Наурыз келді, алақАЙ! Мақсаты



жүктеу 43.58 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі43.58 Kb.



НАУРЫЗ КЕЛДІ, АЛАҚАЙ!

Мақсаты :

Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен 

кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту. 
Зал мерекеге орай безендірілген. Балалар музыка әуенімен кіріп келеді. 

Жүргізуші: 
Армсыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық!

Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау болсын!

Аман – есен болайық! – 
деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. 
Уа, ағайын, халайық, 

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!


1 бала: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән, өнерге тамсанайық.

Аңызбен, ертегімен бізге жеткен

Наурызды, қонақтарды қарсы алайық.


2 бала: Жылдың басы – Наурыз,

Жырдың басы – Наурыз,

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр - әніміз.

3 бала: Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық,

Баянды болып, мереке 

Қыр гүліндей жайнайық.


Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрлері болады. Мысалы қазақтың салт- дәстүрлері: шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, қырқынан шығару, келін түсіру, бесікке салу т,б.

Бүгінгі көрсетілетін салт-дәстүр бесікке салу.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?

Тағы бір нұсқасы:

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Ойын: Күш сынасу.

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
«Наурыз – көктем» әні

Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр

Балалар: Көктемде

Жүргізуші: Дұрыс, көктемде. Ал көктемді қалай сипаттауға болады?

Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.

Жүргізуші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады, 

Шомылып нұрға атырап,

Ағаштар жайды жапырақ

Далаға бірден таралды,

Гүлдерден жұпар шашырап

Олай болса, қазір «Гүлдер биін » тамашалайық. Өте тамаша. ал, енді, тақпақтарымызбен мерекемізді жалғастырайық. 

4 бала: Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран 

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.
5 бала: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.


Жүргізуші: Қанеки қарсы алайық жылдың басын,

Қосылып жасқа жасың, басқа басың

Барайық төрт көз түгел келер жылға,

Аман боп алыс, жақын кәрі – жасың.

(Есікті біреу тақылдатқандай болады. Бұл жыл басы – қой)


Қой: Мен келдім, міне ортаңызға 

Амандық тілеп баршаңызға 

Саулығын берсін деймін бәрімізге 

Жеткенше келесі жаңа жылға.

Жүргізуші: Біздің тойдың бас қонағы өзіңсің ғой. Төрлет, бүлдіршіндер өнер көрсетіп жатыр. Тамашалайық бірге. 
6 бала: Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұл бұл сайрасын

Өркендесін тірщілік

Өсірілсін бір шыбық
7 бала: Ару көктем, армысың!

Көкке біткен әнбісің 

Жерге біткен сәнбісің 

Алтын арай таңбысың 

Хош келіпсің, армысың!

Жүргізуші:

 Наурыз көже – тағамның ең үлкені
Жадыратып, жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында 
баршаңызды дәм татуға шақырамыз.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет