Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев прокуратура, полиция қызметкерлерінің, педагогтардың, психологтардың және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Формальды тәсіл жұмыс істемейді, мәселені шешу үшін нақты басымдықтар мен дұрыс бағыттар қажет, деп атап өтті кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев. 

Өңір басшысы балалармен сауатты тәрбие жұмысын жүргізу барлық органдардың басым міндеті екендігіне назар аударды.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, соңғы жеті жылда суицидтің төмендеу динамикасы байқалды, бірақ дәл 2023 жылы күрт өсім байқалды: 37 суицид оқиғасы тіркелді, олардың жетеуі қайғылы аяқталды. Өзін-өзі өлтіруге тырысатын жасөспірімдердің орташа жасы – 15-17 жас. Негізінен, бұл толық және жайлы отбасылардың балалары. 

“Көп жағдайда бұл ата-анамен жанжалдасумен, жауапсыз махаббатқа, психикалық жағдайға немесе оқудағы проблемаларға қатысты эмоционалдық күйзеліспен байланысты”, – деді ШҚО полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Иманмадиев.

Психологтардың айтуынша, көбінесе жасөспірімдер ата-аналарымен байланысын жоғалтып, виртуалды ойындарға тәуелділік, лудомания және т.б. сияқты факторлардың әсерінде болады. Мұндай кезеңдерде мектеп оқушысы өз құпияларын сеніп тапсырып, дұрыс кеңес ала алатын мұғалімдер көмекке келуі керек.

“Мәселе мынада, балалар бос қалды, олар бұдан әрі не болатынын білмейді. Бүгінде олар өздерін жүзеге асыра алатын әлеуметтік орта құрылмаған. Біз мектептерді шектеп тастадық, кез-келген жұмыс балалар еңбегін қанау ретінде қарастырылады. Ал тәрбиелеу ұжымда жүруі керек. Сондай-ақ заңнамалық деңгейде Интернеттегі "треш-контентті" анықтап, оны соншалықты қолжетімді етпеу қажет деп санаймын”, – деп атап өтті кездесуге қатысушылардың бірі Ирина Плотникова. 

Жасөспірімдермен жұмыстың ауқымды көлеміне қарамастан, ол әрдайым соңғы адресатқа жете бермейді. Мысалы, облыс қалаларында жастар денсаулығы орталықтары, мәдени, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. Алайда, аудандарда олар бұл туралы мүлдем білмейді.

“Аудандарға барған кезде мұғалімдермен және психологтармен сөйлесетін боламыз. Табысты мектептерді көрсетудің қажеті жоқ. Біз бүгінде балаларды не толғандыратынын білуіміз керек”, – деді Ермек Көшербаев.

Кеңес қорытындысы бойынша суицидтің алдын алуға бағытталған шаралар кешенін белгілеу туралы шешім қабылданды, олар – жалпы білім беретін мекемелерде кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жеке жұмысты күшейту, жасөспірімдерге өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін және оларды жасампаз даму жолына бағыттайтын әлеуметтік қызметкерлер мен психологиялық көмек, қызметтер мен сенім телефондары институтын нығайту.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.