Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында 7 жасар бала зорлық көрген. Қалияш Сәрсенбаеваның айтуынша, 7 жасар ұлына үш күн қатарынан 60 жастағы көрші қорлық көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” ток шоуына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кадрдан скрин, кұдікті Көктеубай Мәмбеталиев

Сорақысы – зейнет жасындағы азамат бала жақ ашпауы үшін қолын пешке күйдірген. Үш күннен кейін болған жайды баяндаған ұлы көршісінің үйін көрсетіп, зейнеткердің зорлық көрсеткенін айтқан. Бірақ күдікке ілінген зейнеткер өзіне тағылған айыпты “жала” деп жоққа шығарып отыр.

“Балам қорқып қалған. Айтсаң, анаңды да, өзіңді де өлтіремін деп қорқытқан. Жұмыстан кешкі сағат сегізде келдім. Үйге кіргенде, балам партаның астында жатыр екен. Жарықты өшіріп тастаған. Нұрдәулет деп дауыстап шақырып, баламды іздедім. Партаның астында бүрісіп жатыр екен, өзі көкпеңбек болып кетіпті. Қорқып кеттім. Аузымнан да, артымнан да зорлап кетті. Кешегі шал тағы келді. Терезеден түсті” деп айтты ұлым,” – дейді ол.

Қалияш Сәрсенбаеваның сөзінше осыдан кейін ұлы үйін көрсетемін деп, көршінің есігінің алдына апарған. Олар полицияға шағымданған. Сараптама нәтижесі баланың тік ішегінің жарақат алғанын, анальды аймақ жыртылғанын, төменгі ерні соққы салдарынан көгергенін көрсетті.

Бала түсініктеме бергеннен кейін көрші зейнеткер қамауға алынды. Алайда дәлел жеткіліксіз болғандықтан, күдіктіні босатып жіберген. Ал күдікті Көктеубай Мәмбеталиевтің өз айтары бар. Ол жазықсыз 12 күн абақтыда жатып шықтым деп отыр.

“Түнде ұйықтап жатқанымда екі милиция үйге келіп, мені алып кетті. Өзім түсінбей қалдым. Көрші келіншек баламды зорлады деп шағымданғанын айтты. Баланың ішегі үзіліп кеткенін естідім. Демек оқиға болған. Соны жасаған адамды тауып, соттатсын. Басқа қылмыс істесем де, ондай қатігездікке бармаймын. Барлығын тексерді, аузымнан сілекейімді алды, қанымды алды. Ешқандай дәлел таппағаннан кейін босатты. Болмаған істі болды деп отыр”, – дейді ол.

Үй маңындағы дүкеннің иесі балам зорланды деген келіншектің үйінен бейтаныс еркектердің келіп, кетіп жататынын айтады. 

”Ол маған ақша қарыз еді. Дүкеннен нан, сұт сатып алады. Қыста қаржыдан қатты қиналды. Мен одан қарызымды сұрағанымда, үйге пайдасы бар еркектерді алып келемін, құтыламын деп айтты”,- дейді дүкенші.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.