Жастар арасына кеңінен танымал әнші Нұрболат Қанай алғаш сахнаға шыққан сәтін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесінің сахнада жүргеніне 10 жылға жуықтаған. 

“Алдымен сахнада КВН ойнап бастадық. Мен әншілікке бет бұрмастан бұрын, “Жайдарман” ойнап бастаған едім. Ең алғаш үлкен сахнаға 8-9 сынып оқитын кезімде Шымкентте “Жайдарманның” туған күнінде шықтым. “Жайдарман” тарихындағы ең жас жүлдегермін. 15-16 жасымызда Тұрсынбек Қабатов, Нұрлан Қоянбаев, Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек  ағаларымызбен жарысып жүрдім. Ол уақытта дауыс бар болғандықтан, сәлемдесу мен қоштасу кезеңінде ән айтатын едім”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

  • "Сахнаға шықпағанда сотталып кететін едім": Дастан Оразбеков "Орда" тобының қалай құрылғанын еске алды

  • "Жаңа жылды Алматыда қарсы алатын": Танымал актер Назарбаев әулетінің тойлары қалай өтетінін айтып берді

Сонымен қатар әншілікке бет бұрған жылдарын да есіне алды. Айтуынша, “Орда” тобының әншісі Дастан Оразбеков сахнаға шығуына көмектескен көрінеді. 

Кәсіби ән айтуға 2013 жылы кірістім. Дастан Оразбеков ағамыздың шәкіртімін. Ол кезде мен "Тенгиз" зауытында жұмыс істейтінмін, шамамен 18-19 жастамын. Зауыттың шөбін қыратынбыз. "Құлсары" КВН командасының капитаны Ыбырай Парасат ағамыз менің ән айтатынымды білетін. Сөйтіп ол маған "біз Алматыда топ құрып жатырмыз, Дастан аға сенің дауысыңды ұнатты, кел" деп шақырды. Мұны естіп жартты сағаттай ойланып жүрдім. Ойланып, бастығыма барып "мен жұмыстан шығымын" дедім. Заттарымды жинап, ауылға қайта келіп, ата-анама "мен Алматыға кетіп бара жатырмын, әйгілі Дастан Оразбеков мені өзі шақырды" деп, олардың батасын алып жолға шықтым. Менің кәсіби ән саласына үлкен сапарым сол жерден басталды", – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, Нұрболат Қанай дертке шалдыққан марқұм інісі туралы айтқанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.