Об утверждении Правил использования воздушного пространства



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/3
Дата01.10.2017
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 30 желтоқсан №1429 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1429 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 155-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:

259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«259. ӘК, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын ӘК мен жер үстіндегі қызметтердің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілігінде қосымша радиожелі ұйымдастырылады. Бұл ретте, жеке (резервтік) радиостанция пайдаланылуы тиіс.»;

көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Ақпарат құжаттау құрылғыларында қатты дискілерде жазылып, сақталады. Қатты дискілер толған кезде ондағы ескі ақпарат автоматты түрде өшіріледі және оның орнына жаңа ақпарат жазылады. Қатты дискілер көлемі кемінде 30 тәулік мерзімге сақталатын ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.».

2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:

«35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;

36) белгiленген маршрут – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);»;

11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн немесе белгіленген маршрутты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;

«13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшу үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген маршруттың енi 4 километрден белгiленедi.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект тұрған ӘҚБ органымен келісіледі.»;

22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;

2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;

3) электрмагниттік сәулелену;

4) жарықтық сәулелену;

5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;

6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.

23. Ұшуды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2 және 26-3-тармақтармен толықтырылсын:

«26-1. Тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды және ұшу шектелген аймақтарды бастапқы белгілеген кезде әр аймаққа белгі тағайындалады.

26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық кейінгі өзгерістерде аймақты белгілеу үшін пайдаланылады.

26-3. Белгілеу әріптер мен цифрлардың мынадай тобынан құралады:

1) әріптік белгілеу UA;

2) тиісінше Р әрпі – тыйым салынған аймақ үшін, R әрпі – ұшуды шектеу аймағы үшін және D әрпі – қауіпті аймақ үшін;

3) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде қайталанбайтын нөмір.»;

33, 55, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Авиациялық жұмыстар, парашютпен секіру, пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің ұшуы, байлаулы аэростаттарды елді мекендердің үстіне көтеру әуе кеңістігін пайдаланушыларда ӘҚБ БО-ның елді мекеннің үстімен ұшуға рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының олардың аумағы шегінде ұшуды жоспарлаған республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ете отырып орындалады.»;

«55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары мыналарға бөлінеді:

1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;

2) пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;

3) басқарылмайтын аэростаттарды (зонд-шарларды) жіберу, атыстар өткізу, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлары.»;

«58. Ұшу жоспары А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ұсынылады.

Пилотсыз ұшу аппаратының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемесінің немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда келіседі.

59. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы:

1) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiндегi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерi;

2) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiнiң әуе трассалары мен жергiлiктi әуе желiлерiнен тыс жерлерде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi;

3) G сыныбындағы әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi ұшуды орындаған жағдайда, ұшу жоспарын ӘҚБ БО интернет-ресурсына және ӘҚҚ органының жақын жердегі «Брифинг» тобына ұсынады.»;

60-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:


«5) пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің.»;
61-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ұсынылған жоспар туралы ақпарат қамтылған Интернет желісі пайдаланылған хабарлама ӘҚЖ БО интернет-ресурсына беріледі. Осындай жоспарларды беру үшін әуе кеңістігін пайдаланушылар ұшуды орындау құқығын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болған жағдайда, азаматтық авиацияның уәкілетті органынан логин және пароль алады.»;

63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«63. Әуе кемесiнiң ұшу жоспары мыналарды қамтиды:

1) әуе кемесiнiң тану индексi туралы ақпарат (рейс нөмiрi, әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi);

2) ұшу қағидалары (аспап бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрi – АҰҚ), ұшуды көзбен шолу қағидалары (бұдан әрі – ҚШҚ) және ұшу түрi (тұрақты (S), тұрақты емес (N), жалпы мақсаттағы авиация ұшуы (G), мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiнiң ұшуы (М), басқа кез келген ұшу (X) үшiн) туралы ақпарат;

3) әуе кемелерiнiң саны және түрi, iзiнiң турбуленттiлiк санаты туралы ақпарат (азаматтық әуе кемелерi үшiн);

4) әуе кемесiнiң жабдығы туралы ақпарат;

5) ұшып шығу әуеайлағы және ұшып шығу уақыты туралы ақпарат;

6) ұшу маршруты туралы ақпарат;

7) ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептiк өткен уақыт (қонуға дейiнгi), қосымша әуеайлақтар туралы ақпарат;

8) ұшу маршрутының ерекшелiктерiн, әуе кемесiнiң тiркеу белгiлерiн, пайдаланушының атауын, әуе кемесiнiң ұшу-техникалық деректерiн, бортта қолданылатын жабдықты сипаттауға қажетті ақпарат, егер ол үлгiдегi ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап ететiн ақпарат болса, өзге де ақпарат, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшу мәртебесi;

9) отын қорына, борттағы адамдар санына, авариялық-құтқару жабдықтарына қатысты ақпарат.

Азаматтық әуе кемесінің ұшу жоспары туралы хабарламаға кіретін ақпараттың үлгілік құрамы (көлемі) және көрсетілген жоспарды беру ережесі осы Қағидаға 3, 5 және 6-қосымшалармен айқындалады.

Ұшуды орындау кезiнде рейстердiң нөмiрлерiнiң қайталануын болдырмау мақсатында қазақстандық пайдаланушылар қолданатын рейстер нөмiрлерiн үйлестiрудi ӘҚЖ БО жүзеге асырады.

Пилотсыз ұшу аппаратының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшу жоспарына Қағиданың осы тармағының 1), 3)-6), 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат енгізіледі.»;

64-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қажеттілігі тану немесе ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында туындауы мүмкін ұсталып қалуды болдырмау үшін әуе қозғалысын басқару органдары жасайтын іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орындалатын ұшуға дейін;»;

65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Ұшу жоспары есептелген ұшу уақытынан кемінде 60 минут бұрын және есептелген ұшу уақытынан 120 сағат бұрын пилотсыз ұшу аппараттарының, дирижабльдердің, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелері мен аэростаттардың ұшуын қоспағанда, ұшу жоспары ұшқанға дейiн үш сағат бұрын ұсынылады. Есептелген ұшу уақыты деп әуе кемесiн рульдеуден бұрын, егер қолданылатын болса, оның тiреуiштерiн алып тастау, ал қалған жағдайларда әуе кемесiнiң ұшып көтерiлу уақыты түсiнiледi.»;

69-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы тұрақты ұшуды орындау кезiнде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетiлген ұшу жоспарынан басқа осы Қағидаға 3 және 7-қосымшаларға сәйкес қайталанатын ұшу жоспарын бiрiншi тұрақты ұшуды орындау күнiнен кемінде күнтiзбелiк 15 күн бұрын ұсынады.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық тұрақты ұшуларды қонусыз орындауға ұсынылған қайталанатын ұшу жоспарын ӘҚЖ БО арқылы бекіту туралы хабарлама беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітуге тиіс.»;

73 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«73. ӘҚК (ӘҚБ) органдары және әуе кеңістігінің пайдаланушылары беретін әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарламалар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады. Осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда белгіленген ұшу жоспары мен қайталанатын ұшу жоспарының форматтарын қоспағанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарлама форматтарын белгілейді.»;

«75. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және мыналарға:

1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына;

2) атыс өткiзуге, зымырандар жiберуге, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге байланысты қызметтi орындаған жағдайда, әуе кеңiстiгiн пайдалануға берiлетiн өтiнiмдi ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегi ӘҚҚ (ӘҚБ) орталығына ұсынады.

Егер ұшудың ең жоғары биiктiгi жергiлiктi жер бедерiнiң үстiнен 50 метрден аспаған жағдайда және ұшу маршруты елдi мекендерден және әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының шекараларынан, әуе кемелерiнiң ұшу және қонуға кіру схемаларынан, ұшуға тыйым салынған аймақтардан, қауiптi аймақтардан және ұшулар шектелген аймақтардан, сондай-ақ шекара маңындағы жолақтан тыс жерлерде орналасқан кезде өтiнiмді ұсынбастан басқарылмайтын аэростатты (шар-зонд) пайдалануға жол беріледі.»;

100-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) әуе кемесінің сынақтық ұшу немесе айналып ұшуды орындауға дайындығы туралы жөндеу немесе жинақтау кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болған жағдайда.»;

106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«106. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбi деп әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұшуды бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлiк қызмет көрсетусіз орындауға мүмкiндiк беру түсiндiріледi.»;

мынадай мазмұндағы 144-1-тармақпен толықтырылсын:

«144-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді қоса алғанда, астана мен астана әуежайы үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.

Шет мемлекеттің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдау үшін ұшуды орындайтын шетелдік әуе кемесінің немесе әуеде басып алынған әуе кемесінің экипажынан астана әуежайына жоспарланбаған және рұқсатсыз қонуды (әуе кемесінің бортында орын алған авариялық жағдайды қоспағанда) жүзеге асырғысы келетін ұшу туралы ӘҚҚ органдары ӘҚЖ БО ұсынымы бойынша астана әуежайы үстіндегі әуе кеңістігіне қысқа мерзімді шектеулер орнатады.»;

156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«156. Уақытша режим орнатуға арналған ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейінгі жеті тәуліктен кешіктірмей жiберiледi. Уақытша режим орнату туралы мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан келіп түскен, құпия мәліметтері жоқ ұсынымдарды құпия емес жеделхаттар немесе құпия емес пошта арқылы жіберуге болады.»;

157-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік авиацияның тұрақты ұшу аймақтарында әуе кеңiстiгiн пайдаланудың уақытша режимдерiн және қысқа мерзiмдi шектеулер қоюға арналған ұсынымда осындай аймақтың нөмiрi, ұшуға тыйым салу уақыты мен биiктiк ауқымы ғана көрсетiледi.»;

162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«162. Ғарыштық аппараттарды ұшыру және қондыру кезінде әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі ғарыштық аппаратты ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым уақытша режим орнатуға берген ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы әзірлейтін және енгізетін уақытша режимдерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 162-1, 162-2, 162-3 және 162-4-тармақтармен толықтырылсын:

«162-1. Ғарыш қызметін қамтамасыз ету кезінде уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымды мемлекеттік орган немесе ұйым Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына ғарыш қызметі жоспарланған күнге дейін кемінде 7 тәулік қалған мерзімде ұсынады.

Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған уақытша режимдер орнатуға арналған ұсынымдар қаралмайды, бұл туралы ақпарат ұсынымды берушілерге жеткізіледі.



162-2. Уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымда мыналар:

  1. өткізетін күн (негізгі және қосалқы күндер);

  2. уақытша режимдер қолданылатын аудандардың шекаралары нүктелерінің географиялық координаталары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмірлері;

  3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігінің басқа пайдаланушылары үшін уақытша режимнің басталатын және аяқталатын уақыты;

  4. ұшуға тыйым салынатын биіктік ауқымы;

  5. ғарыш қызметін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылатын әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын тарту туралы қосымша ақпарат көрсетіледі.

162-3. Әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, әзірленеді және енгізіледі.

Уақытша режимді енгізу мүмкін болмаған жағдайда, Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы бұл туралы ғарыш қызметі жоспарланғанға дейін кемінде 3 тәулік қалған мерзімде ұсыным берушіге хабарлайды.

162-4. Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы уақытша режимнің қолданылу уақыты өткеннен кейін уақытша режимді алып тастайды.

Ғарыш қызметі мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ғарыш аппаратын ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым берген ақпарат бойынша орнатылған уақытша режимді тоқтатуға болады.»;

көрсетілген Қағидаға 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаға 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.

3) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 713 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 571-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты әуеайлақ пайдаланушысының қызметі әзірлейді.»;

9-тармақ алынып тасталсын;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тиісті әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлеріне (бұдан әрі – ӘҚҚ), әуеайлақ, авиациялық қауіпсіздік, инженерлік-авиациялық және әуежайдың басқа да қызметтерінің қызметкерлеріне авиациялық орнитология бойынша сабақтарды әуеайлақ қызметінің бастығы ұйымдастырады және әдетте жылдың көктемгі және күзгі мезгілінің алдында техникалық оқу сағаттарында өткізіледі.»;

22-тармақ алынып тасталсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ұшу және қонуға бет алу секторында құстардың топталуы көзбен шолып анықталған кезде, сондай-ақ тілшіден (әуе кемесінің экипажы, ӘҚ, АҚҚ, ҰҚИ, ҰІАҚҚҚ және т.б) ӘҚҚ диспетчеріне ақпарат келіп түскен жағдайда, ӘҚҚ диспетчері осы ақпаратты барлық мүдделі пайдаланушыларға қозғалыс қызметі диспетчерлерінің жұмыс технологиясына сәйкес хабарлайды.»;

көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада «ӘҚБ – әуе қозғалысын басқару» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету.»;

4. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 358-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында:

66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Әуе кемелерінің ұшуына арналған жергілікті әуе желілерінің ені ВҰҚ бойынша 4 км-нен аспайтын мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының жергілікті әуе желілері тізбесінде көрсетіледі.

Әуе кемелерінің ұшуы үшін ВҰҚ бойынша белгіленген маршруттың ені 4 км-нен аспайтындай болып белгіленеді.»

348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«348. Бір эшелондағы (биіктіктегі) қиылысып өтетін маршруттар бойынша ұшып келетін (қиылысу бұрышы 70 градустан кем болмағанда) кейінгі әуе кемелері арасында - қиылысып өтетін сәтте 40 км.».



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1429 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 3-қосымша
Әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметті жүргізу туралы

хабарлама түрлері

 

Р/с №

Хабарлама атауы

Авиациялық тіркелген байланыс желісі бойынша берілетін хабарламаның шұғылдық сериясы

Беру мерзімі

Кім хабарлайды

Кімге хабарланады

Қазақстан Республикасындағы ішкі ұшулар бойынша

Қазақстан Республикасынан тыс орындалатын халықаралық ұшулар бойынша

1

2

3

4

5

6

7


1.


ӘК пайдаланушының (командирінің) хабарламасы

1.1

РПЛ - қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan) –

ЛЛ

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей

ӘК пайдаланушы

ӘҚЖ БО

ӘҚЖ БО

Ұшудың қайталанатын жоспарларының (RPL) «Q» тармағында RVSM-нен ұшуға рұқсаты бар әуе кемелері эшелондарында RVSM әуе кеңістігі(нде)/арқылы 290-нан 410-ды қоса алғанға дейін ұшуды орындау кезінде, «EQPT/W» форматы көрсетіледі. 280 және одан жоғары эшелонға сәйкес RVSM-мен ұшуға рұқсаты жоқ және ұшудың шекті пайдаланылатын биіктіктерімен және ӘК үшін сұратылып отырған эшелонға қарамастан «EQPT/» форматы көрсетіледі.

1

2

3

4

5

6

7

1.2

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған (RPL) негізгі ұшу жоспарының деректеріне қандай да бір өзгеріс енгізу керек болған жағдайда беріледі

ЛЛ

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей

ӘК пайдаланушы

1.ӘҚЖ БО

2. ӘҚЖ БО

1.3

ФПЛ - тұрақты емес ұшуға;

кесте бойынша тұрақты рейстерге; қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктерден ауыстырылған рейстерге;

авиациялық жұмыстар бойынша ұшуға;

бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуға;

шекаралық жолақтағы ұшуға берілетін ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL).

ФПЛ – қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшуының

ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL)


ГГ

Кесте (жоспар) бойынша жөнелтілу уақытына дейін кемінде 60 минут бұрын және 120 сағаттан артық емес; IFPS немесе арқылы ұшу бойынша - 3 сағаттан кешіктірмей

ӘК пайдаланушысы (командир)

Брифинг

Брифинг

1

2

3

4

5

6

7

Ұшу жоспарын ФПЛ (FPL) ұшу уақытынан 24 сағат бұрын ұсынған жағдайда, «Өзге ақпарат» деген 18-жолда КҮНІ/ және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы, КҮНІ/2205.

Азаматтық әуе кемелерінің 290-нан 410-ға дейін қоса алғанда, эшелондарда ұшуды RVSM әуе кеңістігінде/ арқылы ұшуды орындау кезінде: 1) RVSM-нен ұшуға рұқсаты бар, ұшу жоспарында (FPL) «Жабдық» деген 10-жолда «W» әрпі көрсетіледі, «Маршрут» деген 15-жолда мыналар көрсетіледі:

- RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей RVSM-ға ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны;

- RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей RVSM-ға ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны;

2) ұшып шығатын және ұшып баратын әуеайлақтар RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларынан тыс орналасқан жағдайда, RVSM-нен ұшуға рұқсат берілмеген (FPL) ұшу жоспарларында «Бағыт» жеген 15-жолда:

- RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін 290 эшелонынан төмен немесе 410 эшелонынан жоғары сұратылатын ұшу эшелоны;

- RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегінен шығатын пункті мен тікелей шығу пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны.

Ұшып баратын әуеайлақ RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларының шегінде болған жағдайда, RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларының шегінде ену пункті мен 290 төмен сұратылатын ұшу эшелоны көрсетіледі.



1.4

ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама әуе кемесінің ұшып шығуы оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері беріліп, кесте (жоспар)

бойынша есептелген ұшып шығу уақытынан 30-дан астам минутқа кешіктірілген жағдайда беріледі.



ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде

ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып

шығу уақытынан

30 минут кешіктірмей



ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1

2

3

4

5

6

7

1.5

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұран берілген FPL деректерінде қамтылған ұшу жоспарының негізгі деректеріне қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі.

Хабарлама осы өзгеріс оларға қатысты болатын ұшу жоспарының негізгі деректерді алушыларына жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері бұл өзгеріске қатысты болатын, бірақ мұндай ақпаратты алмаған тараптарға беріледі.



ФФ

Ұшу жоспарында көрсетілген кесте (жоспар) бойынша ӘК-нің есептелген ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей

(RPL немесе FPL)



ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.6

ЦНЛ - ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі.

ФФ

Жоспар бойынша ӘК ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1

2

3

4

5

6

7

1.7.

СПЛ - Қосымша ұшу жоспары (Supplementary flight plan –SPL). Хабарлама CPL немесе FPL хабарламасында бұрын берілгеннен басқа қосымша ақпарат сұранымы (RQS) түскен кезде беріледі

ФФ

Сұраным түскен кезде

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.8

АФИЛ үлгісіндегі ФПЛ - ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL)

ФФ

Трассаға (ЖӘЖ) ПОД шығар кезде ұшып шыққанға дейін 10 минуттан кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

1. АДО (АДП), ӘДО (ДПРА) ӘК орналасқан орны бойынша

2. Орналасқан орны бойынша ЖДП.



1.АДО (АДП), ӘДО (ДПРА) ӘК орналасқан орны бойынша

2. Орналасқан орны бойынша ЖДП.



1.9

СВР – тұрақты рейстің біржолғы өзгерісін келісу (рейстерді біріктіру, қону пункттерін өзгерту, ӘК түрлерін ауыстыру)

ФФ

ӘК-нің кесте бойынша есептелген ұшып шығу уақытына дейін екі сағаттан кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

1. Ұшу және қону

әуежайларының ӘДҚ;

2. Ұшу және қону

әуеайлағының брифингі.



1. Қазақстан Республикасындағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;

2. Қазақстан Республикасындағы ұшу және қону әуеайлағының брифингі



1.10

АЛР – авиациялық оқиға, оқыс жағдай туралы алғашқы хабарлама, сондай-ақ бақыланбайтын әуе кеңістігінде ӘК қауіпсіздігіне, экипажға және жолаушыларға қауіп төніп тұрғандығы туралы кез келген ақпарат

CC

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

ӘК пайдаланушы (командир).

1. ӘҚЖ БО;

2. Азаматтық

авиация саласындағы уәкілетті орган.


3. ӘҚЖ БО;

4. Азаматтық

авиация саласындағы уәкілетті орган.


1

2

3

4

5

6

7

2



Брифинг хабарламалары


2.1

АЛР – Авариялық хабарлау (Alerting - ALR). Авариялық хабарлауға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген уақытта беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі:

Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА


Дабыл кезеңі– АLЕRFА

Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА


СС

CC



CC

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;

2.Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);

4.Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.



1. ӘҚЖ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);

4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.



1

2

3

4

5

6

7

2.2

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радио байланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі

СС

Хабарламаны алғаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3.АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;

4. Маршрут бойынша ЖДП;

5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;

6 Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;

7.ӘҚҚ әскери органы.


1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3.АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;

4. Маршрут бойынша ЖДП;

5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;

6 Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;

7.ӘҚҚ әскери органы.


2.3.

АНВ- ANV – азаматтық авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актісі

СС

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы.

4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО



1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы.

4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО



1

2

3

4

5

6

7

2.4.

АНП- ANP- әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы.

4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО



1. ӘКҰ БО;

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;

3. ӘҚҚ әскери органы.

4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО



2.5

ФПЛ – тұрақты емес ұшуға;

кесте бойынша тұрақты рейстерге;

қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктерден ауыстырылған рейстерге;

авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;

бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға;

шекаралық жолақтағы ұшуларға берілетін ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL).

ФПЛ - қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшуының

ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL)



ФФ

Кесте (жоспар) бойынша жөнелтілу уақытына дейін кемінде 60 минут бұрын және 120 сағаттан артық емес; IFPS немесе арқылы ұшу бойынша -

3 сағаттан кешіктірмей

Ұшуға дейін кемінде дегенде 3 сағат бұрын


ӘК ұшып шығу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚБ БО;

2.Бірінші қону әуеайлағының брифингі;

3. Ұшу және бірінші қону әуежайының ӘДҚ-сы;

4.ӘҚҚ әскери органы;

5.ӘҚБ БО (авиациялық жұмыстар бойынша, шекарамен шектес жолақтағы ұшу, бақылаусыз әуе кеңістігіндегі ұшу; мемлекеттік авиация ӘК, қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшулары);


1. ӘҚБ БО;

2. Қазақстан Республикасындағы бірінші қону әуеайлағының брифингі;

3. Қазақстан Республикасы ұшу және бірінші қону әуежайының ӘДҚ-сы

4.ӘҚҚ әскери органы;

5.ӘҚБ БО (авиациялық жұмыстар бойынша, шекарамен шектес жолақтағы ұшу, бақылаусыз әуе кеңістігіндегі ұшу; мемлекеттік авиация ӘК, қашықтықтан басқарудағы әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар,


1

2

3

4

5

6

7














6.Қону пунктіне дейінгі ұшу бағытындағы ЖДП;

7.Бірінші қону әуеайлағына дейінгі АДО (АДП).



дирижабльдер ұшулары);

6. Қазақстан Республикасындағы бірінші қону пунктіне дейін ұшу маршруты бойынша ЖДП;

7. Қазақстан Республикасындағы бірінші қону әуеайлағына дейінгі АДО (АДП)

8. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)



ФПЛ (FPL) ұшу жоспарын 24 сағаттан бұрын ұсынған жағдайда «Өзге ақпарат» деген 18-жолда КҮНІ/ және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы КҮНІ/2205

2.6

ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама ұшу жоспарының негізгі деректері оларға қатысты (FPL) берілген әуе кемесінің ұшуы кешіккен жағдайда беріледі

ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде

ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып

шығу уақытынан

кешіктірмей



ӘК ұшып шығу әуеайлағының брифингі

ӘҚЖ БО;

2.Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;

3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;

4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;



1.ӘҚЖ БО;

2.Қазақстан Республикасындағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;

3. Қазақстан Республикасындағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;


1

2

3

4

5

6

7
















5.ӘҚҚ әскери органы

4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;

5. ӘҚҚ әскери органы;

6. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)


2.7

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұрын берілген деректерінде қамтылған негізгі деректерге қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі (FPL). Хабарлама осы өзгеріс қатысты болып табылатын ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларға жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері (FPL) осы өзгерістер оларға қатысты болған, бірақ бұрын осындай ақпарат алмаған

ФФ

ДЛА белгіленген уақытында немесе одан ерте болған кезде

ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып

шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей


Ұшып шығу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;

2.Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;

3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;

4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;

5.ӘҚҚ әскери органы;

6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)



1.ӘҚЖ БО;

2. Қазақстан Республикасындағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;

3. Қазақстан Республикасындағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;

4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;

5. ӘҚҚ әскери органы;

6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).

7. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша


1

2

3

4

5

6

7




тараптарға беріледі. ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (RPL немесе FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі













мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)

2.8

ДЕП - әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure - DEP). Хабарлама бұдан бұрын ұшу жоспарының (RPL немесе FPL) негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

ӘК ұшуына дейін

5 минуттан кешіктірмей



Ұшып шығу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;

2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП).

3. Бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП.

4. Ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;

5.ӘҚҚ әскери органы.


1. ӘҚЖ БО;

2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша Қазақстан Республикасындағы бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП).

3. Қазақстан Республикасындағы бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП.

4. Ұшу маршруты бойынша Қазақстан Республикасындағы бірінші қону әуеайлағының брифингі;

5.ӘҚҚ әскери органы.


1

2

3

4

5

6

7




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет