Нұргүл Оқашева Жас ғалымдар форумы



Дата28.04.2019
өлшемі35.5 Kb.
#120315

Нұргүл Оқашева
Жас ғалымдар форумы
Әлемнің өркениетті мемлекеттерінің көбі табысты сала саналатын туризмнің дамуына ерекше мән беріп отыр. Елімізде оны мемлекет экономикасының қайнар көзі ретінде пайдалануға, көкжиегін кеңейтуге басымдық беріліп келеді. Алдағы қараша айында Қазақстан мен Ресей мемлекет басшыларының қатысуымен Петропавлда өтетін XV өңіраралық ынтымақтастық фо­румының да тақырыбы осы болмақ. Бүгінде ауқымды шараға дайындық қызу жүргізілуде. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан мемлекеттік университетінде "Қызылжар - 2018" деген атаумен өткен шекаралас аймақтардағы туризмді дамыту жөніндегі жас ғалымдардың халықаралық симпозиумы соның дәлелі.

"Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудағы жаңа көзқарастар мен тенденциялар" тақырыбы аясында өткізілетін фо­рум өңіріміздің және жалпы Қазақстанның туризмдегі әлеуетін ашуға мүмкіндік бермек. Қы­зылжар өңірі бұл салада үлкен мүмкіндіктерге ие. Алдағы уақытта облыс экономикасына салынатын инвестицияның біраз бөлігі осы салаға бағытталмақ. Бұл өз кезегінде өңір туризмінің дамуына серпін береді.

Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет Ресейден келген меймандар мен барлық қатысушыларды өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың атынан симпозиумның ашылуымен құттыктап, оның жұмысына табыс тіледі. "Қазақстан мен Ресейдің шека­ралас аймақтарында туризм саласын табысты жүргізу күн тәртібіндегі мәселе. Өйткені, екі ел өңірлерінің табиғаты, геофафиялық орналасуы мен климаты бұл саланы жандандыруға колайлы мүмкіндіктер туғызады. Бүгінгі шарада оны нақты жүзеге асырудың ғылыми тұрғыда зерттелген жолдары қарастырылатынына сенімім зор", - деді Мадияр Дүйсенбайұлы.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ректоры Серік Өмірбаев осы бағытта өзі жетекшілік етіп отырған білім ордасында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға на­зар аударды. Жоғары оқу орнында туризм саласында білім алып жүрген жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстанның 66 университеті Ресейдің 93 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыс орнатқан. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универ­ситеті Ресейдің Омбы облысындағы жоғары оқу орында­ры мен өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуде.



Симпозиум барысында Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі су және экологиялық мәселелер институтының аға ғылыми қызметкері, география ғылым-дарының докторы Дмитрий Чер­ных туристік кластер құрудың маңызына токталса, Қазақстан Республикасының Тұңгыш Пре­зиденті Қоры жанындағы ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров жас ғалымдардың тың жобаларына мемле­кет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап етті.

// Солтүстік Қазақстан.-2018.-22 қыркүйек
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Қарағанды қаласының әкімі Аубакиров Н
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет