Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 2.97 Mb.
бет5/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

50

5. Сауыстанған агрегаттар — үлкенді-кішілі үңгірлер мен қуыстарда ыстық су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі пішінде (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай және т. б.) кездеседі.

6. Топырақ тектес жэне тығыз агрегаттар — экзогендік әрекеттерге байланысты құралады. Оларды құрайтын минералдық заттар жай көзбен көрінбейтін өте майда және өте тығыз түйіршіктерден тұрады (мысалы, халцедон).

Топырақ тектес агрегаттарды құрайтын минералдық түйіршіктердің арасындағы байланыс өте әлсіз, сондықтан олар оңай ұнтақталады (мысалы, каолин).

7. Үгілу процестеріне байланысты, тау жыныстары жарықшақтарының тік қабырғаларының ішкі бет жақтарын түгелдей жауып, өзіндік жұқа қабық (пленка) құрайтын немесе әр түрлі құбылмалы бояулар түрінде кездесетін агрегаттық пішіндер де болады. Солардың бір түрі — дендриттер, Олар минералдық заттардың жұқа жарықшақтарда кристалдануынан пайда болады; сыртқы пішіндері өсімдік жапырақтарының қалдықтарына өте ұқсас болып келеді.

Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың көпшілігі өзіндік физикалық қасиет ерекшеліктеріне қарай, макроскопиялық жолмен (жай көзбен-ақ) анықталып, бір-бірінен оңай ажыратылады. Ол үшін ең ал-дымен әрбір жеке минералдың физикалық қасиеттерін білу керек. Кейде бұл қасиеттерді анықтамалық белгі-лер деп те атайды.

Сонымен бірге минералдардың физикалық қасиеттерін жете білу — оларды өндірісте, тұрмыста толық қолдана білу үшін өте қажет.

Минералдардың ең басты физикалық қасиеттеріне түрі мен түсін, сызылу түсін (дағын), жылтырлығы мен мөлдірлігін, сынғыштығын, иленгіштігін, серпімділігін, жымдастығын, кристалдың құрылыс ерекшеліктерін, сыртқы пішінін және т. б. қасиеттерін жатқызуға болады.

1. Түсі. Минералдар химиялық құрамына, құрылыс ерекшелік-теріне және қоспаларына қарай әр түрлі бояуларға боялады. Қейбір минералдардың түрі мен түсі тұрақты болып келеді (мысалы, пирит — ашық сары, малахит — жасыл, азурит — көк және т. б.). Мұндай жағдайда минералдар өзіндік бояу түсіне қарай ажыра-

51

тылады. Бірақ, көбінесе бұл белгі тұрақты емес (мысалы, дала шпаттары — ақ, сары, қызыл, жасыл, күңгірт-сұр түсті болып, ал кальцит — ақ, сары, жасыл, көгілдір, кейде қара түсті болып та кездеседі). Сондықтан минералдарды бір-бірінен тек бояу түсіне ғана қарап ажыратуға болмайды, оның қосымша басқа белгілеріне де көңіл аудару керек.

Практика жүзінде, минералдардың түсі тұрмысымызда көп кездесетін, күнделікті өмірде жиі қолданылатын таныс заттармен салыстыра отырып анықталады (мысалы, сүт түсті — ақ, сабан түсті — сары, кірпіш түсті — қызыл).

Кейде жылтырлығы металл тектес минералдардың түсін анық-тағанда, минералдың бояу түсіне қосымша кең таралған металдардың атын қосып айтады (мысалы, қорғасындай сұр, жездей сары, темірдей қара, қалайыдай ақ, мыстай қызыл-сары және т. б.). Минералдардың бояу түсін дәл анықтау үшін, әрқашанда оның таза жаңа сындырылған бетін байқап қарау керек.

2. Сызылу түсі (дағы). Кейбір минералдардың сызылу түсі (ұнтақталған күйдегі түсі) оның кесек қалпындағы түсімен сәйкес келмейді. Сондықтан минералдардың сызылу түсін де ажырата білу керек. Минералдың сызылу түсі таза фарфор сынығының бетіне сызып көру арқылы анықталады. Егер анықталатын минералдың қаттылығы фарфор (6) сынығынан артық болса, онда ол минерал ұнтақталмайды, сондықтан фарфор бетінде тек сызықтың ізі ғана сақталады. Ал керісінше, егер оның қаттылыры фарфордың қаттылығынан кем болса, онда ол минералдың ұнтақталған ізі (дағы) фарфор бетіне жұғады. Мысалы, ақ бормен қара тақтаға жаз-ғанда, бордың ұнтағы ақ сызық болып тақтада із қалдырады. Демек, сызылу түсі дегеніміз минералдың өте майда тозаң түріндегі (ұнтақталған кездегі) жұққан ізінің (дағының) бояу түсі деп түсінеміз.

Сызылу түсін анықтау кейбір минералдар үшін өте қажет. Мысалы, темір тотықтарының кесек қалпындағы түстері көбінесе қоңыр-қара болып келеді, ал сызылу түстері қара (магнетит), қызыл (гематит) және сары (лимонит) болып ажыратылады.

3. Жылтырлығы. Минералдардың жылтырлығы олардың жарық сәулесін жұту, сындыру немесе шағылыстыру қабілеттеріне қарай анықталады. Олардың шағылыстыру қабілеті неғұрлым күшті болатын болса, онда соғұрлым жылтырлығы да жоғары болмақ. Жылтырлық

52

қасиетіне қарай барлық минералдарды үш топқа, яғни металдық, шала металдық және металдық жылтырлығы жоқ минералдарға ажыратура болады.

Металдық жылтырлық көбінесе металдарға тән қасиет. Мөлдірлігі жоқ минералдардың жылтырлығы металдық болып саналады (мысалы, жеке кездесетін металдар және сульфидтердің көпшілігі).

Шала металдық жылтырлық сыртқы беттері көмескіленген, күңгірт бояулы металдарға ұқсас болып келеді (мысалы, графит, гематит).

Үшінші топқа жататын (металдық жылтырлығы жоқ) минералдар: шыныша (мысалы, тау хрусталі, кальцит, галит және т. б.); сабынша (мысалы, кварц сынығы); құбылмалы (мысалы, слюдалар, гипс); жібекше (мысалы, асбест); алмазша (мысалы, алмас, сфалерит); топырақша (мысалы, каолинит) жылтырлықтар болып қосымша топтарға жіктеледі.

4. Мөлдірлігі деп, минералдардың жарық өткізгіштік қасиетін айтады. Олар мөлдір (тау хрусталі), шала мөлдір (халцедон) және мөлдір емес (пирит) минералдар болып бөлінеді.

5. СЫНҒЫШТЫҒЫ. Минералдардың сынғыштығы оның қаттылығымен байланысты. Бұл қасиеттің минералдарды анықтаудағы ролі шамалы. Алайда, кейбір минералдарды анықтағанда бұл қасиетті де ескеруге болады. Минералдың үлгісін балғамен ұрып сындырғанда, оның сынықтарының ұсақ бөлшектері әр түрлі пішінде байқалады. Мысалы, ұлу қабыршақтары секілді болып (кварц) немесе тікенек тәрізді болып (алдамшы мүйізше — роговая обманка), кейде кәдімгі саз балшық жыныстар секілді (каолинит) немесе ұсақ түйіршіктер түрінде шашырай сынады.

6. Жымдастыры. Минералдардың белгілі бір бағытта параллель жақтар құрап, жекеленген жұқа қабаттарға бөлшектеніп жіктелу қасиетін жымдастық деп атайды. Минералдардың жымдастығы өте жақсы жетілген, жақсы жетілген, орта, нашар жетілген және жым-дастығы жоқ немесе жетілмеген минералдар болып ажыратылады.

Өте жақсы жетілген жымдастық жұқа қабаттарға оңай және тез бөлшектеніп, жеке пластинкалар түрінде жіктелетін минералдарда (слюдалар, гипс) байқалады.

Жақсы жетілген жымдастық балғамен ұрып қалғанда минералдың ірілі-ұсақты жеке бөлшектерінің тегіс



53

пішінді параллель жақтар құрап, ыдырауынан байқалады (кальцит).

Орта дәрежелі жымдастық минералдардың бөлшектеніп ыдырауы кезінде олардың кейбір жақтары тегіс пішінді болып, ал кейбіреулерінің қалай болса солай сынатындығынан көрінеді (пироксендер).

Нашар жетілген жымдастық минералдардың сынық бөлшектерінін, көпшілігі жетілмеген пішінде, ал тегіс пішінді бөлшектері бірен-саран ғана болған жағдайда байқалады (апатит, оливин).

Жымдастығы жетілмеген минералдарда жымдастық жоқ болады немесе өте сирек байкалады (кварц, пирит).

7. Қаттылығы. Сыртқы күштердің механикалық әсеріне (тырнап сызу, қысу және т. б.) минералдардын, қарсыласу (қарысу) дәрежесін қаттылық деп атайды. Әдетте, қаттылықты анықтау үшін бір минералды екінші минералмен сызып көреді. Неміс ғалымы Моостың ұсынысы бойынша минералдардың салыстырмалы

қаттылығын анықтау үшін эталондық үлгі ретінде он минерал таңдап алынған.

Осы минералдардың ішіндегі ең жұмсағы — бірінші болып нөмірленген де, ең қаттысы оныншы болып нөмірленген (IV. 3-кесте).

IV. 3 - к е с т е

Моостың қаттылық шкаласы



Бұл шкаладағы әрбір үлкен нөмірлі минерал өзінен кейіңгі кіші

нөмірлі басқа минералдың бетіне сызық түсіре алады.

54

Моос шкаласын пайдаланып, белгісіз бір минералдыц қаттылығын анықтау үшін оның тегіс жағын таңдап алып эталондық минералдың біреуімен сызып көреді (мысалы, кварцпен делік). Егер кварц анықталатын минерал бетінде сызық қалдыратын болса, онда келесі орындағы минералмен (ортоклазбен) сызып қарайды. Анықталатын минерал ортоклазбен сызылмай, керісінше, оның бе-тінде сызық қалдырса, анықталатын минералдьщ қаттылығы жетіден төменде, алтыдан жоғары, яғни 6,5 деуге болады.



Практика жүзінде минералдардың қатгылығын анықтау үшін, күнделікті өмірде жиі қолданылатын заттарды пайдаланады. Мысалы, қарындаш ұшының қаттылығы—1, тырнақтың — 2—2,5, қола монетасының (тиын ақшаның) — 3,5—4, шынының — 5, болат пышақтың — 6.

Шартты түрде барлық минералдарды қаттылығына карай (шамамен) төрт топқа бөлуге болады:

1) Жұмсақ минералдар (тальк, графит, гипс) тырнақпен оңай сызылады.

2) Қаттылығы орташа минералдар (ангидрит, кальцит, халькопирит және т. б.) шыныға сызық түсіре алмайды, ал тырнақпен сызылмайды.

3) Қатты минералдар (кварц, дала шпаттары және т. б.) шыныға сызық қалдырады, ал кварцта сызық қалдыра алмайды.

4) Өте қатты минералдар (топаз, корунд, алмас) кварц бетінде сызық қалдырады.

8. Меншікті салмақ туралы ұғым бізге физикадан және химиядан да белгілі. Алайда еске түсіре кетелік.

Заттың салмарын оның көлеміне бөлу арқылы меншікті салмақты анықтайды. Демек, меншікті салмақ дегеніміз, әрбір заттың жеке-дара бірлік көлеміне келетін салмақтың сыбағалы мөлшері деп білеміз.

Минералдардың меншікті салмағы 1—23,0 аралығында байқалады. Олардың дәл шамасы тек лабораторнялық жағдайда ғана анықталады. Ал шамамен айтқанда (алақанға салып, салмақтап көру арқылы) барлық минералдар ауыр-жеңілдігіне қарай, 4 топқа бөлінеді:

1) жеңіл минералдар (меншікті салмағы — 2,5-ға дейін);

2) салмағы орташа минералдар (меншікті салмағы 2,5—4-ке дейін);

55

3) ауыр минералдар (меншікті салмағы 4—10-ға дейін);

4) өте ауыр минералдар (меншікті салмағы оннан жоғары қарай).

Минералдардың шығу тегі (генезисі). Минералдар шығу тегіне қарай эндогендік және экзогендік (жер бетілік) болып екіге бөлінеді. Эндогендік минералдардың түзілуі ең алдымен магмалық әрекеттерге байланысты:

1. Магманың (негізгі құрамы кремнийден тұратын жоғары температуралы балқыма) алғашкы үлесінен бірінші кезекте түзілген минералдар (алғашқы магмалық) жетік пішінді кристалдар түрінде құралады.

2. Магманың қалған үлесінсн екінші кезекте пайда болған минералдар, әдетте ірі кристалдар құрайды (пегматиттер).

3. Магмадан бөлініп шыққан ыстық су мен су буы және газ аралас ерітінділерден пневма-гидротермалық (латын тілінде “пневма” — газ, “гидротерма” — ыстык су деген мағынада) минералдар құралады.

4. Магмалық әрекеттердің ең соңында (жер қыртысының жоғарғы қабаттарында) тау жыныстарының үлкенді-кішілі жарықтары мен жарыкшақтарын бойлап. әр түрлі тереңдікте (жоғары, орта және төкен температуралы) гидротермалық минсралдар тобы түзіледі.

Экзогендік минералдар сулы ортада тұнбалар түрінде және эрозиялық-денудациялык үгілу (физикалык, химиялық және биохимиялық) проііестеріне байланысты түзіледі.

Осындай жолдармен пайда болған алғашқы магмалық немесе шөгінді минералдар кейінірек, жердің ішкі терең қабаттарында термодинамикалық жаңа жағдайда (үлкен қысым, жоғары температура) азды-көпті өзгерістерге (құрамы мен құрылысы және құрылымы жағынан) ұшырап, жаңа типті минералдар (метасрфтық) құралады.

Минералдардың жіктелуі. Жер қыртысында кездесетін барлық минералдар химиялық құрамына және ішкі кұрылыс ерекшелік-теріне қарай жеке топтарға жіктеледі:

1. Жеке элементтер тобына бір ғана химиялық элемент түрінде жеке-дара кездссетін минералдарды (алтын, платина, күміс, алмас, графит, мыс, күкірт және т. б.) жатқызады. Олар табиғатта сирек кездеседі (күкірт пен графиттен басқалары). Мұндай минералдардың

56

қоғам өміріндегі маңызы орасан зор. Сондықтан өте қыімбат бағаланады.

2. Күкіртті қосындылар (сульфидгер) тобына жатаын минералдар (галенит, сфалерит, борниг, халькопирит, пирит, арсенопирит, пирротин, пентландит, киноварь, антимонит, молибденит жәнет. б.) түсті металдардың рудасы болып саналады. Олардың маңызы өте зор.

3. Галоидты қосындылар (галогенвдлер) фторлы-, бромды-, иодты-сутекті қышқылдардың тұздары (галиг, сильвин, карналлит, флюорит) түрінде кездеседі. Олардың ішінде хлорлы қосындылар кең таралган.

4. Оксидтер (тотықтар) және гидрооксидтер (сулы тотықтар) — химиялық элемснттердің оттегі мен гидроксильдік топ (ОН) қосындысы түрінде кездеседі. Олардың кейбіреулері ғана (кварц, диаспор және т. б.) тау жыныстарын құраушы минералдар, ал көпшілігі рудалық минералдар (уранинит, касситерит, псиломелан, пиролюзит, корунд, ильменит, гематит, магнетит, лимонит, куприт және т. б.) қатарына жатады.

5. Карбонаттар тобына жататын минералдар (сидерит, кальцит, малахит, азурит, церуссит, смитсонит және т. б.) көмір қышқылының тұздары болып саналады. Олардың кейбіреулері шөгінді және метаморфтық тау жыныстарын құрайтын минералдар (доломит, магнезит, кальцит) ретінде белгілі.

6. Сульфаттар күкірт қышқылының тұздары (ангидрит, англезит, барит, алунит, ярозит, гинс және т. б.). Олар суда жақсы ериді, сондыктан химиялық шөгінділср-түрінде жиі кездеседі.

7. Фосфаттар фосфор қышқылының тұздары (фосфорит, монацит, ксенотим, апатит вивианит) түрінде түзіледі.

8. Силикаттар тобына жататын минералдар (оливин, гранат, дистен, эпидот, берилл, пироксендер, амфиболдар, слюдалар, хлориттер, тальк, серпентин, дала шпаттары, нефелин және т. б.) жер қыртысында кездесетін-барлық минералдардың үштен бірін қамтиды және олардың жалпы массасының ~85%-ін құрайды.

Силикаттардын, құрамы мен құрылысы басқа топтағы минералдармен салыстырғанда өте күрделі. Олардың негізгі құрамы кремний тотығынан тұратын тетраэдрлер [SіО4]4- тобынан құралады. Егер кремний алюминий-мен азды-көпті мөлшерде орын алмасатын болса, онда олар алюмосиликаттар деп аталады.



57

Барлық силикаттар (өзіндік кристаллохимиялық құрылыс ерекшеліктеріне қарай) мына төмендегідей топтарға ажыратылады:

1. Кешенді анионы оқшауланған тетраэдрден тұратын силикаттар (мысалы, оливин, гранат, циркон, топаз және т. б.)-

2. Тетраэдрлердің жеке топтарынан түзілген силикаттар (берилл, турмалин және т. б.) өзара түйықталып жалғаса келе, жекеленген арал пішіндес құрылым құрайды. Олардың төрт түрі бар:

а) екі тетраэдрден тұратын қоспа топ— [Sі2О7]6~

б) үш тетраэдрден тұратын сақиналы топ— [SізО9]6~

в) төрт тетраэдрден тұратын сақиналы топ — [Si4012]8-

г) алты тетраэдрден тұратын сақиналы топ — [Sі6018]12-

3. Үздіксіз тізбек құрайтын тетраэдрлерден түзілген силикаттар. Олар:

а) жеке тізбекті силикаттар (пироксендер) — [SіО3]2-

б) қос тізбекті (ленталы) силикаттар (амфиболдар) — [Sі4О11]6- болып ажыратылады.

4. Тетраэдрлердің үздіксіз қабаттарынан тұратын силикаттар (слюдалар, тальк, хлориттер және т. б.) [Sі^Оз]2" жымдастығы бір бағытта өте жақсы жетілген, қабатталған қабыршақтар немесе жапырақтар түрінде түзілген минералдар құрайды.



5. Тетраэдрлердің үздіксіз каркасынан (қанқасынан) тұратын силикаттар мен алюмосиликаттар (альбит, оли-гоклаз, андезин, лабрадор, битовнит, анортит, микро-клин, ортоклаз, нефелин және т. б.).

Силикаттар тау жыныстарын құраушы минералдар деп те аталады.

ІҮ.З. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ПЕТРОГРАФИЯЛЫҢ

ҚҰРАМЫ

Жер қыртысын құрайтын негізгі денелер — тау жыныстары болып саналады. Олардың пайда болуын, түзілу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін, құрамы мен құрылысын, таралуы мен шоғырлануын және т. б. қасиеттерін зерттеп білмейінше, кен-орындарын іздеп-табу және барлау жұмыстарын тиімді түрде жүргізу мүмкін емес. Тау жыныстарын зерттейтін геологияның жеке бір саласын—петрография (грекше “петрос” — тас, жыныс, “графо” — жазамын деген мағынада) деп атайды.

58

Тау жъшыстары дегеніміз табиғи жағдайда, әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер қыртысында құралған бір тектес минералдық агрегаттардық парагенетикалық (біріге жаратылу деген мағынада) тұрақты ассоциациясы (бірігуі, бірге кездесуі). Олар жер қыртысында өзіндік пішіндерімен сипатталатын көлемі әр түрлі денелер (үлкенді-кішілі) түрінде кездеседі. Қолдан жасалған (жасанды) агрегаттарды (цемент, шлак, керамика және т. б.) тау жыныстары деуге болмайды. Сол сияқты қазіргі кездегі жас шөгінділер де (мысалы, өзен арналары мен теңіз жағалауларында кездесетін құмдар мен саздар) тау жыныстарына жатпайды. Өйт-кені, олар қазіргі кезде жүріп жатқан, әлі толық аяқ-талмаған геологиялық процестердің өнімі болып есептеледі.

Тау жыныстарының түзілуіне әкеліп соғатын геоло-гиялық әрекеттерді петрогенездік процестер деп атайды. Мұндай процестер үшке бөлінеді:

1. Жер қойнауынан жорары көтерілген, құрамы силикаттық балқымалардың (магманың немесе лаваның) табиғи жағдайда суынып, кристалдық денелер түрінде қатаюы. Соның нәтижесінде магмалық жыныстардың түзілуі.

2. Бұрын (ертеректе) пайда болған тау жыныстарының жердің беткі қабаттарында бұзылып, үгіліске ұшырауы және үгілу заттарынын, тасымалданып әр түрлі шөгінді қабаттардың, жиналуы (сулы ортада). Кейінірек, олардың тығыздала келе әр түрлі ерітінділермен цементтеліп, шөгінді жыныстардың түзілуі (диагенез).

3. Физикалық-химиялық жағдайлардың (р, Т) өзгеруі нәтижесінде алғашқы магмалық немесе шөгінді жыныстардың қайтадан кристалданып, жаңа типті (метаморфтық) тау жыныстарынын, құралуы.

Тау жыныстарының құрамы мен құрылыс ерекшеліктерінің және сыртқы көрінісінің қалыптасуына әсерін тигізетін ерекше жағдай фациальдық жағдай (латынша “фацио” — түр, бейне, сыртқы пішін деген мағынада). Басқаша айтқанда, фация дегеніміз, белгілі бір табиғи ортада бір-біріне ұқсас жағдайда түзілген тау жыныс-тарының біртектес комплексі. Сонымен, жер қыртысын құрайтын барлық жыныстар генетикалық үш топқа: магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың ішінде тек магмалық жыныстар ғана (жаратылысы жағынан алғанда) алғашқы (ювенильдік) жыныстар болып, ал қалғандары (шөгінді және метаморфтық)

59

2-сурет .Тау жыныстарының жер қыртысында (А) және жер бетінде таралуы (Б).

ең алғашқы көне жыныстардың әр түрлі жағдайда өзгерістерге ұшырауынан кейін барып пайда болады. Сондықтан да, магмалық жыныстардың неліктен жер қыртысында көп болатындығы түсінікті. Мысалы, жер қыртысының 16 км-лік тереңдігіне дейінгі аралықта тау жыныстарының 95%-і магмалық жыныстар, тек 5%-і ғана метаморфтық және шөгінді жыныстардан түзіледі. Ал жер бетіндегі көрініс басқаша: шөгінді жыныстардың үлесіне — 70—75%; магмалық және метаморфтык жыныстардың үлесіне — 25—30% қана тиеді (IV. 2-сурет).

Барлық минералдар тау жыныстарының негізгі құрамын құраудағы атқаратын роліне қарай: ең басты және қосымша (қосалқы) минералдар болып екіге бөлінеді.

Басты минералдар (мөлшері жағынан алғанда) тау жыныс-тарының негізгі құрамын құрап, оны белгілі бір түрге жатқызуға тікелей әсер етеді. Мысалы: кварц, калийлі дала шпаты, қышқыл плагиоклаздар және биотит граниттің; нефелин нефелинді сиениттің құрамын құрайтын басты минералдар болып саналады.

Табиғатта кездесетін минералдардың жалпы саны өте көп болғанымен, олардың ішіндегі жиырма-отызы ғана тау жыныстарының негізгі құрамын кұрайды. Олардың ішінде силикаттар мен алюмосиликаттар маңыздьг роль атқарады, ал карбонаттар, сульфаттар, фосфаттар және галоидтар тобының маңызы шамалы ғана.

Қосымша минералдар акцессорлық минералдар деп аталады. Олар тау жыныстарының құрамында өте аа

60

мөлшерде кездеседі. Белгілі бір тау жынысыньщ кұрамындағы басты минерал, екінші бір жағдайда, басқа бір жыныстың құрамында қосымша минералдың ролін аткарады. Мысалы, апатит Хибин тундрасындағы апатитті жыныстардың басты минералы болып саналса, ал граниттің құрамында тек акцессорлық минерал түрінде ғана кездеседі.

Рудалық минералдар (хромит, магнетит, ильменит, пирит және т. б.) тау жыныстарының құрамында қосымша минералдар түрінде кездесіп, шашыранды түйіршіктер құрайды.

Тау жыныстарының құрамына кіретін минералдар (түзілу уақытына қарай) бірінші және екінші кезекте пайда болған минералдар болып бөлінеді.

Бірінші кезектегі минералдар тау жыныстарының алғашқы жаратылысында олармен бірге түзіледі, ал екінші кезектегі минералдар, кейінірек бірінші кезектегі минералдар негізінде (әр түрлі геологиялық өзгерістер нәтижесінде) пайда болады.

Тау жыныстарын құрайтын кейбір минералдар бір жағдайда бірінші кезекте, ал басқа бір жағдайда екінші кезекте түзіледі. Мысалы, карбонаттар магмалық жыныстардың құрамында екінші кезекте пайда болған, ал шөгінді жыныстардың құрамында бірінші кезектегі минералдар ретінде ізбестастардың, доломиттердің және магнезиттердің қалың қабаттарын құрайды.

Тау жыныстары (минералдардың санына қарай) мономинералды (бір минералдан ғана тұратын) және полиминералды (көп минералдан тұратын) болып бөлінеді.

Мономинералды тау жыныстарына, мысал ретінде кварцитті, мраморды, лабрадоритті, ал полиминералды жыныстарға — гранит, диорит, габбро, гнейс және т. б. келтіруге болады. Полиминералды жыныстар мономинералды жыныстарға қарағанда жер қыртысында кең таралған. Экспедициялық дала маршруттары кезінде тау жыныстарының минералдық құрамы макроскопиялық жолмен (жай көзбен қарағанда) алдын ала анықталады. Қейінірек лабораториялық жағдайда тау жыныстарының үлгілерінен (жұқа кесінділер түрінде) шлифтер дайындалып, олар микроскоп арқылы зерттеледі.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде тау жыныстарының Құрамы мен құрылымдық (текстуралық және структуралық) ерекшеліктері дәлірек анықталады.

61

Тау жыныстарының минералдық құрамы мен химиялық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың химиялық құрамы арнаулы лабораторияда химиялық әдістер арқылы анықталады. Талдау жұмыстарының нәтижесі оларды құрайтын негізгі химиялық элементтер тотықтарының (SіО2, А12О3)2Оз, FеО, МgО, СаО, Nа2О, К2О және т. б.) проценттік мөлшері түрінде көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тау жыныстарын топтастыруда (химиялық құрамына қарай) кеңінен пайдаланылады.



Тау жыныстарының жалпы құрылысы оны құрайтын минерал-дардың құрылымдық ерекшеліктерімен (структуралық және текстуралық) анықталады.

Тау жыныстарының құрамына кіретін минералдардың жеке кристалдарының жетік пішінділігі мен кристалдық мөлшерінің абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштерін қамтитын термин құрылым (структура) деп аталады. Ал олардың орналасымы (текстурасы) минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) бірыңғай ба-ғытта созыла орналасу тәртібіне және өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне қарай анықталады.

V. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ЖАСЫН АНЫҚТАУ

(геологиялық жылнама)

Ү.1. ЖЕРДІҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Жердің және жер қыртысының жасын және оның даму тарихында болып өткен ірі оқиғалардың болған уақытын анықтай білу мәселелері ғалымдардың назарынан ешуақытта да тыс қалған емес. Өйткені бұл проблемаларды шешудің теориялық және практикалық маңызы өте зор.

Қазіргі кезде Жердің даму тарихы геологиялық және оған дейінгі планетарлық (немесе ғарыштық) кезеңдер болып екіге ажыратылады.

Геологиялық кезеңге дейінгі (планетарлық) уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртыстарының құралуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқыт лы зерттеп-білу мүмкін емес. Жердің (ғарыштық дене ретінде) пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл кезең:

62

нің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттардың белгілі геосфераларға жіктеліп литосфера, атмосфера және гидросфера қабаттарының құралуымен сипатталады.

Геосфераларға жіктелу процесі алғашқы протопланеталық заттардық тығыздалуымен қатар байқалады. Тығыздалу кезінде протопланеталық заттар қызуға ұшырайды; қызу мөлшері радиоактивтік процестерге байланысты онан сайын арта түседі; температураның ұлғаюы заттардың гравитациялық жіктелуін тездетеді; жердің алғашқы құрамындағы газдар бөлініп шығып, атмосфера қабатын құрайды.

Алғашқы атмосфера құрамында көмір қышқыл газы және су булары көп болғандықтан Күн сәулесін өткізбейді, сондықтан жер бетінің жылулығы ішкі жылулықка байланысты өзгереді. Атмосферанын, төменгі қабаттарында (жер бетіне жақын аймақтарда) изотермиялық жағдай қалыптасады. Бұл жағдайда гидрометеорологиялық өзгерістер байқалмайды.

Жерді құрайтын алғашқы (протопланеталық) заттардың тығыздалуы мен жеке қабаттарға жіктелуі аяқталысымен жер беті және атмосфера қабаты суына бастайды. Соған байланысты су булары конденсациялық әрекеттерге ұшырап гидросфера қабаты құралады, сонымен қатар атмосфераның Күн сәулесін өткізгіштік қабілеті артады. Жер бетінің әр түрлі дәрежеде (Күн сәулесінің әсеріне қарай) қызынуына байланысты ауа және су массалары қозғалысқа араласып жалпы планетарлық (атмогидроайналым) өзгерістер байқалады.

Бұл жағдай экзогендік процестердің дамуына әкеліп соғады. Сонымен, экзогендік процестердің басталуы (Жердің даму тарихында) геологиялық кезеңнің бастамасы болып саналады.



Геологиялық кезең — Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан басталып қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экзогендік процестердің нәтижесінде Жер бетіндегі жыныстар үгіліске ұшырап, үгілу заттары тасымалданып жинала келе (сулы ортада) шөгінді тау жыныстары құралады. Олар жақа ортада (эндогендік жағдайда) метаморфтық және магмалық әрекеттерге ұшырап, Жер қыртысының алғашқы құрамы біртіндеп күрделене түседі. Бұл процесс тұрақты түрде байқалады. Соның нәтижесінде, құрамы әр түрлі және өте күрделі Жер қыртысының қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасады.

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет