Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Бекзат Әлмахан (17-1) әлемдегі ең үздік промоушенде күш сынасатын еліміздің өкілдерінің қатарын толтырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Әлмаханға UFC қызығытып отырғаны белгілі болғанымен, ол бразилиялық Ян Ферразмен (15-6) жекпе-жекке шығып, өзін дәлелдеу керек еді.

“Бекзат OCTAGON-да көптеген есте қаларлық жекпе-жекті өткізді. ММА әлеміндегі басты перспективалардың біріне айналды. Әлмахан қиын бәсекелерде жеңіске жетіп, лига тарихына тізімдегі ең дарынды файтерлердің бірі ретінде енді. Біз бұл кейінгі 9 айдың ішінде OCTAGON спортшысының UFC-ге екінші рет қол қоюын мақтан етеміз”, – дейді спортшының промоутерлері.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от UNDERDOG MANAGEMENT (@underdog.management)

Айта кетейік, Бекзат 18 қарсыласының 13-ін нокаутқа түсіріп, бұған дейін қазақстандық Сергей Морозов өнер көрсеткен жеңіл салмақта (61 келіге дейін) UFC-ге түскен.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.