Национальный банк



Дата13.04.2018
өлшемі22.82 Kb.
#24444


ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ № 7

2017 жылғы 31 наурыз

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы
2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 25 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 99,2%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер 15,9 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,4 млн. адам болды (2016 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 3,7% азаюы және 0,9% өсуі). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, осы карточканың көмегімен карта ұстаушылары, тек осы карточканың шотындағы соманы ғана пайдалана алады, олардың үлесі 81,9%, кредиттік карточкалардың үлесі – 14,2%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 3,1% және 0,8% сәйкес келеді.

2017 жылғы ақпанда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 908,4 млрд. теңге болды (2016 жылғы ақпан айымен салыстырғанда өсу 16,7%). 2017 жылғы ақпан айында транзакциялар саны 30,9 млн. транзакция болды және 2016 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 22,2% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 55,1% (транзакциялардың саны 13,5 млн. транзакция болды) және 54,0% (транзакциялардың көлемі 163,6 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікті тиісінше 5,0% (транзакциялардың саны 17,5 млн. транзакция болды) және 10,9% (транзакциялардың көлемі 744,9 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 53,5% және 51,7%) және инернеттар (тиісінше 38,9% және 36,9%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 93,9% және 83,9%).

Қарағанды облысы бойынша 2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1127,2 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 1018,8 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 648,2 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 9264 дана.

- Банкоматтар саны – 751 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 5934 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 136 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1714 дана.

2017 жылдың ақпан айында қолма-қол ақшасыз төлемдері 381,5 мың транзакция сомасы 5450,6 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1432,3 мың транзакция сомасы 58786,5 млн. теңге.





Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет