Танымал коуч, психолог Роза Әшірбаева алғаш рет отбасы мен ата-енесі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 
Abylaikhan Omirbay youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото подкастан скриншот

Бүгінде психолог екі ұлдың анасы. 

“Күйеуіммен 18 жасымда таныстым. 4 жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Екі ұлымыз бар. Еділжан мен Сабыр. Бірі 16-да, екіншісі – 12 жаста. Алғаш үйленген жылдары “5 бала туып берем” деп уәде берген едім. Әр баланың арасы 4 жылдан болады деп келістік. Бірақ кейіннен көпбалалы болу тиімсіз екенін біліп, екі баламен тоқтадық. Тіпті, ол идеяны да күйеуіме айтқан өзім едім. Ол басында шошып кетті. “Бірінші және екінші баланы дүниеге әкелейік, сосын әріқарай көреміз” деген еді. Мақтағаным емес, менің күйеуім өте комфорт адам. Үйленген кезде тегіне де өткен жоқпын. “Өтесің бе?” деп те сұраған жоқ. Мысалы, кенже сіңлім күйеуінің тегіне өтті. Оның айтуынша, отбасы дегеніміз – бір фамилияда жүру екен. Анам әкемнің тегін алған. Біз үйленген жылы қоғам әлі цифрланбаған еді. Бір қағазды алу үшін бірнеше құжат алмастыру керек еді. Сондықтан шаруасы көп болғасын мен өтпедім. Жалпы, біз үйленбей тұрып, бәрін келісіп алдық. Қайда тұрамыз, кіммен тұрамыз, қандай бизнес жасаймыз, балаларымыз қалай болады бәрін жоспарладық. Мен үнемі айтып жүремін, қыз бен жігіт үйленбестен бұрын, келісімшарт жасасқаны дұрыс. Сөзінде тұратын жігітке күйеуге шығу керек. Ол саған берген уәдесінде тұра берсін, бірақ досына берген сөзінде тұрмаса қашу керек”, – дейді коуч. 

  • "Бөлек шығу туралы әңгіме болмайды": Салтанат Бақаева ата-енесімен қарым-қатынасы туралы шындықты жайып салды

  • "Қайын атам маған "сіз" деп сөйлейді: Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет ата-енесі туралы айтты

Сондай-ақ, ата-енесімен қарым-қатынасын да бүкпесіз баяндады. Желі қолданушылары психологты ата-енесіне қызмет жасамайтын келіндердің қатарына қосып қойған көрінеді. 

“Мені үнемі тікелей эфирде немесе кеңседе жұмыста отырғанымды көретін жұрт ата-енесіне қызмет жасамайды деп ойлайды екен. Біз олардан бөлек тұрамыз. Бірақ үйіне барғанда ыдыс-аяқ жауып, шай-тамақ әзірлеп келіндік міндетімді атқарамын”, – деп ағынан жарылды психолог. 

Еске салайық, Индира Расылхан коуч Роза Әшірбаеваны ерлі-зайыптыларды ажырастырады деп айыптағанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.