Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Черногорияда өткен әлем кубогінде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Жастар арасында Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Төрехан Сабырхан  Черногорияның Будва қаласында өткен әлем кубогінде алтыннан алқа тағып қана қоймай,турнирдің ең үздік боксшысы атанды. 22 елдің спортшылары сынға түскен сайыста Төрехан 67 келі салмақта жұдырықтасып, қарсылас шақ келтірмеді.

Айта кетейік, Сабырхан Төрехан болашағынан үлкен үміт күттіретін жас талантты боксшылардың бірі. Мамандар оның шаршы алаңдағы өнерін Махмұдтан да жоғары деп баға берген. Төрехан да білікті бапкер Илиас Оралбековтің төл шәкірті. 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.