Алматы соты мәслихат отырысында боғауыз сөз айтқан депутат Тимур Елеусізовке қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Депутат "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты депутатқа 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.

"WhatsApp желісі арқылы сот отырысына қатысқан Тимур Елеусізов өз кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, абайсызда сөйлегенін атап өтті", – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының отырысында депутат Тимур Елеусізов баяндама оқып жатып, боғауыз сөз айтқаны туралы жазған едік. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Stan.kz ақпарат агенттігі (@_stan.kz)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.