Америкадағы Род-Айленд штатының студенттері колледж күзетшісіне Нигерияға баруға 15 мың доллар жинап берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Afolabi Sotunde / Reuters

2024 жылдың ақпанынан бері Род-Айленд қоғамдық колледжінің бірнеше студенті Джейсм есімді күзетшімен дос болып жүр. Көп ұзамай олар ер адамның 11 жыл бойы отбасының жанында болмағанын және үйіне бармағанын білген.

Мұны естіген жанашыр студенттер күзетшіге білдірмей, жасырын ақша жинап берген. Сөйтіп, достарының туған жеріне сапарын төлеп беруге шешім қабылдаған. 29 ақпан күні студенттер желіде Джеймс үшін GoFundMe краудфандинг платформасын жасаған. 

Айта кетейік, краудфандинг – интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі.
Күзетшінің жас достары оның мейірімдігі мен жауаптылығын, сонымен қатар бастан өткізген қайғы-қасіретін егжей-тегжейлі сипаттап берді.

  • Қоқиқазды үйінде ұстаған: Халық ақтаулық блогердің айыппұлын төлеп берді

  • Түркияға қатерлі ісікті емдеу үшін келіп көз жұмған баланың отбасына қазақстандықтар бірнеше сағатта 6 миллион теңге жинап берді

"Джейсті білмейтіндер үшін оның қандай адам екенін айтқым келеді. Ол – мен өмірде кездестірген ең жақсы адам", – делінген желідегі хабарламада.

Студенттердің айтуынша, ер адам бәрін күлімсіреп қарсы алады. Кез келген тақырып бойынша сөйлесуге, көмектесуге және қолдауға әрқашан дайын тұрады.

Алғашқы тәулікте олар үш мың доллар жинай алды. Ал 6 наурызда студенттер Джеймске туған еліне барып келуге қажет соманы берді. GoFundMe парақшасында олар күзетшіге қаражат берген сәттегі фотосы жарияланды.

Сонда да студенттер қаражат жинауды доғармаған. Осылайша 9 наурызда қайырымдылық сомасы 15 мың доллардан асқан. Олар қазіргі және алдағы түсетін қаражатты жұмсап, ер адамның жақындарын жиі көре алатынын атап өтті.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.