Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы



жүктеу 2.97 Mb.
бет9/19
Дата19.09.2017
өлшемі2.97 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

VI. 30-сурет. Су астындағы маржанды жартастар (каралды рифтер):

I — профильдік қима; II — үстінен қарағандағы көрініс (план); а — жағалық риф, б — тосқауыл рифі (барьерлік рнф); в — атоллалар (сақиналы риф).



Батиалдық шәгінділер — теңіз түбінін, 200—250 м тереңдігінде түзілетін тұнбалар. Олар материктік беткейде сублиторалдық және абиссалдық зоналар арасында орналасқан терригендік құм-лай, тұнбаларынан құралады. Су түбінде оттегі аз болса, сульфидке бай көкшіл түсті лайлы тұнбалар жиі кездеседі. Тропиктік жағдайда, кұрлықтан жиылған қызғылт түсті топырақтан қызыл түсті лайлы тұнбалар түзіледі. Әкті лайлар тұнбасы маржан рифтерінен құралған аралдар маңында пайда болады. Олардың арасында фораминифералар қалдығы көптеп кездеседі. Терең су астындағы құм мен малта тастар су астындағы жоталарда жиналады.

Мұздық шөгінділер — ірі мұздармен және айсбергтермен ілесе келген іріктелмеген шөгінділер болып саналады.

Абиссалдық шөгінділер — дүниежүзілік мұхит ауданының 90%-ін алып жатқан, 3 км-ден аса тереңдікте жиналған тұнбалар. Олар ұсақ жәндіктер қаңқаларынан, жел мен су айдап әкелген ұсақ минералдық бөлшектерден, вулкандык. жыныстардан, су түбіндегі жыныстардың үгілу заттарынан, химиялық шөгінділерден және ғарыш шақынан құралып түзіледі. Көбінесе, органогендік және полигендік шөгінділер басым келеді. Біріншісіне карбонатты (фораминифералар, глобигериндер секілді теңіз жәндіктерінің қабыршықтарынан түзілген) және кремнийлі (диатомит, радиолярит және т. б.) шөгінділер жатады. Диатомит — ақ, сұрғылт түсті, өте жеңіл, кремнийлі жыныс. Қоспалары глобулярлық опал, кварц, фосфорит, монтмориллонит, вулкандық күл, балшык, саз және т. б. Олар Кавказ, Қырым, Орал, Еділ бойында палеоген — неогендік шөгінділердің арасында

108

кеңінен таралған. Құрамыньщ 50%-тен астамы радиолярий қаңқаларынан құралған тау жыныстары Қазақстанда Сарыарқаның (Майсор, Атырай және т. б.) палеогендік жыныстарының арасында кездесіп тұрады.



Полигендік шөгінділер — 5000 м-ден астам тереңдікте жиналып, азда болса органогендік қалдықтар араласқан тұнбалар. Олардың құрамының 90%-і терен, сулық қызыл түсті сазды жыныстардан тұрады. Полигендік шөгінділер арасында темір-марганец конкрециялары өте көп тараған. Теңіз түбінде саздардың, балшықтардың қалыптасуына қатысатын шөгінділер: 1) өзен суы-мен ағып келіп қосылатын терригендік балшықтар, саздар; 2) эолдық шаң-тозаңдар, фораминифералардың ерімей қалған қалдықтары; 3) вулкандық заттар; 4) метеориттік тозаңдар; 5) ерімейтін әр түрлі органикалық қалдықтар болып саналады.

Терригендік сазды жыныстармен қатар органогендік қалдықтар бірге кездескен жағдайларда олар органогендік-терригендік шөгінділер деп аталады. Теңіз суы астында шөгінді жыныстардың орналасу реттілігін бұзып лайлы көшкіндер туғызатын лайлы ағыстар жиі байқалады. Мұндай жағдай теңіз шөгінділерінің орналасу заңдылықтарын зерттеп-білу жұмыстарын қиындатып жібереді.

Теңізден қайраңдар арқылы бөлініп қалған аймақтарда (лагуналарда) шөгінді қабаттар өзгеше жағдайда түзіледі (VI. 31-сурет). Суы тұщы лагуналарда құмды-сазды жыныстар, кейде органикалық заттарға бай саз балшықты, сазды — карбонатты жыныстар жиналып, шоғырланады. Кейде олардың арасында көмір қабаттары кішігірім линзалар түрінде кездесіп қалады. Суы ащы (тұзды) лагуналарда әр түрлі хемогендік қосылыстарға бай қара түсті лайлы тұнбалар түзіледі. Олардың құрамында күкіртті сутек мол болады. Сонымен қатар, натрий сульфаттары мен хлориттері, гипс, ангидрит, доломит, ізбестас қабаттары кездесіп тұрады.

Лагуналық шөгінді қабаттардың тік және көлденең бағыттарда тез өзгеріп, континенттік шөгінділермен ке-

VI. 31-сурет. Лагунаның (құмды мүйіс арқылы теңізден бөлінген су айдыны) пайда болуы: 1 —теңіз жарасы; 2 — теңізден бөлінген

жекеленген су айдыны (лагуна); 3 — бар (немесе мүйіс); 4 — теңіз.



109


зек алмасып отыратындығы, олардың теңізбен континент аралық жағдайында қалыптасатындығын көрсетеді.

Шөгіндінің тау жыныстарына айналып, олардың әр түрлі ортада құралып қалыптасу және орналасу заңдылықтарын зерттейтін геологиялық ғылым саласы литология деп аталады.

Н. М. Страхов бастаған ғалым — геологтар тобм жалпы литогенез теориясын жасап, шөгінді жыныстардың жаратылыс жолдарын анықтап берді. Бүл теория бойынша шөгінді жыныстар мұздық, аридтік, гумидтік, вулканогендік шөгінділер болып ажыратылады. Шөгінді жыныстардың генетикалық (жаралымдық) жеке тектеріне сәйкес әр түрлі кен-орындары пайда болады.

VI. 1. 8. Көлдер мен батпақты көлдердің геологиялык, әрекеті

Көлдердің атқаратын геологиялық қызметін теңіздермен салыстыруға болады. Тек олардың көлемі мен аумағы кіші.

Көлдер де теңіз сияқты бұзушылық және жасампаздық қызмет атқарады; әр түрлі шөгінді қабаттар түзіледі.

Көлдік шөгінділер механикалық, химиялық және органикалық болып үшке бөлінеді.

Көл жағалауында ірі, салмағы ауыр бөлшектер, ал жағалаудан алыстаған сайын (көлдің ортасына қарай), майда ұсақ бөлшектер көбейе бастайды. Көл түбінде планктонға бай механикалық майда шөгінділермен бір-ге органикалық қалдықтар аралас лайлы-сазды (сапропель) шөгінділер түзіледі. Бұлармен бірге көл түбінде ас тұзы, гипс, бор қабаттары және темір рудалары қатар пайда болады.

Батпақты көлдерде шөгінді қабаттардын, құралуына әсерін тигізетін жағдайлар мына төмендегідей: 1) климаттық (төмен температуралы); 2) топографиялық; 3) жер асты суларынын, жер бетіне көтерілуі; 4) көп-жылдық тоңазу.

Батпақты көлдер — көп жағдайларда кішігірім көлдердің шөгінді жыныстарға тез толып және өсімдіктердің қаулап өсуіне байланысты пайда болады (VI. 32-су-рет). Өсімдіктердің шірінді қалдықтары қабатталып жинала келе торф қабаттарын түзеді. Олар көп жылдардан кейін көмір қазбаларына айналып көмірлі кен орындарын құрайды.



110



VI. 32-сурет. Қөл арнасынын, көл түбінде қаптап өскен өсімдік-термен толып кетуін бейнелейтін схема:

1 — шалғынды шымтезек; 2 — тростникті және қамысты шымтезек; 3 —> өсімдіктер мен қарапайым жәндіктердіқ шірінді қалдықтары-нан құралған (сапропельдік) шымтезек; 4 — сапропелит.

VI. 1. 9. Шөгінді тау жыныстары

Алғашқы магмалық жыныстар жер бетінде ыдырай келе ірілі-ұсақты кесек бөлшектерге (үгілу әрекеттеріне байланысты) айналады. Қейінірек олар тасымалданып, сулы ортада тұнбалар түрінде (органикалық қалдықтармен бірге) қабатталып жинала келе (әр түрлі ерітінділермен цементтеліп) шөгінді тау жыныстарын құрайды. Бұл процесс диагенез (грекше “диагенезис” — қайта жа-ратылу) деп аталады.

Шөгінді қабаттарды цементтеуші ерітінділердің ролін кремний (кварц, опал, халцедон), темір тотықтары, карбонаттар, фосфаттар атқарады.

Шөгінді тау жыныстары жаратылыс ерекшеліктеріне қарай үш топқа (кесек бөлшектерден құралған, хемогендік және органогендік болып) бөлінеді. Олардың әр-қайсысы өзіндік құрамы мен құрылыс ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Кейде шөгінді қабаттар (химиялық түнбалар түрінде) органогендік қалдықтармен бірге кездеседі. Мұндай жағдайда олардың арасында (химиялық құрамына қарай) карбонаттар (ізбесті тас, доломит, мергель, бор), кремнийлі жыныстар (диатомит, трепел, опока) галоидтар мен сульфаттар (ас тұзы, калийлі-магнийлі тұздар, гипс, ангидридтер), темірлі жыныстар (темірлі латериттер, қызыл-қоңыр теміртастар), алюминийлі саз-топырақтар (бокситтер), фосфориттер, каус-



111

тобиолиттер (сапропель, торф, қоңыр көмір, тас көмір, жанғыш тақтатастар) түзіледі.

Шөгінді жыныстардың құрылымдық түрлері (структурасы) оларды құрайтын кристалдық түйіршіктер мен кесек бөлшектердің ерекшеліктеріне (ірілі-ұсақты мөлшеріне, тегістігі мен жұмырлығына, тығыздығына және цементтелу дәрежесіне) қарай ажыратылады (VI. 1-кесте).

1. Кесек бөлшектерден тұратын құрылым кесек бөлшектердің сыртқы пішіні мен олардың ірілі-ұсақтығына қарай: ірі кесек бөлшектерден тұратын (1—1000 мм), цементтелмеген бытыраңқы жыныстар (қойтастар, мал-татастар, қиыршықтастар) және бірігіп цементтелген псефиттер (конгломераттар, жент-тастар); орта дәре-желі (1—0,1 мм) түйіршіктерден тұратын (цементтелмеген) құмдар және бірігіп цементтелген псаммиттер (грекше “псаммос”— құмтас); өте ұсақ майда түйіршіктерден (шаң-тозавдардан) тұратын (0,1—0,01 мм) цементтелмеген (алеврит, лёсс) және цементтелген алевролиттер (французша “алеврон” — ұн, үнтақ) болып бөлінеді.

Саздақ жыныстар (пелиттер) жай көзбен көрінбей-тін микротүйіршіктерден (<0,01 мм) түзіледі. Олардың цементтелген түрі — аргиллит деп аталады. Төрттік дәуірде түзілген саздақ жыныстар — “суглинок” (немесе құмды саз) және “супесъ” (немесе сазды құм) деп аталады. Құмды-саздық құрамында 10—30%, ал сазды-құмның құрамында 2—10%-ке дейін саз бөлшектері болады.

2. Кристалдық құрылым кристалдық түйіршіктерден құралған шөгінді жыныстарда байқалады.

3. Жасырынды кристалдық құрылым жай көзбен байқалмайтын микрокристалдық түйіршіктерден құралады.

4. Аморфтық құрылым — минералдық түйіршіктері кристалданбаған жыныстарда байқалады.

5. Оолиттік құрылым — дөңгелек пішінді ұсақ түйіршіктерден (бұршақ, тары, уылдырық тәрізді)-құралады (мысалы, оолиттік ізбестас).

6. Оргоногендік (зоогендік, фитогендік) құрылым жақсы сақтал-ған органикалық қалдықтардан түзіледі.

7. Детритустық құрылым пішіндері жақсы сақталмаған органикалық қалдықтардан құралады.

Шөгінді жыныстарды құрайтын минералдық түйіршіктердің орналасымдық түрлері (текстурасы) қабатты, массивті және ретсіз болып кездеседі.



112

1. Қабатты түрі — кұрамы әр түрлі қабаттардьщ кезек алмасып орналасуы жағдайында, минералдық түйіршіктердін, белгілі бір бағытта созыла орналасуына немесе ірілі-ұсақты түйіршіктердің белгілі бір тәртіппен кезектесіп орналасуына және т. б. жағдайларға байланысты түзіледі. Әрбір қабаттық жоғарғы беті — үсті, ал төменгі беті — асты деп аталады.

2. Массивті түрі бір-біріне өте тығыз орналаскан біркелкі түйір-шіктерден тұрады.

3. Ретсіз түрі ірілі-ұсақты түйіршіктердіқ ретсіз орналасу жағдайында байқалады.

Бұлардан басқа жер бетінде карбонатты-сазды жыныстар кең таралған. Олар құрамындағы сазды бөлшектердің мөлшеріне қарай сазды-ізбестас (доломит), мергель, сазды мергель және доломитті саздар болып ажыратылады.

VI. 1 - к е ст е

Кесек бөлшектерден құралған шөгінді тау жыныстарының жіктелуі

 


Кесек бөлшек-терінң аттары (ірі-лі-ұсвқтығына қар-ай)

Кесек бөлшек-терінің мөлшері, (мм)

Цементтелген

түрлері


Цементтелген

түрлері


1

2

3

4

Псефиттер (ірі

кесектерден

тұрады) 1мм

 

 



 

 

Псаммитер



( құмдар,

құмтастар)

1-0,1 мм

 

 



Аленриттер

(шаң-тозаңдар)

Пелиттер

(сазды


жыныстар)

100

1000-100


1000

10-1


1-05

0,5-0,25


 

0,25-0,1


 

 

0,1-0,01



0,01

Жақпартас

(жартас)


Дөңбектас

(қойтас )

Малтас

(шағындытас)



Қыршықтас

( шөгіртас)

Ірі түйіршікті

құм


Орта түйіршікті

құм


Ұсақ (майда)

түйіршікті

құм

Алеврит,


Лесс

Саз, балшық



 

 

 



 

Конгломерат

(жұмыртас )

Брекчия


(женттас)

Ірі түйіршікті

Құмтастар

Орта түйіршікті

құмтастар

Ұсақ (мйда)

Түйіршікті

құмтастар

Алевролит

Аргиллит


 

113


VI.2. ЭНДОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР

Эндогендік геологиялық процестер қатарына: 1) жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары; 2) магматизм; 3) метаморфизм әрекеттері жатады. Олардың сырын зерттеп-білудің теориялық және практикалық маңызы өте зор.

Эндогендік процестер жер қойнауында (жер қыртысы немесе мантия қабаты) жоғары температура және жоғары қысым жағдайында тоқтаусыз жүріп жатады. Барлық эндогендік процестер өз ара тығыз байланыста болып, бір-біріне әсер ету нәтижесінде пайда болып отырады. Мысалы, тектоникалық қозғалыстар тау жыныстарының метаморфтық өзгерістерінің басты себептерінің бірі болып саналады. Ал метаморфизм әрекеттері нәтижесінде (мысалы, ультраметаморфизм әрекеттері) жер қыртысын кұрайтын заттар қайта балқьш, магмалық ошақтар құралады. Сонымен қатар, тектоникалық қозғалыстар да жер қыртысынын, тұтастығын бұзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының кенеттен төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты магмалық ошақтар пайда болады. Бұл процестерді өз көзімізбен көріп, бақылау жұмыстарын жүргізудін, мүмкіндігі өте аз.

VI. 2. 1. Магматизм

Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық прси цестердің бірі больщ саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.

Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс. .

Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терен, қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғары қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жьшыстарьшьщ түзілуімен аяқталады.

Сонымен магма (грекше “магма” — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманьщ құрамында жер қыртысын қүрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеділ) компоненттердің (су буы, күкіртті қосын-дылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі,



114

хлорлы аммоний, сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлырын азайтып, онын, қозғалу немесе жылжу жылдамдығынын, (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша, магманьщ құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді.

Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар термодинамикалық жағдайлардын, (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады. Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балқыған - күйде болар еді. Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттен күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантияның астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әректтёрі тектоникалық қозралыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады.

Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттермен байланысты түсіндіріледі: 1) радиоактивті элементтердің ыдырауы , нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне; 2) гравитациялық жіктелу кезінде және т. б. химиялық реакциялар } кезінде бөлінетін жылуға байланысты.

Магманың жоғарғы қабаттарра көтерілуі, гидростатикалық қысым күштерімен және тау жыныстарының

115


(қатты күйден балқыған күйге ауысқан жағдайда) жалпы көлемінің ұлғаюымен байланысты деп саналады.

Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр түрлі термодинамика-лық жағдайда және әр түрлі тереңдікте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарынын, алуан түрлі болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері мен құрамы қандай болған? — деген заңды сұрақ туғызады.

Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Қейбір ғалымдар

(В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы

(Н. Боуэн, А. Н. Заварицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды.

Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік (базальтты) жыныстар алғашқы базальттық магманың өзгермеген түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер алғашқы базальттық магманың біртіндеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты түзіледі деп түсіндіріледі.

Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон — Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы

А- Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына қарай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді.

Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында кездесетін ультранегізді белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың химиялық құрамы базальттық магма негізінде құралған ультранегізді жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.

Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Қазіргі кезде магмалык, жыныстардын, жалпы жер

116

бетінде таралу мөлшерін көрсететін деректер (бүкіл жер шарын түгел қамтитын) әлі де толық емес.



Ең ірі екі мемлекетте (АҚШ, ТМД) жүргізілген есептеулер бойынша, магмалық жыныстардың таралуы

VI. 2 - кесте



Магмалық жыныстардың басты тұрлерінің АҚШ және ТМД территориясында таралу (%) көрсеткіші (А. Н. Заварицкий)

VI. 2-кестеде көрсетілген. А. Б. Ронов пен А. А. Ярошевскийдің есептеулері бойынша, жер қыртысының жалпы көлемінің 10,4%—граниттер; 11,2% — гранодиориттер мен диориттер; 42,2% — габбро, базальттар және т. б. құрамы негіздік жыныстар; 0,4%—сиениттер мен нефелинді сиениттер; 0,2%—дуниттер мен перидотиттер құрайды. Бұл деректерге қарағанда құрамы қышқыл және негіздік жыныстардың жер қыртысында ең көп таралғандығын көруге болады. Олардың ішінде қышқыл жыныстардың арасында интрузивтік жыныстар (граниттер мен гранодиориттер), ал негіздік жыныстардың арасында эффузивтер (базальттар) жиірек кездеседі.

Қазіргі уақытта тау жыныстарының алуан түрлілігІ алғашқы магманың дифференциациялық (жіктелу), сонымен қатар ассимиляциялық және гибридизациялық процестерімен тікелей байланысты деп түсіндіріледі.

Магманыц дифференциациялык, жіктелуі деп, біртекті алғашқы балқыманың химиялық құрамы әр түрлі фракцияларға бөлініп, соған сәйкес олардан минералдық құрамы өзгеше әр түрлі тау жыныстарының түзілуін айтады.

Магманың жіктелуі алғашқы кристалдардың түзілуіне дейін де (ликвация) және кристалдардьщ түзілу барысында да (кристаллизациялық жіктелу) жүріп жатады.



Ликвациялық процесс кезінде магма құрамына және меншікті салмағына қарай өзара араласпайтын екі түр-

117

лі фракцияға ажырайды: ауыр салмақты темірлі-магнийлі қосындылар төмен қарай ағып ығысады, ал салмағы жеңілірек қышқылды қосындылар жоғарры қабаттарда жиналады.



Кристаллизациялыц дифференциация магманын, кристалдарға жіктелуімен аяқталады. Магманық салқындап суыну барысында, оньщ жоғарғы бөліктерінде ең алдымен балқуы қиын, температурасы жогары және салмары ауыр силикаттар (темірлі-магнийлі силикаттар және негіздік плагиоклаздар) кристалдар түрінде түзіледі. Кейінірек, оңай балқитын жеңіл салмақты силикаттар (калийлі дала шпаттары және кварц) кристалданады Кристалдану барысында ауыр салмақты минералдар балқыманық төменгі қабаттарына ауысады, ал қалдық магманын, құрамында темірлі-магнийлі қосындылар азайып, кремнийлі қосындылар көбейеді. Сонымен, гравитациялық жіктелуге байланысты, негізді магманын, кристалдануы нәтижесінде, төменгі қабаттарда ультра-негізді жыныстар, ал жоғарғы қабаттарда диорит, сиенит, кейде граниттер де түзіледі.

Дифференциациялық процестер терең қабаттарда (магмалық ошақтарда) және жер қыртысынын, жоғарғы бөліктерінде де жүріп жатады.

Магмалық ошақтарда байқалатын дифференциациялық жіктелу нәтижесінде алғашқы магмадан бөлініп шыққан заттар құрамы әр түрлі жыныстар түрінде кристалданып өзіндік пішіні бар ірілі-ұсақты денелер құрайды.

Ал жер қыртысынын, жорарры бөліктерінде, магмалық камерада байқалатын дифференциациялық жіктелу кезінде, тау жыныстарының қатқабат массивтері құралады. Мұндай қабатталран массивтерді құрайтын тау жыныстарьшың негізділігі төменнен жоғары қарай барытта біртіндеп азайып отырады.

Магмамен жапсарлас және кездейсоқ жыныстардын. (ксенолит) магма қызуына ұшырап, сонын, нәтижесінде балқып қатая келе қайтадан кристалдануы ассимиляция деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде алғашқы магма өзінің бастапқы құрамын өзгертіп, тау жыныстарыньщ жаңа түрлері пайда болады.

Гибридизация деп, магмамен жапсарлас жыныстардың ыстық магма әсеріне байланысты жартылай балқьш әр түрлі өзгерістерге ұшырауын айтады. Бұл процестердің барысында будандастырылған жыныстар түзіледі. Олардың құрамы таза магмалық жыныстармен салыс-

118

тырғанда өзгеше болып келеді. Көпшілік жағдайда жапсарлас жыныстардың кесек бөлшектері ерімеген күйінде қалдық жыныстар (ксенолиттер) түрінде бірге кездеседі.



Магмалық денелердің сырт көрінісі әр түрлі болып келеді. Әсіресе, интрузивтік денелер алуан түрлі пішінде кездеседі. Тау жыныстарының кеңістікте орналасу жағдайына қарай олардың қандай генетикалық топқа жататындығын анықтауға болады.

Эффузивтік жыныстар жер бетінде лава тасқындары мен лавалық жамылғылар түрінде түзіледі немесе лавалық күмбездер мен конус пішінді шыңдар құрайды.

Интрузивтік жыныстар жер қыртысынын, терең (абиссалдық) қабаттарында кристалданған жағдайда, қоршаған ортаны құрайтын жыныстарды бұзып-жарып, немесе жолында кездескен басқа жыныстарды ығыстырып, бұрыс жатысты ірі денелер (батолит, шток түрінде) түзіледі (VI. 33-сурет). Ал гипабиссалдық жағдайда, олар айнала қоршаған ортаны құрайтын көне жыныстардьщ жатыс жағдайына сәйкес орналасқан денелер (лакколңт, лополит, факолит, силл түріндегі қабатаралық интрузиялар) құрайды (VI. 34-сурет). Сонымен қатар бұрыс жатысты кішігірім денелер де (дайка, желі, некк) жиі кездесіп отырады.

Құрамы негізді сұйық магма жер бетіне жақын аудандарда шөгінді қабаттардың жапсарларын бойлай көтеріліп сәйкес пішінді денелер қалыптасқан жағдайда — силдер деп аталады. Мысалы, Сібір платформасында кеңінен таралған силдер (карбон және пермь жүйелерін құрайтын) шөгінді жыныстардьщ қабатаралық жапсар-ларында қабаттаса орналасьщ “сібір траптары” деген атпен белгілі болды.



Лакколиттер (грек тілінде “лакос” — шүңқыр деген мағынада) шөгінді қабаттар арасында диаметрі жүз метрден бірнеше километрге дейін жететін саңырауқұлақ пішінді денелер құрайды. Әдетте, олар құрамы қышқыл қою магмадан суына келе қатайып астыңғы

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет