Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 2.97 Mb.
бет18/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

217

комплексті түрде жүргізілген геофизикалық зерттеу және аса терең қабаттарды бұрғылау жұмыстарының нәтижесіне сүйену керек. В. В. Белоусов мұхит бассейндерінің пайда болуын былайша түсіндіреді: Жер қойнауында (мантия қабатында) кездесетін ультранегізді тау жыныстары, радиоактивтік энергияға байланысты жартылай балқып, базальтты жыныстар түрінде бөлініп шығады. Ал базальтты жыныстардың дифференциациялық жіктелуіне байланыс-ты гранитоидтар құрылып жер қыртысының континенттік тегі қалыптасады. Археозой эрасында жер қыртысының континенттік тегі планетаны түгелдей қамтиды. Ол кезде материктік ішкі теңіз бассейндері ғана пайда болып, ал мұхиттар әлі қалыптасқан жоқ еді. Қейінірек, радиоактивтік энергиянын, көбеюіне байланысты, мантиялық ультранегізді тау жыныстары түгелдей балқып, жоғары қарай көтеріледі. Олар қазіргі кездегі мұхиттардың орындарында жер бетіне жетіп төгіледі, басқаша айтқанда, лавалар түрінде атқылайды. Алғашқы жер қыртысын құрайтын базальтты жыныстар эклогитке айналады. Олардың меншікті салмағы артады. Соның нәтижесінде ультранегізді тау жыныстарынан құралған Жер қыртысының кейбір блоктары (салмағы ауырлап) қайтадан төмен шөгіп, мантия қабатындағы заттармен араласып кетеді. Сонымен, континенттік Жер қыртысының алғашқы құрамының кейбір бөлік-тері мантиялық ультранегізді жыныстармен алмасады. Осындай жолмен, Жер қыртысының жаңа тегі құралады. Бұл “Базификация-лық процесс” деп аталады. Базификациялық әрекеттердің нәтиже-сінде бұрынғы материктердің орнында мұхиттар пайда болады. Бұл процестерді “Мұхитталу” (океанизация) деп атайды. Жер қыртысы-ның материктік тегін құрайтын заттардың, жоғарыда айтылғандай, мантиялық заттармен араласуы мен алмасуы жоғарғы мантияның құрамындағы радиоактивтік элементтердің көбеюіне әкеліп соғады. Мұндай әрекеттердің байқалуы Жер қыртысының мұхиттық және континенттік тектерінің арасындағы жылулық мөлшерінін, тепе-теңдігін түсіндіретін факторлар болып саналады. Жер қыртысының жаңалануы (В. В. Белоусовтың пікірі бойынша) бор дәуірінің басында аяқталады.

Жалпы айтқанда, В. В. Белоусов геотектоникалық әрекеттердің динамикалық механизмін тек тік бағытталған қозғалыстармен байланысты қарастырады, ал Жер қыртысының ірі блоктарының көлденең бағыттағы

218

қозғалысын мүмкін емес деп санайды. Бұл әрине фиксистер болжамының ең басты кемшілігі болып есептеледі. Континент-тердін, көлденең бағытта жылжып, орын ауыстыруы (дрейфі) мүмкін екендігі туралы айтылған алғашқы жорамалдар (геотектоникалық процестердің даму ерекшелігін түсіндіруге арналған) принципиалдык жаңа бағыттағы болжамның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Жер қыртысының ірі блоктарының көлденең бағытта жылжу мүмкіндігін көрсететін негізгі және алғашқы дәлелдердің бірі — Оңтүстік Американық шығыс жағы мен Африканың батыс жағалауларының. таңқаларлық ұқсастығы болып саналады. Атлант мұхитының жағалау сызықтарының параллельдігі ерте кезден-ақ көп ғалымдардың назарын өзіне аударғаны-мен, тек XX ғ. басында америка ғалымдары Тейлор (1908, 1910) мен Бейкердің (1912, 1928) және неміс ғалымы Вегенердің (1912, 1929) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғана, мобилистер болжамының негізі қалыптасты.

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша мобилистік болжамның алғашқы негізін қалаушы неміс астрономы, геолог, геофизик, океанолог және метеоролог ғалым Альфред Вегенер болып саналады. Ол 1915 ж. өзінің “Материктер мен мұхиттардың жаратылысы” атты еңбегінде әр түрлі ғылым салаларынан өз идеясын дәлелдейтін көптеген мәліметтер (геолого-геофизикалық және палеогеографиялық) келтіреді. Оңтүстік Америка мен Африканың геологиялық карталарын талдай отырып, олардың геологиялық құрылымы мен құрамдарының ұқсастығын анықтайды. Сонымен қатар, палеонтологиялық және палеоклиматтық деректер де бұл материктердің бір-бірімен ұқсастығын дәлелдейді. Кейінірек (1925—1929) ол (изостазиялық болжамға сүйене отырып) өз болжамын гравиметриялық зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен толықтырады. “Материктер дрейфі” туралы идея “Вегенер болжамы” деген атпен тез таралып кетті. Бұл идеяны жақтаушылардын, қатарында: Э. Арган (1922 ж.), А. Холмс (1929, 1911, 1946), Р. Штауб (1928, 1938), А. А. Борисяк (1929), А. Дю-Тойт (1937), Б. Л. Личков (1931) және т. б. атақты ғалымдар болды.

Сонымен, Вегенер болжамының негізгі мазмұны төмендегіше түсіндіріледі:

Төменгі палеозойлық алғашқы мегаматериктер солтүстік жарты шарда Лавразия, оңтүстік жарты шарда

219

Гондвана материктері болып ажыратылады. Лавразия материгі қазіргі кездегі Солтүстік Америка, Европа және Азия (Үндісіз) материктерін, Гондвана — Оңтүстік Америка, Африка, Антарктида, Австралия және Үнді материктерін біріктіреді. Лавразия мен Гондвана аралығында Тетис атты мұхит болған.

Палеозой эрасының соңына қарай (бұдан 250 млн. жылдар бұрын) барлық материктер бірігіп “Пангея” (грек тілінде “Жалпы Жер” деген мағынада) атты суперконтинент құрайды. Кейінірек бұл континент мезозой арасынын, ортасына қарай, юра дәуірінен бастап {геотектоникалық ірі жарылыстардың нәтижесінде және көлденең барытта жылжу әрекеттеріне байланысты) біртіндеп бөлшектеніп, жеке материктерге ажырап (алғашқы орындарынан) қазіргі кездегі орындарына қарай ауыса бастайды. Мысалы, Америка материктері Европа мен Африкадан ажырап, батысқа қарай жылжиды. Олардың аралығында Атлант мұхиты пайда болады. Оңтүстік Америка мен Африка материктері айнала қозғалып (сағат тілінің бағыты бойынша) әр түрлі бұрылыстарға ұшырайды. Антарктида оңтүстікке қарай, Австралия оңтүстік шығысқа, ал Үндістан солтүстік шығыс бағытқа қарай қозғалып, орындарын ауыстырады. Соған байланыс-ты олардың аралықтарында Үнді мұхиты кұралады.

Тынық мұхит дүниежүзілік ең алғашқы мұхит қалдығы деп есептеледі. Ал Атлант және Үнді мұхиттары, кейіннен (екінші кезеңде) пайда болған мұхиттар болып саналады. Америка ғалымы Ф. Тейлор (1910) қатпарлы аймақтардың түзілуі континенттердің бір-бірімен соқтығысу әрекеттерімен байланысты деп жорамалдай-ды.

Тейлордың осы идеясына сүйене отырып А. Вегенер таулардың түзілуін өзінше түсінеді. Мысалы, “Кордильер және Анды тау жоталары Солтүстік және Оңтүстік Америка материктерінің жылжуы кезінде (олардың алдыңғы жақтарының майысып, қатпарлануына байланысты) Гималай таулары Үндістанның Азия материгімен соқтығысуы нәтижесінде, ал Жаңа Гвинея таулары Австралияның шығысқа қарай ығысуы кезінде түзіледі” деп

топшылайды. Материктердің жылжу механизмін Күн мен Айдың өзіне тарту күшіне және жердің өз осінен айналу жылдамдығына байланысты қарастырады. Осы күштердің әсерінен гранит тектес тау жыныстарынан құралған ірі массивтер (меншікті салмағының жеңілдігіне байланысты) су бетінде қалқып жүрген “айсберг-



220

тер” тәрізді базальттық қабат бетімен жылжи отырып орын ауыстырады деп санайды. Бірақ математикалық есептеулер бұл күштердің ірі континенттерді жылжытуғ а жеткіліксіз екендігін көрсетеді (Джеффрейс, 1930).

1930 ж. бүкіл адамзатты таң қалдырған фантастикалық болжам-ның авторы, атақты ғалым Альфред Вегенер, өз идеясын толық дәлелдеу мақсатында үшінші рет Гренландияны зерттеуге арналған экспедиция жұмыстарын ұйымдастырады. Бірақ ол өкінішке орай, экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, 1930 ж. ноябрь айында кенеттен апатқа ұшырап, өмірмен қоштасады. 1930—1940 ж. ж. жалпы геотектониканың даму барысында мобилистік бағыттағы зерттеулер азайып” керісінше фиксистер концепциясын дамытуға арналғаа зерттеулер басым болды. Вегенер идеясы көбірек сыналып біртіндеп ұмытыла бастады. Соған қарамастан кейбір ғалымдар мобилистер идеясының классикалық варианты негізінде жаңа зерттеу жұмыстарымен айналысады. Солардың қатарында оңтүстік африкалық геолог Александр Дю. Тойт (1930) пен американ геологы Артур Холмстың (1929, 1933, 1934) есімдерін ерекше атауға болады. А. Дю. Тойттың варианты бойынша, алғашқы континент біреу емес, а екеу (Лавразия, Гондвана) болған.

А. Холмстың (1929) пікірі бойынша, жалпы материктер мен мұхиттардың құралуы және континенттердің. жылжып, көшіп-қонуы Жер қойнауында жиналған радиоактивтік жылу әсерінен туатын конвекциялық ағындармен тікелей байланысты. Толығырақ айтсақ, мантия қабатындағы заттар радиоактивтік энергияға байланысты балқып, тығыздығы азайып, жеңілденеді. Соның нә-тижесінде, олар жоғары қарай қалқып шығып, Жер бетіне жақын аудандарға көлденең бағытта жайылып, біртіндеп қатаяды, ал салмағы ауырлап, тығыздалған жоғарғы қабаттағы заттар, қайтадан төмен шөгіп, мантиялық заттармен араласады. Жоғары бағытталған конвекциялық қозғалыстар нәтижесінде материктер, ал төмен бағытталған қозғалыстарға байланысты мүхиттар түзіледі.

Холмстың идеясы ескі контракциялық болжам мен Вегенердің болжамы негізінде қалыптасады. Ол континенттердің жылжып орын ауыстыру механизмін өзінше конвекциялық ағындармен байланысты қарастыра-Ды, ал конвекциялық ағындар транспартерлық таспа тә-

221

різді тынымсыз айналып, конвейерлік қызмет атқарады деп түсіндіреді.

Холмстың концепциясы Вегенер идеясына жанд импульс беріп, оны одан әрі дамытып, жетілдіре түсуге көп әсерін тигізді. Халықаралық келісімдер бойынша 50-жылдардан бастап, қазіргі кезге дейін жүргізілген мұхиттарды зерттеу жұмыстарынын, нәтижесінде, мобнлистер болжамын дәлелдейтін көптеген жаңалықтар (мұхиторталық тау жоталарының ғаламдық жүйесі, аралдар тізбегі, мұхиттық шұңғымалар, спрединг және субдукция зоналары) ашылды.

Мұхиторталық (тау жоталарындағы) рифт жарықтарының бойымен литосфералық плиталар бөлшектеніп және ығысып Жер қыртысының жас мұхиттық тегі пайда болады. Бұл процесс мұхит түбінің кеңеюі (спрединг) және астеносфера қабатындары мантиялық заттардын, жоғары көтеріліп, олардың рифтік зоналарда жарылыстарға ұшырауымен сипатталады. Осындай активті зона-лармен байланысты вулканизм процестері, жер сілкіну ошақтары және жылу ағынының аномалиялық орталықтары байқалады. Қазіргі кездегі геологиялық және геофизикалық зерттеулер мұхиттардың құрылу схемасы жоғарыда айтылғандай екендігін көрсетеді. Мысалы, Суэцк каналы мен Қызыл теңіздің пайда болуы созылу деформациясымен байланысты екендігі палеомагниттік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дәлелденді деуге болады. Мұхит түбіндегі базальтты жыныстардың (маг-ниттік қасиеттерінің) ертеден сақталған кейбір ерекше-ліктері, бұрынғы эпохаларда болған магнит өрісінің ба-ғытын анықтауға мүмкіндік береді. Магнит өрісінің инверсиялық айырмашылықтары магниттік аномалия-ның жолақ-жолақ болып орналасуынан байқалады. Ин-версияаралық мезгілдің ұзақтығы плиталардың ығысу жылдамдығын көрсетеді (5—10 см/жыл). Жоғарыда айтылғандай “Спрединг” зоналарында Жер қыртысының жаңа тегі құралып жатқанда, планетаның басқа бір аудандарында литосферанын, кейбір блоктары төмен сүңгіп, мантия қабатындары заттармен араласып жатады. Бұл процестер “субдукция” деп аталады. Мұндай аудандарда мұхиттық терең шұңғымалар пайда болады.

Субдукциялық процестерге байланысты орасан зор механикалық энергия бөлініп, соның нәтижесінде жер сілкінуі және вулкан атқылау процестері байқалады. Мұхиттық шұңғымаларда астеносфера қабатының бетімен жылжып жүрген литосфералық плиталардың бір-

222

бірімен кездесіп, қақтығысып-соқтығысуы кезінде, біреуі астына түсіп немесе жоғары шығып жататын жағдайлар да кездеседі.

Жер қыртысының мұхиттық тегі мен континенттік тектерінің арасындағы геотектоникалық процестердін нәтижесінде теңіздердің шеткі бөліктерінің деформациясы, яғни аралдар тізбегінің (доғасының) континентке қарай ығысуы, қатпарлану және тау құралу продестері байқалады. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай (Г. Хесс және Р. Дицтің пікірлері бойынша және

А. Дю.Тойттың айтқанындай) таудың құралуының баска бір жолы континенттердің бір-бірімен соқтығысуы болып саналады (мысалы, Гималай тауының пайда болуы). Субдукциялық процестер туралы көзқарас аралдар тізбегі (доғасы) жөніндегі пікірге сәйкес келеді. Терең қабаттағы жер сілкіну фокустары мұхит жағынан санағанда аралдар тізбегіне (доғасына) қарай созылып, 40—60° бұрышпен құлай жатқан жазық бойында орналасады. Бұл аймақта (В. 3. Б. зонасында) мұиттық жер қыртысының кейбір бөліктері мантия қабатына қарай ауысып, үздік-үздік жылжу әрекеттерімен байланысты Жер сілкіністері байқалады. Литосфералық плита-лардың жылжып, орын ауыстыруына әсер ететін күштер, А. Холмс айтқандай, мантиялық заттардың конвективтік ағындарымен байланысты. Сонымен, континенттр глобальдық масштабта орын ауыстырады, бірақ.Вегенер айтқандай жеке-жеке емес, литосфера-лық ірі плиталардың құрамында, солармен бірге жылжиды деп есептеледі. Спрединг зоналарында литосфераның құрамы ылғи жаңарып отырады, ал субдукциялық зоналарда литосфералық заттар төмен қарай ауысып, астеносфера деңгейінде балқу әрекеттеріне ұшырайды.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, литосфера ірі-ірі плиталардан тұрады. Олар екі жағынан “субдукция” және “спрединг” зоналарымен шектеледі. Әрбір плита спрединг зонасынан субдукция зонасына қарай бір бағытта орын ауыстырады.

“Литосфералық плиталар тектоникасы” атты болжам Жер бетін-дегі барлық геотектоникалық блоктарды бір-бірімен байланыстыра отырып түсіндіреді. Жалпы алғанда, жер қыртысы мен литосфера-ның эволюйиялық даму көрінісін толық береді. Соған қарамастан, кейбір жағдайлар әлі де түсініксіз күйінде қалып отыр. Мысалы, мантия қабатындағы жылу конвекциясыный физикалық негізі нашар түсіндіріледі. Бұл болжам бойынша,



223

мұхиттар литосфералық ірі плиталардың астеносфераі бетімен жылжып орын ауыстыруы (көшіп-қонуы) кезінде пайда болады. “Фиксистердің” концепциясы бойынша, материктер барлық уақытта да өзгеріссіз өздерінің; алғашқы орындарында болған, ал мұхиттар болса, мантериктер базасында мезокайнозойда ғана пайда болады. Бұл процесс Голландия геофизигі Р. Ван Беммеленнің (1954) ұсынысы бойынша “мұхитталу” (океанизация) деп аталады.

Мобилистер Жердің тектоникалық даму тарихында көлденең бағыттағы геодинамикалық қозғалыстардың орны ерекше деп санаса, ал фиксистер — тік жоғары бағытталған қозғалыстардың атқаратын ролі зор деп санайды.

Қазіргі кезде геотектоникалық көп болжамдардың ішінде “Литосфералық плиталар тектоникасының” алатын орны ерекше. Бұл болжамның авторлары ретіндеі америка ғалымдары Гарри Хесс пен Роберт Диц есімдерін атауға болады.

Сондықтан да бұл болжамды толығырақ түсіндіру) үшін оған жеке тоқталамыз.

XIII. “ЛИТОСФЕРАЛЫҚ ПЛИТАЛАР ТЕКТОНИКАСЫ” ТУРАЛЫ ТЕОРИЯ

“Литосфералық плиталар тектоникасы” атты концепция 1967—68 ж. ж. төрт түрлі мобилистік ұғымдарі негізінде қалыптасады. Атап айтқанда: материктері дрейфі; литосфералық плиталардың аралдық доғаларі астына сүңгіп, мантия қабатына батып кетуі (субдукция); мұхит түбінін, (рифт жарықтарын бойлап) ұлғайып кеңеюі (спрединг); литосфералық плиталардьщі трансформалы жарылыстар бойымен көлденең бағытта жылжып, орын ауыстыруы жөніндегі пікірлер.

Плиталар тектоникасының негізгі мазмұнын схема түрінде бұлай түсіндіруге болады: литосфералық плиталар су бетінде қалқып жүрген “айсбергтер” тәрізді планетамыздың ішкі “астеносфера” қабатының бетімен өзінше бір ансамбль құрып, көлденең бағытта көшіп-қонып жүреді. Әрбір плита өзіндік шекаралық ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар дивергенттік, конвергенттік және трансформалы болып үшке бөлінеді. Ман-тиялық заттар плиталардың дивергенттік (ажыраған) шекарасында пайда болған өте терең жарықтарды



224

(рифттік) бойлап, жоғары қарай көтеріледі. Олар біртіндеп суынып, қатая келе Жер қыртысының мұхиттық тегін құрады. Литосфералық плиталардың арасындағы шекара алшақтаған сайын (жүздеген км) жаңа мұхиттық ойпаттар пайда болу мүмкіндігі арта түседі. Плита-лардың конвергенттік (қосылған) шекарасында (мұхиттық литосфераның басқа бір плитамен соқтығысуы кезінде) ірілі-ұсақты жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Соған байланысты аралдық доғалар астында сейсмикалық қозғалыстар күшейіп, вулкандық әрекеттер жиі байқалады.

Литосфера қабатының қалыңдығы мүхит түбінде бірнеше км ғана болса, ал ескі платформалар мен қалқандар (щиттер) астында жүздеген км-ге дейін жетеді.

Литосфералық ірі плиталар саны бар-жоғы 8—1О ғана. Олардың алтауы мүхиттық және континенттік литосферадан (Евразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Үнді-Австралия және Антарктида) құралған. Мұхиттық плиталардық ішіндегі ең ірісі — Тынық мүхит плитасы, ал одан кішілері Наска атты плита. Одан да гөрі кішірек плитаны Кокос, ал соған шамалас материктік плитаны Аравия плитасы деп атайды. Осы плиталардың барлығын қосып есептегенде олар жер бетінің барлық ауданының 85%-ін алып жатады (XIII. 1-сурет).

Ірі плиталардан басқа (геоморфологиялық және сейсмологиялық зерттеулер негізінде) шамамен оншақ-



XIII. 1-сурет. Литосферанын, негізгі плиталары:

1 — мұхиторталық жоталардық рифттік зоналары, 2 — плиталар-дың жылжү бағыты.



225

ты кішігірім (шағын) плиталарды ажыратуға болады. Ұсақ плита-лардың көпшілігі планетарлық белдеулер бойында (Альпі—Гималай және Циркум—Тынық мұхит белдеулері) орналасқан. Олардың шекарасында (сығым күштеріне байланысты) сырғанау немесе сырғу процестері байқалады.

Мұхиттық плита төмен шөгіп, мантиялық заттармен араласу барысында оның құрамындағы тез балқығыш компоненттер одай бөлініп шығып, жоғары қарай көтеріледі. Соның нәтижесінде, құрамы андезиттік және қышқыл жынысты магмалық ошақтар құралады. Мұхиттық плиталардың ауыр компоненттері төмен шөгіп, ал олардың шеткі бөліктері (мантиялық) қызу әсерінен біртіндеп балқи бастайды.

Конвергенттік шекараның басқа бір түрі плиталардың континент-тік шеткі бөліктерінін, қысылып, сығылуы кезінде байқалады. Жер қыртысының континенттік бөліктері (мантиямен салыстырғанда меншікті салмағының жеңілдігіне байланысты) литосфера құрамында калқып жүрген “қалтқының” ролін атқарады. Сондық-тан да олар мантия қабатына терең батып кетпей, оның , беіінде қалқып жүреді. Континентальдық литосферада қысылу немесе сығылу әсерінен әр түрлі жарықтар пайда болып немесе бірінің үстіне бірі шығып кететін жағдайлар байқалады.

Бүйірлік шекараның үшінші бір түрі трансформалы жарықтар мен жарылыстар болып саналады. Көрші орналасқан екі плитаның шеткі бөліктері трансформалы жарықтар бойымен сырғып отырады. Мұндай жарықтар плиталардың дивергенттік және конвергенттік шеткі бөліктерін біріктіреді. Бұл жерде “Плиталар тектоникасы” атты концепцияның (неомобилизм) Вегенер болжамының классикалық вариантымен салыстырғанда өзіндік айырмашылық-тары болатындығын айта кеткен жөн.

Вегенер айтқандай жердің жоғарғы қабаттары, “Мохо” жазықтығының бетімен емес “астеносфера” беті арқылы (200 км-дей тереңдікте) жылжып, орын ауыстырады;

базальтты жыныстар есебінен, мүхиттық литосфера қабатының қалыңдыры (рифттік терең жарықтар арқылы шығып жатқан) бір жағынан көбейіп жатса, екінші жағынан олардың артық үлестері (порциялары) аралдық доғалар астында және континенттердің шеткі аудандарында төмен шөгіп, мантия қабатына араласып

226

жатады. Соның нәтижесінде компенсациялық тепе-теңдік байқалады;

жердің терең қабатында мантиялық заттармен араласып жатқан мұхиттық плитаның әрі жеңіл және тез балқығыш компоненттері жоғары қарай көтеріліп, құрамы андезиттік магмалық ошақтар пайда болады. Соған сәйкес, жер қыртысының континенттік тегі құралады.

Вегенер айтқандай, плиталардың қозғалыс механизмі Жердің өз осінен айналу жылдамдығына тәуелсіз, ал мантия қабатын түгел қамтитын конвекциялық ағындарға тәуелді болады деп саналады. Мұндай ағындар мантиялық заттардың дифференциациялық жіктелу (ауыр және жеңіл компоненттерге) процестерімен тікелей байланысты. Ауыр элементтер төмен сарқылып ядро қабатын толықтырса, ал жеңіл компоненттер жоғары көтеріліп жер қыртысына, гидросфера және атмосфера қабаттарына қосылып жатады (Сорохтин, 1974—1979; Ушаков, 1974).

Мантиялық конвекция ағындарының бағыттық өзгерістері материктердің бөлшектенуіне, сонымен қатар кейбір жерлерде мұхиттардың жаңа орындарының пайда болуына, ал кейбір аудан-дарда ескі мұхиттардың жабылуына әкеліп соғады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде континенттердің (шеткі бөліктерінің) бір-бірімен соқтығысуы кезінде қатпарлы тау жоталары құрылады (мысалы, Альпі—Гималай).

Осы уақытқа дейін іргелі деп саналып келген геосинклиналды-платформалық теорияның көп жағдайлары соңғы кездерде жаңа мобилистік болжам негізінде қайта қаралуда. Бұл болжам литос-фераның эволюциялық даму ерекшеліктерін және геотектоникалық режимнің цикл сайын ауысып және қайталанып отыратындығын өзінше түсіндіреді. Геотектоникалық циклдері “Уилсон циклі” деген атпен белгілі (\Уі1зоп, 1966) болып, геологтар арасында кең таралып кетті.

Бұл циклдің алғашқы стадиясында материктерде жиі байқалатын дөңес пішінді құрылымдар (мысалы, ¥лы Африкалық рифттік зоналар) қалыптасады; келесі стадиясында материктер бөлшектеніп, мұхиттардың жаңа орындары айқындалады (мысалы, Қызыл теңіз және Аден шығанағы); үшінші стадия кезінде мұхит түбі кеңейіп, оның жалпы көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар, мұхит түбінің шеткі (перифериялық) бөліктерінде шөгінді жыныстарынын. қалың (15—18 км) қабаттары жинала-

227

ды (мысалы, Атлант мұхитының көпшілік бөлігі және Үнді мұхиты-ның солтүстік-батыс бөлігі). Мұхит түбінід кеңеюі оның көлемінің азайып, қысқару стадиясымен алмасып отырады Соған байланысты, мұхиттық литосфераның шеткі бөліктері төмен шөгіп, аралдық доғалардың және материктердің шеткі бөліктері мен шеткі теңіз-дердің қарқынды дамуы байқалады (мысалы, Тынық мұхиты және Үнді мұхитының солтүстік-шығыс бөлігі). Мұхит көлемінің қыс-қаруы аралдық доғалардың және материктердің шеткі бөліктерінің бір-бірімен соқтығысуына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде литосфера сығылу әрекеттеріне ұшырап, ғаламдық көлемде тау белдеулері құралады Ең соңында, мұхит орындары түгелдей жабылуға дейін барады.

Сығым күштерінің азаюы (мантиялық конвекция ағындарының бағыттарының өзгерістері нәтижесінде) сығылмалы белдеулердің даму қарқынының бәсеңдеуіне әкеліп соғады. Соның нәтижесінде платформалық режим қалыптасып, олар плиталық ішкі режимге ауысады.

“Плиталар тектоникасы” атты концепция тұрғысынан қарағанда, әрбір ескі геосинклиналдық зона бір кездегі ірілі-ұсақты мұхиттар-дың құрылымдық жапсарлары болып саналады. Осындай жапсарлы зоналарда бір-бірімен көрші орналасқан аудандарда кездесетін тау жыныстарының әр түрлі құрылымдық-фациальдық комплекстері бір-бірінен жүздеген немесе мыңдаран км қашықтықта да құралуы мүмкін.

Неомобилистік позиция, фиксистердің позициясымен салыс-тырғанда, палеотектоникалық реконструкция жұмыстарын орындауда алгоритмдердің дәлірек және айқын болуын талап етеді. Тек ең басты геотектоникалық оқиғалардың болған уақытын рет-ретімен реконструкция жасап қана қоймай (индикаторлық тау жыныстарын пайдалана отырып) олардың қандай жерлерде болған-дығьш да анықтай білу керек. Материктер мен мұхиттардың (көне дәуірлердегі) бұрынғы орындарын дәл анықтау үшін, палеомагнит-тік зерттеулер пайдаланылады. Палеомагниттік геофизикалық зерттеу жұмыстары (тарихи геологияның дамуына көп әсерін тигізіп) планетамыздьщ эволюциялық даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындап реконструкциялық жұмыстарды дәлірек жүргізуге мүмкіндік берді.

Геотектоникалық зерттеу жұмыстарының қазіргі кездегі ең басты бағыты осы уақытқа дейінгі геология-



228

лык факторларды неомобилистік тұрғыдан қайта қарап, жаңа интерпретациялық жұмыстарымен айналысу болып саналады. Мұндай жұмыстар соңғы 20 жылдың ішінде халықаралық келісім-дер бойынша қабылданған әр түрлі жобалар негізінде дүниежүзілік масштабта жан-жақты жүргізілуде.

Фанерозойлық ең басты литосфералық плиталардың ғаламдық көлемде қозғалу механизмін түсіндіретін геометриялық модель жасалынды (Англияда — А. Г. Смит т. б. 1973; ТМД-да

Л. П. Зоненшайн, А. М. Городницкий 1977; Канадада —

Е. Р. Канасевич және т. б. 1978).

Осыдан 500—550 млн. жылдар бұрын материктер мен мұхит-тардың кеңістікте орналасу жағдайы қазіргі кездегімен салыстыр-ғанда 90°-қа ауысып орналасқан деп саналады.

Мұхит түбінің кеңею кезеңінің ең максималь жағдайы трансгрес-сиялық, ал спрединг жылдамдығы минималь болған кезде ғаламдық көлемде регрессиялық процестер байқалады (Ушаков, Галушкин, 1983).

Материктер мен мүхиттардьщ кеңістікте алып жатқан орны климат жағдайына да үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, материктердің полюстерге жақын орналасуы (альбеданың ұлғаюына байланысты) полярлық облыстардың суынуына және мұздықтардың көбейіп, қалыңдауына әкеліп соғады. Соған байланысты полюстегі материк-терді ғаламдық көлемдегі тоңазытқыштар деуге болады.

Материктердің полярлық зонадан біртіндеп алыстауына байланыс-ты олар жылына бастайды. Мұндай қорытынды — фанерозой кезең-ін түгел қамтитын палеоклиматтық реконструкциялық зерттеу жұмыстары негізінде жасалды (Ушаков, Ясаманов, 1984).

Климаттың қалыптасуына үлкен әсер ететін тағы да бір маңызды фактор ретінде (плиталар тектоникасымен байланысты ғаламдық көлемде байқалатын) трансгрессиялық және регрессиялық процес-терді атауға болады. Трансгрессия кезінде (мұхиттық литосфераның үлкен жылдамдықпен қозғалуына байланысты) Жер бетіндегі климат өте жұмсақ болып, ал регрессия кезінде қатал, суық климат қалыптасып, климаттық зоналар айқындалады. Материктердің полюстерге жақындығы және регрессиялық процестердің қатар байқалуы ірі мұз жамылғыларының пайда болуымен аяқталады.

Осы айтылған факторлардын, барлығы да “Плиталар тектоника-сы” атты концепцияның (соңғы 20 жылдық


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет