Танымал әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлі Болмановпен Германияға ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Өнер иесі жаңа жасын шетелде қарсы алды. Алайда шетелге туған күн тойлау үшін бармағанын айтты. 

“Айналайын, қазақ елі! Еліміздегі қиын жағдай барлығымызға ауыр тиіп отыр. Тілсіз жау айтып келмейді. Болған іс болды, бояуы сіңді, енді өкініп, өксігеннен еш қайыр жоқ. Елімізде соңғы уақыттарда трендке айналып бара жатқан жағдай, кінәлі тұлғаларды іздейміз енді. Кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтап, тәртіптік жазасын береді-мыс билік. Одан не өзгереді?! Жау кеткен соң қылышыңды “басқа шаппа “ деуші еді үлкендер. Кінәліні жазаға тартқаннан топан суға кеткен қарапайым халықтың үйі мен дүние-мүлкі қайтып қалпына келмейді. Опат болған төрт түлігі қайтып тіріліп кетпейді. Бұл жағдай болмай тұрып алдын алудың амалын жасамағаннан кейін айттың не, айтпадың не?!”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

  • "Сағыныш қалды": Қарақат Әбілдина әсерлі жазбасымен көпшілікті жылатты

  • "13 жылдан кейін есіме түсірді": Қыдырәлі Болман ұлының кіндігін кескен сәтін есіне алды

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы әркімді өзінің өміріне жауап беруге шақырып, бөтеннің тірлігіне араласпауға үгіттеді.

“Осы кезде жетісіп жүрген кім бар?! Кейбір өсекші сайттар жазғандай, біз шет елге бала-шағамызды тастап, туған күн тойлауға келген жоқпыз. Жеке басымыздың шаруасымен жүрміз. Осы орайда тілегім, жаратқан ешкімді ешқашан денсаулықпен сынамасын! Туған күніме ниетін білдіріп, елеп-ескерген жақындарыма алғысымды білдірген видеоның астына қалдырған пікірлеріңізді де оқып шықтым. Еш ренжімеймін. Бір ғана айтарым, ешкімнің өмірін талқыламай, өз өмірімізге жауап беріп алсақ жөн болар еді”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, продюсер Қыдырәлі Болмановтың денсаулығы сыр беріп, шетелге емделуге кеткенін жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.