Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасының нарығындағы өнiм айналысының шарттары



жүктеу 1.19 Mb.
бет2/7
Дата21.04.2019
өлшемі1.19 Mb.
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7

3. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнiм айналысының шарттары

3.1. Өрт техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      5. Өрт техникасының негiзгi түрлерiнiң санын, атаутiзiмi, техникалық талаптар мен орналастыру сызбалары мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық стандарттар, белгiленген тәртiпте бекiтiлген, мыналарға байланысты өртке қарсы қорғаныстың талап етiлетiн деңгейiн қамтамасыз етудi есепке алып өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес анықталады:


      1) осы объектiде мүмкiн өрттiң даму ерекшелiктерiн;
      2) өрт сөндiруге жұмсалатын өрт сөндiру заттарының шығын нормаларын;
      3) өрттiң ықтимал туындау орнына өрт бөлiмшелерiнiң келу уақытын.
      6. Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасын нормативтiк және техникалық құжаттама болған жағдайда ғана орналастыруға, пайдалануға және қызмет көрсетуге рұқсат етiледi.
      7. Өрт техникасын жiктеу осы техникалық регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
      8. Өрт техникасы ықтимал өрттi жою үшiн ғана қолданылуы тиiс.
      9. Өрт техникасын шаруашылық мұқтаждықтары үшiн немесе өндiрiстiк мiндеттердi орындау үшiн пайдалануға тыйым салынады.
      10. Өрт техникасының негiзгi түрлерiн белгiлеудiң дабылдық және ақ-қара түстерi, дабылдық белгi, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi белгiлерi "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      11. Пайдалануға енгiзiлген өрт мотопомпалары, өрт сөндiрудiң қол қондырғылары, өрт сөндiргiштер, су құбыры желiсiнiң өрт жабдығы, өрт жарағы объектiде қабылданған нөмiрлеу жүйесi бойынша есептiк (түгендеу) нөмiрлерiне ие болуы керек.
      12. Өрт сөндiру қондырғыларының қолмен қосу қондырғылары, өрт сөндiргiштердiң бекiту-iске қосу құрылғысы және өрт шкафтарының есiктерi пломбылануы керек.
      13. Өрт техникасы оған қызмет көрсету және қолдану қолайлығы, сондай-ақ қорғалатын кеңiстiктiң түрлi нүктелерiнен жақсы көрiнуiне қол жеткiзу есепке алынып орналастырылуы керек.
      Өрт техникасының негiзгi түрлерiн орналастыру орындарына апаратын жолдар (кiре берiстер) үнемi бос болуы керек.
      14. Өрт машиналары өрт депосы үймаратында орналастырылуы керек.
      Қала мен тұрғылықты тармақтарды қорғауға арналған автомобильдер саны, ғимараттар құрамы мен олардың алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес анықталады.
      15. Шаруашылық объектiлерiн қорғауға арналған өрт депосының түрiн тапсырыс берушi өрт қауiпсiздiгi саласында уәкiлеттi органмен келiсу кезiнде анықтайды.
      16. Қала немесе тұрғылықты тармақ аумағында мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн көшiру, өрт автомобильдерiнiң саны мен өрт бөлiмшелерiнiң жеке құрамының саны "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкес анықталады.
      17. Объектiнiң өртке қарсы қызметi мына жағдайларда өрт машиналарымен жабдықталуы керек:
      1) объектiнiң (өнеркәсiптiк кәсiпорын санатына жатқызылған) мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң аумақтық бөлiмшесiн көшiру орнынан барынша қашықтатылған ғимарат, үймарат, объект құрылымының жалпы пайдаланылатын жолдар немесе өтпелерге дейiн мыналардан асатын қашықтыққа алшақтығы:
      2 км - жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша А, Б және В1-В4 санатты өндiрiстi, құрылыстың барлық алаңының 50 %-нан астамын алатын кәсiпорын үшiн;
      4 км - жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша А, Б және В1-В4 санатты өндiрiстi, құрылыстың барлық алаңының 50 %-нан астамын алатын кәсiпорын, сондай-ақ Г және Д санатты өндiрiстi кәсiпорындар үшiн.
      Кәсiпорын алаңында отқа төзiмдiлiк деңгейi III, IIIб, IV, IVа, V, кәсiпорын құрылымының барлық алаңынан 50 % артық құрылым алаңымен, ғимараттар мен құрылымдар болған жағдайда өрт депосымен қызмет көрсету радиусын 40 %-ға азайтуға рұқсат етiледi.
      2) объектiнiң (өнеркәсiптiк кәсiпорындар санатына жатқызылмаған) мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерiн мынадан аспайтын көшiру орнынан алшақтығы:
      2 км - биiктiгi 100 м-ден кем ғимараттар үшiн;
      1 км - биiктiгi 100 м және артық ғимараттар үшiн.
      3) мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аймақтық бөлiмшесiнде объектiнi өрт сөндiру қажеттiктерiне талап етiлетiн су санының берiлуiн және биiктiк деңгейлерден адамдарды көшiрудi қамтамасыз ете алатын өрт машиналарының қажеттi санының болмауы.
      Өрт сөндiру қажеттiктерiне су берiлуiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн өрт машиналарының санын анықтау бойынша есептеу әдiсi осы Техникалық регламенттiң 3-қосымшасында берiлген.
      18. Өрт автомобильдерi, мотопомпалар мен әскери есепке алынған тiркемелердi ұстауға арналған өрт депосының үймараты ауасының есептелген температурасы кемi плюс 16 о С болуы керек.
      19. Пайдалануға енгiзiлген (әскери есепке немесе резервке енгiзiлген)  өртавтомобильдерi, мотопомпалар мен тiркемелер өрт-техникалық жарақпен жинақталуы, отын, өрт сөндiргiш заттар құйылып жұмысқа дайын қалыпта болуы керек.
      20. Әр өрт автомобилiне, өрт мотопомпасына және өрт сөндiру мақсатына бейiмделген техникаға арнайы даярлықтан еткен моторист (жүргiзушi) бекiтiлуi керек.
      21. Объектiде өрт мотопомпаларын және тiркемелерiн өрт туындау орнына жеткiзу тәртiбiн қарастыратын жоспар әзiрленуi керек.
      22. Өрт автомобильдерiн, мотопомпаларды және тiркемелердi техникалық күтiм жасау және жөндеу бойынша жұмыстар түрi, кезеңдiлiгi, мазмұны мен технологиялық жүйелiгi "Өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметi бойынша нұсқаулықтар" талаптарына және нақты түрдегi (маркалы) бұйымдарға арналған пайдалану құжаттамасының белгiленген талаптарына сәйкесуi керек.
      23. Өрт техникасы жүйелерi мен қондырғыларын жобалау, құрастыру, пайдалануға қабылдау, техникалық күтiп ұстау және қызмет көрсету кезiнде "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт сигнал беру жабдықтарымен, өрт кезiнде хабарлау мен адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiнде және белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттарда берiлген талаптар сақталуы керек.
      24. Жеке қорғаныс құралдары (оттектiк оқшаулаушы газқағарлар немесе қысылған ауалы аппараттар) өрт автомобилiнде тiке қалыпта арнайы жабдықталған, түбi мен қабырғалары бәсеңдеткiш материалымен қапталған ұяшықтарда орналастырылуы керек.
      Қоршаған ортаның терiс температурасы жағдайда жеке қорғау құралдары, сондай-ақ резервтiк регенеративтi патрондар мен тыныс алу аппараттарының бетперделерi өрт автомобильдерiнiң әскери есеп кабинасында орналастырылуы керек.
      25. Әскери есепке арналған оттегiлi (ауалы) резервтiк баллондар мен регенеративтi патрондар өрт автомобилiнде түбi мен қабырғасы бәсеңдеткiш материалмен қапталған жеке жәшiктерде сақталуы керек.
      Жәшiктер мөрленiп жабылуы, ал сыртқы жағына мына деректер көрсетiлген салма бекiтiлуi керек:
      1) патронның химиялық әктiк жұтқыш пен жарағын сынау күнi, сондай-ақ регенеративтi патрон салмағы;
      2) оттегiлiк (ауалы) баллон нөмiрi мен оның толтырылған күнi (баллондардың әрбiрi немесе тобы).
      26. Әскери есепке арналған резервтiк регенеративтi патрондар мен оттегiлi (ауалы) патрондар өрт автомобилiнде бiтемелермен (тығындармен), ал регенеративтi патрондар қосымша пломбыланып сақталып тасымалдануы керек.
      27. Өрт сөндiрушiлердi жеке қорғау құралдарын пайдаланған, техникалық қызмет көрсеткен, тасымалдаған және сақтаған кезде "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң өртке қарсы қызмет органдарында газ-түтiннен қорғау қызметтерiне нұсқаулықта берiлген, мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық стандарттар" талаптары сақталуы керек.
      28. Азаматтарды жеке қорғау құралдары (оқшаулағыш өзiн өзi құтқарғыш):
      1) биiктiгi 28 м артық емес ғимараттарда жұмыс орындарында;
      2) түнгi мерзiмде адамдар жаппай болатын үймараттарда;
      3) қонақ үй номерлерiнде;
      4) өрттен қорғану орындары мен өрт қауiпсiз аймақтарда орналасуы керек.
      Ғимарат, үймараттағы азаматтарды жеке қорғау құралдарының қажеттi санын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормалары мен ережелерi және белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес есептеп анықталуы керек.
      29. Көшiрудi қамтамасыз ететiн қызметкерлердiң жұмысшы орындары жеке қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ жоғары жылу әсерiнен жеке қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.
      30. Мүмкiн өрттi жою үшiн ұйым аумағы, ғимараттар, құрылымдары меншiк объектiне қарамастан, сондай-ақ тұрғылықты тармақтар өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзiне ие болуы керек.
      Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзi ретiнде табиғи және жасанды су айдындары, сондай-ақ iшкi және сыртқы су құбыры (оның iшiнде ауыз су, шаруашылық, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы) қарастырылуы керек.
      31. Табиғи су айдындарын, жасанды су айдыны мен өртке қарсы су құбыры құрылғыларын пайдалану қажеттiгi, сондай-ақ олардың параметрлерi Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормалары мен ережелерi мен белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес анықталуы керек.
      32. Өртке қарсы су құбыры желiлерi бүтiн қалыпта болуы және өрт сөндiру қажеттiктерiне арналған су шығыны нормаларын қамтамасыз етуi керек.
      Өртке қарсы су құбыры желiлерiн жұмыс iстеуге (су беруге) тексеру жылына кемi екi рет (көктем және күзде) жүзеге асырылуы керек.
      Желiде арын жеткiлiксiз болған жағдайда объектiлерде қысым жоғарылататын сорғылар орнатылуы керек.
      33. Сорғылық станса үймаратында өртке қарсы сумен қамтамасыз ету сызбасы мен сорғыларды орау сызбасы iлiнуi керек.
      Әр ысырмада және өрт сорғысында олардың арналуы көрсетiлуi керек.
      Сорғыларды iске қосу тәртiбi нұсқаулықпен анықталуы керек.
      34. Желiде қысым арттыратын сорғылармен жабдықталған жоғары немесе төмен қысымды өртке қарсы су құбыры бар объектiлерде, суқұбырымен қамтамасыз етiлмеген ғимарат, үймарат және құрылымдарда өрт бағанасымен және жалпы ұзындығы 100 м-ден кем емес, өрт бағанасына қосылған арынды өрт түтiк құбырларымен жабдықталған посттар құрылуы керек.
      Посттар орнына посттар сияқты жабдықталған тiркемелердi орнату рұқсат етiледi.
      Объектiде посттар немесе тiркемелер саны мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшесiмен келiсiлген болуы керек.
      35. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерiнiң жабдықтары (өрт гидранттары мен өрт крандары) пайдалануға қабылдар алдында және жылына кемi екi рет (көктем мен күзде) техникалық қарап шығуға түсiрiлуi, су жiберу арқылы жұмыс қабiлеттiлiкке (су беруге) тексерiлуi керек.
      Iшкi өртке қарсы сумен жабдықтау сынаулары плюс 5 о С-тан төмен емес температура жағдайында жүргiзiлуi керек.
      Iшкi өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерiн техникалық қарап шығу нәтижелерi актпен және сынақ хаттамасымен рәсiмделуi керек.
      Iшкi өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерiн сынау актiсiнiң, су беруге арналған сынақ хаттамасы мен өрт крандарының клапандарын жұмыс қабiлеттiлiкке сынау хаттамасының объектiлерi осы техникалық регламенттiң 4-қосымшасында берiлген.
      36. Жерасты өрт гидранттары құдықтарының жүктесiк қақпақтары ластан тазартылуы, ал суық кезеңде мұз, қардан тазартылып жылытылуы керек.
      37. Объект аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздерi (өзен, көл, бассейндер, градирнилер) болған жағдайда оларға жылдың кез келген уақытында өрт автомобильдерiн әкелiп су алуға арналған кемi 12 * 12 м өлшемдi қатты жабынды алаңдармен кiреберiстер (құрылғылар) жасалуы керек.
      38. Жерасты өрт гидранттары, табиғи немесе жасанды су көздерi жанында, сондай-ақ оларға қарай бағытта "Өндiрiстiк объектiлердегi дабыл түстерi, белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкесетiн сәйкес сiлтемелер (көлемдi немесе флуоресценттi немесе жарық шағылыстыратын жабындар пайдаланып орындалған жалпақ шаммен) орнатылуы керек.
      Сiлтемелерде су көзiне дейiнгi қашықтықты көрсететiн сандар нақты жазылуы керек.
      Түнгi мерзiмде су айдындарында өрт сiлтемелерiне жарық түсiрiлуi керек.
      39. Су арынды мұнаралар өрт техникасымен жылдың кез келген мерзiмiнде су алуға жарамды болуы керек.
      Шаруашылық және өндiрiстiк мақсаттар үшiн өрт сөндiру қажеттiктерiне арналған су қорын пайдалану тыйым салынады.
      40. Өрт клапандарын жаңадан салынып жатқан ғимараттарда (құрылымдарда) немесе қайта құралып жатқан объектiлерде iшкi су құбырына өрт клапандарын құрастыру кезiнде Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптары орындалуы керек.
      Өрт краны клапандарының иiнтiрегi (сермерi) оны қолмен ұстап айналдыру қолайлығы қамтамасыз етiлетiндей орналастырылуы керек.
      Клапанның шығыс келтеқұбыры өрт түтiк құбырын қосу қолайлығы қамтамасыз етiлетiндей және түтiк құбырды клапанның кез келген жаққа салу кезiнде шұғыл "сынуы" болмайтындай үлгiде орналастырылуы керек.
      41. Пайдалануға енгiзуге 1,35 м биiктiкте орнатылған және мыналармен жабдықталған өрт крандары рұқсат етiледi:
      1) өрт жабдығына арналған қосу басы бар өрт клапанымен;
      2) арынды өрт түтiк құбырымен;
      3) өрт қол бағанасымен;
      4) клапанды ашуды жеңiлдетуге арналған иiнтiрекпен (сермермен).
      Өрт түтiк құбыры өрт клапаны мен өрт бағанасына қосылуы керек.
      Санамаланған жабдықпен өрт краны өрт шкафында орналасуы керек.
      42. Жаңадан салынатын және қайта жөнделетiн объектiлерде өрт шкафтары оларда өрт краны жабдығының жинағын және кемi 5 кг өрт сөндiргiштiң өрт сөндiру затының заряд салмағымен кемi екi қол өрт сөндiргiшiн орналастыру мүмкiндiгiмен үш нұсқаның кез келген түрiнде (аспа, тiреме және кiрiстiрiлген) орнатылуы керек.
      Өрт сөндiргiштердi өрт шкафының жалпы және жеке бөлiгiнде орналастыру рұқсат етiледi.
      43. Өрт шкафтарын пайдаланудың плюс 5 о С-тан плюс 45 о С-қа дейiнгi температуралық ауқымы шегiнде болуы керек.
      44. Өрт шкафтарының көлемдерi онда орналастырылатын өрт клапандары, түтiк құбырлары, бағаналары мен өрт сөндiргiштер саны мен диаметрiне қарай анықталуы керек.
      45. Өрт шкафының есiктерiнде жинақтаушы бұйымдардың болуын көзбен шолып тексеруге мүмкiндiк беретiн мөлдiр салмасы болуы керек.
      Мөлдiр салмасыз өрт шкафын орнату рұқсат етiледi, бұл жағдайда өрт шкафының есiгiне жинақтаушы бұйымдар құрамы туралы ақпарат салынуы керек.
      46. Өрт шкафының есiктерiнде өрт шкафын қысылтаяң жағдайларда 15 м артық емес қауiпсiз ашуға мүмкiндiк беретiн, оларды пломбылау және жабуға арналған құрастырымдық элементтерге ие болуы керек.
      47. Өрт шкафының есiктерi кемi 160 о бұрышқа еркiн ашылуы және түтiк құбыр желiсiн және қол өрт сөндiргiштерiн алып шығуға жылдам және кедергiсiз жазуға мүмкiндiк беруi тиiс.
      48. Өрт шкафының құрастырымы табиғи желдетудi қамтамасыз етуi керек. Желдеткiш саңылаулары есiктердiң жоғарғы және төменгi бөлiктерiнде немесе өрт шкафы қабырғасының бүйiр беттерiнде орналасуы керек.
      Өрт шкафының табиғи желдетiлуiн қамтамасыз етудiң өзге құрастырымдық шешiмдерi рұқсат етiледi.
      49. Өрт шкафының құрастырымында оны құрылыс құрастырмаларына бекiту мүмкiндiгi қарастырылуы тиiс.
      50. Өрт шкафының бүйiр беттерiнде өрт кранының жинақтаушы бұйымдарының шартты өтпесiне сәйкесетiн диаметрге ие құбыржолдарына арналған кiрiс саңылаулары болуы тиiс.
      51. Өрт шкафының қабырғасының сыртқы беттерiнде әрiптiк белгiлер, жазулар мен пиктограммалар қызыл дабылдық түстi болуы тиiс.
      Есiктiң сыртқы бетiнде "ПК" қысқарған сөзiн және (немесе) өрт кранының және тасымалданатын өрт сөндiрушiлердiң шартты белгiсi қосатын әрiптiк индекс болуы, сондай-ақ өрт шкафының реттiк нөмiрiн және жақын жердегi өрт бөлiгiнiң телефон нөмiрiн жазуға арналған орын қарастырылуы тиiс.
      Өрт шкафының есiгiнде өрт қауiпсiздiгi белгiсi (өрт краны, өрт сөндiргiш) салынуы тиiс.
      Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнiң түстi-графикалық суретi мен орналастыру (орнату) орны "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкесуi тиiс.
      52. Өрт түтiк құбырларының ұсталу және күтiм жасалу тәртiбi "Өрт түтiк құбырларын пайдалану және жөндеу нұсқаулығы" талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      53. Қол өрт сатылары өрт автомобильдерiне орналасуы, тығыздап жатқызылуы және сенiмдi бекiтiлуi тиiс.
      54. Қол өрт сатылары техникалық бүтiн қалыпта болуы және кезеңдiк сынауларға уақтылы түсiрiлуi тиiс.
      Берiктiкке сынағаннан кейiн сатыларда қалдық ақаулар мен бүлiнген бөлшектер болмауы.
      55. Әскери есепте жоқ сатылар қоймада құрғақ желдетiлетiн үймаратта сақталуы тиiс.
      Сатыларды сақтау кезiнде адырналар мен басқыштар ағашына тiке күн сәулесiнiң түсуi, сондай-ақ жылыту құралдарынан жылу әсерi тыйым салынады.
      56. Құтқару жiбi оралып жинақталуы және су өткiзбейтiн қаптамада сақталуы керек. Қаптама құрастырымы жiптi жылдам қолдануды қамтамасыз етуi, паспорт (формуляр) салуға арналған қалтасы және ұзындығы бойынша реттелетiн тасымалдауға арналған белдiгi болуы тиiс.
      57. Пайдалануға қабылдар алдында және өртте әр пайдаланар алдында немесе оқуда, бiрақ әр 6 ай сайын құтқару жiптерi техникалық тексеруге және жұмыс қабiлеттiлiкке сынауға түсiрiлуi керек. Құтқару жiбiне су мен беткi-белсендi зат ерiтiндiлерi (6 % көбiк түзгiш ерiтiндi) әсер еткен кезде берiктiк қасиеттерi мен сыртқы түрiн сақтауы тиiс.
      58. Қол өрт сатылары мен жiптерiне техникалық қызмет көрсету, кезеңдiк сынаулар "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау ережелерi" талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      59. Биiк ғимараттар мен құрылымдарда өртке қарсы аймақтарды қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұжымдық пайдаланудың құтқару құрылымдарының саны (түтiк құбырлы құтқару құрылғылары, арқандық-түсiру құтқару құрылғылары) есеппен анықталып жобамен ескерiледi.
      Құтқару құрылғыларының қажеттi санын анықтау бойынша есептеу тәртiбi осы техникалық регламенттiң 5-қосымшасында берiлген талаптарына сәйкесуi тиiс.
      60. Құтқару құрылғылары көшiрудiң негiзгi жолдарын пайдалану мүмкiндiгiне ие емес адамдарды қауiпсiз құтқару мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      61. Құтқару құрылғыларын орналастыру орындары ең кiшi құтқару уақытын қамтамасыз ету шартынан шығып анықталуы тиiс.
      Құтқару уақыты есеппен анықталуы керек және өрттiң қауiптi факторлары құтқарылатын тұлғалар болатын аймақта сындарлы мәндерге жететiн мәндерден аспауы тиiс.
      62. Құтқару құрылғыларын орналастыру орындары сiлтемелер мен апаттық жарық беруге ие болуы тиiс.
      63. Көшiру жоспарында құтқару құрылғыларын орналастыру орындары мен оларға өту жолы көрсетiлуi тиiс.
      64. Әр құтқару құрылғысын орналастыру орындарында құрылғыларды жұмысқа дайындау және түсiру кезiнде құтқарылатындар әрекетiнiң жүйесiн көрсетiп тақтайша (ақпараттық тақтайшы) болуы тиiс.
      65. Құтқару құрылғылары күрделi метеорологиялық жағдайларда жұмысқа қабiлеттi (жоғары және темен температура, жауын, қар, үлкен жел жүктемесi) және жұмысқа үнемi даяр болуы тиiс.
      66. Құтқару құрылғылары автономды (ғимаратты энергиямен қамтамасыз ету көздерiнен тәуелсiз) болуы тиiс.
      67. Құтқару құрылғылары даярланбаған адамдар қолдану мүмкiндiгiн қарастыруы тиiс.
      68. Оқуда қолдану, техникалық қызмет көрсету немесе жалған iске қосылғаннан кейiн құтқару құрылғылары қысқа мерзiмде жұмысшы қалыпқа (бiр аптадан артық емес) келтiрiлуi тиiс.
      69. Құтқару құрылғыларын ғимаратқа бекiту құрылғыда бiрге түсiрiлетiн адамдардың барынша жоғары санынан 9 есе асатын жүктемеге төтеп беруi тиiс.
      70. Құтқару құрылғылары ғимаратқа қатысты құрастырымдық орындауда шектелген болуы тиiс.
      71. Құтқару құрылғыларының құрастырымдық орындалуы мен орналасуы өрт және құтқару қызметi бөлiмшелерiнiң жұмысына кедергi жасамауы тиiс.
      72. Құтқару құрылғыларын қолданғаннан кейiн олар адам өмiрi мен денсаулығына қауiп тудырмауы тиiс.
      73. Құтқару құралдарының түрi мен санын таңдау негiздеуi есеппен расталуы тиiс.
      74. Құтқару құралдары мен құрылғыларын пайдалануға қабылдау оқу жұмыстарын мiндеттi өткiзiп белгiленген тәртiпте жүргiзiлуi тиiс.
      75. Халық аз шоғырланған топтарға арналған ғимараттар мен құрылымдар басым түрде құтқару түтiк құбыр құрылғыларымен және құтқару науашаларымен (басқыштарымен) жабдықталуы тиiс.
      76. Объектiде өрт қалқандары мен стендтерiмен жиынтық құрамында орналастырылатын механикаландырылмаған өрт қол аспабына кезеңдi күтiм жасалуы тиiс.
      Кезеңдiк қызмет көрсету мына операциялардан тұруы тиiс:
      1) тозаң, лас және жегi iздерiнен тазарту;
      2) бояуын қалпына келтiру;
      3) пайдаланудан кейiн қалдық ақауларды болдырмау үшiн сүймендер мен тұтас металлдан жасалған iлгектердi түзету;
      4) аспаптардың талап етiлетiн қайралу бұрыштарын қалпына келтiру.
      77. Өндiрiстiк және қоймалық үймараттарда орналастырылатын өрт қалқандарымен стендтерi, сондай-ақ қорғалатын объект аумақтары онда бекiтiлген өрт аспаптары мен тасымалданатын өрт сөндiргiштердiң алу (алып шығу) қолайлығы мен жылдамдығын қамтамасыз ету керек.
      78. Өрт қалқандары ақ фонда 30 мм-ден 100 мм-ге дейiнгi шекте енмен қызыл белгi түстi жиектемеге ие болуы тиiс.
      Допускается выполнять окантовку пожарных щитов в виде чередующихся наклонных под углом 45 о полос красного сигнального и белого контрастного цветов.
       РҚАО-ның ескертуi: Мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 78-тармақтың екiншi абзацы берiлмегендiктен ресми тiлдегi мәтiннен алынды.
      79. Өрт қалқандарының жиектемелерiн 45 о бұрышы астында қызыл дабыл және ақ ашатын түстi кезектесетiн көлбеу таспалар түрiнде орындау рұқсат етiледi.
      80. Өрт қалқандары мен стендтерiн орналастыру және жинақтау "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентi талаптарына сәйкесуi тиiс.
      81. Өрт жарағы көрiнетiн орында орналасуы, еркiн және қолайлы қол жеткiзуге ие болуы және өрт кезiнде көшiруде кедергi болмауы керек.
      82. Өрт қалқандарын механикаландырылмаған өрт аспабымен жинақтау "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкесуi және техникалық бүтiн қалыпта ұсталуы керек.
      83. Объектiде өрт сөндiрушiлердiң қажеттi санының түрiн таңдау және анықтау олардың өрт сөндiру қасиетiне, жанғыш материал түрi бойынша өрт класына, қорғалатын үймарат немесе технологиялық жабдық ерекшелiктерiне және "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентi талаптарын есепке алып өзге параметрлерге (оның iшiнде қорғалатын үймаратта орта температурасы, өрт сөндiргiштен өрт сөндiру құралының ағу ұзындығы, оның жұмыс iстеу уақыты мен өрт сөндiргiш сыйымдылығы) қарай жүзеге асырылады.
      84. Өрт сөндiргiштер пайдалануға толық зарядталған және жұмыс iстей алатын қалыпта, бекiту-iске қосу құрылғысын басқару торабы ашылып пайдалануға енгiзiлуi тиiс.
      85. Өрт сөндiргiштер қорғалатын объектiде орналасуы және климаттық және механикалық әсер етулерден, өзге қолайсыз факторлардан (дiрiл, жемiрлi орта, жоғары ылғалдық) қорғанысы болуы тиiс.
      Өрт сөндiргiштер өрт жағдайында жақсы байқалатын және жеңiл қол жеткiзiлетiн болуы тиiс.
      Өрт сөндiргiштер өрттiң барынша ықтимал туындау орнынан жақын, өтпе жол бойында, сондай-ақ үймараттан шығар есiк маңында орналасуы және өрт кезiнде адамдарды көшiруге кедергi келтiрмеуi тиiс.
      86. Тасымалданатын өрт сөндiргiштер өрт крандарымен бiрге аспа тiреуiштерде немесе арнайы өрт шкафтарында орналастырылуы тиiс.
      87. Толық салмағы 15 кг-нан кем өрт сөндiргiштер еденнен 1,5 м артық емес биiктiкте орналастырылуы тиiс.
      Толық салмағы 15 кг және одан жоғары тасымалданатын өрт сөндiргiштер 1,0 м артық емес биiктiкте немесе кездейсоқ әсер ету жағдайында мүмкiн құлаудан мiндеттi түрде бекiтiлiп еденде орналасуы тиiс.
      88. Алғашқы өрт сөндiру құралдарын орналастыру үшiн өндiрiстiк және қойма үймараттарында, сондай-ақ қорғалатын объект аумақтарында өрт қалқандары жабдықталуы тиiс.
      89. Өрт сөндiргiштердi iске қосу тәртiбiн көрсететiн негiзгi жазулар мен пиктограммалар жақсы байқалатындай орналастырылуы және сыртқа немесе оған барынша ықтимал жақындау жағына қарай қаратылуы тиiс.
      Жазбалар кезектi растау арасындағы мерзiм бойына оларды нақты оқылуды қамтамасыз ететiн болуы тиiс.
      90. Өрт сөндiргiштердi қалқалайтын өндiрiстiк немесе өзге жабдықтар көп орналасқан үймараттарда олардың орнын көрсететiн сiлтемелер орнатылуы тиiс.
      Сiлтемелер "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" техникалық регламент талаптарына сәйкес орындалуы және көрiнетiн орында, олардың көрiну шарттарын есепке алып еден деңгейiнен 2,0 м биiктiкте орналасуы тиiс.
      91. Өрттiң мүмкiн ошағынан өрт сөндiргiштiң орналасу орнына дейiнгi қашықтық "Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес анықталуы және мыналардан аспауы тиiс:
      1) 20 м - қоғамдық үймараттар мен құрылымдар үшiн;
      2) 30 м - жарылыс өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша А, Б және В1 - В4 санатты үймараттар үшiн;
      3) 40 м - Г санатты үймараттар үшiн;
      4) 70 м - Д санатты үймараттар үшiн.
      92. Есiктен өрт сөндiргiшке дейiнгi қашықтық оның толық ашылуына кедергi жасамауы керек.
      93. Өрт сөндiргiштер температура мәнi өрт сөндiргiштерде көрсетiлген температуралық ауқымнан асатын орындарда орналастырылмауы керек.
      94. Үймаратта немесе жылытылмайтын үймаратта орнатылған және терiс температура жағдайында пайдалануға арналмаған су және ауа-көбiктi өрт сөндiргiштер жылдың салқын мезгiлiнде (ауа температурасы плюс 1 о С-тан төмен жағдайда) алып тасталуы керек. Бұл жағдайда олардың орнында және өрт қалқанында өрт сөндiргiштердiң орналасқан орны туралы ақпарат орналастырылуы керек.
      95. Пайдалануға енгiзiлген өрт сөндiргiштер техникалық қызмет көрсетуге түсiрiлуi керек.
      Техникалық қызмет көрсету өзiне мыналарды қамтиды:
      1) кезеңдiк тексерулер;
      2) тексерiп шығу;
      3) жөндеу;
      4) сынаулар;
      5) қайта зарядтау.
      96. Кезеңдiк тексерулер өрт сөндiргiш қалпын бақылау, өрт сөндiргiштiң орналасу орнын және оның бекiтiлу сенiмдiлiгiн, оған еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгiн, өрт сөндiргiшпен жұмыста нұсқаулықтың болуын, орналасуы мен оқылуын бақылау үшiн жүргiзiлуi керек.
      97. Өрт сөндiргiштерге техникалық қызмет көрсету пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес және қажеттi аспаптар мен материалдарды кәсiпорын немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған, белгiленген тәртiпте өрт сөндiргiштердi орнату және пайдалану жөнiндегi нормативтiк және (немесе) техникалық құжаттарды және өрт сөндiргiш заттар параметрлерiн бiлуi бойынша тексеруден өткен, өрт сөндiргiштерге күтiм жасау бойынша қажеттi жұмыс көлемiн өздiгiнен жүргiзе алатын тұлға жүргiзедi.
      98. Жөндеу, сынау немесе қайта зарядтау үшiн пайдаланудан шығарылған өрт сөндiргiштер балама параметрлi резерв өрт сөндiргiштермен алмастырылуы керек.
      99. Өрт сөндiргiштi пайдалануға енгiзер алдында ол бастапқы тексеруге түсiрiлуi керек, оның барысында сыртқа қарап шығу жүргiзiлуi, өрт сөндiргiштiң жинақталуы мен оның орнатылу орнының жай-күйi (өрт сөндiргiштiң байқалуы немесе оны орнату орнын көрсету, оған еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгi), сондай-ақ өрт сөндiргiшпен жұмыс жөнiндегi нұсқаулықтың оқылуы мен түсiнiктiлiгi тексерiлуi керек.
      Сыртқы қарап шығу барысында мыналарға көңiл аударылуы керек:
      1) өрт сөндiргiш корпусында, басқару тораптарында, сомындар мен басында майысу, бөлiнiп түсу, терең сызаттардың болуы;
      2) қорғаныс және лак-бояу жабындарының қалпы;
      3) нақты және түсiнiктi нұсқаулықтың болуы;
      4) пломбыланған сақтандырғыш құрылғының болуы;
      5) манометр немесе қысым индикаторының бүтiндiгi (егер өрт сөндiргiш құрастырымымен қарастырылса), қажеттi таңбаның болуы және айдалатын түрдегi өрт сөндiргiште немесе газ баллонда қысым шамасы;
      6) өрт сөндiргiш салмағы, сондай-ақ өрт сөндiргiште өрт сөндiру затының салмағы. Өрт сөндiругi зат салмағы есептелу жолымен анықталуы керек;
      7) майысқақ шланг (болған жағдайда) және өрт сөндiргiш затты таратқыш қалпы (механикалық бүлiнулердiң, жегi iздерiнiң, құюдың мүлт кетуi немесе өрт сөндiргiш заттың өрт сөндiргiштен еркiн шығуына кедергi жасайтын өзге заттардың болуы);
      8) жүру бөлiгiнiң қалпы және өрт сөндiргiш корпусының арбада (жылжымалы өрт сөндiргiш үшiн), қабырғада немесе өрт шкафында (тасымалданатын өрт сөндiргiш үшiн) беку сенiмдiлiгi.
      Тексеру нәтижелерi бойынша өрт сөндiргiш паспортында қажеттi белгiлер жасайды. Өрт сөндiргiшке реттiк нөмiр берiп оны затбелгiге жазады. Тексеру нәтижелерiн өрт сөндiргiштердi есепке алу журналында белгiлейдi.
      Өрт сөндiргiштерге техникалық қызмет көрсету нәтижелерi бойынша толтырылатын құжат үлгiлерi осы техникалық регламенттiң 6-қосымшасында берiлген.
      100. Өрт сөндiргiштердi жыл сайынғы тексеру өрт сөндiргiштiң сыртын қарап шығуды, оны орнату орны мен оған апаратын жолдарды қарап шығуды қамтуы керек.
      Жыл сайынғы тексеру барысында газ баллонынан газды немесе газды өрт сөндiргiштен өрт сөндiру затын ығыстыратын шығу шамасын бақылайды. Өрт сөндiргiштердi (толық немесе таңдап) ашады, сүзгiлер қалпын бағалайды және өрт сөндiргiш заттың параметрлерiн тексередi.
      Егер өрт сөндiргiш мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық стандарттар мен белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкеспесе, оны қайта зарядтайды.
      101. Объектiнiң жоғары өрт қауiптiлiгi (жарылыс өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша А және Б санатты үймараттар) жағдайда немесе өрт сөндiргiшке шектi мәнге жақын оң (плюс 50 о С-тан жоғары) немесе терiс (минус 40 о С-тан төмен) қоршаған орта температурасы, ауаның 90 %-дан артық ылғалдығы, жегiлiк-белсендi орта, дiрiлдiң әсерi сияқты қолайсыз факторлар әсер етуi жағдайда өрт сөндiргiштердi тексеру және өрт сөндiргiш затты бақылау 6 айда бiр реттен жиi емес жүргiзiлуi керек.
      102. Барлық түрдегi өрт сөндiргiштердi зарядтау және қайта зарядтау пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес жүргiзiлуi керек.
      103. Өрт сөндiргiштер қолданғаннан кейiн бiрден немесе егер жыл iшiнде газды өрт сөндiргiш заттың немесе ығыстырушы газдың шығып кету шамасы рұқсат етiлетiн мәннен асса қайта зарядталуы керек.
      104. Тасымалданатын өрт сөндiргiштен және жоғары қысымды баллоннан оларды пайдаланудың немесе сақтаудың бiр жылы iшiнде өрт сөндiрушi заттың немесе ығыстырушы газдың шығуы мыналар үшiн аспауы керек:
      1) қажеттi өлшеу дәлдiгiн қамтамасыз ететiн манометрмен немесе бақылау манометрiн қосуға арналған жалғастырғышпен жабдықталған айдалатын өрт сөндiргiштер мен ығыстырма газды жоғары қысымды баллондар техникалық құжаттамада және өрт сөндiргiштiң немесе газ баллонының затбелгiсiнде көрсетiлген атаулы жұмысшы қысым шамасынан 10 % артық емес
      2) қысым индикаторымен жабдықталған айдалу өрт сөндiргiштерiнде ығыстырушы газ кетуiн мыналар үшiн шкаланың жасыл секторында болуы керек қысым индикаторы тiлiнiң қалпын бақылаумен рұқсат етiледi:
      көмiрқышқыл және хладонды өрт сөндiргiштер өрт сөндiргiш зат салмағының бастапқы мәнiнен 5 % артық емес, бiрақ 50 г-нан артық емес;
      манометрi жоқ ығыстырушы газды жоғары қысымды баллондар, баллонда көрсетiлетiн ығыстырушы газ салмағының бастапқы мәнiнен 5 % артық емес, бiрақ 5 г-нан артық емес.
      105. Жылжымалы өрт сөндiргiштен газды өрт сөндiрушi заттың немесе ығыстырушы газдың кетуi мыналар үшiн аспауы керек:
      1) айдалатын түрдегi көмiрқышқыл және хладонды өрт сөндiргiштер, сондай-ақ газ баллондары үшiн өрт сөндiрушi заттың немесе зарядталған газ салмағының бастапқы мәнiнiң 5 % артық емес;
      2) қалған түрдегi айдалатын өрт сөндiргiштер мен өрт сөндiргiш корпусының сыртында орналасқан газ баллондары үшiн зарядталу қысымынан 10 % артық емес.
      106. 5 жылда бiр реттен жиi емес әр өрт сөндiргiш пен ығыстырушы газ құйылған баллон босатылуы, өрт сөндiргiш корпусы толығымен өрт сөндiргiш зат қалдығынан тазартылуы, сыртқы және iшкi қарап шығулар, сондай-ақ берiктiкке гидравликалық сынаулар мен өрт сөндiргiш корпусының қымталғандығына, iске қосу басына, шланг және бекiту құрылғысына пневматикалық сынаулар жүргiзiлуi керек.
      Тексеру барысында мыналарға назар аударылуы керек:
      1) өрт сөндiргiш корпусының iшкi бетiнiң қалпы (металда майысулар немесе көтерiлулер болуы, қорғаныс жабынының қабыршақтануы);
      2) жегi iздерiнiң болуы;
      3) төсем, жиектеме немесе тығыздаудың өзге түрлерiнiң қалпы;
      4) сақтандырғыш құрылғылардың, сүзгiлер, қысымды өлшеу құралдарының, редукторлар, бұранда, бекiту құрылғылары мен оларды орнықтыру орындарының қалпы;
      5) газ баллонының салмағы, оны кезектi сынау мерзiмi немесе газ жинақтайтын элементiнiң кепiлдiк пайдалану мерзiмi;
      6) шлангтiң бекiтiлу бетi мен тораптар қалпы;
      7) өрт сөндiргiш заттың қалпы, кепiлдiк сақтау мерзiмi және негiзгi параметрлер мәндерi;
      8) беткi-белсендi зат немесе көбiк түзгiшке арналған контейнер қалпы мен қымталғандығы (суды және зарядтың өзге құрамбiрлiктерiн жеке сақтап сулы және ауа-көбiктi өрт сөндiргiштер үшiн).
      107. Механикалық бүлiнулер немесе жегi iздерiн байқаған жағдайда өрт сөндiргiш корпусы мен тораптары мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық стандарттар мен белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес берiктiкке сынауға түсiрiлуi керек.
      108. Сынауды тиiмдi аяқтағаннан кейiн өрт сөндiргiш кептiрiлуi, боялуы (қажет жағдайда) және өрт сөндiргiш затпен зарядталуы керек.
      109. Егер өрт сөндiргiш зат зарядын сақтаудың кепiлдiк мерзiмi аяқталса немесе заряд параметрлердiң бiреуiнен болсын нормативтiк және (немесе) техникалық құжаттама талаптарына сәйкеспесе, онда өрт сөндiргiштiң бұндай заряды алмастырылуы керек.
       110. Берiктiкке арналған гидравликалық сынаулардан өтпеген өрт сөндiргiштер немесе жеке тораптар жөндеуге жатпайды, олар пайдаланудан шығарылып брак деп танылады.
      111. Жүргiзiлген тексерулер мен сынаулар нәтижелерi өрт сөндiргiш затбелгiсiнде, оның паспортында және өрт сөндiргiштердi есепке алу журналында белгiленедi.
      112. Өрт сөндiргiштерге техникалық қызметтi жүзеге асыратын ұйым немесе кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйым) қысым астында жұмыс iстейтiн ыдыстармен жұмыс iстеу, өрт сөндiргiштерге техникалық күтiм жасау және қауiпсiз жұмыс iстеу бойынша арнайы даярлықтан өткен, өрт сөндiргiштерге, ығыстырушы газ көздерiне және өрт сөндiргiш заттардың пайдаланылатын түрлерiне арналған нормативтiк және техникалық құжаттаманы бiлетiн бiлiктi мамандары болуы керек.
      113. Өрт сөндiргiштерге техникалық күтiм жасау бойынша жұмыс жүргiзетiн ұйымда ауа алмастыратын желдеткiшпен (қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес) және қажеттi қойма үймаратымен жабдықталған жұмысшы үймараты болуы керек.
      114. Ұйымда өрт сөндiргiштерден шығарылатын өрт сөндiргiш заттар қалдықтарын жинау үшiн қажеттi сыйымдылықтарға ие болуы керек.
      115. Өрт сөндiргiштердi қайта зарядтау бойынша жұмыстар жүргiзетiн ұйымда өрт сөндiрушi заттарды өңдеу немесе кәдеге жаратуға арналған қажеттi жабдықтары болуы керек.
      116. Ұйымда өрт сөндiргiштердi бұзу және жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қажеттi аспап және өрт сөндiргiштердiң iшiн қарап шығу үшiн қауiпсiз жарық беру көзi (қорек көзi 36 В артық емес) болуы керек.
      117. Ұйымда өрт сөндiргiштердiң, өрт сөндiру заттарының негiзгi параметрлерiн тексеру және өрт сөндiргiштер мен олардың тораптарына сынаулар жүргiзуге арналған қауiпсiз аттестатталған жабдығы болуы керек.
      Қауiпсiздiк мақсатында сынақ жабдығы жекелеген үй-жайда орналастырылуы тиiс.
      118. Ұйымда өрт сөндiргiштердi кептiру және бояуға арналған камераға, өрт сөндiргiштер мен баллондарды кептiрiлген газбен зарядтаудың қауiпсiз жүйесiне, газ баллондары мен өрт сөндiргiштердiң салмағы мен қымталғандығын бақылауға арналған жабдыққа ие болуы керек.
      119. Ұйымда орындалған жұмыстар, оларды жүргiзу күнi, өрт сөндiргiшке зарядталған өрт сөндiргiш зат маркасын, ұйым атауы мен оның заңды мекен-жайы туралы ақпарат көрсетiлуi керек затбелгi немесе құлақшалардың қажеттi жиынтығы болуы керек.
      Құлақшалар немесе затбелгiлер "Орауға, таңбалауға, затбелгi тағуға және оны дұрыс орналастыруға қойылатын талаптар" техникалық регламентi , сондай-ақ мемлекеттiк, мемлекетаралық, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген халықаралық  стандарттар мен белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкесуi керек.

Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар
doc -> Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек ұсыну ережесiн, оның түрлерi мен көлемiн бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
doc -> Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет