Облыстық бюджеттің 2015 жылға атқарылуы туралы есеп Облыстық мәслихат сессиясының



жүктеу 116.25 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі116.25 Kb.



Облыстық бюджеттің 2015 жылға атқарылуы туралы есеп
Облыстық мәслихат сессиясының

15.06.16 ж. №6С-3-2 шешімімен

бекітілген

Кірістер бойынша бюджеттің параметрлері 143 130,0 млн. теңге көлемінде бекітілген, шығыстар бойынша – 142 465,1 млн. теңге.

2015 жылдың ішінде облыстық бюджет 4 рет нақтыланып, 22 рет бюджеттің түзетілуі жүргізілген, соның ішінде бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің өзгеруіне, бюджет қаражатының қайта бөлінуіне, пайдаланылылмаған трансферттердің қайтарылуына байланысты, 13 рет өз бастамасымен және 9 рет республикалық бюджет трансферттері көлемінің өзгеруі себебінен.

Жинап келгенде, кіріс бөлігі 136 723,4 млн.теңгені, шығыстар – 137 273,2 млн. теңгені құрады.

Облыстық бюджет бойынша жылдық есептілікке сәйкес келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
136 540,2 млн. теңге кіріс түскен (99,9%, 1.01.15ж.-100,2%), бұл 2014 жылғыдан 6,8 млрд. теңгеге артық.

Облыстық бюджетке түскен түсімдерде салықтар мен төлемдердің меншікті салмағы 12,5% немесе 17 120,8 млн.теңгені құрады (нақты 17 322,4 млн. теңге) және 3 дәреже бойынша ұсынылған (салықтық, салықтан тыс және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер).

90% (90,1%) артық, олар бойынша жоспар (15,4 млрд. теңге) 101,2% орындалған салықтық түсімдерге тиісті, ағымдағы төлемдердің ұлғаюы есебінен, келесі ірі кәсіпорындар бойынша жоспардан тыс 181,6 млн.теңге алынған:

"Астана-Нан" ЖШС, "ҚАЗАҚАЛТЫН" "ТКК" АҚ, "RG Gold" ЖШС, Ақмола облысы табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кеңес орман шаруашылығы мекемесі» КММ бойынша сатылатын ағаштың көлемін ұлғайту, "Старт Инновация" ЖШС, "Көкше Орман-2013" ЖШС.

"Көкшетау Су Арнасы" ШЖҚ МКК, "Степногорск - водоканал" ШЖҚ МКК бойынша су ресурстарын пайдаланылуы үшін түсімдердің өсуі, сонымен қатар "Степногорская ТЭЦ" ЖШС, "Степногорск тау-химиялық комбинаты" ЖШС, Көкшетау қ. әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемінің ұлғаюы.

салықтан тыс түсімдер бойынша (өз табысынан меншікті салмағы 9,9% ) 101,1% түскен, жасалған жалға беру келісімдерін ұлғайту (4,4 млн.теңгеге) және басқа салықтық емес түсімдер есебінен (68,2 млн. теңгеге) жоспарды артығымен орындау қамтамасыз етілген.

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша өткізілген 4 электронды аукциондар арқылы жекешелендіру объектілерін сатуды ұлғайту есебінен жоспар 24,4% артық орындалған (3,3 млн. теңге жоспар бойынша 4,1 млн. теңге түскен).

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер (51 546,6 млн. теңге) және субвенциялардан (59 210,4 млн. теңге) 110 757,0 млн.теңге түскен, аудандық (қалалық) бюджеттерден – 8 460,8 млн. теңге, бұл ретте Көкшетау қ. бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына байланысты 384,8 млн.теңге сомасында бюджеттің алып қоюлар толығымен аударылмаған.



(орындалмаған: әлеуметтік салық-550,5 млн. теңге, акциздер -595,6 млн. теңге, артығымен орындалған: пәтерлерді сатудан 336,6 млн. теңге, жерді стаудан – 54,5 млн. теңге).
Шығыс бөлігі (кредиттер мен қарызды өтеуді есепке алы отыра) 142 648,2 млн.теңгеге игерілген, бұл жоспарға 99,9% құрады – бұл соңғы 5 жылдағы үздік нәтижелердің бірі (2010 ж. - 97,8%, 2011 ж.- 98,1%, 2012 ж. - 99,6%, 2013 ж. -99,5%, 2014 ж. – 99,7%).

Облыстық бюджетті атқару 2015 ж. отыз бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен жүзеге асырылған.

18 әкімші қаржылық жылды бюджет қаражатының 100%-дық игерілуімен аяқтады.

4 – облыстық орташа көрсеткіш 99,9% деңгейінде (Қаржы, жер қатынастары, ішкі саясат, туризм басқармалары).

Шығыстардың жалпы көлемінен игерілмеген қаражаттың үлесі (142 844,4 млн.теңге) 0,1 пайызды құрады немесе 196,2 млн.теңге, оның ішінде:

35,0 млн.теңге – бұл жергілікті атқарушы органның үлестірілмеген резерві;
78,4 млн. теңге – (ББӘ көлемінен 0,4%; 20,2 млрд.; 99,6%) – құрылыс басқармасымен игерілмеген
36,4 млн. теңге (0,2% ББӘ көлемінен (23,4 млрд.т.) (99,8%) – денсаулық сақтау басқармасымен
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша дебиторлық қарыз жыл басынан 564,2 млн.теңгеге ұлағайған (217%, жылдың басына 482,7 млн. теңге) және 1 046,9 млн. теңгегені құрады.

Кредиторлық қарыз 216,9 млн. теңгеге азайған (жылдың басына (312,4 млн. теңге) және 95,5 млн.теңгені құрады (3 есе азаюымен).


ШЫҒЫСТАР
Облыстық бюджет шығыстарының құрылымы келесі слайдта берліген.

Бюджет шығыстарының 20% (20,1%) жоғарысы «Денсаулық сақтау» 5 функционалдық тобы бойынша қарастырылған.

2013-2014 жылдармен салыстырғанда шығыстар көлемі 4,3 млрд. теңгеге және сәйкесінше 3 млрд. теңгеге ұлғайған, 2015 жылы бекітілгенге шығыстар материалдық-техникалық жабдықтандыруға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер көлемінің қысқаруы есебінен 799,3 млн.теңгеге азайған, нәтижесінде нақтыланған жоспар жыл соңына 27 601,9 млн.теңгені (99,7%) құрады.

Бұл ретте 22,1 млрд. теңге (немесе 80,0%) – бұл тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қарастырылған шығындар ( 2014 ж. – 21,0 млрд. теңге), оларға:



  • 89 мың 267 науқас емделген,

  • тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету - 132 мың 121 ересектер және балалар;

  • Онкоауруларды анықтау бойынша скринингілік тексерулермен 64 мың 204 адам қамтылған;

Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыздандыруға 678,8 млн.теңге бағытталған (2014 жылға 38,2%-ға азаюымен - 1 098,0 млн. теңге), олардың есебінен:

  • 105 бірілік медициналық жабдық және 13 бірлік автокөлік сатып алынған;

  • 7 денсаулық сақтау объектісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жасалған («Бурабай АЕ» ШЖҚ МКК, Бурабай ауданы Зеленый бор к. ДА, «Степногорск ОҚА» ШЖҚ МКК, Көкшетау қ. «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК 3 жоба бойынша, Көкшетау қ. №1 «Отбасы денсаулығы орталығы» ШЖҚ МКК),

  • 5 объектіге күрделі жөндеу жасау үшін ЖСҚ әзірленген (Сандықтау ауданының Шантөбе дәрігерлік амбулаториясы, Есіл ОАА-ның жұқпалы аурулар, балалар-соматикалық, реанимациялық және терапевт бөлімі).

Денсаулық сақтау объектілерін салуға шығыстар үлесі аталған саланың құрамында 16,3% немесе 4 505,9 млн. теңге (98,7% игерілген; 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 250,7 млн.теңгеге артық (50,0%).

Бөлінген қаражат шеңберінде:

-келесі объектілердің құрылысы жалғастырылған:

Зеренді а. 2 аудандық емхана (939,2 млн. теңге, аяқталу мерзімі 2016 жылы), Ақкөл қ. (685,9 млн. теңге, аяқталу мерзімі2016 жылы),

Атамекен а. (41,5 млн.тенге), Бурабай ауданының Веденовка (15,4 млн.тенге) және Зеренді ауданының Троицкое а. (87,2 млн.тенге) 2016 жылы аяқталу мерзімінен жалпы сомасы 1 769,2 млн. теңгеге 3 дәрігерлік амбулатория;



- 10 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілген:

Аршалы ауданы Қостомар а. ФАП (37,3 млн.теңге),

Целиноград ауданы Тайтөбе а., Қызылсуат а., Қажымұқан а. 3 медпункт (9,8 млн. теңге),

Еңбекшілдер ауданы Үлгі а. (4,1 млн. теңге), Аршалы ауданының Михайловка а. 3,8 млн. теңге), Бұланды ауданының Қараөзек а. (19,3 млн. теңге), Қорғалжын ауданының Сабынды а. (63,9 млн. теңге), Целиноград ауданының Талапкер а. (78,5 млн. теңге), Бурабай ауданының Бурабай к. (89,6 млн.тенге) жалпы сомасы 306,3 млн. теңгеге 6 дәрігерлік амбулатория.



- 3 жобаға мемсараптамаға төлем жасалған (6,8 млн. теңге) Астрахан ауданы Петровка а. ФАП, Бурабай ауданы Кенесары а. дәрігерлік амбулаториясы және Көкшетау қ. онкологиялық емханасының құрылысы;

Сонымен қатар, 2 объектіні пайдалануға беру қамтамасыз етілген:

Жарқайың ауданы Державинск қаласында емханамен біріктірілген, 70 орынды аурухана (жылдық жоспар - 2 238,2 млн. теңге) – жабдық кеденнен уақытылы өтпеуіне байланысты жұмыс көлемі орындалмаған, 38,2 млн.тенге игерілмеген (пайдалануға беру мерзімі 01.07.16 ж. дейін ұзартылған),

- Целиноград ауданы Қабанбай батыр а. дәрігерлік амбулатория (12,7 млн. теңге) – мердігермен шарт міндеттемелерінің орындалмауы, 12,3 млн. теңге игерілмеген (пайдалануға беру мерзімі 20.06.16 ж. дейін ұзартылған),

«Білім беру» 4 функционалдық тобына обылыстық бюджет шығыстарынан 13,4% тиісті, бұл ретте мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің көлемін қысқарту есебінен (0,8 млрд.теңге) және жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау (1,9 млрд.теңге) есебінен бекітілген бюджетке шығыстар 3 млрд. теңгегеден аса азайтылған (3 249,7 млн. теңге) (2014 жылымен салсыстырғанда 2 467,1 млн. тенгеге азайтылған) және жыл соңына 18 452,1 млн. теңгені құрап, келесілерге бағытталған:

- мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 3 770,0 млн. теңге

- үш деңгейлік бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбек ақы төлемдерін көтеру - 748,9 млн. теңге, 2015 жылы деңгейлік бағдарламалар бойынша оқытудан 684 педагог өткен.

- Бурабай, Зеренді аудандарына және Көкшетау қ. 13 мектебінің базасында бастауыш, негізгі орта, және жалпы білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялауға - 157,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын материалды-техникалық қамсыздандыруға 408,9 млн.теңге бағытталған, олардың есебінен:



34 бірлік жабдық (тұрмыстық техника, музыкалық аспаптар, компьютерлер және т.б.) және 3 автобус сатып алынған,

7 ұйымда шатыр, ғимарат, жылу беру жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілген, сонымен қатар білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуге 4 ЖСҚ әзірленген.

4 функ. топтың шығыстарында білім беру объектілерін салуға шығыстар үлесі 19,2% немесе 3 541,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 3 199,5 млн. теңге нысаналы трансферттермен 8 өңірге бағытталған (Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары, Көкшетау және Степногорск қ.).

Аталған трансферттер есебінен:

жалпы сомасы 1 733,4 млн.теңгеге 7 білім беру объектісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген

- «Атбасар қ., № 11 агротехникалық колледж» (1,4 млн. теңге),

Ақкөл ауданы Ақкөл қ. және Степногорск қ. 2 балабақша (408,9 млн.теңге),

Аршалы ауданы Қостомар а. (233,5 млн.теңге) және Бұланды ауданы Макинск қ. (783,1 млн.теңге) 2 орта мектеп,

Көкшетау қ. №2 ОМ-ке 50 орынды және Красыный яр ауылында 264 орынға 2 жанамажай (34,9 млн.теңге).

Көкшетау қ. Көктем ш.а. балабақшаның құрылысы басталған (400,0 млн. теңге);



- құрылысы жалғасып жатқандар:



  • Еңбекшілдер ауданы Мақпал а. (315,2 млн. теңге), Целиноград ауданы Тайтөбе а. (519,1 млн. теңге), Максимовка а. (15,6 млн. теңге), Бурабай ауданы Щучинск қ. (165,5 млн. теңге) 4 орта мектеп,

  • Көкшетау қаласында 240 орынды балабақша (50,0 млн. теңге),

  • Көкшетау қ. Ақан Сері атынд. мәдениет колледжінің оқу корпусына жанамажай (50,0 млн. теңге),

  • Жалпы сомасы 1 795,4 млн.теңгеге, 2016 жылы аяқталу мерзімімен, «Ақкөл ауданы Ақкөл қ. №1 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» КММ ғимаратын реконструкциялау.

Шығыстардың меншікті салмағының 14,9% «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары» 10 функционалдық топқа тиісті, олар бойынша кредитті есепке алмағанда шығындар 2013 және 2014 жылдары сәйкесінше 7 және 1,3 млрд. теңгеге ұлғаюымен 20,5 млрд. теңгені құрады, бекітілген бюджетке шығындар 1,9 млрд. теңгеге ұлғайған.

Қарастырылған шығыстардың жалпы көлемінен 85% немесе 17,4 млрд. теңге – бұл егін шаруашылығы, мал шаруашылығының өнімділігін қолдауға және арттыруға, ЖЖМ құнын арзандатуға ауызсу беру бойынша қызметтеріне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялар (РБ трансферттері есебінен ТОХ және ЖБ қаражаты).


Кірістердің келесі ең жоғары үлесі - 10,4% «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 функционалдық топқа тиісті, олар бойынша жыл соңына шығындар 2,6 млрд. теңгеге ұлғайған және 14,3 млрд. теңгені құрайды (кредиттерді есептемегенде, 2014 жылдан 7,9 млрд. теңгеге азырақ, қаражат 100,0%, игерілген, 1.01.15 ж. - 100,0%).
Функционалдық топтың құрамында «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы қарастырылған

Оның мақсаты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Бұл ретте аталған мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттерден 4 717,8 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

- 1 290,5 млн. теңге - тұрғын үйдің құрылысына, инженерлік-коммуникациалық инфрақұрылымды жайластыруға (100% (1290,5 млн.теңге игерілген), бұл 2014 жылғы деңгейден 4 663,0 млн.теңгеге аз), олардың есебінен Зеренді ауданында (21) және Көкшетау қ. (125) 146 кезектегілердің баспана жағдайлары жақсартылған;

- 3 290,7 млн.теңге (РБ - 2929,3 млн. теңге; және ОБ - 361,4 млн. теңге) 6 өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған (Аршалы, Бурабай, Жарқайың, Целиноград, Шортанды аудандары және Степногорск қ.).


«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде (2012 жылы басталған, мақсаты – өнімді жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқарту жолымен халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету) республикалық және жергілікті бюджеттен 4,2 млрд. теңге және сәйкесінше 7,4 млн. теңге бөлініп, олардың есебінен:

16 өңірде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жасалған.

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құруға 499,5 млн. теңге бағытталған (499,5 млн. теңге немесе 100%, игерілген), нәтижесінде:

Кәсіпкерлік негіздеріне 287 адам оқытылған.

өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыз және аз қамтылған 205 адам шағын несиелер алған

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту арқылы жұмыспен қамтуда ықпал етуге 350,7 млн. теңге бағытталған (349,9 млн. теңге немесе 99,8% игерілген), нәтижесінде:

752 адам оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті;

Еңбекақыны ішінара субсидиялау шарттарымен 1012 адам, жастар тәжірибесі бойынша – 551 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған.


3,5% «Өзге» 13 функционалдық тобына тиісті, олар бойынша шығындар жыл соңына (5,6 млрд. теңгегеге азайтылған) 4,7 млрд. теңгені құрады (бұл 2014 жылдан 741,0 млн. теңгеге кем, қаражат 98,9% игерілген, 1.01.15 ж. - 99,2%).

Олардың жартысы (2,3 млрд. теңге) республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілерге ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстеме ақыны төлеуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерге тиісті.



2 403,3 млн. теңге Бизнесті қолдау мен дамытудың «Жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасын іске асыруға бағытталған, оның ішінде:

1 539,6 млн. теңге – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға;

638,1 млн. теңге - ағымдағы жайластыруға (438,2 млн. теңге), Степногорск қ. моноқаласының әлеуметтік саласының 10 объектісіне жөндеу жасауға (128,3 млн.теңге),

- 225,6 млн. теңге – индустриалды инфрақұрылымды дамытуға (сумен жабдықтау, Целиноград ауданында электрмен жабдықтау).

Сонымен қатар, 13 функционалдық топтың құрамында 315,0 млн. теңге сомасында облыстың Жергілікті атқарушы органының резерві бекітілген, оның 280,0 млн. теңгесі жыл ішінде әкімдіктің қаулыларымен су тасқынына қарсы шараларды жүргізуге және 13 өңірмен жылу беру маусымының тоқтаусыз өтуіне қызметтерді көрсетуге үлестірілген болатын.

Сонымен қатар, облыстың 7 өңіріне ҚР Үкіметінің резервінен 4 487,4 млн. теңге бөлінген.

Облыстық бюджетті есепті жылға атқару динамикасы және алынған қарқын әкімшілердің жоғары көрсеткіштерге жетуге болатынын көрсетті, ал ол үшін барлық мемлекеттік органдарға 2015 жылы игеру кезіндегі жіберілген қателіктер мен ескертулерді ескеру қажет.

Бұл ретте



  • бюджетті атқару бойынша қолданыстағы заңнаманың рәсімдерін қатаң сақтап, бюджет қаражатының пайдаланылуына талдауды жүйелі түрде өткізу қажет;

  • мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдерінде конкурстық рәсімдердің сапалы өткізілуін қамтамасыз етіп, қабылданған міндеттемелерді атқару бойынша мердігерлермен жұмысты жандандыру қажет.




Каталог: sites -> oblfin.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
sites -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
uploads -> 2018 жылдың 1-тоқсанындағы бюджеттің атқарылу қорытындысы Ақмола облысының 2018 жылғы бюджеті 213,1 млрд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет