Танымал продюсер, журналист Гүлнұр Мамасарипова жоғары гонарарға лайық отандық актерлардың есімдерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ХабарLike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Тележүргізуші әңгіме барысында  экраннан 500 мыңнан 10 млн теңгеге дейін гонорар бағасын шығарып, продюсердің бұл соманы кімге төлеуге дайын екенін сұрады. 

“500 мың теңгеге тек эпизодқа түседі. Мұндай ақшаға ешкім түспейді. Негізі,  кино жұлдыздарын мұндай бағамен төмендетпеймін. Күніне 1 млн теңге Нұргүл Мыңғатоваға төлейтін едім. Сондай ақшаны төлеуге қауқарым жетсе, төлейтін едім. Әттең, қолдың келтесі-ай болады ғой. Қол қысқа. Күніне 1,5 млн теңгені актер Дәурен Серғазинге, 2 млн теңге гонорарды Дулыға Ақмолдаға төлейтін едім. 3 млн теңгені жасы үлкен, аталар мен апаларды ойнайтын аға буын өкілдеріне беретін едім. Шамам келгенше, иығына шапан жауып, жоғары гонорар беруге тырысамын. Бірақ олар арамызда қанша уақыт жүреді дейсіз? Асыл қария, қарттың рөлін ойнап жүрген актер мен актрисаларға беретін едім. Ал 5 млн теңге гонорарды 4-5 күн түсірілімі үшін Қайрат Әділгерейге беретін едім. Күніне 7 млн теңгені ешкімге бермеймін. Қандай да бір линия үшін Берік Айтжановқа, Азамат Сатыбалдыға беремін. Олардың сериалдағы гонорары сондай болуы мүмкін. 10 млн гонорарды "Келінжан" телехикаясындағы Лейло Бекназарға беретін едім", – деді кинопродюсер. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.