О внесении изменений



жүктеу 46.65 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі46.65 Kb.



Облыс әкімдігінің 2016 жылғы

20 желтоқсандағы «Алматы

облысының тірек ауылдық

елді мекендерінің тізбесін айқындау

туралы» № 615 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 26 - бабына, «Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13375 тіркелген) және «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2018 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республика Президентінің № 653 Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Облыс әкімдігінің «Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген, 2017 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

жол, 14 реттік нөмірі алынып тасталсын.



  1. «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.



  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.

  2. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А. Баталов

Алматы облыс әкімдігінің

2018 жылғы «___» __________

№ _____ қаулысына қосымша



Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі


№ р/н

Ауданның атауы

Ауылдық округтің атауы

Ауылдық елді мекеннің атауы

1

2

3

4

1

Ақсу

Қапал

Қапал ауылы

2

Алакөл

Достық

Достық ауылы

3

Алакөл

Қабанбай

Қабанбай ауылы

4

Балқаш

Бақбақты

Бақбақты ауылы

5

Еңбекшіқазақ

Байтерек

Байтерек ауылы

6

Еңбекшіқазақ

Шелек

Шелек ауылы

7

Еңбекшіқазақ

Қаракемер

Қаракемер ауылы

8

Жамбыл

Мыңбаев

Мыңбаев ауылы

9

Жамбыл

Теміржол

Қазыбек бек бекеті

10

Іле

Жетіген

Жетіген ауылы

11

Қарасай

Жаңашамалған

Шамалған бекеті

12

Кербұлақ

Қоғалы

Қоғалы ауылы

13

Панфилов

Пенжім

Пенжім ауылы

14

Райымбек

Нарынқол

Нарынқол ауылы

15

Сарқан

Лепсі

Лепсі ауылы

16

Ұйғыр

Шарын

Шарын ауылы





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет