Танымал актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова психология саласына бет бұрып жүр. Ол құны 7 миллион рубль тұратын сабаққа қатысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/

39 жасқа толған актриса психолгиялық білім алу үшін 25 миллион теңге жұмсаған. Ал құны 34 миллион теңге тұратын ресейлік блогердің сабағына оффлайн қатысқан.

“Қыздар маған маркетинг, сату және супержұлдыздың өмірі мен энергиясын алу үшін жеті миллион рубль төледі. Біз оффлайн жүздестік. Сол үшін Дубайға келдік. Бір-бірімізді көргенде қатты қуандық. Қыздар алғыстарын білдіріп, нәтижесі мен қалай өзгергендерін көрсетті. Әйелдерге арналған жаттығулар жасадық. Мәзірдегі барлық сушидің дәмін таттық. 2024 жылдың құпия трендтерін бөлістік. Кездесуіміз өте жоғары деңгейде өтті”, – деп жазды ресейлік блогер. 

Желі қолданушылары қымбат сабаққа қатысқан актрисаны сөгіп тастады. Енді бірі еңбекқор жан екенін айтып, лайық көріп жатыр. 

“Инфосыған екені көрініп тұр”, “Әсел психолог болып кеткен бе?!”, “7 миллион рубль теңгемен есептегенде 34 миллион теңге”, “Супержұлдыз дегені күлкілі екен” деп жазып жатыр актрисаның оқырманы. 
 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от SASHA BELAIR (@sashabelair_)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.