Национальный банк



Дата14.03.2018
өлшемі48.24 Kb.
#20884





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

23 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З 1


2011 ЖЫЛҒЫ 02 ТАМЫЗ
Кредит нарығын дамытудың сапалық өлшемдері туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы шілдеде кейіннен банктердің өкілдерімен сұхбат жүргізе отырып, «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» сауалнама нысанында банктерге тоқсан сайынғы кезекті зерттеу жүргізді. Банктер ұсынған нәтижелер кредит нарығының мынадай сапалық үрдістерін көрсетеді.



Корпоративтік кредиттеу сегментінде 2011 жылғы 2-ші тоқсанда банктердің 79%-ы сұраныстың ұлғайғанын көрсетті және респонденттердің небәрі 18%-ы қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттерге сұраныстың өзгермегенін атап өтты.

Респонденттердің кредиттеу объектілері мен мақсаттары бойынша қаржыландыруды бағалауы айналым қаражаттарын толықтыруға және кәсіпорындардың қазіргі бар борыштарын қайта құрылымдауға арналған қысқа мерзімді заемдар неғұрлым көп қажет етілетінін, сонымен бірге негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға сұраныстың шамалы қарқынмен ұлғайғанын көрсетеді.



2011 жылғы 3-ші тоқсанда заемшылар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсу үрдісі сақталады. Банктердің 82%-ға жуығы сұраныстың өсуін күтуде және респонденттердің небәрі 15%-ы оның бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.

Банктерге жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша кредиттік ресурстарға неғұрлым көп сұраныс салалық бөлікте сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар тарапынан сақталуда. Сондай-ақ банктердің тарапынан кредиттерге ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тарапынан, ағымдағы жылы дәнді дақылдардың жоғары өнімділігіне оң болжамдарын ескере отырып, сұраныстың ұлғайғанын белгілейді.

«Бизнестің жол картасы 2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және шағын және орта бизнесті дамытудың басқа да бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдау, сондай-ақ қаржыландыру банктер арқылы жүзеге асырылатын басым жобаларды тікелей қаражаттандыру кәсіпкерлер тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың ұлғаюына оң әсер етті, сондай-ақ заемшылардың барынша транспарентті болуын ынталандырады. Осылайша, мемлекеттің экономиканың нақты секторын қолдау жөніндегі қызметі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын барынша тез қалпына келтіруге, сондай-ақ несие портфелі сапасының жақсаруына және банктердің кредиттік қызметінің жандануына себепші болды.

Корпоративтік секторды кредиттеу бөлігіндегі нақты үрдістерді ескере отырып, банктер арасында сапалы заемшыларды тарту бойынша бәсекелестіктің сақталуы оларды бұдан әрі пайыздық ставкаларды төмендетуге, заемшыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды қоса алғанда, кредиттеу талаптарын жақсартуға мәжбүр ететін болады деп күтіледі.



Бөлшек кредитеу бөлігінде жеке тұлғалар тарапынан сұраныстың өсу үрдісі сақталды. Банктердің 47%-ы ипотекалық кредиттеу өнімдеріне сұранысты және банктердің шамамен 46%-ы сұраныстың бұрынғы деңгейде қалғанынын атап өтті. Халықтың тарапынан тұтыну кредиттеріне сұраныстың едәуір өсуі байқалады, банктердің 90%-ы сұраныстың ұлғайғандығы туралы мәлімдеді.

Дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда төмен тұтынушылық белсенділіктің сақталуын ескере отырып, банктер пайыздық және комиссиялық ставкаларды төмендетуді, кредиттеу мерзімдерін ұзартуды, кепілдік қамтамасыз етуді қайта қарауды, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік өнімдерді кредит бойынша пайыздық ставканы заемшының сапасына байланысты етіп түрлендіруді қоса алғанда, кредиттердің талаптарын жұмсарту арқылы клиенттерді тарту және ұстап қалу бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

2011 жылғы 2-тоқсанда респонденттердің 37%-ы тұтынушылық заемдар бойынша кредит саясатының жұмсарғанын атап көрсетті. Тұтынушылық кредиттеу шеңберінде пәтерге жөндеу жүргізу, демалыстың, тұрмыстық және электрондық техниканың ақысын төлеу, мерекелерді өткізу кеңінен таралған мақсаттар болып табылады.

Банктердің 20% жуығы ипотекалық заемдар бойынша кредит саясатының жұмсаруын көрсетті. Ипотекалық кредиттеу нарығындағы жандану халық тарапынан кейінге қалдырылған сұраныстың іске асырылуына байланысты болды және халық жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстың сілкіністерін еңсеруге байланысты тұрғын үйді сатып алуға қолайлы кезең деп бағалайды. Бұл ретте банктер төлем қабілеттілігін алдын ала бағалауды қоса алғанда, кредиттеудің икемдірек талаптарын ұсына отырып, клиенттің төлем қабілеттілігін ескеріп, ипотекалық кредиттеудің талаптарын қайта қарауда.

Оған қоса, банктердің кредит саясатының аздап жұмсарғанына қарамастан, тұтастай алғанда банктер заемшыларды таңдауға сақтықпен қарауды жалғастыруда. Банктер клиенттердің төлем қабілетін және кредит қабілетін барынша мұқият тексереді, нарықта кірісін растамай кредиттер беру шектелген. Сонымен қатар банктер халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейінің көтерілгендігін атап өтуде, мұны клиенттердің кредиттеу талаптарын және өздерінің төлем қабілеттілігін анағұрлым мұқият бағалауы растайды.

2011 жылғы 3-тоқсанда кредит нарығында бәсекелестіктің бұдан әрі күшеюі күтілуде. Банктер бөлшек кредиттеу нарығындағы ұсыныстар кредиттеудің бағамен көрсетілетін (банктің кредит бойынша пайыздық ставкасы және маржасы) және бағамен көрсетілмейтін (кредитті өтеу мерзімі, пайыздық ставкамен байланысты емес кепіл талаптары бойынша шарттар, комиссиялар) талаптарын жақсарту есебінен өседі деп болжап отыр.



2011 жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша банктердің кредиттік портфелінің сапасы баяу қалпына келуін жалғастыруда, бұл ретте тұтастай алғанда несие портфеліне қысым жасайтын проблемалық кредиттердің жоғары үлесі әлі де болса сақталып отыр. Банктердің 35%-ға жуығы несие портфелі сапасының шамалы жақсаруын, респонденттердің 51%-ға жуығы портфель сапасының өзгеріссіз қалатындығын және тек банктердің 13%-ы ғана несие портфелі сапасының шамалы нашарлайтындығын болжап отыр.

Проблемалық заемдармен жұмыс істеу кезінде ең көп қолданылатын шаралар кредиттің жалпы мерзімін ұзарту және төлем кестесін өзгерту, мерзімі өткен берешектің өтеу мерзімін ұзарту, айыппұл санкцияларын қолданбау, банк алдындағы борышын қайта қаржыландыру, оның ішінде заемшының басқа банкке өтініш жасауы арқылы қайта қаржыландыру болып қалып отыр. Бұл ретте, көптеген банктердің кредиттік портфелінің сапасын одан әрі қалпына келтіру несие портфелінің сапасын жақсарту бойынша қосымша мүмкіндіктерді және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған заемшылармен жұмыс бойынша жаңа құралдарды көздейтін салық заңнамасының күтілетін жеңілдіктерімен және проблемалық кредиттер қорын құрумен байланыстырып отыр.

3-тоқсанда банктер депозиттік базаны кеңейту және төлем жасауға қабілетті заемшыларды тарту бойынша белсенді жұмыстарын жалғастырады, сондай-ақ жұмыс істемейтін заемдарды қайта құрылымдау жұмысы, үмітсіз заемшылармен талап-арыздық жұмыс жалғасын табатын болады.

Зарттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтындағы (www.nationalbank.kz) «Қаржы тұрақтылығы» бөлімінде орналастырылды.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.



Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет