Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаевты Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Катардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев 14 ақпан күні Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.