О размещении государственного



жүктеу 54.95 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі54.95 Kb.




«Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы






«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 110544 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, 30.03.2017 ж.) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы «___» _________
№ ____
бұйрығына қосымша



Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы


Р/с№

Денсау

лық сақтау саласында

ғы білім беру ұйымдары


Бөлін

ген орын


дар

дың жал


пы саны



Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны

Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар

Кәсіптік орта білімі бар мамандар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

қайта даярлау

біліктілігін арттыру

біліктілігін арттыру

2

ай


4

ай


5

ай


1 ап

та


2 ап

та


4 ап

та


2

ай


3 ай

1 ап

та


2 ап

та


1.

Астана медицина универси

теті

16 678

40

200

65


4 454

2 800

3 000

13


6

5 000

1 100




Барлығы

16 678

40

200

65

4 454

2 800

3 000

13


6

5 000


1 100





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет