Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 км бойы жол талғамайтын көліктің алдында ақтүтек боранда жаяу жүрді.

Құтқарушылардың бірі қарауыл бастығы Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша, жол көріндегендіктен, құтқарушылар көліктің алдына шығып, ббағытты қарап отырған. 

Ауа райына байланысты Ақтөбе әуежайы жабылды

"Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз”, – дейді құтқарушы Ақдәулет Әли.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды.

 

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.