Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 2.97 Mb.
бет15/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

183

ған. Мұндай жағдайлар Чилиде (1960) және Ташкентте (1966) болған жер сілкінуі алдында да байқалған. Ғалымдар бұл құбылысты жер қойнауында жиналған сейсмикалық энергияның жер бетіне тигізетін әсері', (пьезоэлектрлік эффект күші) деп санайды.

Жер сілкінудің төртінші реттегі хабаршылары қатарына гидрогеологиялық-гидрохимиялық белгілерді жатқызуға болады. Атап айтқанда, құдықтар мен скважиналарда су деңгейінің өзгерістері (алдымен төмендеп, кейін тез көтерілуі); су температурасының өзгерісі; су құрамындары радон, аргон, гелий тәрізді инертті газдардың (Г. А. Мавлянов); көмірқышқыл газы мен сынап буларының көбеюі (В. Л. Барсуков және т. б.).

Бұл заңдылық бірінші рет Ташкент (1966) жер сілкінісінен кейін белгілі болды. Ташкент маңындағы бұлақтарды бақылау жұмыстарының нәтижесі, оның құрамындағы радон газының мөлшері 1961 жылдан бастап көбейе бастағанын көрсетеді. Мысалы, 1965 жылдың ортасына қарай радон мөлшері өзінің қалыпты шамасынан 2 еседей көбейіп, содан жер сілкінгенге дейін (196б тұрақты шамада сақталады. Ал жер сілкінуден кейіі өзінің бұрынғы көп жылдық қалпына қайта келеді. Дәл осындай заңдылық Дағыстан (1968), Қырғызстандағы Сарықамыш (1970) жер сілкіну-лері алдында да қайталанады. Ғалымдар, бұл заңдылықты (жер сілкіну қар| саңында) жер астында пайда болатын тектоникалық жарықтар мен жарықшақтардың көбеюімен байланысты деп санайды. Жер асты сулары осындай жарықтар мен жарықшақтарды бойлап, жан-жаққа таралуға мүмкіндік алады. Сонын, нәтижесінде, жол-жөнекей тау жыныстарының қуыстарында жиналған әр түрлі газдарды ерітеді. Осындай әрекеттерге байланысты жер асты ларының алғашқы химиялық құрамы өзгерістерге ұшрайды. Әрине, мұндай өзгерістер жер асты сулары орналасқан қабаттардың геологиялық және тектоникалық құрылыс ерекшеліктерімен тікелей байланысты.

Соңғы жылдары су құрамындағы хлордың да жер сілкінер алдында (3—5 күн бұрын) қалыпты шамадан 6 есе көбейетіндігі анықталып отыр. Сондықтан да жер асты суларының құрамын анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстары еліміздің сейсмоактивті аудандарының бәрін түгел қамтиды. Қазіргі кезде тек Алматы облы- сының өзінде ғана оннан астам терең скважиналардаі жер асты суларының құрамын зерттеп бақылайтын тұрақты станциялар жұмыс істейді.

184

Соңғы кездері ғалымдар жер сілкінуді алдьш ала болжаудың бионикалық әдісіне көп көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарына сейсмологтардан басқа биология, биофизика, этология, ихтиология және т. б. мамандықтың өкілдері де атсалысуда.

Жер сілкінер алдында жануарлар мен жәндіктердін, мазасыз-данып, ерекше күйде болатындығы көптен бері белгілі. Адамдар талай рет жер сілкіну алдында үй жануарларының тұрған жерін тастай қашып, далаға қарай ұмтылатынын және т. б. ерекше жағдайлардың куәсі болған. Көптеген адамдар өздерінің иттерінің арқасында жер сілкіну апатынан аман қалғандарын жазып қал-дырған. Мұндай деректер айта берсек, өте көп. Бірақ бұл секілді мәліметтер ұзақ уақыт бойы сейсмолог мамандардың назарынан тыс қалып келді. Дегенмен, бұл мәселеге Қытайдың Хайченг провинциясында болған ^І975) ерекше оқиғадан соң, көп көңіл бөліне бастады. Жер сілкінуге дейін (6 сағ. бұрын) провинция халқы үй жануарларының ерекше мазасыздануының, ал жыландар мен кесірткелердің індерінен безіп, жер бетін каптап кетуінің куәсі болады. Бұл жағдай халықты дер кезінде сақтандырып, апаттан аман сақтап қалады. Осы оқиғадан кейін, бионикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар саны көбейе бастады. Мысалы, Жапония ғалымы Я. Суэхиро өзінің “Балықтар және жер сілкіну құбылысы” атты кітабында, балықтар мен суда өмір сүретін бақа-шаяндардың мінез-құлықтарының жер сілкіну алдында өзгеру заңдылықтарын баяндайды. Олардың ішінде, судың ен, төменгі қаб-атын мекендейтін балықтар жердің дүмпу күшін алдын ала сезеді деп санайды. Сол сияқты жапониялық сейсмолог-ғалым

Ц. Рикитаке “Жер сілкінуді алдын ала болжау” атты кітабында (1978) әр түрлі жануарлар мен жәндіктердің және балықтар мен кұстардың жер сілкіну алдындағы ерекше мінез-құлықтары туралы 157-ге жуық деректер жазып қалдырды.

АҚШ-та бірінен соң бірі (1976 және 1979 жылдары) екі рет жер сілкіну алдындағы жан-жануарлардың ерекше мінез-кұлықтарын зерттеу мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдас-тырыльш, оның материалдары екі томдық еңбек болып басылып шықты. Барлық елдерде осы бағытта жүргізілген бақылау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған дәлелді деректердің жалпы саны 282-ге жетеді.

185

Қытай мен Жапонияда соңғы 100 жыл ішінде, жануарлар мен жәндіктердің жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретіндегі ролі тек 20 рет қана байқалып, толық сипатталады.

Біздің елімізде де мұндай жағдай (геофизик А. А. Никоновтың жинаран деректері бойынша) соңғы 200 жыл ішінде 20 рет бай-қалады (Орта Азияда). Бұл мәліметтер бойынша, жер асты дүмпуі-нің алғашқы хабаршылары қатарында, ең алдымен иттердің, сонан кейін барып жылқылар мен сиырлардың сезімталдырың атауға болады.

Жер сілкіну алдында жан-жануарлардың ерекше мінез көрсететін-дігі туралы ең алғашқы деректерді 1887 ж, Верный (қазіргі Алматы) қаласында болған жер сілкінісінің куәсі, белгілі ғалым-геолог И. В. Мушкетовтың жазып қалдырған еңбектерінен және сол кездегі жер- гілікті газет беттерінен де табуға болады. Бұл мәліметтерге қараған-да, жер сілкіну алдында құстардың (торғай, қарлығаш, кептерлер-дің) ашық тұрған терезе арқылы үй ішіне ұшып кіруі жиі кездеседі. Осыған ұқсас жағдайлар Верныйда (1911), Қырымда (1927), Ашга-бадта (1948) Югославияның Скопле қаласында (1963), Ташкентте (1966) және Тәжікстанның Алай (1978) жері сілкінісі кезінде де байқалады. Міне, осындай нақты деректердің арқасында көптеген ғалымдар жер сілкінуді алдын ала болжаудың бионикалық әдісін жолға қоюды жөн көреді. Мысалы, американдық ғалымдар Палль- дейл елді мекенінің (Қалифорния штаты) маңайында жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатымен, әр түрлі тышқандарға бақылау жасап, табиғи тәжірибелер жүргізуде. Осындай мақсатпен Жапонияның Шиба қаласында зоологиялық ерекше бақ құрылған. Ондағы жан-жануарларды ғалымдар бақылауға алып, зерттеу жұмыстарымен айналысады.

ТМД-да мұндай жұмыстар Қазақстанда Алматы маңында құрылған арнаулы полигонда жүргізіле бастады I (П. И. Мариковский, 1985). Зоолого-сейсмологиялық стационарларды сейсмологиялық қауіпті аудандардың бәрінде де ұйымдастыратын уақыт жеткен сияқты. Мұндай жағдайда зоологтар мен биофизиктерге және геофизиктерге (барлық мамандарға) бірлесе отырып, қысқа мерзімді болжам жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туар еді. Жер сілкіну әрекеттерін алдын ала болжау үшін, оның хабаршысы ретіндегі әр түрлі белгілерді жүйелі түрде бірге қарастырып, дұрыс пайдалана білу

186

керек. Мысалы, Ашгабад полигонында жер сілкіну алдында ескерілетін әр түрлі белгілердің жалпы саны 19-ға жетеді. _

Қазіргі кезде жан-жануарлардың сезімталдық қабілетін немесе мінез-құлық ерекшеліктерін (инфра-немесе ультрадыбыстарды, злектромагниттік толқындарды электр өрісін, жер қыртысының жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне шығып жатқан әр түрлі газдардың иісін сезіну қабілеті секілді және т. б. қа-сиеттерін) жан-жақты зерттеуге арналған әр түрлі эксперименттер жүргізілуде. Мұндай байқаулар мен эксперименттердің нәтижелері қысқа мерзімді, сенімді болжам жасаудың бастамасына айналуы мүмкін.

Көп жылдар бойы жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатында, жер беті деңгейінің өзгерістерін (жоғары көтерілу, төмен шөгу және еңістік бұрышының өзгерістері) арнаулы құралдар (наклономер — жер бетінің еңістігін өлшейтін құрал; нивелир — жер бетінің тік бағыттағы қозғалыс шамасын өлшейтін құрал; триангуляциялар торабы, деформограф — екі нүктенің ара қашықтығын өлшейтін және т. б. құралдар) арқылы зерттеуге көп көңіл бөлініп келді. Мысалы, Жапониянын, Нииагата ауданы ұзақ уақыт бойы төмен шөгу жағдайында болып, ал 1940—1960 жылдар аралығында жер беті деңгейінің жоғары қарай көтерілуі 12 см-ге дейін жетті. Содан, 1964 ж. (Ібиюнь) болған жер сілкінуге (магнитудасы — 7,5) дейін бір қальшты жағдайда болып, жер сілкінуден кейін 12—20 см-ге төмен түсті. Сол сияқты Қырғызстан-да болған (1970) Сарықамыш жер сілкінуіне (магнитудасы — 6,6) дейін (Алматы геодезия торабынан алынған мәліметтер бойынша) 1964—1970 жылдар аралығында жер беті жоғары көтеріліп (6 см-ге дейін), жер сілкінуден соң өзінін, бастапқы қалпына келеді.

Соңғы жылдары (американ баспасөзінің хабарлары бойынша) Палмдейл қаласынын, (Оңтүстік Калифорния) маңайында жер беті деңгейінің тез көтеріле (жылына -2 см) бастағаны (1960 жылдан бастап) белгілі болып отыр. Бұл жағдай әрине халықты қобалжытып, үрей туғызады. Өйткені, кейбір американдық сейсмологтардың пікірлері бойынша, бұл аудан ерте кезде күшті жер сілкіністер орны болған Сан-Андреасқа (тектоникалық терең жарықтар жүйесі) дәл келеді. Әрине, жер беті Деңгейінің ұзақ уақыт бойы сондай көп мөлшерде өзгеруі, өлшеу жұмыстарының дәлдігіне күмән туғызады. Жер беті деңгейінің өзгерістерін жер сілкінудің болу

187

мүмкіндігімен толық байланыстыру үшін қазіргі кезде қолда бар мәліметтердің әлі де аз екенін ескерген жөн. Бүгінгі күнде, біздің елде болсын немесе шет елдерде болсын жер сілкіну әрекеттерін алдын ала дәл болжап айтудың сенімді әдістері әзірше жоқ.

ҮІІІ.7. ЖЕР СІЛКІНУДЕН САҚТАНУ

Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады. Жер сілкіну апатына қарсы тұруда қолдан келетін шаралардың бірі, жоғарыда айтылғандай, сейсмикалық аудан-дастыру карталарын жасау. Мұндай карталарды жасау — жер сілкінну әрекеттерін алдын ала болжау мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі деуге болады Аудандастыру карталарын жасау жұмыстары біздің елімізде 1968—1978 ж. ж. жүргізіліп, соның нәтижесінде дүмпу күші VII балдан жоғары (М5К-62 жүйесі бойынша) қауіпті аймақтар айқын-далды. “Жер сілкінулер атласы” басылып шықты (1961).

Сейсмикалық болжам жасау — ерекше маңызды іс. Әсіресе, қысқа мерзімді болжаулар апат мөлшерін азайтуға,' адамдарды күні бұрын ескі үйлерден көшіруге, құрылыс конструкциясын жетілдіруге, құрылыс материалдарын, техника, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын әзірлеуге мүмкіндік берген болар еді. Әрине қысқа мерзімді шұғыл болжамдар жасау — өте жауапты іс, өйткені, өн- діріс орындарының жұмыстарын тоқтату, адамдарға тұрған ү-лерін тастап кету және т. б. толып жатқан талаптар қойылады. Сондықтан, қысқа мерзімді болжам жасаушы мамандардың жауап-кершілігін арттыру қажет. Ал жергілікті үкімет орындары сенімді информация негізінде жақындап келе жатқан апаттан адамдарды қорғап қалу мақсатында шұғыл шешім қабылдап, ұй ымдастыру шараларын жүзеге асыруға тиіс. Бізде қысқа мерзімді болжамдар жасау ісінде азды-көпті жиналған тәжірибе бар. Мысалы, Тәжікстанда болған (1989)1 жер сілкінісі алдында, жақындап келе жатқан апат жайында дер кезінде алдын ала ескертілді. Бірақ, өкі- нішке орай, жергілікті үкімет орындары сақтану шараларын дер кезінде ұйымдастыра алмағандықтан, ғалымдардың бұл болжамы аяқсыз қалды деуге болады. Соның салдарынан көптеген адам зардап шегіп, құрылыс орындары қирады. Бұл секілді өкінішті жағдайларды

188


болдырмас үшін, жалпы жер сілкінуден сақтану шараларын дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған арнаулы зан қабылданып, осы мақсатта жұмсалатын қаржы жөніндегі және т. б. толып жатқан (финанстық және экономикалық) мәселелерді шешу қажет. Алайда бұл мәселелер әзірше шешілмей отыр. Өйткені, қысқа мерзімді болжам жасау проблемасы әлі де болса сейсмикалық зерттеу әдістерін жетілдіруді қажет етеді.

Ал енді жер сілкінуге дейінгі сақтану шаралары,жер сілкіну кезіндегі тәртіп және жер сілкінуден кейін не істеу керек екендігі туралы қысқаша нұсқаулар беруді жөн көрдік. Өйткені көп адамдар жер сілкіну кезінде орынсыз әбіржіп-сасу немесе үрейлену салдарынан көп зардап шегеді.

VIII. 7. 1. Жер сілкінуге дейін не істеу керек

Үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты (аптечка) болуға тиісті. Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек (дәрігерлік жедел көмек келгенше); электр энергиясынын, көзін және су мен газ крандарын қауіпті жағдайда жауып тастау үшін, олардың орналасқан нүктелерін алдын ала білу қажет; шкафтар мен этажеркаларды және стеллаждарды үй қабырғасына жақсылап бекітіп, жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек. Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асыру қажет.



VIII. 7. 2. Жер сілкіну кезінде не істеу керек

Ең жақсысы орынсыз әбіржіп-саспау керек; өзіңнен басқа адамдарға үрей туғызбай, оларды тыныштандыруға тырысу керек. Егер үйде болсаңыз үй ішінде, көшеде болсаңыз көшеде қала беру керек. Өйткені, көп кісілер жер сілкіну кезінде үрейленіп, сасқанынан не істеп, не қойғанын білмейді; паникаға беріліп, үйден Қашып шығу кезінде зардап шегеді. Үй ішінде болғанда есіктің қуысында немесе екі тіреу аралығында тұру керек, егер үлгерсеңіз стол астына тығылыңыз. Ал егер көщеде болсаңыз электр жүйесінен аулақ болып, мүмкіндігінше тар көшеде қалып қоймаңыз. Егер автомобиль рулінде болсаңыз ашық алаңда тоқтатып, автомобиль-

шықпаңыз.

189

Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.

VIII. 7. 3. Жер сілкінуден кейін не істеу керек

Ең алдымен электр жүйесін, су мен газ крандарын қайта тексеріп, жауып тастау керек. Үй ішінде газдың исі болса есік пен терезелерді ашып желдету керек. Мүмкіндік болса, авариялық қызмет орындарына хабар беріп, үйден тез кету керек. Құлап жатқан үйге қайта кіруге болмайды. Өйткені, жер сілкінуден кейінгі алғашқы сағаттар өте қауіпті, себебі қайталай сілкінуі әрекеттері (афтершоктар) көпке дейін (2—3 тәулік) сақталады. Барлық жағдайда аспай-саспай, басқаларға үлгі бола білу керек. Көбінесе паникаға бой берген адамдар көп зардап шегеді немесе апатқа ұшырайды

IX. МЕТАМОРФИЗМ

Алғаш рет “метаморфизм” (грекше “метаморфоз"- өзгеріске ұшырау) геологиялық термин ретінде ағылшын ғалымы Ч. Лайелдің (1825 ж.) ұсынысы бойынша ғылыми әдебиеттерге еніп, сонан бері осы уақытқа дейін қолданылып келеді.

Тау жыныстары жер қойнауында эндогендік әрекеттерге байланысты әр түрлі термодинамикалық жағдайда (р, Т) азды-көпті өзгерістерге (минералдық құрамы, құрылымдық және текстуралық құрылысы жағынан алғанда) ұшырап, қайта кристалданады, басқаша айтқанда алғашқы түр-сипатын жоғалтады.

Кейде тау жынысының минералдық құрамы аздап өзгергенімен, оның жалпы химиялық құрамы бұрынғыша сақталуы мүмкін. Ал басқа бір жағдайда кейбір элементтер (оның алғашқы құрамын құрайтын) сыртқы ортадан ауысқан басқа бір элементтермен орын алмастырып, тау жынысының құрамы едәуір өзгереді. Олардың текстуралық және құрылымдық өзгерістері қайта кристалдану әрекеттеріне байланысты байқалады. Бұл әрекеттердің барысында тау жыныстары әдетте қатты



190

күйінде сақталады. Өте сирек жағдайда (тек терең қабаттарда ғана) метаморфизм әрекеттері олардың жартылай немесе толық балқуымен сипатталады.

Метаморфизм әрекеттерінің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар — жоғары температура (Т), жоғары қысым (р) және химиялық активті заттар (флюидтер) болып саналады. Флюидтер деп, құрамы натрий, калий, кальций, фтор, бор, күкірт иондарынан және көмір қыш-қылынан тұратын ыстық сулы ерітінділерді айтады. Метаморфизм әрекеттеріне тау жыныстарының барлық турлері де ұшырауы мүмкін.

Температураныц жоғарылауына байланысты химиялық реакция жылдамдығының тез артуы байқалады. Мысалы, температура 10°С-қа көтерілсе, химиялық реакция жылдамдығы екі есе артады; ал 100°С-қа көтерілген жағдайда мың есе артады.

Температураның жоғарылауы екі жағдайға байланысты: 1) тау жыныстарының терең қабаттарға қарай шөгіп, алғашқы орындарынан ауысып орналасу жағдайында, геотермиялық градиент (33 м сайын 1°С-қа) бойынша жоғарылайды; 2) жоғары қабаттарға қарай көтерілген ыстык. магманың қызу әсеріне байланысты. Сонымен қатар терең қабаттық ыстық ерітінділер (флюидтердің) де әсерін тигізеді.

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, метаморфизм әрекеттері 250—800°С аралығында жүріп жатады.

Қысым күштері — петростатикалық (жан-жақты), бүйірлік (белгілі бір бағытта) немесе стрестік қысым болып ажыратылады.

Петростатикалық қысым күштерінің ұлғаюы тау жыныстарының жалпы массасына және олардың терең қабаттарға қарай шөгуімен тікелей байланысты. Тереңдік пен қысымның арасындағы қарым-қатынас төмендегі цифрлар арқылы анықталады: әрбір 3 км-ге тереңдеген сайын қысым 100 МПа-ға артып отырады. Егер мета-морфизм әрекеттері 10 км-ден 500 км-ге дейінгі аралықта күшті дамиды деп санасақ, бүл жағдайда петростатикалық қысым 400—1500 МПа шамасында болуға тиісті. Петростатикалық қысымның артуы тау жыныстарының жалпы көлемінің өзгеруіне және тығыздығы өте жоғары (меншікті көлемі аз) минералдардың құралуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, петростатикалық қысым минералдардың балқу температурасын да жоғарылатады. Соның нәтижесінде, минералдардың қатты күйде қайта түзілу мүмкіндігінің температуралық шека-

191

расы кеңейеді. Мұндай жағдай текстурасы біркелкі болып келетін тау жыныстарының түзілуіне мүмкіндік туғызады.

Бүйірлік қысым (стресс) белгілі бір бағытта байқалатын дислокациялық қозғалыстардың қарқынды түрде дамуы нәтижесінде пайда болады. Мұндай қозғалыстар тау жыныстарын құрайтын минералдардың кеңістікте белгілі бір бағытта созыла орналасуына (белгілі бірі заңдылық бойынша), басқаша айтқанда минералдардың деформациялық өзгерістеріне әкеліп соғады. Осын-дай жағдайда тау жыныстарын кұрайтын минералдар тақталанып (мысалы, тақта тастар) қат-қабат текстура түзіледі. Кейбір жағдайларда тау жыныстары бөлшектеніп, сонын, нәтижесінде олардың сүзгіштік (фильтрациялық) қасиеті артады. Соған байланысты терең қабаттық флюидтер (ыстық су ерітінділері мен ұшпалы компоненттер) циркуляциялық айналымға емін-еркін араласады. Бағытталған қысым күштері (стресс) жер қыртысының жоғарғы қабаттарында қарқынды түрде дамиды. Жер қыртысына тереңдеген сайын (петростатикалық қысым күштерінің арта түсуіне байланысты) стрестік қысым күшінің әсері біртіндеп азая береді.

Химиялық активті заттар (ыстық газдар, ыстық буы және көмір қышқыл газы, құрамында натрий, кальций, фтор, бор, күкірт, хлор және т. б. элементтердіі иондары бар ыстық су ерітінділері) құрамы күрделі ыстық су ерітінділері түрінде жаңа минералдардың түзілуінде катализатордың ролін атқарып, кристалда{ арасындағы реакцияларды тездетеді; кейде ескі минралдарды жаңа минералдармен алмастырады.

Д. С. Коржинский, В. А. Жариков, А. А. Маракушев және т. б. ғалымдардың пікірлері бойынша мұндай флюидтердің жаратылысы мантиялық деп саналады. О жердің терең қабаттарынан жоғары қарай көтерілу барысында жол-жөнекей кездескен тау жыныстарын басып өтіп, әр түрлі минерализаторлармен қанығып, метаморфизм-нің активті агенттерінің біріне айналады. Бұларда басқа, магманың құрамынан бөлініп шығатын ыстық ерітінділердің де мантиялық флюидтер құрамында циркуляциялық үлкен айналымға қатысатындығын айтуға болады.

Геологиялық уақыт өлшемі метаморфтық әрекеттердің дамуында өзіндік роль атқарады. Өйткені олар белгі; бір геологиялық мерзім аралығында байқалып, ұзақ уақыт бойы жүріп жатады. Бірақ тау жыныстары неғұр-



192

лым ескі болса, соғұрлым метаморфизм әсері жоғары болады деп санасақ қателескен болар едік. Метаморфизм әрекеттерінің дамуына әсерін тигізетін негізгі энергия көзі — магмалық және тектоника-лық процестермен тығыз байланысты. Олар көбінесе жер қыртысы-ның қозғалмалы аймақтарында (геосинклиналдық аймақтарда) жиі, ал тыныштық күйдегі платформалық аймақтарда сирек байқалады.

Метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған тау жыныстарының өзгерістері әр түрлі болып кездеседі: бір жағдайда (жабық жүйеде) тау жыныстарының алғашқы құрамы бұрынғыша сақталып (мысалы, ізбесті тас мраморға айналған жағдайда), тек құрылымдық текстуралық өзгерістерге ғана ұшырайды. Мұндай метаморфизм — изохимиялық деп аталады; ал егер олар (алғашқы құрамы өзгеріп) химиялық алмасу реакцияларымен (ашық жүйеде) сипатталатын болса, метасоматикалық (аллохимиялық) метаморфизм деп аталады. Бұл жағдайда тау жыныстарының жалпы көлемі өзгеріссіз, бұрынғы мөлшерде сақталады. Басқаша айтқанда, қоршаған ортамен иондық алмасу процестері байқалады.

ІХ.1. МЕТАМОРФИЗМ ТҮРЛЕРІ

Метаморфизм түрлері локалдық (жергілікті) және регионалдық (аймақтық) болып екіге ажыратылады.

Локалдық түрі контактілік (шекаралас немесе жап-сарлық) және дислокациялық метаморфизм түрлеріне бөлінеді.

Контактілік метаморфизм ыстық магманын, суына келе (жер кыртысының жоғарғы суық қабаттарында) шөгінді жыныстар арасында интрузиялық денелер (плутондар) түрінде қалыптасу барысында, олардың шекаралық бөліктерінде немесе жапсарларын-да әр түрлі өзгерістер (ореолдар) түрінде байқалады. Шекаралық өзгерістер плутонды айнала қоршаған шөгінді жыныстардың жапсарларын (экзоконтактілік метаморфизм) және плутонның перифериялық шеткі бөліктерін (эндоконтактілік метаморфизм) бірдей қамтиды. Шекаралық өзгерістердің (контактілік ореолдардың) ені бір см-ден бірнеше км-ге дейін өзгеріп отырады (IX. 1-су-Рет). Контактілік метаморфизмнің дамуына әсерін тигізуші негізгі факторлар магмалық дененің ыстық температурасы және магманың дифференциациялық жіктелуі кезінде бөлініп шығатын ұшпалы компоненттер мен

193




IX. 1-сурет. Контактілік метаморфизм.

ыстық су ерітінділері. Соңғы айтылған фактормен (ыслық су ерітінділерімен) байланысты байқалатын метасоматоздық әрекеттердің нәтижесінде жаңа минералдар түзіліп (метасоматозға ұшыраған), тау жыныстарының алғашқы құрамы өзгеріп жаңарып отырады. Сонымен контактілік метаморфизм: термоконтактілік және контактілі-метасоматикалық болып екі түрге ажыратылады.



Термоконтактілік метаморфизм ыстық магманың (ин трузиялық плутондар түрінде қалыптасу барысында) өз жолында кездескен және оны айнала қоршаған тау жыныстарына тигізетін температуралық әсерімен сипатталады. Бұл процестердің нәтижесінде (қоршаған ортаны құрайтын) тау жыныстары қайта кристалданып жаңа минералдар түзіледі, бірақ олардың жалпы химиялық құрамы өзгеріссіз сол күйінше сақталады. Мысалы, тер-моконтактілік әрекеттерге ұшыраған құмды-сазды жыныстар тығыздала келе қайта кристалданып мүйізшелерге (роговиктерге), ізбесті тастар — мраморға, кварцты құмтастар — кварциттерге айналады.

Термоконтактілік метаморфизмнің ерекше бір түрі- пирометаморфизм деп аталады. Бұл жағдайда ыстық лаваның күйдіру-пісіру әсеріне байланысты, тау жыныстарының азды-көпті өзгерістері (структуралық) байқалады. Мұндай өзгерістердің аумағы әдетте шамалы (бірнеше см-дей) ғана болып келеді.



Контактілік-метасоматикалық метаморфизм кезінде суына бастаған магмалық дененің (интрузиялық плутонның) қоршаған ортаға тигізетін температуралы” әсеріне минералданған ыстық су ерітінділері мен газдардың (магмадан бөлінген) әсері қосылады. Олардың арасында байқалатын әр түрлі химиялық әрекеттерді (реакцияның) нәтижесінде кейбір элементтер бір-бірімен өзара орын алмастырады. Соған байланысты тау жыныстарының алғашқы химиялық және минералогиялық рамы өзгереді. Осындай жолмен пайда болған тау жыныстары — метасоматиттер деп аталады. Олардың ішін

194

де ең жиі кездесетіндері — скарндар мен грейзендер болып саналады. Скарндар интрузиялық денелердің ізбесті тастармен жапсарлас шекаралық зоналарында пайда болады. Олармен байланысты темір, мыс, қорғасын, мырыш, вольфрам рудалары жиі кездеседі.

Ал грейзендер болса, олар гранит, гнейс тәрізді жыныстарға су буы мен әр түрлі газдардың әсер етуі жағдайында пайда болады. Олардың негізгі құрамы — кварц пен слюдалардан тұрады. Грейзендермен байлаиысты сирек кездесетін металдардың рудалары (вольфрамит, молибденит, касситерит, топаз және т. б.) бірге кездеседі.

Метаморфтық әрекеттердің ішінде автометаморфизм (пневматолиттік және гидротермалдық) әрекеттерін жеке атап өтуге болады.

Автометаморфизм (грекше “авто” — өзі деген мағынада) әрекеттері магмалық тау жыныстарының қалыптасу барысында, алғашқы магманың өз құрамынан бөлініп шығатын химиялық активті заттардың магмалық жыныстарға тигізетін метасоматикалық әсерімен сипатталады. Мысалы, ультранегізді жыныстардың серпентинитке айналуы, базальттардың хлориттенуі, граниттердің грейзендерге айналуы және т. б.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет