Оѕалту рјсімін жїзеге асыру ўзаќтыєы 5 жылдан аспауы тиіс



Дата14.03.2018
өлшемі34.06 Kb.
#21090

Мекемелердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Банкроттық туралы заңнама, төлей алмау дағдарысын, кәсіпорынның мерзімі өткен қарыздарының ұлғаюын және де осы процесстерге байланысты жағымсыз әлеуметтік әсерлердің алдын алу мақсатымен төлемқабілетсіз борышкерлерге банкроттық рәсімін олдануға мүмкіндік беретін құрал болып табылады, сонымен қатар қоғамдық әрекет саласында құқықтық реттеуді, оның ішінде заңды тұлғаларды қызметтеу және тарату сияқты процесстерді анықтайды.

Банкроттық түсінігі қазіргі таңда қоғамда жағымсыз әсер туғызады, өйткені істің, яғни барлық қызықтыратын тұлғалларға анықталмағандық алып келетін фирма, ұйымның таратылуын білдіреді.

Қолданыстағы банкроттық туралы заңнамаға сәйкес таратудың алдын алу мақсатында борышкерге өз төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі беріледі.

Оңалту рәсімі – борышкерге қайтаұйымдастырушылық, ұйымдастырушылық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да таратудың алдын алу мақсатында борышкердің төлемқабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған құқықтық шаралар қолданылатын шеңбердегі сот рәсімі.

Оңалту рәсімін жүзеге асыру ұзақтығы 5 жылдан аспауы тиіс. Сот несие берушілер жиналысының келісімімен борышкердің өтініші бойынша 6 айдан аспайтын мерзімге созуына құқылы.

Борышкердің сотқа оған оңалту рәсімін қолдану туралы үндеуіне негіз болып борышкердің қаржылық міндеттемелерін оның жақындағы 12 айда өтеу мерзімінің өтуі қарсаңында орындай алмау жағдайы.

Сонымен қатар борышкер, банкрот деп тану туралы іс қозғалу туралы ұйғарым көшірмесін алған күннен бастап 10 күндік мерзімде оған оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа үндеу тастай алады.

Борышкердің өтінішінің нысаны және оған қосарланатын құжаттар ҚР «Банкроттық туралы» Заңының 18 және 19 баптарында көрсетілген.

Борышкердің мүлігінің меншік иесінің арызы бойынша, несие берушілердің келісімімен сот борышкердің мүлігінің меншік иесіне, құрылтайшысына оңалту жоспарын бекіту кезінен борышкердің мүлігін және істерін басқару құқығын сақтайды.

Борышкер несие берушілермен бірге оңалту жоспарын оңалту рәсімін қолдану туралы шешімнің заң күшіне ену күнінен бастап 3 ай ағымында жетілдірілуі және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімнің заң күшіне ену күнінен бастап 4 айдан кешіктірілмейтін мерзімде сотқа бекіту үшін жолдануы қажет.

Оңалту рәсімін қолданудың салдары



  1. Әдеттегі коммерциялық операциялар шегінен бөлек мүлікпен келісім жасасуға тыйым салынады;

  2. борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсім, өсімпұл), сонымен қатар алынған несие бойынша сыйақыны есептеу тоқтатылады

  3. Өтеу мерзімі оңалту рәсімі қолданған соң келген борышкер өмірге немесе денсаулыққа тигізген зияны үшін жауапкершілігін азаматтарға төлеуден басқа, қабылданған сот шешімдерінің, салық органдарының, сонымен қатар борышкердің мүлігінің меншік иесінің оның мүлкіне қатысты шешімдерінің орындалуы тоқтатылады.

  4. Оңалту рәсімі қолданылған келесі салық кезегіндегі салық кезегі бойынша салықтық тексеру нәтижесі бойынша салықтық қызмет органдарымен есептелген, салықтық есептемеге сәйкес салықтөлеушімен есептелген бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер төленеді

  5. Оңалту жоспарымен қарастырылғаннан басқа әдеттегі коммерциялық операциялар шегінен бөлек мүлікке қатысты келісімдер несе берушілер комитеті жиналысмының келісімімен жасалады.

  6. Оңалту жоспарына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу кестесін орындамау жағдайында, оңалту жоспарында нұсқалған кредиторлық берешекті өтеу күні немесе периодынан кейінгі күнінен бастап, оңалту рәсімін қолдануға сәйкес борышкерге салынған шектеулер алынады.

Заңмен қабылданған шараларды қолдану бизнеске түсірілген әкімшілік жүкті төмендетуге, сауықтыру рәсімін енгізуді жеңілдетуге, берешекті реттеудің соттан тыс әдісін ынталандыруға жағдай жасауға, сонымен қатар жүйенің бұдан әрі жетілдіруіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өз төлемқабілеттілігін соттан тыс рәсімдер арқылы қалыпқа келтіруді таңдаған кәсіпорындар санының өсуін қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегіне бәсекеге қабілетті салықтөлеушілерді сақтау есебінде жұмыс орындарын және мемлекеттік кірістер өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпаратты ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінен келесі мекенжай бойынша ала аласыз: Қарағанды қаласы,



Жамбыл көшесі, 9-үй. 301- каб. т.41-18-45,41-18-51

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті

заңнаманы түсіндіру бөлімінің бастығы А. Е. Грибова


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет