Об утверждении Правил использования воздушного пространства



жүктеу 0.82 Mb.
бет3/3
Дата01.10.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1429 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 6-қосымша
Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі (FPL)

*Ескертпе:

1. Ұшу жоспары бланкісін толтыру
Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі 5-қосымшада келтірілген және арнайы бөлінген нөмірленген жолдардан тұрады.

Ұшу бланкісін толтыруға қойылатын жалпы талаптар:

1) белгіленген форматтар мен деректерді белгілеу әдісін қатаң ұстану;

2) бірінші көзделген кеңістікке деректерді енгізу. Қосымша кеңістіктер бар болған жағдайда, бланкінің толтырылмаған жерін таза күйінде қалдыру;

3) уақытты UTC (әлемдік үйлестірілген уақыт) бойынша төрт цифрмен көрсету;

4) өткен есептік уақытты төрт цифр түрінде (сағаттар пен минуттар) енгізу;

5) 1-2 жолдардың мекенжай бөлігін ӘҚҚ қызметтері толтырады.

Ұшулар және қонулар әуеайлақтың жақын маңында орналасқан қону алаңынан орындалған жағдайда, ұшу жоспарында сол әуеайлақтың шартты белгіленуі көрсетіледі.



2. ӘҚҰ деректерін енгізу
7-19 жолдарды төменде көрсетілген талаптарға сәйкес толтыру:
7-жол. Әуе кемесінің тану индексі

(ең көбі 7 белгі)
Кемінде 7 әріптік-цифрлық белгіден тұратын және дефистер немесе символдарды қамтымайтын мына әуе кемелерінің тану индексінің бірін енгізу:

1) соңынан тану индексі келетін ӘК пайдаланушыларының ИКАО коды (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған жағдайда);

2) әуе кемесінің ұлттық белгісі және тіркеу нөмірі (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған немесе әуе кемесі байланыс құралдарымен жабдықталмаған жағдайда).
8-жол. Ұшу қағидалары және түрі (1 немесе 2 белгі)
Ұшу қағидалары
Ұшу қағидаларында қолданылатын санаттарды белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:

I – егер барлық ұшу АҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;

V – егер барлық ұшу КҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;

Y – егер ұшу алдымен АҰҚ бойынша жүргізілсе, ал кейіннен ұшу қағидалары бір немесе бірнеше рет өзгеретін болса;

Z – егер ұшу алдымен КҰҚ бойынша жүргізілсе, кейіннен бір немесе бірнеше рет ұшу қағидалары өзгеретін болса.

15-жолда ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған тармақ немесе тармақша көрсетіледі.


Ұшу түрі
Ұшу түрін белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:

S – тұрақты әуе қатынасы үшін;

N – тұрақты емес әуе тасымалдары үшін;

G – жалпы сипаттағы авиация үшін;

M – әскери ұшақтардың ұшуы үшін;

X – жоғарыда көрсетілмеген кез келген басқа санаттар үшін.

18-жолда STS индексінен кейін ӘҚҰ органы тарапынан ерекше назарды талап ететін ұшу мәртебесін және RMK индексінен кейін себебін көрсету.
9-жол. Әуе кемелерінің цифры мен түрі және ізінің турбуленттілік санаты
Әуе кемелерінің цифры (1 немесе 2 белгі)

Әуе кемелері бірден көп болса, олардың санын енгізу.


Әуе кемесінің түрі (2–4 белгі)
ИКАО Doc 8643 «Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері» құжатында көрсетілген тиісті шартты белгілерді енгізу немесе, егер осындай шартты белгілер айқындалмаған болса, немесе бірден артық әуе кеме түрі қатармен ұшқан жағдайда ZZZZ енгізу және 18-жолда TYP белгілер тобынан кейін әуе кемесінің (кемелерінің) (санын және) түрін (түрлерін) көрсету.
Ізінің турбуленттілік санаты (1 белгі)
Әуе кемесі ізінің турбуленттілік санатын көрсету үшін ұзын қисық сызықтан кейін мына әріптердің бірін енгізу:

Н – Ауыр, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг немесе одан да көп әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;

М – Орташа, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг аспайтын әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;

L – Жеңіл, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 7000 кг немесе одан аз әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған.


10-жол. Әуе кемісінің және экипаждың жабдығы мен мүмкіндіктері
Мүмкіндіктер мынадай элементтерді қамтиды:

1) әуе кемісінің бортында жұмысқа жарамды тиісті жабдықтың болуы;

2) ұшу экипажының біліктілігіне сәйкес келетін жабдық пен мүмкіндіктер.
Радиобайланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктері
Мына әріптердің бірін енгізу:

N – маршрут бойынша ұшуға арналған борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болмаған жағдайда немесе бұл жабдық жұмыс істемесе;

S – егер маршрут бойынша ұшуға арналған стандартты борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болған жағдайда және олар жұмысқа жарамды болса. Стандартты жабдыққа ӨЖЖ радиотелефон, VOR және ILS жатады және (немесе) қолда бар және жұмысқа жарамды байланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктерді белгілеу үшін мына әріптердің бірін немесе бірнешеуін енгізу:

A – GBAS негізіндегі қону жүйесі;

B – LPV (APV c SBAS);

C – LORAN C;

D – DME;

E1 – FMC WPR ACARS;

Е2 – D-FIS ACARS;

Е3 – PDC ACARS;

F – ADF;

G – GNSS (NAV/ индексінен кейін 18-жолда қосымша ретінде GNSS сыртқы функциялық толықтыру түрлерін көрсету);

H – ЖЖ радиотелефон;

I – Инерциялы навигация;

J1 – ATN (3-ескертпені қарау) негізіндегі CPDLC арналған 2-режимдегі VDL;

J2 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған HFDL;

J3 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған А режиміндегі VDL;

J4 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC 2-режимдегі VDL;

J5 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (INMARSAT);

J6 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (MТSAT);

J7 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (Iridium);

K – MLS;

L – ILS;

M1 – ӘҚБ (INMARSAT) арналған радиотелефонды (RTF) SATCOM;

М2 – ӘҚБ (МТSАТ) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);

М3 – ӘҚБ (Iridium) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);

O – VOR;

Р1-Р9 – RСР үшін резервтелген;

R – PBN үшін бекітілген (PBN/ белгілер тобынан кейін 18-жолда қосымша ретінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес навигациялық ерекшеліктердің шартты белгілері көрсетіледі);

T – TACAN;

U – УЖЖ радиотелефон;

V – ӨЖЖ радиотелефон;

W – RVSM үшін бекітілген.

X – MNPS үшін бекітілген;

Y – 8,33 кГц арналарды тарату мүмкіндігі бар ӨЖЖ радиотелефон;

Z – өзге де борттық жабдық немесе өзге де мүмкіндіктер (СОМ/, NAV/ және/немесе DAT сәйкес келетін белгілер тобынан кейін өзге де қолданылатын борттық жабдық 18-жолда қосымша ретінде көрсетіледі).

Навигациялық сипаттамалар туралы ақпарат маршруттың рұқсаты мен тапсырмасын беру мақсатында ӘҚҚ органына беріледі.
Бақылау жабдығы және оның мүмкіндіктері
Осы ұшу маршруты үшін борттық бақылау жабдығы болмаған немесе істен шыққан жағдайда N әрпін енгізу немесе жұмысқа жарамды борттық жабдықты және/немесе бақылау мүмкіндігін белгілеу үшін ең көбі 20 белгіден тұратын мынадай сәйкестендіргіштердің біреуін немесе бірнешеуін енгізу:

А және С режимдеріндегі ЕШРЛ:

A – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код);

С – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код) және С режимі;

S режиміндегі ЕШРЛ:

Е – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі бар S режимі (ADS-B);

Н – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және жетілдірілген бақылау мүмкіндігін беру мүмкіндігі бар S режимі;

I – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі бар, бірақ барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі;

L – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді, ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі (ADS-B) және жетілдірілген бақылау мүмкіндігі бар S режимі;

P – қабылдап жауап беру – барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар, бірақ әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі жоқ S режимі;

S – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар S режимі;

Х – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі.

Автоматты тәуелді радиотарату бақылауы (ADS-B):

Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B «out» мүмкіндігі бар В1 - ADS-B;

Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері бар В2 - ADS-B;

U1 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B «out» мүмкіндігі;

U2 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері;

V1 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B «out» мүмкіндігі;

V2 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B «out» және «in» мүмкіндіктері.
Келісімшартты автоматты тәуелді бақылау (ADS-С):

FANS 1/А мүмкіндіктері бар D1 - ADS-С;

ATN мүмкіндіктері бар G1 - ADS-С.

Жоғарыда көрсетілмеген әріптік-цифрлық белгілер резервтелген.

Бақылауды қолданудың қосымша түрлерін SUR/ белгілер тобынан кейін 18-жолда көрсету қажет.
13-жол. Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (8 белгі)
«Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)» (Doc 7910) құжатында көрсетілген ұшып шығу әуеайлағының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік индексін енгізу.

Егер орналасу орнының индексі берілмеген болса, ZZZZ енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/ белгілер тобынан кейін әуеайлақ атауын немесе орналасу орнын көрсету, немесе егер әуе кемесі әуеайлақтан ұшып шықпаса, алдыңғы DEP белгілер тобынан кейін маршруттағы бірінші нүктені немесе маркерлік радиомаякты көрсету.

Ұшу кезінде әуе кемесінің бортынан ұшу жоспарын алған кезде AFIL енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/ белгілер тобынан кейін қосымша ұшу жоспары туралы деректерді алуға болатын ӘҚҰ органының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік көрсеткішін көрсету.

Ұшып шығу алдында берілген ұшу жоспарына қалыптарды жинауды есептеу уақытын енгізу (EOBT) немесе ұшу барысында әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына берілген ұшу жоспары жататын маршруттағы бірінші пункт үстінен ұшып өтудің нақты және есептік уақытын енгізу.


15-жол. Маршрут
Мыналарды енгізу:

1) Крейсерлік жылдамдық (ең көбі 5 белгі)

Пайдаланушының таңдауы бойынша көрсетілген ұшудың бірінші немесе барлық крейсерлік учаскесі үшін шынайы әуе жылдамдығын көрсету:

бір сағаттағы километрде –кейіннен төрт цифр жазылған К әрпімен;

тораптарда – кейіннен төрт цифр жазылған N әрпімен;

Маха нақты цифр арқылы, жүздікке дейінгі дәлдікпен – соңынан үш цифр жазылған М әрпімен.
2) Крейсерлік эшелон (ең көбі 5 белгі)
Белгіленген маршруттың бірінші немесе барлық учаскелері үшін алдын ала жоспарланған крейсерлік эшелонды мына түрде көрсету:

кейіннен үш цифры бар F әрпі түрінде көрсетілген ұшу эшелоны;

кейіннен төрт цифры бар S әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі ұшу эшелоны;

кейіннен үш цифры бар А әрпімен көрсетілген жүздеген футтағы абсолюттік биіктік;

кейіннен төрт цифры бар М әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі абсолюттік биіктік;

КҰК бойынша бақыланбайтын ұшулар үшін, VFR әріптері.


3) Маршрут (жылдамдықтың өзгеруін, эшелонды және/немесе ұшу қағидаларын қоса алғанда)
ӘҚҚ белгіленген маршруттары бойынша ұшу
Егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналасса немесе онымен байланысты болса, ӘҚҚ бірінші маршрутының индексін енгізу немесе, егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналаспаған болса немесе онымен байланысты болмаса, ӘҚҚ маршруты индексінің соңынан келетін келесі ӘҚҚ бірінші маршрутының байланысу пунктін көрсетумен DCT әріптерін енгізу. Кейіннен ұшу жылдамдығын және/немесе эшелонын өзгертуді бастау жоспарланған немесе ӘҚҚ маршрутын өзгерту және/немесе ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланатын әрбір пунктті көрсету.

Егер ӘҚҚ-ның төменгі маршрутынан жоғарғы маршрутына өту жоспарланған болса және маршруттар бір бағытта орналасқан болса, өту нүктесі туралы деректерді енгізу талап етілмейді.

ӘҚҚ маршрутының келесі пункт индексін көрсету (егер ұшу әуеайлақ ауданында жоспарланса (ӘҚҚ маршрутының пункті) – әуеайлақ атауын қайта көрсету (ӘҚҚ маршрутының пунктін), немесе екі пункт те географиялық координаталарымен айқындалғандағынын қоспағанда, егер ұшу келесі пунктке дейін белгіленген маршруттан тыс жерде өтетін болса, рет әріптерін көрсету.

Егер екі пункт те географиялық координаталармен немесе пеленг және қашықтықпен айқындалмаған болса, келесі пункттер арасына DCT әріптерін енгізу.


Авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды орындау кезінде

ӘҚҚ белгіленген маршруттарынан тыс ұшу
15-жолда мынадай кодталған индекстер қолданылады:

Ұшуды жоспарлаған кезде жергілікті әуе желілері (ЖӘЖ) бойынша, ЖӘЖ-ден тыс маршруттар бойынша, авиациялық жұмыстар бойынша ФПЛ жолдарын толтыру кириллица әліпбиін пайдаланумен орыс тілінде ИКАО ДОС 4444 2-толықтырудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы «крейсерлік эшелон» бөлімін толтыру кезінде ұшуды шынайы биіктікте қадағаланатын ҰБ-да жүргізу көзделген кезде, ұшу биіктігі шынайы биіктікке сәйкес келетін, кейіннен үш цифр жазылған «И» әрпімен белгіленеді, ал қадағаланбайтын ҰБ-ны «КҰҚ» деп көрсету керек.

ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы «маршрут» бөлімін толтыру кезінде маршрутты көрсеткенде, кодталған индексі берілмеген нүктелер қолданылады, минуттарға дейінгі дәлдікпен картада оның географиялық координаталарын көрсетумен М 1:500 000 немесе 1:1000 000 қолданылатын атауларға сәйкес келетін нүктенің географиялық атауын (аталымын) көрсету қажет.

Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы (аталымы) болмаса, он секундқа дейінгі дәлдікпен оның географиялық координаталары көрсетіледі.

Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы «Навигациялық құралдардың және ЖӘЖ нүктелерінің әліпбилік көрсеткіші», «ҚР ЖӘЖ тізбесі» бөлімдерінде болса, оның географиялық координаталарын көрсету қажет емес.

18-жолды толтыру кезінде ұшуды авиациялық жұмыстар бойынша орындау жоспарланса және жоспарлау кезеңінде ЕТО-ны есептеу мүмкін болмаса, ЕЕТ көрсету үшін үдемелі уақыттың орнына арнайы «0000» (төрт нөл) белгісі қолданылады. Егер қатар ҰАА-ға (ЖДП ауданына) кіру ЖӘЖ келісілмеген нүктелерінде орындалса, қатар тұрған ҰАА (ЖДП ауданы) шегіндегі географиялық координаталар нүктелері көрсетіледі.

Ұзақтығы бір сағаттан астам уақыт бойынша ұшу маршруттары кезінде ұшу уақытының 30 минуттан аспайтын бір-бірінен алыста орналасқан маршруттар бойынша пункттерді (нүктелерді) көрсету.

Аралық әуеайлақтарға (алаңдарға) қону кезінде қону уақыты айқындалмаған және «0» деп белгіленген жағдайда, қисық тік сызықтан кейін 15-жолда «маршрут» бөлімінде тұрақтың шамаланған уақыты көрсетіледі.

ӘҚҚ маршруты (2–7 белгі)
Маршрутқа немесе маршрут учаскесіне белгіленген кодталған индекс, (әуеайлақ ауданында ұшу кезінде қажет болған жағдайда – ұшып шығудың немесе келіп жетудің стандартты маршрутына белгіленген кодталған индекс).
Негізгі нүкте (2–11 белгі)
Нүктеге берілген кодталған индекс (2-5 белгі) немесе егер кодталған индекс берілмесе, мынадай жолдардың бірі қолданылады:

1) тек қана градустар (7 белгі):

бойлықты градуспен көрсететін үш цифрмен сүйемелденетін N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әрпінен кейін ендікті градуспен көрсететін 2 цифр, олардан кейін Е (шығыс) немесе W (батыс) әріптері келеді.

2) Градустар мен минуттар (11 белгі):

бойлықты градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 5 цифрдан кейін Е (шығыс ендік) немесе W (батыс бойлық) әріптерімен сүйемелденетін ендікті градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 4 цифрдан кейін N (солтүстік ендікті білдіретін) немесе S (оңтүстік ендікті білдіретін) әріптері.

3) Негізгі нүкте арасындағы пеленг және қашықтық:

негізгі нүкте белгісінен кейін магниттік меридианға қатысты градустарды көрсететін үш цифр түріндегі осы нүктеден басталатын пеленг жазылады, одан кейін теңіздік мильдерді көрсететін үш цифр түріндегі нүктелерден басталатын қашықтық жазылады.
Жылдамдық пен эшелонның өзгеруі

(ең көбі 21 белгі)
Жылдамдықты өзгертуді бастау (шынайы ауа жылдамдығының 5 % немесе Мах цифрының 0,01 немесе одан жоғары) немесе эшелонды өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін көлбеу сызықты, крейсерлік жылдамдықты және крейсерлік эшелонды көрсету керек.
Ұшу қағидаларының өзгеруі

(ең көбі 3 белгі)
Ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін мына белгілердің бірін көрсету:

VFR – АҰҚ-дан КҰҚ-ға ауысу үшін;

IFR – КҰҚ-дан АҰҚ-ға ауысу үшін.
Крейсерлік режимде биіктік алу

(ең көбі 28 белгі)
Кейіннен бөлетін қисық сызық салумен С әрпін көрсету; кейіннен бөлетін қисық сызық салумен крейсерлік режимде биіктік алу жоспарланған пункт; крейсерлік режимде биіктік алу кезінде орналасқан атмосфералық қабатты айқындайтын кейінгі екі эшелонмен, крейсерлік режимде биіктік алу кезінде сақталатын жылдамдық; немесе арасында интервал жоқ, PLUS әріптерімен сүйемелденетін, одан жоғары биіктікті крейсерлік режимде алу жоспарланған эшелон.
16-жол. Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт, межелі пункттегі қосалқы әуеайлақ(тар)

Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт (8 белгі)
Межелі әуеайлақтың орналасқан жері үшін «Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)» ИКАО құжатында (Doc 7910) көрсетілген ИКАО төрт әріптік индексін енгізу немесе орналасу орны индексі берілмесе, ZZZZ енгізіп, 18-жолда DEST/ алдыңғы белгілер тобымен әуеайлақ атауын немесе орналасқан жерін көрсету; аралықсыз жалпы есепті өткен уақытты көрсету.

Ұшуда әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына қатысты жалпы есептік өткен уақыт осы ұшу жоспары жататын маршруттың бірінші пунктінен ұшу жоспарында көрсетілген соңғы пункте дейінгі есептік уақыт болып табылады.


Межелі пункттің қосалқы әуеайлағы (әуеайлақтары)
ИКАО-ның «Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)» құжатында (Doc 7910) көрсетілген екіден аспайтын қосалқы әуеайлақтың орналасуының төрт әріптік ИКАО индексін (индекстерін) енгізу, оларды аралықпен бөлу немесе, егер орналасу орны индексі межелі пункттің қосалқы әуеайлағына (әуеайлақтарына) алдын ала жазылмаған болса, ZZZZ белгісін қойып, 18-жолда ALTN/ алдыңғы белгілер тобымен межелі пункттің қосалқы әуеайлағының (әуеайлақтарының) атауы мен орналасу орнын көрсету қажет.
18-жол. Өзге де ақпарат
Мыналарды енгізу:

өзге ақпарат болмаса, 0 (нөл);

мынадай реттілікпен басқа қажетті ақпаратты (тиісті индекс түрінде) (егер ол қолданылса):

STS/ - ӘҚҰ органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін ұшудың осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген мақсаттары мен шартты белгілері (литерлері);

ӘҚҰ органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін өзге ақпарат RMK/ индексімен көрсетіледі.

RMK/ индексінен кейін мынадай индекстер көрсетіледі:

PBN/ - RNAV және/немесе RNP мүмкіндіктерін көрсету. Осы ұшуға қатысы бар, осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген төмендегі дескрипторларды (8 элементтен немесе қосындысында 16 белгіден аспайтын) қамтиды.

NАV/ - PBN/-да көрсетілгендерді қоспағанда, навигациялық жабдықтың GNSS функционалдық қосымшасына қатысты негізгі деректері.

СОМ/ - байланысты қолдану түрлерін немесе 10-жолда көрселмеген мүмкіндіктерді көрсету.

DAT/ - деректерді қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.

SUR/ - бақылауды қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.

DEP/ - егер 13-жолға ZZZZ енгізілген болса, ұшып шығу әуеайлағының не, егер 13-жолға AFIL енгізілген болса, қосымша ұшу жоспары туралы деректер алынуы мүмкін ӘҚҰ органының атауы мен орналасу орны. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін соңынан N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әріптерін жазумен градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін 4 цифрмен, оның соңынан Е (шығыс) немесе W (батыс) әрпі келетін, градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін бойлықты көрсететін бес цифрмен сүйемелденетін оның орналасу орнын көрсету.

DEST/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын әуеайлақтың атауы мен орналасу орны. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында атап көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасу орнын көрсету.

DOF/ - әуе кемесінің алты цифр форматындағы ұшып шығу күні (YYMMDD, ондағы YY – жыл, ММ – ай және DD – күн).

REG/ - егер олар 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен басқа болса, әуе кемесінің ұлттық және тіркеу белгісі.

ЕЕТ/ - ҰАА шекараларының негізгі нүктелері немесе индекстері және ұшып көтерілу сәтінен бастап осындай ҰАА нүктелері немесе шекараларына дейінгі үдемелі есептік өткен уақыт.

SEL/ - тиісті жабдығы бар әуе кемелері үшін SELCAL коды.

TYP/ - алдында қажет болғанда әуе кемелері цифры аралықсыз көрсетілетін және, егер 9-жолға ZZZZ енгізілсе, аралық арқылы әуе кеме (кемелері) түрі (түрлері).

DLE/ - маршрутта кешігу немесе күту; уақыттың төрт цифрдан тұратын форматын (hhmm) қолданумен кешігудің сағат және минутпен көрсетілген кешігу ұзақтығын кейіннен көрсетумен кешігу болжанған маршруттағы негізгі нүктені (нүктелерді) көрсету.

OPR/ - егер 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен өзгеше болса, ИКАО индексі немесе пайдаланушының атауы.

ORGN/ - ұшу жоспарын жасаушыны бірден айқындау мүмкін болмаса, жоспарды жасаушының сегіз әріптік AFTN мекенжайы немесе басқа тиісті байланысу ақпараты.

PER/ – ӘҚҚ-ның тиісті өкілетті органы ұйғарған болса, «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу» (PANSOPS, Doc 8168) құжатының «Ұшуларды орындау қағидаларының» І томында айқындалған, бір әріппен көрсетілетін әуе кемесінің ұшу-техникалық деректері;

ALTN/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.

RALT/ - «Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)» құжатында (Doc 7910) көрсетілген маршруттағы қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) төрт әріптік көрсеткіші (көрсеткіштері) немесе егер индекс берілмеген болса, маршруттағы қосалқы әуеайлақтардың атауы (атаулары). Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.

TALT/ - «Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)» құжатында (Doc 7910) көрсетілген ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың төрт әріптік индексі (индекстері) немесе егер индекс берілмеген болса, ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін.

RIF/ - соңынан әуеайлақ орналасқан жердің ИКАО-да қабылданған төрт әріптік индексі қойылатын, қайта қаралған (өзгертілген) ұшып бару әуеайлағына апаратын маршрут туралы мәліметтер. Қайта қаралған маршрутты пайдалану үшін ұшуға жаңа диспетчерлік рұқсат алу керек.

RМК/ - ӘҚҰ мақсаттары үшін қажетті ашық мәтінмен берілген кез келген басқа ескертулер.

18-жолда басқа индекстерді пайдалануға жол берілмейді.


19-жол. Қосымша ақпарат
Отын қоры
Е/ - ден кейін сағат және минутпен көрсетілген ұшу уақыты бойынша отын қорын білдіретін төрт цифрдан тұратын топты енгізу.
Борттағы адамдар саны
Р/-дан кейін борттағы адамдардың (жолаушылар мен экипаж) жалпы санын көрсету. Егер адамдардың жалпы саны ұшу жоспарын беру кезінде белгісіз болса, TBN (хабарлануға тиіс) әріптерін қою.
Авариялық-құтқару жабдығы
R/ - (радиожабдық). 243,0 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, U әрпін сызып тастау. Егер 121,5 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, V әрпін сызып тастау. Егер борттық авариялық радиомаяк (ELТ) жоқ болса, E әрпін сызып тастау.

S/ - (құтқару жабдығы). Егер бортта құтқару жабдығы жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер бортта полярлық құтқару жабдығы жоқ болса, Р әрпін сызып тастау. Егер бортта шөл далаға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, D әрпін сызып тастау. Егер бортта теңізде құтқару жабдығы жоқ болса, М әрпін сызып тастау. Егер бортта құрайттарға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, J әрпін сызып тастау.

J/ - (құтқару кеудешелері). Егер бортта құтқару кеудешелері жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері жарық беру көздерімен жарақталмаса, L әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелерінің флуоресцентті жабындары болмаса, F әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері радиоқұралдармен жарақталған болса, олардың радиожарақталуын көрсету үшін U әрпін немесе V әрпін, R/ жолында және одан жоғары сызып тастау.

D/ - (қайықтар) (саны). Егер бортта құтқару қайықтары жоқ болса, D және C индекстерін сызып тастау немесе борттағы құтқару қайықтарының санын көрсету;

(сыйымдылығы) – борттағы барлық құтқару қайықтарының жалпы сыйымдылығын (орын санын) көрсету;

(жабу) – егер қайықтар ашық болса, С индексін сызып тастау.

(түсі) – егер бортта бар болса, қайықтардың түсін көрсету.

А/ (әуе кемесінің түсі және белгілері) - әуе кемесінің түсін және оның негізгі белгілерін көрсету.

N/ (ескертпелер) – егер ескертпелер жоқ болса, N индексін сызып тастау немесе борттағы бар басқа құтқару жабдығын көрсету және құтқару жабдығына қатысты басқа ескертпелерді енгізу.

С/ (пилот) - әуе кемесі командирінің тегін көрсету.


3. Ұшу жоспарын ұсынатын адам туралы мәліметтер
Ұшу жоспарын ұсынған мемлекеттік органды, жеке немесе заңды тұлғаны көрсету.
4. Ұшу жоспарын қабылдау
Ұшу жоспары туралы хабарлама (ФПЛ) берілгеннен кейін 30 минуттың ішінде ұшу жоспарын бекітпеу туралы (ППН) хабарлама болмаған жағдайда, ол ӘҚЖ БО (ӘҚҰ БО) ұшу жоспарын қабылдағанын білдіреді.
5. Ұсынылған ұшу жоспарына қатысты хабарламаны беру тәртібі (FPL)
Форматқа қатысты айқын қателерді және (немесе) жіберілген қателерді түзету.

Өзгесі көзделмеген болса, мынадай тармақтар беріледі:

1) 3-жолдың алдындағы штрихпен белгіленген жолдарда көрсетілген тармақтар;

2) <<≡ (FPL 3-жол: белгіге дейінгі штрихпен белгіленбеген бағандардағы барлық символдар мен деректер) белгісінен бастап 18-жолдың соңындағы <<≡ белгісіне дейінгі тармақтар.

19-жолда толтырылған тармақтар ӘҚҰ органының сұрау салуы бойынша ғана жіберіледі.

3) Хабарлама соңының сигналы - N әрпі төрт рет қайталанады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1429 қаулысына 5-қосымша
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 7-қосымша
Қайталанатын ұшу жоспары (RPL) бланкісінің үлгісі

ҚАЙТАЛАНАТЫН ҰШУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ



А. Пайдаланушы

B. Адресат(адресаттар)

C. Ұшып шығу әуеайлағы (әуеайлақтары) вылета

D

Күні


E

Сериялық нөмірі N



F

Беті


G. Қосымша деректер (19-жол) В:

H

I

J

K

L

M

N

O

P

Q

+


Жж

ккаа


бастап

Жж

ккаа


дейін

Ұшу күндері


ӘК-нің тану

индексі

(7-жол)


ӘК түрі және іздің турбуленттілігік санаты(9-жол)



Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (13-жол)

Маршруты
(15-жол)

Крейсерлік


Ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (16-жол)


Ескертпе


-

жарамды

жарамды

1

2

3

4

5

6

7

Жылдамдығы

Эшелон


Маршрут






















































*Ескертпе:


1. Қайталанатын ұшу жоспары (RPL)

тізбесінің бланкісін толтыру
АҰҚ (FPL нысанындағы I ұшу қағидалары) бойынша орындалатын ұшу жоспарларын ғана атап өту. Барлық әуе кемелерінің тұрақты ұшуды (FPL форматтағы S ұшу түрі) орындайтындығы болжануда, олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу. Ұшуды RPL-ға сәйкес орындайтын барлық әуе кемелерінің А және С режимдерінде 4096 кодтарын қолданатын қабылдап жауап бергіштермен жабдықталғаны болжануда. Олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу.

Ұшу жоспарларын ұшып шығу әуеайлақтарының орналасқан орнының индекстері бойынша әліпби тәртібімен санамалау.

Ұшу жоспарларын әрбір ұшып шығу әуеайлағына қатысты қалыптарды тазалаудың есептеу уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен санамалау.

Барлық жағдайларда уақытта UTC төрт цифрмен (үйлестірілген бүкіл әлемдік уақыт) көрсету. Барлық жағдайларда өткен есептік уақытты төрт цифрмен (сағаттар мен минуттар) көрсету.

Деректерді ұшудың әр учаскесі үшін бір немесе одан да көп кідірістерімен жеке жолға енгізу.

Беттердің нөмірі мен берілген беттердің жалпы санын көрсету арқылы беттерді белгілеу.

О және Q бағандарындағы бір жолда бөлінген орын жеткіліксіз болған жағдайда, кез келген RPL үшін қосымша жолдарды (біріншіден басқа) қолдану.
2. Ұшуды тоқтату
Барлық басқа бағандарда қамтылатын, тоқтатылған ұшу туралы деректердің алдындағы Н бағанына минус белгісін қою.

Барлық өзге бағандардағы тоқтатылған ұшу туралы деректерді өзгеріссіз қалдыра отырып, Н бағанындағы плюс белгісімен белгіленген жазбаны және J бағанындағы соңғы ұшу күнін енгізу.


3. Ұшу туралы деректерді өзгерту
1.2-тармақта көрсетілгендей етіп алып тастауды жүргізу;

I және J бағандарындағы жоспар(лар)дың жарамдылық мерзіміне қатысты жаңа деректерді қоса алғанда, тиісті бағандардағы деректердің қажеттілігіне қарай өзгертілген ұшудың жаңа жоспар(лар)ының деректері қамтылатын үшінші жазбаны енгізу.


4. RPL деректерін енгізу
А–Q бағандарын мынадай талаптарға сәйкес толтыру:

А бағаны (пайдаланушы) – пайдаланушының атауын көрсету.

В бағаны (адресат(тар) – осы ұшу бағытына жататын, қайталанатын ұшу жоспарларын ҰАА-ға қатысты қолдану үшін мемлекет тағайындаған мекемелерінің атау(лар)ын көрсету.

С бағаны (ұшып шығу әуеайлағы (тары) - ұшып шығу әуеайлағы (тары)ның орналасқан орнының индекстерін қою.

D бағаны (күні) - ұсынылған тізбенің әр бетіне 6 цифрдан тұратын топ арқылы тізбе ұсынған күнді (жыл, ай, күн) көрсету.

Е бағаны (сериялық нөмір) – көрсетілген жыл (әр жаңа жылдың 1 санынан басталатын) үшін тізбе ұсынылған жылдың соңғы екі цифры, сызықша және сериялық номер енгізілетін, ұсынылған тізбенің сериялық нөмірін көрсету, 2 сан;

F бағаны (беті) – бет нөмірі мен ұсынылған бетердің жалпы санын көрсету.

G бағаны (В қосымша деректері) - ұшу жоспарының (ФПЛ) 19-жолына сәйкес ұсынылатын ақпарат қамтылған органның атауы мен тиісті байланыс ақпаратын көрсету.

Н бағаны (жазба түрі) - тізбеден алынуға тиісті әрбір ұшу жоспарына қатысты минус (−) белгісін қою. Әрбір бастапқы тізбеге қатысты, ал кейіннен ұсыну жағдайларында – бұрынғы ұсынылғанда аталмаған әрбір ұшу жоспарына қатысты (+)белгісін қою.

Ескертпе. Бұрынғы берілген уақыттан бастап өзгеріссіз қалатын, кез келген ұшу жоспарына қатысты бұл бағанда ешқандай ақпарат көрсету талап етілмейді.

I бағаны (... бастап жарамды) – осы ұшуды орындауды бастау уақыты жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;

J бағаны (... дейін жарамды) – егер жарамдылық мерзімі белгісіз болса, ұшу тізбесіне немесе UFN (келесі хабарламаға дейін) енгізілген, орындауды аяқтау жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;

К бағаны (ұшу күндері) – аптаның күніне сәйкес келетін сан қажетті шағын бағанға қойылады:

дүйсенбі – 1;

сейсенбі – 2;

сәрсенбі – 3;

бейсенбі – 4;

жұма – 5;

сенбі – 6;

жексенбі – 7.

Ұшу көзделмеген кезде әр күннің қажетті бағанына 0 қою.

L бағаны (әуе кемесінің тану индексі (ИКАО ұшу жоспарының 7-тармағы) – осы ұшуға қолданылатын әуе кемесінің тану индексін қою;

М бағаны (әуе кемесінің түрі мен турбуленттілік санаты) (ИКАО ұшу жоспарының 9-тармағы)) – «Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері» ИКАО Doc 8643 құжатында көрсетілген, ИКАО тиісті шартты белгілерін қою.

H, M немесе L тиісті индекстерін қою:

Н – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 немесе одан жоғары әуе кемелерінің түрін көрсету үшін ауыр;

М – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг артық әуе кемелерінің түрін көрсету үшін орташа;

L – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 7 000 кг немесе одан кем әуе кемелерінің түрін көрсету үшін жеңіл.

N бағаны (әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (ИКАО ұшу жоспарының 13-жолы)) – ұшып шығу әуеайлағы орналасқан орнының индексін қою. Әуе кемесі ұшып шығуға байланысты қозғала бастаған кезде калыптарды жинау уақытын, яғни есептеу уақытын қою.

О бағаны (маршруты (ИКАО ұшу жоспарының 15-жолы)):

1) Крейсерлік жылдамдық – бірінші немесе барлық крейсерлік ұшу учаскесіне арналған шынайы ауа жылдамдығын көрсету.

2) Крейсерлік эшелон – маршрут бойынша бірінші немесе барлық ұшу учаскесіне арналған жоспарланған крейсерлік эшелонды көрсету.

3) Маршрут – бүкіл маршрут туралы деректерді қою.

Р бағаны (ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (Ұшу жоспарының 16-жолы) – ұшып баратын әуеайлақтың орналасқан орнының индексін қою. Жалпы есептік өткен уақытты көрсету.

Q бағаны (ескертпелер) - ӘҚҰ органдары тарапынан (ұшу жоспарының 18-жолы) ерекше назар аударуды талап ететін деректерді енгізу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет