерттейтін негізгі әдістер тарихи және геодезиялык, әдістер болып саналады.



Тарихи әдіс археологиялық ескі деректер мен жазбаларды, карто-графиялық құжаттарды пайдаланады, сонымен бірге ескіден сақталған инженерлік құрылыс орындарын зерттеу негізінде көлдер мен теңіздердің

143

жағалау сызықтарынын, әр түрлі жағдайда болған өзгерістерін анықтайды.

Геодезиялық әдіс арқылы су децгейін бақылап өлшеу және қайталама нивелировка жасау жұмыстары жүргізіледі. Су деңгейін бақылап өлшеу жұмыстары теңіз деңгейінің өзгерістерін тұрақты реперлер (футштоктар) арқылы бақылауға негізделген, Жоғарыда айтылғандай қазіргі кезде, су деңгейінің (көлдер мен теңіздердің) өзгеруін өздігінен жазып отыратын мареографтар арқылы бақылайды.

Нивелир арқылы қайталап өлшеу жұмыстарын жүргізу әдісі жер қыртысының қазіргі кездегі көтерілу немесе төмен түсу жағдайын анықтауда ең дәл әдістердің бірі болып саналады. Ол үшін жеке-ленген нүктелерде белгілі бір барытта тұрақты реперлер орнатылып, оньщ (алғашқы мәнімен салыстырғанда) абсолюттік биіктіктерінін, өзгерістері жыл сайын анықталып отырады. Осындай зерттеу жұмыстарының негізінде, ең алдымен ТМД-нық европалық бөлігінің, ал кейінірек Шығыс Европаны түгел қамтитын қазіргі кездегі тербелмелі қозғалыстар картасы Ю. А. Мещеряковтың басшылығымен жасалынды.

Мұндай карталардан қазіргі кездегі тік жоғары-төмен бағытталған тектоникалық қозғалыстардын, жылдамдығы ондаған мм-ге дейін жететіндігін көруге болады. Мысалы, 1920—1948 жылдар аралығында Донбасс территориясы мен Украина кристалдық массиві (Дондағы Ростовпен салыстырғанда) жылына 10 мм, Азов — Кубань ойпаты 3—5 мм жылдамдықпен көтерілгендігі, ал Терск ойпаты 6—7 мм жылдамдықпен төмен шөккендігі анықталды.

Қазіргі кездегі көлденен, бағытталған қозғалыстар жер қыртысы-ның, қозғалмалы аймақтарында тік бағыттағы қозғалыстармен қатар байқалады. Мұндай қозғалыстар Калифорнияда (Сан-Андреас атты жарық бойымен), Жапония аралдарында, Памир және Тянь-Шань тауларында анық байқалады. Мысалы, Памир мен Тянь-Шаньньщ түйіскен жерінде орналасқан Гарм полигонында (Тәжікстан) жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, соңғы 40 жыл ішінде Памирдің Тянь-Шаньға қарай ығысуы жылына шамамен 2 см жылдамдықпен жүріп жататындығы анықталды. Бұл секілді арнаулы геодинамикалық полигондарда (біздің елімізде Ашгабад, Ташкент, Алматы маңайында, Кола түбегінде



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет