Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 2.97 Mb.
бет7/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

77

лияға, кейде Германия жеріне дейін жеткізетіндігі белгілі. Сонымен, эолдық шөгінділер осылайша да жиналады.

Желдің аккумуляциялық қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері қалыптасады. Олар жылжымалы (дюналар, бархандар) және бекіген (қырқалы, төбешікті) құм шоғырлары түрінде жиі кездеседі.

Жылжымалы құм шоғырлары (өсімдік тамырлары арқылы бекімегендіктен) сусымалы келеді. Олар қатты жел соққанда оп-оңай қозғалып көшіп-қонады, әр түрлі дыбыс шығарады.



Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердін, жағаларында биіктігі 20—40 м-дей адырлы құм үйінділері (дөңдер) түрінде жиналады. Дюналар әр түрлі климаттық жағдайларда кездеседі.

Бархандар (кұм шағылдар) сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәрізді болып келген асимметриялы құм-төбелер түрінде түзіледі (VI. 2-сурет). Олардың сүйірлеу шеті желдің жиі байқалатын негізгі бағытын айқындайды. Құмды шөлдерде олар тізбектеле топталып, желдің басымырақ соғатын бағытына көлденең орналасады. Оқшау орналасқан құмды төбелер мен төбешіктер өте жылжымалы болып келеді. Олар жылына 5—6 м-ден 50—70 м-ге дейінгі жылдамдықпен қозғалады. Мұндай құмдардың қозғалысы өте қауіпті. Өйткені олардың зор массасы қозғалысқа ұшырап, көшіп-қонған жағдайларда егістік жерлерді, каналдарды, жолдарды, жеке үйлерді, тіпті елді мекендерді түгелдей басып қалады.



VI. 2-сурет. Жекелеме бархандардың тік қимасы мен үстінен қарағандағы көрінісі (планы).

78

Бекіген құмды-таулар шөлейтті аудандарда жиі кездеседі. Олар (биіктігі 10 — 20 м-дей) қырқалы құмдар түрінде белгілі бір бағытта созыла орналасады. Құмды төбелер мен төбешіктер (биіктігі 10 м-дей ғана) жайпак беткейлі болып келеді. Олардың жылжып көшіп-қонуына өсімдіктер жамылғысы тосқауыл болады.

Шаң-тозаңдардан түзілген шөгінділер шөлден тысқары аймақтарда лёсс түрінде жиі кездеседі.

Лесс-түсі ашық сары, құрамы біртекті келген, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңдардан (0,01 — 0,05 мм) , борпылдақ жыныстар болып саналады. Оның негізгі құрамы ұсақ түйірлі каолиниттен тұрады. Әрине, қосымша, ірілеу бөлшектерден құралған кварц, дала шпаттары, слюдалар, сонымен қатар кальций-магнийлі конкрециялар, моллюскалар мен өсімдіктер қалдығы бірге кездеседі. Гранулометриялық (ірілі-ұсақтық) құрамы жағынан лёсс саздақтар (балшықтар) мен ауыр құмдақтарға сәйкес келеді. Оның құрылысында кеуек қуыстар жиі байқалады.

Лёсс және лёсс тәрізді жыныстар шетелдерде — Европа, Азия, Солтүстік Америка, Аргентина елдерінің қоңыржай белдеулерінің шөлді және шөлейтті аудандарында, біздің елімізде — Орта Азияда, Батыс Сібірде, Украинада, Солтүстік Кавказда, Карпат сыртында, Қазақстанда — Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында, Талас, Қаратау және Шу өңірлерінде, Сарыарқа мен Торғай далаларында жиі кездеседі. Лёсс қалыңдығы бірнеше метрден ондаған метрге, кейде 70 — 100 м-ге дейін (мысалы, Іле Алатауының тау-алды беткейлерінде) жетеді. Олардың түзілуі әр түрлі геологиялық процестермен байланысты түсіндіріледі. Мысалы, неміс ғалымы

Ф. Рихтюфен лёстердің түзілуі субаэралдық, ал орыс ғалымдары

В. А. Обручев — эолдық, Л. С. Берг — топырақтық деп санайды.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, лёсс формациясы эолдық, элювийлік, пролювийлік, аллювийлік, мұздық, көлдік, флювиогляциалдық жыныстардан құралады.

Лёсс формациясынан түзілген топырақ қабаттарының құнарлылығы өте жоғары. Лёсті шөгінділер халық шаруашылығында құрылыс материалы ретінде (күйдірілген кірпіштер дайындауда) кеңінен пайдаланылады.

79

VI. 1. 3. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті



Атмосфералық жауын-шашын, жер бетіндегі ағын сулар жер бедерін үздіксіз өзгертіп отырады, яғни соның әсерінен жер бетінін, бедері үнемі өзгеріп тұрады. Ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай қозғала отырып, бір-бірімен қосыла келе иірмелерге, олар көбейе келе жіңішке жылғашаларға, бірнеше жылғашалар бір-бірімен қосылып, жылғаларға айналады. Олар ең соңында өзендер құрайды. Ағын сулар, жолындағы борпылдақ жыныстарды оп-оңай шайып әкетеді де, өзен арнасы қалыптасады. Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын бұзушылық әрекеті — жазықтық эрозия (шаю) деп аталады. Ағын сулардың эрозиялық әрекетіне байланысты топырақ қабатының бұзылуы — топырақ эрозиясы деп аталады. Бұл әрекеттердін, ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте зор.

Атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр мен қар) суларының бұзушылық әрекеті делювийлік (латыніпя “делюо” — шаю деген мағынада) процесс деп аталады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде атмосфералық сулар ұсақ түйірлі жыныстардан құралған үгілу заттарын өзімен ілестіріп әкетеді. Осындай жолмен тау беткейлерінде шоғырланып жиналған (ірілі-ұсақты) тау-жыныстарының кесек бөлшектері делювий шөгінділері деп аталады (VI. 3-сурет). Бұл терминді бірінші болып академик А. П. Павлов қолданды.

Делювийлік процестердің нәтижесінде таудың биік бөліктері аласарады, ал ойдымдау келген бөліктері делювий шөгінділерімен толып, биіктей түседі. Сонымен, делювийлік шөгінділер тау беткейін тегістеп отырады. Олардың негізгі құрамы көбінесе саз балшықтардан тұрады.

VI. 3-сурет. Делювийдіқ пайда болу схемасы:

1 — тау беткейінің алғашқы беті; 2 —жазықтықтық шайылудан туған тау беткейінің төмендетілген беті; 3 — делювий.

Жыралардың пайда болуы. Тау беткейлерінде жиі кездесетін әр түрлі ой-шұңқырларға атмосфералық су қалдықтары жиналады. Олар асып төгіліп төмен қарай сарқылады. Тау беткейін құрайтын жыныстар эрозиялық шайылу әрекеттеріне ұшырайды. Соның нәти-

80



VI. 4-сурет. Жыраның пайда болу схемасы.

жесінде жыралар пайда болады (ҮІ.4-сурет). “Регрессиялық эрозия” заңдылығы бойынша, алғашқы жыра беткейді бойлап, жоғарылап өсе береді. Жыраның көлденең қимасы V тәрізді болып келеді. Одан ары қарай жыра біртіндеп тереңдей түседі. Оның сағасы аңғардың деңгейіне дейін жетеді. Жыраның бұл деңгейі “эрозия базисі” деп аталады. Жыра эрозия базисінен төмен тереңдей алмайды. Соған байланысты оның түбінің көлденең қимасы тегістеле түсіп, біртіндеп кеңейе келе U тәрізді пішін қалыптасады. Мұндай жыраның беткейлері біртіндеп құлай келе, шөгінді жыныстарға тола бастайды, сөйтіп ең соңында сайға айналады. Егер жыраның түбі жер асты суларының деңгейіне дейін жетсе, үздіксіз ағып жататын жылға пайда болады. Бұл жағдай жыраның одан әрі тереңдеуіне себепші болады да, ақырында өзен аңғарына айналады. Жыралар халық шаруашылығына елеулі нұқсан келтіреді. Пайдаланылатын жерлердің біразын істен шығарады. Жыралардың пайда болуына қарсы алдын ала күрес жүргізуге болады. Ол үшін беткейлерін жыртпау керек.

Беткейлерді бойлай және жыраларды айнала көп жылдық шөптер мен өсімдіктер өсіру, сол секілді бау-бақшаларды көбейту арқылы жыралардың ұлғайып дамуына қарсы тосқауыл жасауға болады.

Солифлюкця деп, коллоидты ерітінділерімен қаныққан сазбалшықты жыныстардың салмағы ауырлап, өз салмақ күштері әсерінен тау беткейімен төмен қарай жылжу әрекеттерін айтады. Бұл процесс (қатаю мен жібу әрекеттері) ерімей тоң болып қатып жатқан жазықтық беті арқылы кезектесе жүріп жатады. Жылжу жыл-

81

дамдығы жылына бірнеше см-ден бірнеше м-ге дейін, ал кейде (апатты жағдайларда) сағатына жүздеген м-ге жетеді.



Солифлюкция көпшілік жағдайда полярлық аймақтардың (солтүстік және полярлық Урал, Шығыс Сібір, Қырғызстан, Чукот, Аляска, Шпицберген жерлері), қоңыржай белдеудің биік таулы аймақтарында көп жылдар бойы тоң болып қатып жатқан аудандарда кең таралған. Солюфлюкция 2—3° ендіктен басталып, 8— 15°-қа жеткенде қарқынды түрде дамиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде террасалар, белестер, шлейф баспалдақтары секілді микробедер пішіндері қалыптасады.

Селді тасқындар. Сел дегеніміз, зор екпінмен жүйткіген, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл су тасқыны. Биік таулы аймақтарда кар мен мүз суларыныц орасан мол қорлары бар екендігі бәрімізге де белгілі. Олар өте ыстық жаз айларында қар мен мұздың тез еруіне байланысты, нөсер жаңбыр жауған кездері, кішіпрім тау өзендерін балшық пен тас аралас қоймалжың лай тасқындарымен толтырып, өте тез жылдамдықпен шың-құздардан құлай аққан сарқырамаға айналып, ары қарай сай-саланы бойлап немесе жыраларды қуалай ағады.

Тарихи деректер бойынша жойқын күшті мұндай селді тасқындар Тяиь-Шань тауларында 1841 жылдан бері мәлім. Мысалы, 1887 жылы Іле Алатауында болған жер сілкінуі кезінде, Ақсай және Алматы өзендерінде селді-тасқын болған; 1921 жылы июль айында болған селді-тасқын кезінде сол кездегі Верный қалашығы (қазіргі Алматы қаласы) зардап шегіп су астында қалған. Ал 1963 жылы 7 июльде болған сел-тасқыны кезінде биіктаулық Есік көлі сарқырамаға айналып шарасынан асып төгілді де, қас қаққандай аз уақыт ішінде жоқ болды.

Бұдан он жыл өткен соң, 1973 жылы 15 июльде Іле Алатауының Медеу шатқалында сел тасқыны болғаны көпшілікке белгілі. Бірақ қопарылыс жасау арқылы бұрынырақ қолдан салынған тасты бөгет селді тоқтатып, қаланы апаттан сақтап қалды. Бұл әрине, селге қарсы күрестің дүние жүзінде алғашкы жасалынған эксперименті болды. Соңғы жылдары Іле Алатауында және т. б. жерлерде сел тасқынына қарсы темір бетонды және тасты бөгеттер көптеп салынуда.

82

Ғалымдардың есебі бойынша, сел тасқыны 3,8 млн. текше метрден астам балшық пен тас аралас қою массаны тасты бөгетке әкеп тіреген екен. Қазіргі уақытта Медеудегі тасты бөгеттің биіктігі 200 м-ге дейін көтерілді.

Сонымен, Медеу шатқалында салынған тасты бөгет, селге қарсы күрестің үлгісі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Бүрыннан атақты Медеу мұз айдынының даңқы онан сайын арта түсті.

Сел тасқындары қалай пайда болады және олардын, болу себептері қандай деген сұраққа жауап берейік, Селді тасқындар — лайлы-тасты,сулы-тасты және лайлы болып үш түрге ажыратылады. Олардың биіктігі ондаған м-ге, ені километрге дейін жетеді.

С. М. Флейшманның пікірі бойынша, Іле Алатауында байқалатын селді тасқындар нөсер жаңбырмен байланысты (1841, 1921, 1940 жылдардағы селдер). Таулы аймақтарда жауған нөсер жаңбыр негұрлым күшті болса, оның зардабы да соғұрлым зор болады. Нөсерлі жаңбыр кезінде, өзен алқабына келіп қосылатын құрғақ сайлар балшық пен тас аралас қою массаға толып кетеді.

Сел қаупі, әсіресе ыстық жаз айларында (июль, август) өте күшті. Қейде селді тасқындар жаңбыр жаумай, ыстық болмай-ақ мұздық белдеулерде жер астындағы көлдер жер бетіне бұзып шығатын жағдайларда да болып тұрады. Мысалы, 1979 жылы 19 июльде Орта Талғар өзенінің бас жағында осындай жолмен сел тасқыны болды.

Сонымен селдің болуы үш жағдайға тікелей байланысты: 1) атмосфералық ылғалдың (қар мен жаңбырдың) мол болуы; 2) биік таулық бедердің болуы; 3) үглу заттарының көп болуы.

Тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың (қатты нөсер жаңбыр, селді тасқын, еріген қар мен мұз сулары) әрекеттері нәтижесінде тасымалданып ысырынды конус түрінде жиналатын тау жыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен борпылдақ жыныстардың жиынтығы пролювий деп аталады.

Пролюийдік ысырынды конустар бір-бірімен бірігіп тұтасқан шлейфтер кұрайды.

Ысырынды конустың басталған жері мен тауға таяу аралығында дөңбек қой тастар мен малта тастар көбірек кездеседі; жазыққа қарай ұсақ малта тастар, құмдар, ал ағын су әрекеті баяулайтын жерлерде лёстер



83

және құмдар мен саздар жиналады, одан ары қарай (ең шеткі аймақтарда) гипсті, тұзды болып келетін ағын сулардан (қысқа уақыт аралығында) алевритті--балшықты жыныстар түзіледі. Шөгінділердін, тасымалдану жолы қысқа болған жағдайда пролювийлік жыныстар іріктелмеген үшкір қырлы кесек бөлшектерден құралады.

Пролювийлік жырынды конустарда Алматы, Әндіжан, Қоқан және Кавказдыд кейбір қалалары орналасқан.

Өзен шөгінділері аллювий деп аталады. Өзен аңғарларында және өзен арнасында жиналатын кесек бөлшектерден және борпылдақ жыныстардан құралған (дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт, балшық, саздық) шөгінділер аллювийлік болып саналады. Олар аққан судың екпіні мен бағытына қарай ірілі-ұсақты бөлшектерге жіктеліп отырады. Жайылмалық аллювий шөгінділері ұсақ түйіршіктерден тұрады. Олар су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты түзіледі. Өзеннің ескі арналық бөлігінде ескі арналық аллювий шөгінділері кездеседі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-де-лювийлік шөгінділер жиналады. Олардың арасында әр түрлі пайдалы қазбалар (алтын, алмас, платина және т. б.) кездеседі.

Аллювийлік шөгінділер (қүм, малта тастар) құрылыс материалдары ретінде өте бағалы кен-орындарын кұрайды.

VI. 1. 4. Өзендердің геологиялық әрекеті

Өзендердің геологиялық қызметі, тау жыныстарын бұзып-шаю, үгілу заттарын басқа орындарға тасымалдап көшіру әрекеттерімен сипатталады. Мұндай әрекеттер эрозиялық процестер деп аталады. Өзен арнасының тереңдеуі және өзен жағаларының шайылып жар қабақтардың пайда болуы да өзен суларының бұзушылық әрекетін көрсетеді. Сонымен қатар өзен сулары тау жыныстарын әр түрлі дәрежеде (азды-көпті) ерітеді.

Түптік эрозия өзен арнасының еңістік шамасына қарай анықталады (VI. 5-сурет). Су бетінің еңістігі аз болған жағдайда, өзен жағалауының бұзылып-шайылуы жиі байқалады. Аллювийлік шөгінділер, каллоидты ерітінділер (25—30%) және ірілі-ұсақты кесек бөлшектер {тозаң, саз, ұсақ түйірлі майда құм, қоймалжың лай) түрінде су түбінде домалап көшіп-қонады. Ағысы күшті

84



VI. 5-сурет. Өзен арнасынын, тепе-теңдік профилінің пайда болуы (А. И. Павлов бойынша). аь

тау өзендерінде диаметрі бірнеше метрлік өте ірі дөңбек тастар домалап көшіп жүреді.

Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар больш кездеседі. Мұндай аңғарлар “каньондар” деп аталады. Өзен суының алғашқы басталған жерін бастау, ал оның теңізге

барып құяр жерін сағасы деп атайды. Өзен сағасында байқалатын теңіз су деңгейі осы өзеннің “эрозия базисі” болып табылады.



Террасалардың құрылысы. Террасалардың пайда болуы эрозия базисінің өзгеріп отыруына немесе су шығымының жиі-жиі өзгеруіне байланысты. Өзен аңғарлары симметриялы және ассиметриялы болып кездеседі (VI. 6-сурет). Өзеннің бір жағалауында терраса болмаса немесе оның ені қарама-қарсы жағадағы террасамен салыстырғанда бірдей болмай өзгеше болса, мұндай аңғарлар симметриялы деп аталады. Олар жердің өз осінен айналу жылдамдығына байланысты және меридиандық бағыттарда ағатын өзендер бойында жиі кездеседі.

Ацғардың тұрақты өзен суы астындағы бөлігін арна деп, ал жиі-жиі уақытша тасыған су астында қалып қоятын ең төменгі (қазіргі) террасаны жайылма деп атайды (VI. 7-сурет). Аласа жайылмаларды өзен тасығаа



1



VI. 6-сурет. Өзен аңғарының көлденең қимасы (профилі):

1 — тар шатқал; 2 — құз (каньон), 3 — шатқал сай, 4 —V тәріздес, 5 — астау тәріздес (II тәрізді), 6 — трапеция тәтәрізді

85

.



VІ. 7--сурет. Өзен аңғарының элементтері:

1 — арна; 2 — жайылма; 3 — беткейлер; 4 — түп.

сайын жылда су басады, ал биік жайылмаларды өзен суы шамадан тыс тасып, арнасьшан шығып кеткен жағдайларда ғана (10—15 жылда бір рет) су басады. Жайылмалардан жоғары қарай бірнеше террасалар орналасады, олар (төменнен жоғары қарай бағытта) нөмірленіп, белгіленеді (VI. 8-сурет). Қазіргі жайылмадан жоғары орналасқан террасалар, өз кезінде осы өзеннің ертедегі жайылмалары болған. Өзен аңғары неғұрлым тереңдеген сайын жайылмадан жоғары орналасқан террасалар біртіндеп биікте қала береді. Жазық алқаптық өзендердің террасаларының жалпы саны 4—6-ға дейін жетеді, ал тау өзендерінде бұдан әлдеқайда көп болады. Мысалы, Дон өзенінің аңғарында терраса саны 5-ке дейін, ал Кубань өзені аңғарында 14-ке дейін барады. Олардың биіктігі бірнеше метрден ондаған метрге, ені ондаған метрден ондаған километрге дейін жетеді. Террасалар кейде борпылдақ шөгінді жыныстардан (үгінді жыныстардан), ал кейде түбірлі қатты жыныстардан кұралады. Кей жағдайларда үгінді жыныстармен бірге түбірлі жыныстар қатар байқалады. Құрамына қарай террасалар эрозиялық, цокольдік (түбірлі жыныстан),

VI. 8-сурет. Жайылма үстіндегі өзендік террасаның схемасы:

ж —жайылма; I — жайылма үстіндегі бірінші терраса; II — жайылма үстіндегі екшші терраса.

86

VI. 9-сурет. Өзен террасаларының түрлері:

а — скульптуралық; б — аккумулятивтік; в — аралас.

аккумулятивтік (аллювийлік) болып ажыратылады (VI. 9-сурет).

Таулық өзен аңғарларының эрозиялық террасасы тек тектік жыныстардан тұрады. Аллювийлік жұқа қабаттармен жабылған эрозиялық террасалар цокольдік деп аталады. Аккумулятивтік террасалар толығымен аллювийлік шөгінділерден құралады және олар жазық ал-қаптық өзен аңғарларына ғана тән болып келеді. Аллювийлік шөгінділер қалыңдығы бірнеше метрден ондаған метрге дейін жетеді. Аккумулятивтік террасалар еселенген және үстемеленген болып екіге ажыратылады. Еселенген террасалар аллювийлік үгінділердің үздіксіз шайылу әрекеттеріне байланысты біртіндеп қалыптасады. Бұл жағдайда өзен аңғары өзінің жуып-шайылуы нәтижесінде біртіндеп тереңдей келе түбірлі жыныстарға дейін жетеді. Одан кейін, өзінің аңғарын бұрынырақ шайылған үгінді жыныстар есесінен қайтадан аллювийлі жыныстармен толтырады. Үстемеленген террасалардың еселенген террасалардан айырмашылығы өзеннің аллювийлі шайылуы кезінде түбірлі жыныстарға жетпейтіндігі болып саналады.

VI. 1. 5. Мұздықтар жэне олардың геологиялық әрекеті

Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар (айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады; қардың қайта кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың табиғи жиынтығы болып саналады.

Жербетілік мұздардың қүралуына ғасырлық орташа температураның 5—7°С-ка төмендеуі және осыған сәй-

87

кес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температураның осындай ауытқуларына байланысты полярлық және қоңыржай ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.

Жербетілік мұздар кұрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына, дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне (120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.

Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып ажыратылады.

Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мүздықтардан (айсбергтерден) қүралады. Олар өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз жамылғысы, Оңтүстік жарты шардың ықпа мүздары, шельф мұздары, айсбергтер.

Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тоң болып жатқан тау жыныстарын қамтиды. Жердің даму тарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой, кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі антропогенде березин, ока, ортаңғы антропогенде днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және скандинавия, жаңа жер, солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу орталықтары болған (VI. 10-сурет).



Мұздықтар — жер бетіндегі кішігірім шағын мұздардың жиынтығы. Олар қатты күйдегі атмосфералық (қар мен бұршақ) жауын-шашынның жалпы мөлшері, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жағдайда, тау беткейлерінің қарлы жиегінен жоғары орналасқан бөлігінде пайда болады. Жер шарындағы бүкіл мұздықтардың жалпы көлемі 30 млн. км3, ал олардың ауданы — 16,3 млн. км2, яғни жалпы құрлық ауданының 11 %-і.

Таулық муздықтар — биік тауларда қалыптасып, тау шыңдарын, шатқалдарды, кең ойықтар мен түрлі ойдымдарды қамтиды (VI. 11-сурет). Қөбінесе олар мұзды өзен түрінде тау аңғарын бойлай созылып жатады. Мұндай аңғарлардың өзіндік пішіні науа (астау} тәрізді болады. Олар трогтар деп аталады (VI. 12-сурет). Мысалы Қавказда, Памирде, Оралда және т. б. тауларда. Тау мұздықтары тәулігіне 0,1 м-ден 7 м-ге дейінгі жылдамдықпен қозғала алады. Ең жорарғы жылдамдық, Памир тауының Аю мұздығында (1963 ж.) белгілі болды. Оның шамасы тәулігіне 50 м-ге дейін жетті.

Материктік мұздықтар —- аралдарды немесе кочтиненттерді толық жауып жатады. Мұндай мұздықтар

88



vi. Іи-сурет. Мұздықтанудың таралу схемалары (А. И. Москвитик* бойынша). Мұздықтанудық жиектері:

Ок — окалық; Д — днепрлік; М — москвалық; Қ — калининдік; О — осташковтық.

Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және т. б. аймақтарда кездеседі (VI. 13-сурет).

Олардың қалыңдығы мыңдаған метрге жетеді. Мысалы, Антарктидада мұз қабатының қалыңдығы 4200 м-ге жетеді. Гренландия мұздарының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4—37 м-ге жетеді. Мұхит жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Соның нәтижесінде пайда болған айсбергтер жел мен судың ағынымен ашық мұхитқа қарай ығып,

біртіндеп ери бастайды.

89



VI. 11-сурет. Тау мұздықтарыныц құрылыс схемасы.

Аралық мұздықтар төбесі жайпақ тауларда қалыптасады (VI. 14-сур.). Олар бөлшектенбей, тұтас бір мас-са турінде шоғырлана келе құз-шатқалдарды бойлай сүйірлене тарайды. Осы тектес мұздықтар Скандинавия түбегінде байқалады. Жердің геологиялық даму тарихында мұндай мұздықтар ТМД-ның Европалық бөлігінде де талай рет (бес рет) болғандығы анықталды. Материктік мұздықтардың қозғалысы Скандинавия түбегі жағынан басталған.



VI. 12-сурет. Трогтың схемалық профилі.

Қазіргі уақытта мұздар жер бетінің 11%-ін алып жатыр. Олардың ішінде полярлық аймақтардың үлесіне — 98,5%, ал қалған 1,5%-і биік таулы өлкелердің үлесіне тиеді. Сонымен, мұздықтардың атқаратын геологиялық қызметі тау жыныс-тарын бұзу және үгілу заттарын жаңа орындарға тасымалдап, қолайлы бір орындарға жинақтау болып саналады.





VI. 13-сурет. Материктік мұздықтың (ледник) құрылыс

схемасы.


90

VI. 14-сурет. Аралық түрдегі мұздықтардыд құрылыс схемасы.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті, әсіресе олар қозғалған кезде орасан зор. Бұл әрекеттердің нәтижесінде алып ойықтар, қазан-шұңқырлар мен апандар, айғыз-айғыз жолақтар, ойма шұңқырлар пайда болады. Қалыңдығы 100 м-дей мұз қабаты жылжығанда, оның та-банына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 92 т-дай болады екен. Осындай қысым күшінің әсерінен бұзылып бөлшектенген тау жыныстары мұз массасымен бірге, оньщ ішінде қалып қояды. Қалық мұз массалары жылжып, қозғалған кезде оньщ арасындағы тау жыныстарының үшкір қырлы кесек бөлшектері тегістеліп, жұмырланып және жылтырланып өзіндік бедер пішіндері калыптасады.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті “экзарация” (латынша “экзарацио” жырту деген мағынада) деп аталады. Экзарациялық әрекеттің нәтижесінде кар, трог, қой-маңдай тас, бұйра толқын қүз жартастар түріндегі бедер пішіндері пайда болады.

Беткейлері тікшіл болып келген шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады (VI. 15-сурет); жайпақ беткейлі жақтары мұздықтың бастамасын, ал тікшіл беткейлі жақтары оның қозғалу бағытын көрсететін оқшау жартастар “қоймандайтас” деп аталады (VI. 16-сурет). Олардың беттерінде байқалатын айғыз-айғыз сызаттар мұздықтың жылжып қозғалуы кезінде туатын үйкеліс күштеріне байланысты деп түсіндіріледі. Бедердің ой-шұңқырларымен кезектесе алмасып кездесетін қоймаң-

91

VI. І5-сурет. Карр мұздықтарының кұрылыс схемасы.

дайлы жартастар бұйра толқын құз-жартастар түрінде байқалады.

Шатқалдар арқылы немесе басқа бір еңіс жазықтық бойымен жылжып-қозғалу кезінде мұздықтар жол-жөнекей тау жыныстарының үгінді-сынық бөлшектерін өздерімен бірге ілестіре отырып, ең соңында мұз массасымен араластыра қатайтып тоңазытады. Ал мұздықтардың еріп-жібуі кезінде, оның құрамындағы аралас кесек жыныстар босап қалады да, шөгінді қабаттар түрінде жиналады. Олар мореналық шөгінділер деп аталады. Мореналар беткі (ортаңғы және бүйірлік), ішкі және түпкі болып ажыратылады (VI. 17, VI. 18-сурет),

VI. 16-сурет. “Қой маңдай тас (жанынан қарағандағы көрінісі).





VI. 17-сурет. Мұздықты тіл:

а) жоғарыдан қарағандағы көрінісі (планы);

б) көлденең қимасы. Мореналар: 1 — үптік, 2 — бүйірлік; 3 — орталық; 4 — ішкі; 5 — ақырғы.

92

VI. 18-сурет. Жылжымалы мореналардың әр түрлі жағдайдағы көрінісі.



Беткі мореналар — аңғардың беткейлерімен тасымал-данған тау жыныстарының кесек бөлшектерінен (сынықтарынан) тұрады. Мұздық бетіне құлап түскен тау жыныстарының сынықтары мұздықпен бірге көшіп-қонып жүреді. Кейінірек, қар мен фирн қабаттары жинала келе мұздық бетін жамыла көмкеріп, жауып қалады да, бір кездегі беткі мореналар мұздықтың орта шенінде, ал кейде түбіне қарай орналасады. Осындай жолмен ішкі немесе түпкі мореналар пайда болады.

Мұздық толығымен еріп біткен жағдайда оның құрамындағы мореналардың барлық түрлері бір жерге жиналып қалады. Олар шеткі және негізгі мореналар болып бөлінеді.



Шеткі мореналар мұздық тілінің аяқталған шетінде оның тез еріп таусылуы нәтижесінде құралады. Олар биіктігі ондаран, жүздеген метр келетін төбелі қырқаларды қалыптастырады.

Негізгі мореналар жекеленген мұздықтардың жылдам еріп, таусылуы кезінде құралады. Негізгі мореналар жиналған аймақтағы бедер пішіндері төбелі және жазықты болып келуі мүмкін. Олардық құрамы сыдырынды тас, шақпа тас, құм, құмайт, саздак, және құмды саздан тұрады.

Негізгі мореналарды қүрайтын кесек бөлшекті жыныстардың әр тектілігі, іріктелмегендігі және қабат-қабат болып жиналмайтындығы олардың өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Мұздық еруінен пайда болған су мореналық және т. б. шөгінділерді шаяды. бсындай



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет