Жоба
Алматы облысы әкімдігінің
2017 жылғы 17 қарашадағы «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында
қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай
сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» № 508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
|
|
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелген, 2017 жылдың 23 желтоқсанында «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редацияда баяндалсын.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарға ресми жариялауға жолдауын;
4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
5) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омарға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |