UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) 70 келідегі Ресейдің ең үздік жауынгері саналатын Эдуард Вартанянға (25-3) қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Наше Дело

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов “Наше Дело” тұжырымында Эдуард Вартанянға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жете алмады. К1 ережесі бойынша жұдырықтасқан отандасымыз жеңіске лайық өнер көрсеткенімен, төрешілер жеңісті оған бермеді. 3 раунд қорытындысы бойынша Эдуард Вартанянды жеңімпаз деп таныды. Дегенмен Санкт-Петербург қаласындағы “Арена” алаңына жиналған жанкүйерлер бұл шешімге наразылық танытты.  

Айта кетейік, Эдуард Вартанян АСА тұжырымының гран-при турнирінде отандасымыз Артем Резниковті жеңіп, чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.