ҚР Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповтың қаза болған күнін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Динара Сәтжанның Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иесі 43 жасында жесір қалған. 

“Ол кезде Кеңес дәуірінің дәурені жүріп тұрған уақыт. Жолдасыммен бірге ақылдасып, балалы болуға асықпадық. Өйткені өнерде саған атақ берсе, сен сол атаққа лайық жұмыс істеуің керек. Түрлі конкурстарға қатысып, концерттерден қалмауың керек. Заман сондай болды. Бірақ балалы болуға шешім қабылдағанда Құдай бізге бірден бермеді. Денсаулығымда кінәрат болып, соны емдедім. Содан кейін ана атандым. Басқа әйелдер секілді мен де 3 жыл декрет демалысында отырдым. Бірақ концерттерге барып жүрдім. Әлиді 33 жасымда босандым. 9 жылдан кейін Мәди өмірге келді. Күйеуім ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болған. Ұйқыдан оянған кезде ол сұп-суық болып жатты. Мен үшін әрине күтпеген жағдай болды. Бұған дейін бірнеше рет микроинсульт алған. Оған мән бермей, дәрігерлерге бармай жүрді. Ұйқыда жатқан кезінде соңғы инфаркт болған. Ол трагедияға толы күнді айтып жеткізу мүмкін емес. Аяғым ауыр еді. Бірнеше рет ауруханаға түсіп қалдым. Балам түсіп қалып, жүктілік тоқтап қалуы мүмкін еді. Бірақ мен Әли мен ішімдегі баланы ойладым. Сол күннен бері екі ұлыма әке орнына әке болып келе жатырмын", – дейді өнер иесі. 

  • Шығыс Қазақстанда екі отбасы улы газға уланып мерт болды

  • Маман ұзақ өмір сүрудің күтпеген әдісін тапты

Өмірінің дәл ортасында жарынан айырылған әнші күні бүгінге дейін екінші мәрте тұрмысқа шықпады. 

“Бірінші сыныптағы ұлым мен емізулі балам барда нені ойлауым керек еді?! Өзімді емес, оларды ойлауым керек болды. Олардың балабақшасы, мектебі, денсаулығы, оларға қажет нәрсемен қамтамасыз етуім керек болды. Сондықтан өзімді ойлайтын уақытым болмады. Әрине, көңілі болған ер адамдар болды. Менің “Роза Рымбаева” деген атымнан көп ер адам қорыққан сияқты. Қазір жасым ұлғайды. Қызығушылығым да жоқ", –  дейді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі жақында немересінің туған күнін тойлағанын жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.