Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың 2023 жылдың соңғы тоқсанындағы шығындары туралы дерек жариялады. Ел тұрғындары не нәрсеге ақшасын көбірек жұмсағанын анықтап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Adobe Stock

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2023 жылдың IV тоқсанында бір қазақстандықтың шығысы 277 202 теңге немесе айына 92,4 мың теңге болған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайызға жоғары.

Қазақстандықтардың ақшасының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайтын болып шықты – тоқсанына 142 169 теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 66 268 теңге, ақылы қызметтерге – 48 250 теңге жаратқан.

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындардарға бір қазақстандық 129 953 теңге төлейді екені, сырттан тамақтануға – 6070 теңге, алкогольдік сусындарға – 1766 теңге, темекі өнімдеріне – 3970 теңге төлейді.

Орташа алғанда, еліміздің бір тұрғыны тоқсанына 14 819 теңгені несие мен қарызды өтеуге, 5362 теңгені алиментке, 334 теңгені салық пен басқа да төлемдерге жаратады.

Шығыны ең көп елорда тұрғындары болып шықты. Бір астаналық тоқсан ішінде 366 345 теңге жұмсаған, яғни бұл айына – 122 115 теңге. Одан кейінгі орында алматылықтар мен Қарағанды облысының тұрғындары тұр. 

Айта кетейік, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында сатып алушылар тарапынан сұраныс азайған. Ақпан айының қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам ғана келісім жасалған. Бұл көрсеткіш қаңтар айымен салыстырғанда 4% аз. Баспанаға сұраныстың төмендегенін әсіресе Алматыда байқауға болады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.