Полиция әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып жатқаны түсіп қалған видеодан кейін тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Egov.press Telegram-арнасында тараған видеодан ер адамның әйелді жұмыс орнында ұрып жатқанын көруге болады. Ал видео сипаттамасында ер адамның "Алматы сот сараптамасы институтының сарапшысына ұқсайтыны" жазылған. 

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеу бастаған. 

"Аталған дерек 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген полиция хабарламасында. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.