Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев медициналық сақтандыру жүйесін сынға алған еді. Қордың мәліметінше, президент пен парламенттің сынынан кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру саласына бірқатар жаңалықтар енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Инновацияларды сараптамалық алаң шеңберінде медициналық қоғамдастықпен және денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Оның мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті.

Мынадай өзгерістер ұсынылып отыр:

  • медициналық қызметтер пакеттерін бірыңғай пакетке біріктіру мәселесін пысықтау;
  • стандартталған көрсеткіштерді енгізе отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде қызметтерге ақы төлеудің нақты әдіснамасын әзірлеу;
  • артық кепілдіктерді қоспағанда медициналық қызметтерді тұтынудың ғылыми негізделген минималды нормаларын әзірлеу;
  • тарифтерді қайта қарау үшін сақтандыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, негізгі ауру түрлері айқындалады.

“Кездесуде ӘМСҚ-ның барлық процесіне сараптаманы күшейту, медициналық ұйымдар арасында ақшаны бөлудің ашықтығы, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, тіркеу бойынша мәселелер қозғалды", – делінген қор ақпаратында.

ӘМСҚ қорытындысы бойынша, сарапшылармен енді қажет жиі жиналып, анализ жасап отырады.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары МӘМС жүйесін не күтіп тұрғанын айтқан еді. Сондай-ақ президент медициналық көмек сапасы мен қолжетімдігі әлі күнге дейін айтарлықтай жақсармағанын айтқан еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.