Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы


X. 1 - к е с т е Материктер мен мұхиттардың пайда болуы (генезисі) туралы



жүктеу 2.97 Mb.
бет17/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

206

X. 1 - к е с т е



Материктер мен мұхиттардың пайда болуы (генезисі) туралы негізгі көзқарастар

Кезек-дер-

Непзгі идеялар

Проблеманын зерттеу дәрежесі

Ғылым салалары және зерттелу әдістері

1

2

3

4

1.

 

 



 

2.

 



 

3.

 



 

 

 



 

 

 



 

 

4.



 

 

 



 

5.

 



 

 

 



 

 

 



 

 

6.



Құрлық пен теңіздер туралы алғашқы көз қарастар (XVII ғ.дейін

 

 



 

Құрлықтардың бірінші болып, ал мұхиттар-дың екінші болып жаратылуы (XVII ғ. - екінші жартысы).

Дүниежузілік мұхит-тың бірінші пайда бо- луы. Қазіргі кездегі мұхиттар олардың қалдықтары (реликт). болып саналады-(XVIII ғ.).

 

 



 

 

Материктер мен мұхиттардың жер қыр-тысымен бірге пайда болуы (XIX ғ.).



 

Қонтинентальдық және мұхиттық жер қыртыс-тарының айырмашы-лықтары негізінде горизонталь немесе вертикаль бағытталған қозғалыстардың басым-дылығы туралы идея-лар күресі . (XX ғ.)

Мұхиттар түбін зерт-теуде жиналған жаңа факторлар негізінде пайда болған болжам-дар (60—80 жылдар, XX ғ.)


Жердің жалпы құры-лысы материктер мен мұхиттардың пайда болу проблемасымен бірге қарастырылады

 

Жер қыртысының, қал-ыптасуы және мұхит-тардың кұралу проб-лемалары жеке- жеке қарастырылады.



Материктердің құрылы-сын дамуын және орна-ласу заңдылық тарын алғашқы талдау. Мате-риктер мен мұхиттар құрылысының бірдейлігі туралы жорамалдар. Материктердің көтеріл-уі туралы алғашқы идея-лар.

- Материктердіқ геоло-гиялық құрылысын жан-жақты зерттеу (геотек-тоникалык, болжамдар негізінде).

 

Жердің құрылысы ту-ралы жаңа идеялар негізінде материктер мен мұхиттар туралы проблемаларды қайта қарау. Мұхиттар түбін зерттеу жұмыстарының алғашқы бастамасы



 

Материктер мен мұхит-тардың құрылысын глобальды масштабта қарастыру. Жер бедерін-ің қалыптасуына ғарыштық және пла -нетарлық факторлардың әсері -



Космогониялық зерттеулер

 

 



 

 

Космогониялық зерттеулер және алғшқы геологиялық жеке байқаулар



Геология

География

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Геология



 

 

 



Геотектоника Геохимия

Геофизика

 

 

 



 

 

Геотектоника Стратиграфия Петрография Палеогеография Палеомагнетизм-



Геотермия Геохимия.

Геофизика



Космогеология

207

XI. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ НіГІЗГІ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Табиғатта кездесетін барлық заттар әруақытта да өзгеріп, дамып отырады. Өзгеріссіз және мәңгілік еш-нәрсе болмайды. “Мәңгілік” деп, тек “материяны” ғана айта аламыз. “Материя” токтаусыз козғалыста болып, біртүрден екінші түрге ауысып өзінің пішінін ылғи да өзгертіп отырады. Бірақ, бұл процестер қалай болса

солай ретсіз жүріп жатпайды. Материя қозғалысы, оның өзгеріп, дамуы белгілі бір заңдылықтарға негізделген.

Қазіргі кездегі түсінік бойынша, Жер шарының жалпы дамуы жерді құрайтын мантиялық алғашқы заттардың біртіндеп жіктелуі-мен (дифференциация) түсіндіріледі: массасы ауыр заттар, меншікті салмарының ауырлығына байланысты төмен шөгіп, жердін, ядро қабатын құрайды, ал жеңіл заттар жоғары көтеріліп, мантия қабатын және жер қыртысын құрайды.

Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің негізінде жер қыртысының континенттік (материктік) жәие мұхиттық тектері ажыратылады. Бұлардан басқа, қосымша, субмұхиттық және субконтиненттік шекараның ауыспалы тектерін ажыратура болады.

Жер қыртысының материктік тегінің пайда болу тарихын геосинклиналдық теория арқылы түсіндіруге болады.

Жерді құрайтын алғашқы заттардың дифференциадиясы негізінде пайда болған жер қабығы геосинклиналдық даму процестерінің нәтижесінде Жер қыртысының континенттік тегін қүрайды.

Геосинклиналды аймақтар мен белдеулердін, геологиялық тарихын зерттеу жұмыстарының негізінде, олардың алғашқыда иіліп майысу сатысынан өтіп, қатпарлану әрекеттеріне байланысты қатпарлы тау жоталары пайда болатындыры дәлелденді.

Тектоникалық қозралыстардың тарихын зерттеу жұмыстары, олардың даму қарқыны әруақытта әр түрлі болатындығын көрсетеді. Тектоникалық зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, жердің бүкіл тарихын әр түрлі сатыларға, геотектоникалық кезеңдерге ажыратамыз. Жер қыртысының материктік тегінің даму теориясында' геотектогендік кезендер туралы ұғым ең негізгі түсінікі болып саналады. Геотектогендік кезеңдердің әрбір сатысы өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларі шөгінді қабаттардың құрылымы мен құрамына және маг-



208

малық процестердің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді.

Геосинклиналды аймақтардың негізінде қатпарлы тау жоталары-ның пайда болуы өте күрделі процесс және өте ұзақ уақытқа, мысалы, ондаған, жүздеген, миллион жылдарға созылады. Геосинклиналдық кезең мен орогендік кезеңдердің даму қарқыны әр аймақта әр түрлі болып келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, төменгі палеозойлық және кайнозойлық геосинклиналды аймақтар-дың даму тарихын салыстырып көрейік. Каледондық (төменгі палеозойлық) геосинклиналды аймақтарда алғашқы даму сатысы жақсы жетілгені толық түрде байқалады, мұнда құрамы негізді жыныстардан тұратын магмалық денелер қалыптасқан, геосинклиналдық дамудың соңғы сатысы нашар жетілген, орогендік кезең ұзаққа созылған, шеткі иілістер жоқ деуге болады.

Кайнозойлық Жерорта теңіздік геосинклиналды белдеуді алатын болсақ, оның құрылысы өте күрделі: орталық массивтер мен теңіздік терең ойпаттар мол кездеседі. Олардың құрамында гранитті-гнейстер қабаты болмайды. Орогендік кезең өте жақсы байқалады; шеткі иілістер мен тауаралық ойыстар моласстар мен вулканиттерге толы болып кездеседі.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, біздің планетамыздың Атлантикалық және Тынық мұхиттық бөлік-терінің даму заңдылықтарының өзіндік ерекшеліктері анықталып, Жердің дисимметриялық құрылысы дәлелденіп отыр. Жер планета-сының, бұл екі сегментінің шекарасы меридиандық бағытта Сібір платформасының ортасы арқылы өтеді.

Жер шарының дисимметриялық құрылысы туралы ойды алғаш рет А. Д. Архангельский айтқан еді, кейінірек, бұл пікірді

Н. С. Шатский ары қарай дамытып, дұрыс түсіндіре білді.

Жердің Атлантикалық бөлігінде ескі платформалар, байкалидтер, каледонидтер, герцинидтер және екінші рет пайда болған мұхиттар кең дамыған, ал Тынықмұхиттық бөлігінде мезозойлық және кайнозойлық кұрыльщдар ғана кездеседі. Олар көбінесе қозғалмалы болып, магмалық процестер жиі байқалады. Тынық мұхиттың батыс және шығыс жағалауларынын, құрылысы бір-бірімен салыстырған-да өзгеше болып келеді.

Сол тәрізді ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Айдың, Марстың, Меркурийдің асиметриялық тектоникалық құрылысы анықталып отыр. Осы зерттеу-

209

лерге сүйене отырып, Жер тектес планеталардың құрылысында байқалған тектоникалық асиметрия басты заңдылық болып саналады.

Жердің геологиялық даму тарихында геосинклиналдық аймақтардың эволюциялық дамуымен қатар, платформалардың да эволюциялық дамуы заңды түрде байқалады. Әрбір жеке платформа бұрынғы геосинклиналдық қатпарлы аймақтарда пайда болады.

Бір кездегі геосинклиналдық туындылар платформаның іргетасыи қалайды.

Денудациялық процёстердің нәтижесінде тегістелген тау-жота-лары өзінің белгілі бір даму сатысында тектоникалық қозғалыстар-дың нәтижесінде қалқандар (щиттер), плиталар, синеклиздер және ойпаттар мен ойыстар пайда болады.

Плиталарда платформалық жамылғылар қалыптасады. Фундаменттің кейбір блоктарының орын ауыстыруы жамылғы қабатын құрайтын шөгінді жыныстардың аздап қатпарлануына және амшштудасы әр түрлі жарылыстар мен жылжымалардың пайда болуына әсерін тигізеді. Платформалардың эволюциялық дамуы кейде платформаның бөлшектенуіне әкеліп соғады. Олардың орнына мұхит ойпаттары пайда болады. Мұндай жерлерде Гондвана және Лавразия материктері мезозой кезінде бөлшектенгеніндей) жер қыртысының бұрынғы құрылысы өзгеріп, мұхиттық түрі қалып-тасады, басқаша айтқанда “мұхиттану” (немесе “мұхит пайда болу”) байқалады.

Кейде платформалардың кейбір бөліктерінде (блоктарында) тектоникалық қозғалыстардың қүшейіп, карқынды дамуы байқалады. Бұл процестердің нәтижесінде жақпарлы таулар — платолар (жайпақ таулар) құралады. Мысалға алатын болсақ Тянь-Шань, Алтай, Саж тауларын атауға болады.

Неотектоникалық қозғалыстардың күшеюіне байланысты эпиплатформалық орогендік процестер, қазіргі. кездің өзінде-ақ жас платформалардын, құрылысында жиі байқалады. Мұндай жағдайларды платформалардың шеткі бөліктерінде шеткі иілістер қалыптасуы кезінде де байқауға болады.

Платформалық құрылымда кейде авлакогендер қалыптасады. Олар эффузивтік вулкандардьщ дамуымен және геотектоникалық процестердің күшеюімен сипат талады. Мысал ретінде Шығыс Европа платформасында

210

құралған палеозойлық Днепр—Донецк авлакогенін айтуға болады.

Платформалар өзінің, даму барысында көрші орналасқан геосинклиналды аймақтармен тығыз байланыста болып келеді. Геосинклиналды аймақтардың қатпарлануы және олардың көтерілуі платформалардың көтерілуімен және теңіздік регрессиямен қатар жүреді. Сол сияқты, геосинклиналды аймақтардын, иіліп, майысуы көрші платформалық құрылымның майысып төмен түсуімен сипатталады. Мұндай заңдылықтар барлық платформаларға ортақ. Бірақ, Жердін. өткен тарихында әрбір жеке платформанын, белгілі бір дәуірдегі даму тарихын салыстырып қарастырсақ, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін және жас плат-формалардың құрылысы, құрамы және дамуы жарынан ескі платформалардан айырмашылығы бар екендігін көруге болады.

Жүргізілген салыстырулардың нәтижесінде Жер қыртысының даму барысында тек геосинклиналдық процестердің ғана емес, платформанын, да эволюциялық дамуын байқауға болады. Жалпы геотектоникалық процестердің эволюциялық даму барысында жер қыртысының құрылысы мен құрамы одан сайын күрделене түседі.

Ғалымдар арасында геотектоникалық өзгерістердің бағыты мен мазмұны туралы әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Мысалға:

1. Жер қыртысының дамуы туралы алғашқы көзқарастар бойынша геосинклиналдық режим біртіндеп платформаға ауысып отырады деп түсіндіріледі. Қейбір жағдайларда платформалық аймақтарда (кейбір аудандарыньщ иіліп-майысуынын, нәтижесінде) екінші рет геосинклиналды қүрылымның қайталанатындығын ай-туға болады (мысалы, Донбасс). Бірақ, кейінірек олар қатпарлану-дың нәтижесінде қайтадан қатайып, платформалық құрылымдарға келіп қосылады.

2. Кейінірек жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде геосинклиналдық-қатпарлы тау жоталарынын. кейбір аудандарында геосинклиналды кезеңге дейінгі ескі платформалардың қалдықтары сақталғандыры анықталып отыр. Осыған байланысты геосинклинал-ды аймақтар алғашқы ескі панплатформалардың бөлінуі мен бөл-

Казіргі кездегі түсінік бойынша Донбасс авлакогенді құры•лым қатарына жатады.

211

шектенуінен кейін пайда болады деген қорытынды жасауға болады.



3. Мұхиттарды зерттеу жүмыстарынын, нәтижесінде жер қыр-тысының мұхиттық тегі өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылатын-дығы дәлелденді.

Тынық мұхит жағалауларында кездесетін мұхиттыи шұңғымалар мен аралдық доғалар қазіргі кездегі геосинклиналдарға мысал бола алады. Сонымен, жер қыртысының мұхиттық түрі континенттік түрге ауысып отырады деген ой туады.

Көп ғалымдардың пікірі бойынша, жер қыртысының даму тарихында “континенттелу” процесі басымырақ. Толығырақ айтсақ, алғашқы мұхиттық ортада шөгінді және вулканогенді-шөгінді жыныстардың қалың қабаттары біртіндеп жиналып, тығыздалып, кейінірек қатпарлану әрекеттеріне ұшырайды, магмалық және мета-морфтық процестердің нәтижесінде гранитті-гнейстерден құралған қатпарлы және кристалды фундамент пайда болады. Кейінірек фундамент қабатын жауып жатқан шөгінді жыныстардан құралған жамылғы қабаты пайда болады. Осындай жолмен континенттік платформала түзіледі.

4. Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, жоғарыда айтылған “континенттелу” процесіне карама-қарсы “мұхитталу” процесі де жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Гондвана мен Лавразияның жарылып-бөлшектенуі (ыдырауы) нәтижесінде Үнді, Атлантика және Солтүстік мұзды мұхиттардың пайда болуын айтуға болады. Сондықтан да, жер қыртысының жалпы даму тарихында; “континенттелу” және “мұхитталу” процестері қатар байқалады деген қорытынды жасауға болады.

Осы айтылған пікірлердің негізінде жер қыртысының даму процесін төмендегі схема арқылы түсіндіруге болады.

Алғашқыда жер қыртысы барлық касиеттері жағынан алғанда мүхиттық платформаға жақынырақ болды Бедер пішіндері вулкандық пішіндердің дамуымен сипатталды.

А. П. Павлов бұл стадияны Айдың құрылымымені салыстырады. Вулкандық процестер қарқынды түрде дамыған жерлерде, суыну орталықтары пайда болды. Соған байланысты ондай жерлерде эвгеосинклиналдарі мен компенсациялық көтерілімдер қалыптасты. Соның нәтижесінде жер қыртысының континенттік тегі пайда болып, басқаша айтқанда “континенттелу” процесі бай-

212

қалады. Бұл жағдайда, В. Е. Хаинның пікірі бойынша архей эрасының соңына қарай материктік ірі платформалар құралады. Олар кейінірек бөлшектене келе (протерозойдың содында) Жердің қазіргі кездегі құрылымдық. көрінісі қалыптаса бастайды (ескі платформалар және оларды бөліп тұрған Атлантикалық, Орал — Монғол т. б. геосинклиналды белдеулер түрінде). Ары қарай гео-синклиналдық аймақтардың негізінде платформалар ұлғаяды. Кейінірек осы платформалардың орнына субокеандық ойыстар (Қара теңіз), жылжымалы майысулар (Донбасс), және терең шұңғымалар, басқаша айтқанда рифтты блоктар (Қызыл теңіз) пайда болады.

Қысқаша айтқанда жер қыртысының континенттік тегі мұхиттық текке ауысады.

5. Сонымен, қазіргі кезде жер қыртысының даму тарихын бірнеше кезеңдерге ажыратуға болады: геосинклиналға дейінгі, геосинклиналды және геосинклиналдан кейінгі кезеңдер.

Геосинклиналға дейінгі кезең архей эрасын қамтиды. Ол кезде жер қыртысы (қазіргі кездегі түсініктер деңгейінде) геосинклиналдарға және платформаларға ажыратылған жоқ еді.

Геосинклиналдық кезең екі сатыға, яғни бастапқы және соңғы геосинклиналдық, немесе геосинклиналдьь платформалық болып ажыратылады.

Бастапқы немесе алғашқы геосинклиналдық саты төменгі протерозойдан басталып, карелиялық қатпарлануға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл сатыда тектоникалық терең жарылыстар және геосин-клиналдар мек платформалар пайда болып, олар өзіндік (специфика-лық) ерекшеліктерімен ажыратылады. Соңғы геосинклиналдық саты жоғарғы протерозойда (рифей) басталып, неогенге дейін созылады. Бұл саты геосинкли-налдық аймақтардьщ азайып, платформалардың көбеюімен сипатталады.

Геосинклиналдан кейінгі кезең неогеннен басталып, қазіргі кезге дейін созылады. Кейбір геологтар бұл кезеңді жер қыртысының даму тарихындағы өзіндік жаңа кезең — неотектоникалық қозғалыстардың даму кезеңі Деп санайды. Басқаша айтқанда, қатпарлы-жақпарлы горст-антиклиналдар мен грабень-синклиналдар пайда болады. Олар жүздеген, мыңдаған км-ге созылып жатады. Тектоникалық ірі жарылыстармен байланысты магмалық процестер қатар байқалады.



213

XII. ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ БОЛЖАМДАР

1852 ж. француз ғалымы, геолог Эли де Бомон алғаш рет өзінің контракциялық болжамын ұсынады. Оны одан әрі дамыту жолында шетелдік ғалымдармен қатар (Э. Зюсс, Э. Ог, Г. Штилле) орыс геологтары да (А. П. Карпинский, И. В. Мушкетов т. б.) қызмет жа-сайды. Бұл болжам бойынша, алғашқы протопланеталық (ыстық күйдегі) дене біртіндеп (баяу) суынады. Соның нәтижесінде, оның жалпы көлемі кішірейеді. Осындай жолмен пайда болған жер қабығы (планетаның көлемі кішіреюі кезінде) жиырылып, қатпарланады және әр түрлі жарылыстарға ұшырайды. Қысқаша айтқанда (қатпарлы-жақпарлы аймақтар қалыптасып) тау құралу процестері байқалады. Таулы аймақтардың аралығында жер қыртысының ірі блоктары төмен шөгіп, болашақ мұхит орындары айқындалады. Планетамыздың суынуы осы уақытқа дейін жүріп жатыр деп, түсіндіреді. Бірақ, бұл болжам Жер қыртысының созылу (немесе кеңею) және рифттік жарықтардың пайда болу себептерін, сонымен бірге Жер қыртысының континенттік және мұхиттық тектерінің өзіндік ерекшеліктерін толық түсіндіре алмайды. Соған қарамастан бүл болжам өз уақытында прогрессивтік роль атқарды. Жердің алғашқы даму сатысында вулкандық процестердін, қар- қынды дамуы, ал кейінірек бүл әрекеттердін, әлсіреп азая бастауы планетамыздың суыну жағдайында екендігін көрсетеді.

Жердің кеңею немесе ұлғаю мүмкіндігі туралы айтылған алғашқы ойларды М. В. Ломоносов пен Д. Геттоннын, және И. О. Ярковский-дің (1889 ж.) еңбектерінен, кездестіруге болады. Егер контракциялық болжам лықты зерттеулер негізінде пайда болса, ал

Жердің кеюі жөніндегі болжам мұхиттарды зерттеу жұмыста-рының нәтижесінде ғана айтыла бастады.

XIX ғ. аяғында М. Рид Жердің кеңею мүмкіндігіні дәлелдеуге бағытталған пікірлерді жинақтап, ғылыми болжам ретінде ұсынады. Оны одан әрі дамытып, жетілдіру барысында Б. Линдеман (1927), М. А. Боголепов (1931), О. Хильгенберг (1933), М. М. Тетяев, В. М. Букановский, И. В. Қириллов (1949), В. Б. Неймані (1950), Л. Эдьед (1956, 1963), У. Кэри (1957) секілді ғалымдар көп енбек сіңірді.

Мұхит түбінде жер қыртысынын, жұқалығы және қатпарлы құрылымдардың жоқтығы, планетарлық ке

214

лемдегі деформацияның ең басты турі сығылу емес, созылу — деп, санауға негіз болды.

Жердін, алғашқы қалыптасуында оның радиусы 5430 км, ал тығыздығы 9,13 г/см3 (қазіргі кездегі радиусы 6371 км, тығыздығы 5,52 г/см3) шамасында болған. Ол кезде мұхиттар әлі құралмаған, ал планетамыздың беті түгелдей дерлік континентальдық жер қабы-ғымен көмкерілген. Кейінірек (П. А. Дирактың “Бүкіл әлемдік кеңею” принципіне сәйкес) материя тығыздығының (барлық бағытта да) азаюына байланысты, Жер өзінің қазіргі кездегі мөлшеріне дейін ұлғаяды. Жердің кеңеюі (кейбір ғалымдардың пікіріне қарасақ) палеозой эрасының соңында, ал басқа пікірлер бойынша, бор дәуірінде басталған деп саналады. Сонымен, жер қыртысы созылып ұлғая келе, кейінірек әр түрлі үзілістер мен жарылыстарға ұшырап, ең соңында, оның жеке блоктары алғашқы орындарын ауыстырып, қазіргі кезудегі белгілі континенттер құралады. Бұл болжам бойынша, соңғы 345 млн жылдар ішінде планетамыздың көлемі екі еседен артық ұлғайған. Бірақ, мұндай дәрежеде ұлғаюдың физикалық дәлелі келтірілмейді. Геологиялық факторлар да бұл болжамға қайшы келеді. Мысалы, планета көлемінің ұлғаюы, оның өз осінен айналу жылдамдығының азаюына (тәулік ұзақтығының артуы мен бір жылдық тәулік санының қыс-қаруына) әкеліп соққан болар еді. Сонымен қатар бұл жағдай салмақ күшінің өзгеруіне және жануарлар мен өсімдіктер дүниесі-нің эволюциялық дамуына да әсерін тигізер еді, Бірақ, Жердің геологиялық даму тарихында мұндай өзгерістер байқалмайды. Бұл болжамның негізінде геотектоникалық әрекеттердің периодтылығын және қатпарлану себептерін толық түсіндіруге болмайды. Сонымен, егер контракциялық болжам сығым күштеріне көбірек маңыз беріп, ал созылу немесе ұлғаю әрекеттеріне көңіл аудармаса, Жердің кеңеюі жөніндегі болжам геотектоникалық әрекеттердін, бәрін де созылу деформациясы арқылы түсіндіргісі келеді. XX ғ. басында, қысылу және кеңею кезеңдері кезек алмасып отыратындығы туралы жаңа пікірлер айтыла бастайды. Американ ғалымы геолог В. Бэчер (1933) жоғарыда айтылған екі болжамды біріктіріп, бірге қарастыруды ұсынады. Кейінірек бұл пікір совет ғалымдары тарапынан (М. А. Усов, В А. Обручев, 1940) қолдау тауып “Пульсациялық болжам” деген атпен белгілі болды.

Бұл болжам бойынша, Жер белгілі бір мерзім ара-



215

лығында периодты түрде біресе ұлғайып, біресе кішірейіп, басқаша айтқанда, сығылу және созылу әрекеттері кезек алмасып отырады. Қеңею (ұлғаю) жағдайында, вертикаль барыттағы қозғалыстар жиі байқалып магмалық әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Сонымен Қатар әр түрлі жарылыстар мен үзілістер пайда болады. Ал кішірею немесе сырылу кездерінде қатпарлар түзіліп, магмалық процестер әлсірейді деп саналады. Бірақ, бұл болжамның, да физикалық негізі дәлелденбеді. Сонымен қатар бұл болжам қатпарланудың не себеппен континентальдық Жер қыртысында ғана кездесіп, ал мұхиттық тегінде кездеспейтіндігін түсіндіре алмады. Ирландия ғалымы Д. Джолидың (1929) пікірі бойынша, геотектоникалық әрекеттердің дамуына қажетті энергия жер қойнауындағы радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығады. Соған байланысты, мантиялық заттар дифференциациялық жіктелуге ұшырайды; жер қыртысының базальт қабаты балқиды, ал гранитті блоктар төмен шөгіп, континенттерді теңіз суы басады (трансгрессия). Соның нәтижесінде, олар тез суынып (гранитті блоктардың үзындығы қысқарады) қатпарлар түзіледі. Былайша айтқанда, таулар кұралады. Сонымен қатар, теңіз деңгейінің төмен түсуі (регрессия) байқалады. Мұндай әрекеттер әрбір цикл сайын (30—35 млн. жыл) қайталанып отырады. Вертикаль бағытталған қозғалыстармен қатар көлденен, бағыттағы қозғалыстардың да болуы мүмкін. Толығырақ айтсақ, Жер қыртысының гранитті блоктары (Айдың және Күннің тартылыс күштеріне байланысты) балқуға ұшыраған базальтты қабат бетімен жылжиды. Осы бағыттағы кейбір болжамдар Жердің ішкі қабатындағы қызудың пайда болу себептері мантиялық жылу ағымдарымен (конвекциялық) байланысты деп санайды. Басқаша айтқанда, мантиялық заттардың термогравитациялық дифференциациясы арқылы түсіндіріледі. Бірақ, бұл болжамның да физикалық дәлелі жеткіліксіз екендігін айта кету керек.

Фиксистер лагерінің басты өкілі, совет ғалымы В. В. Белоусовтың (1942) пікірі бойынша, Жер қыртысының даму барысында вертикаль бағытталған қозғалыстар ең басты роль атқарады. Радиогендік қызу әсерінен балқып пайда болған ыстық магманың жеңіл компоненттері дифференциациялық жіктелу әрекеттеріне байланысты жоғары қалқып шығады. Жер қыртысы-ның эволюциялық дамуындағы негізгі фактор гравитация-

 

216

лық жіктелу деп санайды. Ал радиогендік жылу тек энергия көзі болып есептеледі. Қазіргі кездегі ең активті аймақ “астеносфера” қабаты болып саналады. Астенолиттерді құрайтын базальтты жыныстар (төменгі мантиялық заттармен салыстырғанда) жеңіл болғандықтан жоғары көтеріліп, Жер бетіне жетіп төгіледі. Кейде базальтпен ілесе шыққан ультранегізді жыныстар Жер қыртысын ауырлатып, төмен қарай майыстырады. Бұл режим геосинклинал-дық режим деп аталады. Жердің терең қабаттарындағы әр түрлі термодинамикалық (физикалық-химиялық) жағдайларға байланыс-ты метаморфизм және граниттену әрекеттері байқалады. Қейінірек жоғары бағытталған қозғалыстар басым болып, жаппай көтерілу орын алады, басқаша айтқанда, тау құралады (“орогенез”). Осындай жолмен пайда болған таулар, экзогендік әрекеттерге байланысты біртіндеп бұзылып, ыдырай бастайды. Магмалық және тектоника-лық әрекеттер әлсірейді. Ең соңында, таулар тегістеліп, платфор-малық режимге ауысады. Ал мұхиттар бұрынғы ескі платформалар-дың орнында пайда болады. Немістің атақты ғалымы тектонист Ганс Штилле Жер қыртысының ең басты құрылымдық тектерін — қатпарлы белдеулер, платформалар және төмен шөккен платформа-лар деп, үш түрге ажыратады. Академик А. Д. Архангельский Тынық мұхитты төмен шөккен платформа деп, есептейді. И. А. Резанов Архангельскийдің бұл ойын әрі қарай дамыта отырып, континенттерде кездесетін геосинклиналды аймақтардың екі жағы да платформалармен шектелетіндігін айтады. Сол сияқты, Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеу де платформалармен шектелуге тиісті — деп, санайды. Соңғы жылдары жүргізілген мұхиттық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, кейбір мұхиттардың құрылысы, континенттік текке ұқсас екендігі анықталып отыр. Мысалы, Үнді мұхитында {Мадагаскар, Сейшель аралдары және Қергелен) докембрийлік көне жыныстар (граниттер және т. б.) та-былды. Олар көпшілік жағдайда, бор және палеоген дәуірлерінде көтерілген базалытық қабаттармен жабылған.

Бұл аралдар бұрынғы ескі материктердің қалдығы (реликт) деп есептеледі. Осы факторлардың негізінде И. А. Резанов Үнді және Атлант мұхиттары докембрийлік ескі Гондвана платформасының орнында пайда болады деп санайды. Әрине, мұндай пікірдін, растығын толық дәлелдеу үшін мұхиттардың терең қабаттарын



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет